Басы: ҚҰЛЖА – былтырғы 25-ші июн жарлығынан Қытай жерінің Іле губерниясына (Құлжа сағарасына) Пржевал уезінен 8000 үй босып барған. Қашқар жағына бастығы Шабдан балалары болып, жиырманың ішінде ұлыс босып кеткен екен.
Өзім 25-ші апрельде Қапалдан Құлжаға келіп едім. Құлжадағы көзім көрген босқын қырғыздың халін газетке жазып, Алаш азаматтарына білдіруді борыш көрдім. Бұл Құлжа алабына босып келген қырғыздар, орыс әскерінің талауынан қалған малдарын Қытай жеріне өткен соң, Қытай шерігі (әскері) қалмақ, Құлжа ақсақалы Нұрахын, консул, бәрі компания болып, орыс жеріне қайта айдаймыз деп қорқытып, талап алған. Ақсақал қырғыздарға: «Бұл малдарың қолдарыңда тұрса қытай кісілері талап алады. Менің атыма шығарып беріңдер, сақтап берейін» деп 9000 жылқыны Нүрахын ақсақал Текеске қыркүйекте айдатып жіберген екен. Осы күнге дейін жылқыдан да, Нұрахын байдан да дерек жоқ. Нұрахынның 9 мың жылқыны алғанын не қылайық, бірақ Қытай жеріне алдап өткізіп алып, орыстан қашып келген қырғыз Қытайға келіп не оңдырады. Одан да құртыңдар деп, қалмақ, қытай әскеріне сөз беріп талатқаны – адам баласы түгіл, хайуаннан да аярлық болды деседі. Сөйтіп, үйден, малдан айырылған соң, қытай қазақтарының жері Текес, Күнеске барып қытай қазақтарымен сыбайлас қыстайды. Үй, тамақ, киім жоқ. Жергілікті халық қарайласқанымен олардың да беретіні аз. Аштықтан, суықтан босқын қырғыздардың жүзден 3 есенің екісі өлген.
Қазірде де топалаң тиген қойдай өліп жатыр. Өлгенін көмугеде халдары келетін емес. 3-4 мыңдай кісі Құлжа, Көз шаһарына келіп, тіленшілікпен күн көріп, аштан өлуден аман қалып осы уақытқа дейін тіленшілік етіп аз-аздап болмаса, көп өлімі жоқ. Құлжадан 180 шақырым жерде аштан өлу көп.
Бостандық болған соң, Қытай үкіметі қалған босқындарды өз жерлеріне айдап салуға шерік шығарып айдатқанда көбі қырылды. Айдап бара жатқандағы жай-күйлерін баяндап консулға мұсылмандар жазып арыз берді. Арыздағы сөзді адам баласы жыламай естіп отыра алар емес.
Қазір 27-ші сәуір Пекіннен 3 айға қытай жерінде тұра-тұруға мәулет келді. Бұл мәулеттің көшірмесін алып, айдап бара жатқан қытай шерігіне кісі шапты. Бұл мәулет Құлжада Ғарып Ғабдықтың Петрогродқа Сыртқы Іс Министіріне берген жеделхаты арқасында болса керек.
Қырғыздардың осы халын көзі көрген жігіт Мусалім Моллаұлы, Құлжа мұсылманының атқару комитетіне жеделхат арқылы мұсылман көп болған қалалардағы аш қырғыз халын баяндап айтып, жәрдем сұрауын өтінді. Комитет мақұл көріп, жеделхат үшін қырғыз ұлысынан 80 сом алып, қырғыздардың халін баян етіп, қандас туысқандары бар қалалардағы мұсылман комитеттерінн жәрдем сұрап, Құлжа Комитетінің төрағасы Сыдық Жувашев жеделхат берді.
Келген жәрдемді дәптерге тіркеп, «Уақыт», «Қазақ» газеттерінде есебін беріп, қырғыздарды аштан өлтірмес үшін, Құлжадан, қырдан бөлімдер ашу, жалаңаш тіленші әйелдерге киім алып беру және басқару үшін Құлжа мұсылман комитеті әр қайсысына кісі сайлады.
Бұл босқын қыоғыздардың қатын-қыздарын Қытай салдаты, қытай дүнген, Қашқарлық сарт, қытай қазағы қатынданып алған. Құлжаның көшесінде қырғыз тіленшілерінен кісі жүре алатын емес. Тіленшілік еткен қырғыз әйелдерінің киімдері тозғандықтан құрым киізден денесін жабарлық лыпа жамылып жүр. Қырғыз халын көзімен көрген қазақ жігіті болса, шыдай алмайды, жылайды. Қайсы біреулері шалқасынан жығылып, өлейін деп жатқаны, қайсы біреулер шаһардың сыртында, далада ауырып өлейін деп жатқаны.
Бұл қырғыздардың халі кәріс (дүнген) мұсылмандарының халінен нашарырақ. Өйткені кәріс (дүнген) мұсылмандарының аштық, жалаңаштық күйін газеттерде ерте жазып, бүкіл Россия мұсылманы жылу жиып, көптеп көмектеп, аштық, жалаңаштық өлімінен құтқарды. Қырғыздардың 6-7 ай аштық, жалаңаштықтан өліп жатқанын ешкім білмеген. Бостандық туған соң Құлжадағы оқиға білімді ноғай ағайындардың қырғыз халін газеттерге жазып, әшкере қылып, жәрдем жиюға ертерек ұмтылғандарына іш ауырғандай болды. Бәрі бір дін қарындас осылай өліп жатқанда пайда тигізбегенде, қайда тгізбек керек еді.
А. Найманқожа баласы.
Қырғыз ағайынға жәрдем жіберушілер: мынау мекен-жайға жіберсін.
Кульджа, Китайское Владение, Председателю мусыльманского исполнительного Комитета С. Жувашеву.
Босқын қырғыздарға жәрдем
- Самара губерниясы Бүгілме қаласындағы мұсылман бюросы 200 сом.
- Бірінші Бөрте 7-ші ауыл қазақтарынан 55 сом 83 тиын.
«Қазақ» газеті, №231, 3-4-бет, 27 май, 1917 жыл.
Түп нұсқа араб харпінде.
Аударған Қажет Андас.
ПОЛОЖЕНИЕ КИРГИЗСКИХ БЕЖЕНЦЕВ
Кульджа. Спасаясь от Указа 25 июня прошлого года. В китайскую Илийскую губернию (территория Кульджи), из Пржевальского уезда бежали 8000 домов.
Сам я, 25-го апреля прибыл в Кульджу из Капала. Увидев положение киргизов в Кульдже, я счел необходимым ознакомить с таковым, казахский народ.
Прибывшие на территорию Кульджи киргизские беженцы с остатками скота уцелевшего от разграбления русскими отрядами, попали в руки китайскими дельцам. Военный чиновник калмык, Кульджинский аксакал
Нурахын, консул, сговорившись запугивали киргизов, что погонят их обратно к русским. Так аксакал Нурахын говорил киргизам «если весь ваш скот будет при вас, китайцы разграбят его. Запишите скот на мое имя и передайте мне. Я сохраню ваш скот в целости».
Таким образом, Нурахын перегнал 9000 лошадей киргиизов в г Текес, в сентябре месяце. До настоящего времени нет никаких вестей от Нурахынбая, и нет никакой информации о лошадях. Нурахын бай присвоил 9000 киргизских лошадей, мало того, зная о том, что бежавшие от русских, бесправные киргизы ничего не смогут сделать на китайской земле, калмыки совместно китайскими военными подвергли разграблению и разорению бедных киргизов. Такое положение киргизов вызывает сочувствие и жалость не только у людей, но и зверей.
Киргизы, лишившись скота, домов и без всяких средств, прибыли в г. Текес, Кунес, к китайскими казахам. Казахи их приютили, предоставили кров, одежду, еду, но содержать их полностью не могли. От голода, холода, болезней умерло 2/3 киргизов.
И сейчас киргизы продолжают умирать, словно их постиг мор. 3-4 тысячи человек прибыв в города Кульджа, Коз существуют за счет
попрошайничества, чтобы не умереть с голоду. А в 180-ти километрах от Кульджи голодомор среди киргизов продолжается.
Когда пришла свобода, китайские власти с помощью своих войск погнали киргизов обратно. Киргизы опять подверглись гонениям, опять не успевают хоронить своих людей. Во время выселения киргизов из Китая, мусульмане написали обращение своему консулу о положении киргизов. Это обращение (заявление) невозможно читать без слез.
Сейчас 27-го апреля из Пекина пришло указание, разрешить киргизам остаться на китайской земле на три месяца, сняв с разрешения копию, вслед за конвоирами был срочно отправлен гонец, для приостановления выселения (депортации). Это разрешение было дано после обращение Гарыпа Габдыка телеграммой из Кульджи в Петраград Министру Иностранных Дел.
Видевший своими глазами бедственное положение киргизов Мусалим Муллаулы, через телеграф обратился в Исполнительный Комитет мусульман Кульджи, с просьбой оказать помощь голодающим и бедствующим киргизам в городах, где компактно, в большой численности проживают мусульмане. Исполком мусульман Кульджи выделил 80 рублей для киргизов, Председатель мусульманского комитета Кульджи Сыдык Жумашев телеграммой обратился к мусульманским комитетам других городов, с просьбой помочь киргизкому народу в Китае.
Комитет мусульман Кульджи при поддержке газет «Уакыт» (Время) и «Казах» проводит большую работу по спасению киргизов: производится регистрация, и учет поступающей помощи, открываются в разных местах отделения комитета для приобретения одежды и оказания другой помощи, во всех отделениях комитета назначены ответственные лица.
Обездоленных киргизских женщин, девушек китайские солдаты, дунгане, китайские казахи брали в жены.
По улицам Кульджи невозможно было пройти не встретив попрошаек-киргизов. У киргизских женщин до того износилась одежда, что они ходили в тряпье и накидках из войлока. Казахи видевшие такое положение киргизов, не могут говорить об этом без слез. Говорят, что некоторые прямо на улице города падают и умирают, а некоторые уходят за город, бредут в степь умирать.
Такое положение киргизов намного хуже положения мусульман –дунган.
Потому, что о бедственном положении мусульман-дунган своевременно из газет узнали мусульмане России и приняли необходимые меры по их спасению от холода, голода. А о том, что киргизы умирают от холода, голода, и болезней, в течение 6-7-ми месяцев никто не знал. После обретения свободы, более грамотные ногайские братья, через свои газеты забили тревогу, указывая на нечеловечские условия сущуствования киргизов в Кульдже и первыми начали кампанию по сбору средств для спасения киргизов. Вот в такое тяжелое, для братьев – единоверцев время, мы должны оказать и оказываем помощь киргизам.
А.Найманкожаұлы
Для оказания помощи братьям – киргизам, сообщаем адрес: г. Кульджа, Китайское владение: Председателю мусульманского исполнительного комитета С.Юлдашеву.
Помощь для киргизских беженцев:
- Мусульманское бюро г. Бугульма Самарской губернии – 200 рублей
- От казахов 7-го аула . первого Борте 55 рублей 83 копеек.
Газета «казах», №231, стр 3-4, 27 мая 1917г.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











