Бұл талас 1881 жылдан «Іле шекара бекіту келісінен» кейін тіпті ушыға түсті. Қазақ пен қалмақ жерге таласып, талай қызыл-қырғын болды. Адам өліп, ұрпақтарға кек қалды. Осыдан жарты ғасыр өткенде сол кездегі Қызай Солтангелді атасының күндесі Мұратбек Жүнісбекұлы, Малтабар-шәкіл руының зәңгісі Омарақын Жансарбайұлы бастаған топ 1933 жылы Жұлдыз жайлауында қалмақтардың өкілімен кездесіп, бір ай бойы келісім жасасып, соңында қызай-қалмақ шекарасын бекітіп, ақ шағи бұлға қытайша, қазақша, моңғолша келісімшарт жасалып, қол қойысып, бір ғасырға жуық жалғасқан дауға нүкте қояды (Бұл құжат 1996 жылға дейін ҚХР, Іле облысы, Күнес аудандық үкіметте сақталған. Қазір белгісіз). Сол кезде «Өкілдер Мұратбектің қосында кеңесіп, Омарақынның қосында ас ішеді» деген сөз қалған. 1980 жылы көне дау қайта қозғалып, тағы да қызай-қалмақ ортасында талас туыла бастағанда сол тұстағы Іле қазақ автономиалы облысының төрағасы Нүсіпхан Қонбаев бастаған делегация Байынғұлин моңғол автономиялы облысының делегациясымен кездесуге аттанғанда 80 жастағы Мұратбекті қатарына қосады (Ол кезде Омарақын Жансарбайұлы қайтыс болып кеткен еді). Мұны естіген торғауыттар: «Мұратбек пен Омарақынның бірі тірі тұрғанда оларды (қызайларды) жеңе алмаймыз», – деп шекара 1933 жылғы келісім бойынша қайта рәсімделеді. Жоғарыдағы білте шам 1933 жылғы қызай-моңғол келісімінде істетілген.
https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755
Q-Andas ақпарат











