Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

Өтеген батыр Сабденұлы кесенесі

Шеңгелді ауылының тұсынан өткен жүргіншілер Қапшағай су қоймасының ортасындағы Өтеген төбесі (кейде Әулиетөбе) деп аталатын төбедегі күнге шағылысып жалт-жұлт етіп тұратын ақ түсті кесенені жиі көреді. «Ұшақпен төбесінен қарайтын болсаңыз, су ортасындағы төбе айбалта пішіндес», – дейді жергілікті тұрғындар.

admin
2025/09/30
Қасиетті жерлер
0
Өтеген батыр Сабденұлы кесенесі

Демек, бұл жер бауырына талай тарихты бүгіп жатқан қасиетті мекен. Онда  ХVIII ғасырда өмір сүрген батыр, Абылай ханның сенімді серігі, көрші елдерге жіберетін елшісі қызметін атқарған Өтеген батыр Сәбденұлы және оның жақындары жерленген. 2017 жылдан бастап батырдың ұрпақтары тынымсыз еңбектенудің нәтижесінде төбеге сәулетті кесене тұрғызды.

Аңыз бен ақиқат

Өтеген батыр – ХVIII ғасырдағы жоңғарға қарсы соғыста Ескелді би, Балпық, Қабан жырау, Саурық батырлармен қатар жүрген жаужүрек батыр, парасатты саясаткер. Жалпы, зерттеушілердің еңбегіне сүйене отырып, үш қасиетін бөліп атауға болады. Бірінші – батырлығы, өзінің айналасындағы жас қолбасыларға, батырларға ұстаздық ету, қарапайым жұртқа әрі өз туысқандарына көмек көрсетуі. Ол 18 жасынан бастап ел қорғау жорықтарына қатысып, Аңырақай, Қалмақ қырылған, Бұланты-Білеуті, тағы да басқа шайқастарға қатысқан. Қазақтың 44 мыңға жуық қолы және қалмақтың да соған жетеқабыл әскері қатысқан Ойрантөбе шайқасында Өтеген батыр ел көзіне ерекше түседі.  Екінші – мәмілегер ретінде танылуы. XVIII ғасырдың 30-40- жылдарында қазақ ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның қасында болып, сол кездегі қазақ билеушілерімен тізе қосып, қазақ елінің ішкі, сыртқы саясатын белгілеуге қатысуы. Үшінші қасиеті – жиһанкездігі. Асанқайғы бабамызша, жер кезіп, елінің тыныштығын, жұртының амандығын күзеткен парасаттылығы. Ауған, Үнді, Қиыр Шығыс пен Қытай, Тибетке жолы түскен деседі. Дастан-жырлар мен аңыздарда бұл жайлы көп айтылады.

Шежірешілер, құймақұлақ қариялар мен батыр ұрпағынан алынған дерек бойынша, 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тұсында Өтеген батыр Текелінің тауын мекендейді. Осы жерде жол тосып, жоңғар қолының Жетісу жеріне ішкерілей еніп кетуінің алдын алады. Сол тұста жас жігіттерді батырлыққа тәрбиелеп, жауға қарсы күрестің болашағын бекемдейді. Мысалы, жалайырдан шыққан әйгілі Кәшке батыр Өтегенннің тәрбиесімен ержетсе, кейін ел-жұрты Өтеген мен Кәшкені бір бейітке жерлейді.

Ел ішіндегі аңыздарға жүгінсек, Абылай сұлтан ашуланғанда Өтеген батыр ғана сабырға шақырады екен. 1743 жылы Ресей патшасының араласуымен Абылай сұлтан қалмақ тұтқынынан босатылып, 200-дей адам қазақ даласына бет алады. Олардың алдынан Төле би бастаған 90 адам шығады.  Бұдан хабар алған қытайлар Текелінің тауында Абылай мен  оның серіктерін өлтірмекші болады. Осы кезде жалайыр Өтеген батыр атақонысы болған Текелі тауларының соқпақ жолдарымен Абылай мен Төле би бастаған топты аман-есен елге жеткізеді.

 

Ерлікпен пара-пар

Иә, айта берсек, Өтеген батырдың осындай ерлік істері өте көп. Ал Қапшағай су қоймасының дәл ортасындағы төбеге аталарының алып кесенесін тұрғызған ұрпақтарының қажырлылығын бүгінгі күннің батырлығы деуге боларлық. Кесененің биікті 16 метр, 1,65 см қалыңдықтағы қабырғаның іші темірмен бетондалып, сырты Ресейден әкелінген ақ мәрмәрмен қапталыпты. Формасы 7 бұрышты етіп салынған нысанның әр тұсы әйнекті тереземен бөлінген. Ал кесененің айналасында үш бесіктас бар. Ол жерде Өтеген батырдың жақын адамдары жатыр. Ал ішкі қабырғасы, күмбездің ішкі бөлігі ою-өрнекпен әшекейленіп, көрген жанды таңғалдырады. Кесене ішінің дәл ортасына Малайзиядан арнайы алдырған жасыл таспен батыр жатқан жерге бесіктас қойылыпты. Айналасына орындықтар орналастырылып, келушілердің Құран оқып, тәу етуіне жағдай жасалған. Төңірегі  абаттандырылып, төбеге шығатын  жол мен кесененің айналасына өрнекті тастар жатқызылған. Қайық келіп тоқтайтын жер темірмен қоршалып, адамдардың қайықтан түсіп-шығуына жағдай  жасалған. Жалпы, еліміздің сәулет өнеріне тағы бір тың дүние қосылды деуге болады. Әрине, мұндағы айтпағымыз кесененің әдемілігі емес.

– Бұл кесенені 2017 жылдан бастап тұрғыза бастадық. Кесенені салу үшін жағалаудан 5 шақырым жердегі төбеге 4 мың тоннаға жуық құм-шағыл, цемент, 180 тонна темір, мәрмәр, тағы басқа материалдарды қайықпен тасып жеткіздік. Кранмен көтеріп, көлікпен жеткізетін ауыр темірлер мен гранит тастарды судан кішкентай қайықпен өткізіп, жағалаудан 50 метрдей биіктіктегі төбеге қалай жеткізгеніміз қазір түс сияқты.

Құрылыс жұмысы басталғаннан бүгінге дейін ешқандай оғаш жағдай болған жоқ. Атамыздың аруағы жебеп тұрған шығар, – дейді батырдың ұрпағы, кәсіпкер Жеңіс Смайлов.

Бұл жерде әлі де атқарылар шаруа жетерлік. Енді кесененің айналасындағы ашық жатқан қорымдарға белгі қойып, төбенің айналасын темір шарбақпен қоршау, жазда келгендердің шомылып, демалып қайтуы үшін жағалауды абаттандырып, арнайы айлағын жасау жұмыстары қолға алынбақ.

Қажет Андас

«Q-Andas» ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 79
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

February 2, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

December 1, 2025
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

November 28, 2025
Хангелдіұлы Бейсен би
Қасиетті жерлер

Хангелдіұлы Бейсен би

November 20, 2025
Үлпілдек Дарабоз ана
Қасиетті жерлер

Үлпілдек Дарабоз ана

November 17, 2025
«Үйтас» петроглифтері
Қасиетті жерлер

«Үйтас» петроглифтері

November 17, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz