Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

«ОЯН ҚАЗАҚ!» (Босқын қырғыз бауырларыма арнау!)

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
«ОЯН ҚАЗАҚ!» (Босқын қырғыз бауырларыма арнау!)

Басы: 25-маусым жарлығының кесірінен бұліншілікке түсіп, Қытайға қашқан қырғыздардың халдарының қандай нашарлығын көзімен көрген тілші «Қазақтың» 213 нөмірінде жазып отыр. Әр жерден барған жәрдемнің қанша екенін өткен нөмерде жазып көрсетіп отырмыз. Беріліп жатқан жәрдем, аш-жалаңаш қалған қырғыздардың халдарына қарағанда жоқ есебінде. Сондықтан Түркістан комитетінің төрағасы (Торғай облысының комиссары) Әлихан Бөкейханов сол комитеттің ағзасы (Жетісу облысының комиссары) Мұхаметжан Тынышпаевқа жеделхат жіберді: «Босқын қырғыздар үшін 200 мың сом қазынадан қарыз сұрау керек» деп. Сондай бір рет берілетін молырақ сомамен қырғыздар халын жиып алмаса, аздап жиналған көмек қырғыздардың толып жатқан маұқтаждығының біріне жетсе, біріне жетпей тапшылық қыла бермекші.

Бір жағынан қарыз ақша беріп, бір жағынан жәрдем жинаса, қазіргідей қымбатшылық заманда қырғыз сияқты ішерге тамағы жоқ, киерге киімі жоқ, паналауға үйі жоқ, жұрдай болып сорлаған мұқтаждыққа жетер қаржы сонда ғана жиналады.

Аңсап өлейін деп жатқан адамның аузына су тамызғандай, аз-көп демей, әркім әліне қарай жәрдем ету ұлы адамшылық, екіншіден,  ағайыншылық жүзінен кімге болса да борыш.

Бұны айрықша айтып, Алаш азаматтарының есіне салып отырғанымыз: қырғыз ағайындарының алдындағы ағайыншылық борыштарын ұмытпай өтеулері тиіс дегеніміз.

         Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейдәлім Кадырбаев, Аман Әлімбеков, Жанұзақ Жаныбеков, Ахмет Мәметов, Елдес  Ғұмаров…

 

 

«ОЯН ҚАЗАҚ!»

(Босқын қырғыз бауырларыма арнау!)

 

Оқырмандарға мәлім, «Оян қазақ!» атты өлеңімді ескі үкімет шам көріп, «Қазақ оянып кетеді деп» қорқып, 1911 жылы мені сотқа берді. Соның себебінен жыл жарымнан аса уақыт абақтыда жатып шықтым. «Оян қазақ!» халық арасына тарамасын деп, үкімет тиым салды. Содан кейін қолға түспеген 1000 дана шамалы «Оян қазақ!» алты жылдан бері бір орында жатыр еді. Енді азаттық таңы атты. Ескі үкімет мүлдем кетті. Шағымшы «Бауырларымыздың да» көзі жоғалды. Жауыз үкіметтің жауыздығымен былтыр 25-маусым жарлығынан қазақ халқы қан жылады. Бәрімізден артығырақ қырғыз бауырларымыз қырғынға ұшырады. Күні бүгінге дейін сол қырғыз бауырларымыздан көп ел Қытай жерінде – босқында, ашаршылықта, қырғында. Жас балаларын бір шелек бйдайға, бір тоятын тамаққа сатып, қатын-қыздарын бір қойдың пулына айырбастап, естиярлары мойнына дорба салып, тіленші болып кеткендігі мәлім болып тұр.

Сондықтан сақтаулы тұрған мың дана әлгі «Оян қазақтың!» ақшасын босқында жүрген жетім-жесірлердің пайдасына бағыштасам. Бұрынғы құны 20 тиын еді. Енді пулы мынадай қайырлы іске жұмсалатын болған соң, алушыларға бағасы 50 тиын болсын деп мөлшерледім. Пошта қуны кітап басы 2 тиын. Бір кісіге 50 кітаптан кем сатылмайды. Ақшасын төменгі мекен-жайі бойынша күн бұрын жіберу керек. Бұлай деуімнің себебі – тезірек өтіп, ақшасы ашаршылықтағы бауырларға тезірек тапсырылсын дегенім. 1000 дана кітап тез сатылса, содан өнген 500 сом шамалы ақша, көп пул болмаса да, ел-жұрт, жер-су, мүлкінен айырылып, бұл күнде бір тілім нанға зар болып тұрған сорлыларға аз да болса көмек болар еді. Бұл бейшара бауырларымызды ескеру, өлімнен-қырғыннан құтқару Алаш азаматтарының борышы!

«Оян қазақты!» жоғарғы шартпен алдыруға ниеті бар, сорлы болған бауырларына жаны ашыған азаматтар мынау әдірістегі Жұмағали Тілеулиннен алдырсын. Мекекн-жайы:

Г. Петропавловск , Ақмолинская область. Увадная больница, фельдшеру Джумагалию Тлеулину.

 

Міржақып Дулатов.

ІШКІ ХАБАР

 

25-маусым жарлығы тақырыпты Торғай уезінде болған оқиғаларды қазақ болып кеңесуге, халық арасын тыныштандыруға облыстық комиссардың шақыруымен Торғай уезінің ақсақалдары жиналып, сөйлесіп, жаңа арада Торғай уезіндегі арғын-қыпшақ ағайындар бітім қылды. Халық тынышталды, Торғай облысындағы  әскер қайтарылды.

«Қазақ» газеті, №233, 2-бет. 1917 жыл.

Түп нұсқа араб харпінде.

Аударған Қажет Андас.

 

 

 

НАРОДУ АЛАША! (КАЗАХСКОМУ НАРОДУ)

 

Из-за неподчинения Приказу о призыве многие киргизы подверглись гонениям и были вынуждены бежать в Китай.

О бедственном положении киргизов в Китае  в №213 газеты «Казах», писал наш корреспондент, выдевший все своими глазами. В прошлом номере мы писали об оказываемой помощи.

Оказываемая помощь голодающим киргизам как капля в море. Поэтому член Туркестанского комитета (комиссар Тургайской области) Алихан Бокейханов обратился телеграммой члену этого же  комитета (комиссару Семиреченской области) – Мухамеджану Тынышбаеву о необходимости просить у казны (государства), для киргизских беженцев, 200 000 рублей. Такая сумма разом может решить все вопросы киргизских обездоленных, а постепенно поступающая помощь от комитетов, учреждений и народа никак не решит многочисленных проблем киргизов. Только при поддержке государства и народной  помощи может решить все вопросы киргизов, у которых нет ни еды, ни одежды, ни крова. Каждый должен чувствовать себя обязанным, по возможности, протянуть руку помощи братскому киргизскому народу, это как капля воды мечтающему только о смерти, человеку.

Эти слова мы адресуем особенно казахскому народу: мы просто обязаны исполнить свой братский долг перед киргизским народом.

Алихан Бокейханов, Ахмет Байтурсынов, Мыржакып Дулатов,  Сейдалим Кыдырбаев, Аман Алимбеков, Жанузак Жанибеков, Ахмет Маметов, Елдос Гумаров.

 

«ОЯН КАЗАХ!» (ПРОСНИСЬ КАЗАХ)

(Посвящение обездоленным киргизским братьям)

 

Нашим читателям известно, что за стихи «Проснись казах», в 1911 году меня судили. Старое Правительство испугалось, что казахи действительно «проснутся», станут просвещенными. Я провел более полутора лет в тюрьме. Боясь распространения этих стихов в народе, его запретили. После этого, около 1000 экземпляров стихов (Проснись казах) шесть лет пролежали на полке. Теперь наступила свобода. Старое Правительство ушло в небытье. «Доброжелатели» тоже исчезли.

Из-за коварства старого правительства от Указа от 25- июня прошлого года, казахский народ плакал кровью. Больше всех пострадал киргизский народ, он оказался на грани вымирания. До сегодняшнего дня киргизы, во множестве, находятся на китайской земле, голодные, бесправные, подвергаются всяким гонениям и унижениям. Дошло до того, что за ведро пшеницы продают своих малых детей, а женщин и девок за одного барана. А взрослые повесив на плечи котомки, пошли попрошайничать, и это нам известно.

Поэтому деньги вырученные от продажи тех 1000 экземпляров «Проснись казах» направляю в помощь киргизам находящимся в изгнании. Раньше цена книжки было двадцать копеек. Теперь когда решено, что выручка полностью пойдет на благое дело, книга будет стоить для читателей- 50 копеек . Услуга почты- 2 копейки за книжку, скидок нет.

Отправка не менее 50 книг в один адрес.

Оплату прошу производить предварительно, так как поступившие средства немедленно будут направлены  в помощь братьям-киргизам.

Если будут раскуплены 1000 экземпляров книги, вырученные 500 рублей  небольшая сумма, но все-же помощь, отрезанным от своего народа, не имеющим ни крова, ни куска хлеба киргизам.

Позаботиться о судьбе обездоленных киргизов, спасти их от вымирания, истребления – братский долг казахского народа. Ответственный за реализацию книг и сбор средств для киргизов Д.Тлеулин.

Обращаться по адресу: г. Петропавловск, Акмолинская область, Уводная

больница, фельдшеру Джумагали Тлеулину.

Мыржакып Дулатов.

 

ВНУТРЕННИЕ НОВОСТИ

 

Для обсуждения и разъяснения сути приказа от 25-го июня для успокоения народных волнений, имевших место в Тургайском уезде, по приглашению областного комиссара в Тургае прошло совещание с аксакалами уезда.

Казахи родов Аргын, Кипчак, пришли к соглашению. Народ успокоился, военные отряды отозваны.

 

Газета «Казах» № 233, стр 2, 1917 год.

  Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 31
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz