Талқы асуы – Іле өңірінің ежелгі қақпасы. Көне заманнан бері бұл асу Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарының бірі саналған. Тәңір тауының бөктерінен басталған керуен жолдары Балықшы аңғарына түсіп, Іле мен Тұрпанға, әрі қарай Құлжаға дейін жалғасып жатты. Әр жолдың өз аты, өз тарихы бар.
Теңіз деңгейінен 2073 метр биіктікте орналасқан асу табиғи рельефтің ерекшеліктеріне байланысты стратегиялық маңызы жоғары нүкте саналады. Талқы кезеңінің етегі Кеңсай деп аталатын ұзын сай, ұзындығы 28 шақырым. Кезеңнің шыға беріс терістігі «Аспан Тәңірі» деп аталады да, Сайрам көлімен түтасады. Талқы кезеңі тым ерте кезден тартып-ақ Жібек жолының тағы бір маңызды қатынас қақпасы саналған. Тарихта көптеген жиһанкездер, ғұламалар, сардарлар мен сарбаздар, ақын-жыраулар бұл арадан өткен.
Юан патшалығы дәуірінен ілгері бұл сай жолы дөңгелекті арба жүре алмайтын байырғы керуен жолы болған. Шыңғысхан жасағы төрт бағытқа бөлініп, батысқа жорық жасап, Орта Азияға кірерінде жорық қадамын жылдамдату үшін екінші ханзада Шағатай өз қосынын бастап, Талқы кезеңінен Кеңсайдың аузына дейінгі жолды арба жүре алатындай етіп кеңейтіп жасатады әрі Талқы өзеніне 48 жерден ағаш көпір салдырады. Кейін Шағатай ұлысының ыдырауына ілесіп, бұл жол да бір мезгіл жұрт назарынан қалып қояды.
Цин патшалығының бастапқы кезеңінде тағы да қатынас жолы Тұра асуы арқылы жүргізілді. Кейін бұл асу жолы тым қауіпті болғандықтан, Талқы жолы қайтадан жасалып, жол құрылысы және оны қорғау жұмысы күшейтілді. Әуелгі жол жүлгесін бойлап, көп рет өзгертіліп, Цин патшалығының соңғы жылдарына келгенде көпір саны 42-ге қысқартылды. Кейін тағы да кемелдендіріліп, 18 жерде ғана көпір қалды.
Цин патшалығы бұл жолды қорғау, керуен тоқтайтын орындарға қолайлылық тудыру үшін, кезінде Талқы көне қаласынан (Кеңсайдың шыға берісінде) Жың ауданына дейінгі аралықта бес жерден әскери бекініс, яғни керуен сарайын салдырды. Қазір Кеңсайдың орта бөлігінде «Артай», Сайрам жағасында «Сантай» деп аталатын қатынас аялдамасы бар. Осы аялдамалар кезінде керуен сарайлары болған. Сайрамның қытайша «Сантайхайзы» аталуы да осыдан шыққан. 50-жылдары қатынас жолы сайдың батыс жағындағы тау бөктерінен алынған, шұңқыры көп, жолы тар әрі тығыз еді. 60-жылдардың соңында ұзындығы 9 километр келетін жаңа кезең жолы жасалып, кең де қауіпсіз қатынас-тасымал жағдайы жасалды. Сонымен көлік арба негізгі қатынас құралы болған жағдай түбегейлі өзгертілді. 1997 жылы Кеңсай жолы Талқы кезеңінен Циншүйхиге дейін бүтіндей бетон төселіп, жоғары қарқынды қазіргі заманғы қатынас жолына айналды.
Талқы кезеңінің етегіндегі Кеңсайдың екі қапталы тік жақпар тасты, қорамды келеді. Ені жарты шақырымға да жетпейді, ең тар жері бірнеше метр ғана. Қысаң жағалауындағы сан-сана бұлақ суының қосылуынан шығыстан батысқа ирелеңдеп құлап жатқан Талқы өзені бар. Өзеннің бас жағында айналасына бұрқана күміс моншақтарын шашып, аспаннан құлап түскендей көрінетін зәулім сарқырама Талқы кезеңіне тіпті де көрік беріп тұрғандай. Тау шоқыларынан сайдың етегіне дейінгі алаптың бәрі жап-жасыл қарағай, аршалармен көмкерілген. Сай ішінде жабайы алма, өрік, долана, қарақат, қайың, терек секілді алуан түрлі жемісті және жеміссіз ағаштар өседі. Көктемде тау баурайы алуан түрлі әсем гүл-бәйшешекке оранады. Жазда бұл араның сұлу келбетіне тамсанып, түп-тұнық ауасымен тыныстауға келетін адамдардың аяғы үзілмейді. Күзде жеміс-жидектер молайып, табиғат тіпті де көркем түске енеді. Қыста сай іші ақ мамық көрпесін қымтай оранады.
Табиғи тұрғыдан алғанда, Талқы асуы экожүйелік байлығымен де ерекшеленеді. Кеңсай аңғарындағы Талқы өзені көптеген бұлақ суларынан құралған. Жергілікті флора құрамына қарағай, арша, жабайы алма, өрік, долана, қарақат, қайың және басқа да өсімдік түрлері кіреді.
Қорытындылай келгенде, Талқы асуы – тек көне керуен жолдарының қиылысқан жері ғана емес, сондай-ақ табиғаты бай, тарихи оқиғаларға толы өңір. Оның географиялық орны мен табиғи ерекшеліктері Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеуде маңызды нысан болып табылады.
PS: Сонау 1992–1997 жылдардағы студенттік кезімізде осы асудан асып, Үрімжіге жол тартатынбыз. Ол кезде көлік ескі, жол кедір-бұдырға толы болатын. Асудың етегінен шыңына көтерілгенше, шыңынан етекке құлдилағанша, «Бір Құдайға сыйынып…» отыратынымыз әлі есімде.
Содан бері де отыз жыл өтіпті. Аз да, көп те уақыт. Міне, біз өзгердік, Талқы асуы да адам танымастай құлпырыпты.
Оны төмендегі сілтемелер арқылы көре аласыз:

HighestBridges – Guozigou Bridge (көп түрлі ракурстар, құрылыс суреттері).
CGTN — Guozigou Bridge: A modern wonder (фото және қысқаша анықтама).
People’s Daily – Magnificent views (ірі планмен түсірілген кадрлар).
Qunar/去哪儿 – 果子沟 турнұсқа беті (табиғат көріністері, саяхатшылар фотолары).
天山网/TianshanNet – фоторепортаж (果子沟 туралы жергілікті репортаж).
Baike百科 – 景区 парағы (қысқаша сипаттама, фото).
Backiee壁纸 –HD обои (果子沟大桥).
PConline 摄影部落 – фотоальбом (жергілікті фотографтар кадрлары).

Әлеуметтік желілерде/қытайлық платформаларда мына сөздерді қолданып қараңыз – ең нақты нәтижелер осы атаулармен шығады:
Қытайша: 果子沟, 果子沟大桥, 伊犁 果子沟, 赛里木湖 果子沟
Латынша: Guozigou, Guozigou Bridge, Talqi Valley, Ili Guozigou
Қазақ/орысша: Талқы асуы, Талқы алқабы, мұзарт асуы маңы (Контекст үшін)

Әрине, интернеттен іздеп, тамашалағаннан көзбен көрген, ауасымен тыныстап, табиғатына тамсанудың орны бөлек. Барып көргендер тамсана әңгімелейді. Ал біз әлі жете алмай жүрміз…
Қажет АНДАС
“Q-Andas” ақпараттық агенттігі











