Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар

Айналайын, Атамекен!

admin
2026/01/05
Арнайы жобалар
0
Айналайын, Атамекен!

Редакциялық кіріспе

«Қызылжар шайқасына – 327 жыл» сериясы аясында жарық көрген «Айналайын, Атамекен!» жинағы – Тәуелсіздік жылдарында тарихи Отанына оралған қандас ақын-жазушылардың жүрекжарды шығармаларын топтастырған тағылымды еңбек. Бұл жинақта ел мен жерге деген сағыныш, туған топыраққа деген сүйіспеншілік, азаттықтың қадір-қасиеті өлең мен көркемсөз арқылы өрнектелген.

Кітапқа енген туындылар – алыста жүріп Атажұртты аңсаған жүректердің шынайы үні. Алайда жинақтың көлеміне байланысты әр қаламгердің тек үш шығармасы ғана қамтылған болатын. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Qandas.kz сайты «Айналайын, Атамекен!» жинағына енген авторлардың шығармашылығын кеңінен таныстыруды жөн көрді.

Бұл жолы оқырман назарына қандас ақын, қаламгер Жанболат Мағазұлы Базарбай тегінің өлеңдері мен әңгімелері ұсынылып отыр. Оның шығармаларынан табиғатқа сүйіспеншілік, адам жанының иірімдері, ұрпаққа өнеге, ғылым мен білімге үндеген ойлар айқын аңғарылады. Ақынның тілі – қарапайым, ойы – терең, айтары – өміршең.

Qandas.kz ұжымы қандас қаламгерлердің мұрасын насихаттауды, олардың шығармашылық әлемін жан-жақты танытуды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

 

АДАМ ЖАНЫ ТАЛАСТА

 

Екі дүние есігі,
Дәрігер қана білсеңіз.
Біреу кетсе пыр етіп,
Үшеу келер шыр етіп.

Мынау мақтап дәрігерін,
Оң бармағын шошайтса.
Анау даттап дәрігерін,
Қарғап, сілеп қош айтар.

Дәрігерлерде тыным жоқ,
Күндіз-түні кезекпен.
Ап қалам деп жаныңды,
Тәңір менен таласқан.
Қай жеңгені алады,
Адам жаны таласта.

Жан таласқан жан үшін,
Дәрігерлерде не күнә?
Біреу үшін күн кешкен,
Дәрігерлерім бейкүнә.

 

 

ҚАЖЕТІНЕ ҚОҒАМНЫҢ

 

Көкке бойы ұмтылып,
Еккен шыбық жарады.
Шығыпты өсіп құлпырып,
Құшақ жетпес алабы.

Кесіп еді керек боп,
Бұтағын отқа қалады.
Қайыспас жуан мәрша боп,
Зәулім үйге жарады.

Сен де сондай заманның,
Көк өрімі өрлеген,
Аспанында бақыттың,
Қанатты кең сермеген.

Өсіп-жетіл, түзіқ бол,
Қажетіне қоғамның.
Қайыспайтын құрыш бол,
Мәршасы боп заманның.

 

БАЛАЛАРҒА КЕҢЕС

 

Балалар, мал артынан кетеміз бе,
Ғылымға көз жібермей өтеміз бе?
Атамыз қазақ жүрген жол осы деп,
Көзіңді бір ашпай-ақ өтеміз бе?

Надандық жеткен шығар атамызға,
Алданып малды арзанға сатамыз ба?
Мал бағу бұдан былай ғылымменен,
Ескермей ғылымды енді жатамыз ба?

Бұл заман қандай заман – толған заман,
Қолдарын кімде болса созған заман.
Осындай заманыңда жатпа қарап,
Оқы да, аз да болса білім алғын.

Ашық қой ғылым жолы – барам десең,
Ғылымның бұлағынан қанам десең.
Қой демес, жолды бөгеп алдыңыздан,
Мейлінше ғылым гүлін алам десең.

 

КӨКТЕМДЕ

 

Қарлар еріп, жылт-жылт етіп,
Саймен құлдап сарқылар.
Кірге батқан, тозығы асқан
Ақ көрпеден айырылар.

Жер оянып, қолына алып,
Бес қаруын тағынар.
Бүрлеп талдар, түлеп аңдар,
Жібек шапан жамылар.

Өзен тасып, арнадан асып,
Өткел бермей зар қылар.
Жайнап дала, гүл боп қала,
Көңіліңді жай қылар.

Құстар қайтып, әнін айтып,
Мекеніне оралар.
Құрт-құмырсқа жатып қыста,
Ұйқысынан оянар.

Қой қозылап, түйе боздап,
Құлын ойнап жорғалар.
Жыртып жерін, салып егін,
Диқаннан тер сорғалар.
Гүлді теріп, көбелек қуып,
Балалар ойнап мәз болар.

 

ДОСҚА КЕҢЕС

 

Жар ұстасаң сыннан өткіз,
Өткізбесең жар болмас.
Өткізгенде байқап өткіз,
Дидарына болма мас.

Бай емес, мансапты емес,
Сәнқойлыны және кеш.
Сұлулығы өңінде емес,
Жан сұлуын мықтап шеш.

Іңкәр болып жан сүйерің
Уылжыған беті емес,
Гүлден нәзік, балдан тәтті
Ашық та адал жүрегі.

 

ТЕҢЕУЛЕРІМ

 

Жаным деймін қымбатты,
Тотыдайын сымбатты.
Ойлы жүзді жанарың
Бар сырымды қымтапты.

Сәулем деймін жалынды,
Жанға жайлы, жағымды.
Білсең міне жүрегім
Махаббатқа малынды.

Гүлім деймін жайнаған,
Көбелектей айналам.
Шырыныңа құмартқан
Бал арадай аймалайм.

Бұлбұл деймін сайраған,
Таңмен бірге жайнаған.
Құмартамын әніңе,
Кең аспанда самғаған.

 

ЖАЛҒЫЗДЫҚ

 

Қылған ісің өнбегенде,
Ерік пенен жігерді
Құм қыласың, жалғыздық.

Туралыққа келгенде,
Жаныңа ерер жақын жоқ,
Сұм қыласың, жалғыздық.

Іс түскенде басыңа,
Ешкім келмей қасыңа,
Егілесің, жалғыздық.

Қызығына біреудің,
Шыжығына біреудің
Желпілдейсің, жалғыздық.

Аттап шықсаң үйіңнен,
Арт жағыңа қарайлап,
Алаңдайсың, жалғыздық.

Той-томалақ, жиынға
Жақыныңмен жиналып,
Медет болар жаныңда
Туысың жоқ, жалғыздық.

Қанша білгіш болсаң да,
Көптен асқан айлалы,
Қолдаушың жоқ – жалғыздық.

 

МЕКТЕБІМ

 

Оқытады мәпелер,
Білім беріп мектебім.
Өз анамдай әлпештер,
Ұстазым да көп менің.

Алуан нәрсе оқытады,
Күнде бірін жаңалап.
Ой-санамды арттырып,
Ажыратып даралап.

Дәуір алға жетелер,
Неткен шаттық өмірім.
Күш-қуатым жетілер,
Құрыш болып өн бойым.

 

 КӨРГЕНІҢЕ КӨҢІЛ САЛ

(Бір мысал)

Қанай болған көрші,
Нүкең менен жұт жылы.
Бір өгіз бен төрт сиыр,
Қолда баққан сол жылы.

Шөбі тағы бар еді,
Жаздай шапқан бір өзі.
Көк асаумен шөп тасып,
Әнмен мая қалқытқан.

Қыс жарымға шөп жетпей,
Мал айдаған далаға.
Қарны тоймай даладан,
Аштан әбден жараған.

Тамтық қоймай төбеден,
Жұлқып жүрді өгізі.
Сойылдаған Нүкеңді,
Көзбен көрді бір өзі.

Айдап келіп өгізін,
Кебек қойды алдына.
Білмеген соң өгізі,
Жесін бе ол балды да?

Үйретуге өгізін,
Кебек құйды аузына.
Құйса дағы жемеді,
Үстінде тіс көрмеді.

Дым қалмаған өгізде,
Үстіңгі тіс қағылып.
Қағып алған Нүкең деп,
Кетті енді ағызып.

Қолына сойыл алды ғой,
Бай баламды салды ғой.
Шепті бұзып кірердей,
Айбар шегіп барды ғой.

Көрді Нүкең келгенін,
Айғайымен желгенін.
Тоқтатуға шара жоқ,
Түріп тұрды ол жеңін.

Сойылдасып қағысты,
Ары-бері алысты.
Не болғанын біле алмай,
Ел-жұрт аң-таң қалысты.

Арашаға көп келіп,
Ажыратып алысты.
Мән-жайынай ұқтырып,
Күлдірген көп қалысты.

Біреу күлсе мазақтап,
Құрбысы тұр жармас деп.
Бар сиырды айдап кеп,
Біреулер жүр дәлелдеп.

Сонда барып білді ғой,
Шынын көріп сенді ғой.
Болмайтынын сиырда,
Үстіңгі тіс көрді ғой.

Шаруа менен ер жетіп,
Шықса дағы қырмаға,
Білмеген ол ескеріп,
Болмасын тіс сиырда.

Көргеніңе көңіл сал,
Көкірегіңнен орын сал.
Балаларға ескерткен,
Болсын мынау бір мысал.

 

ЖЫЛ ҚҰСТАРЫ

 

Ерлан мен Ербол екеуі мектептен қайтып келе жатып, төбелерінен қиқулаған дауысты естіп, оңтүстікті бетке алып ұшып бара жатқан көп тырналарға қарап:

«Арқан тарт, кілем жай!» – деп айғайласып еді, тырналар да мұны білгендей, біресе қатарласып арқан тартқандай, біресе топталып кілем жайғандай болып, көздерінен ұзап бара жатты.

Тырналарды көз көрімге дейін айғаймен ұзатып салған Ербол Ерланнан:
– Бұл құстар қайда барады? – деп сұрады.

– Күз болды, енді бұл құстар қыс болмайтын жылы жаққа барады. Біз бұларды «жыл құстары» дейміз. Бұдан басқа қарлығаш, қараторғай, сарала, қоңыралақаздар, көкек, қарала торғай, көкмойын ұзақ т.б. сияқты күзде кетіп, көктемде қайта келетін құстардың барлығы да «жыл құстары» болады, – деп жауап берді Ерлан.

– Олар неліктен кетеді, осы жақта-ақ жүре берсе болмай ма? – деді Ербол таңдана.

– Бұл жақта қыс болғанда жерді қар басып, өзендер қатып қалады. Құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлер жер астына кіріп, қысқы ұйқыға кетеді. Сонда бұлар қайтіп азықтанбақ? Ал бұл жақта қыс болғанда, ыстық белдеуде жайнаған жаз болып тұрады, олар әне, сонда тіршілік ете алады, – деді Ерлан түсіндіре сөйлеп.

– Олай болса, жыл құстарының бұл жаққа көктемде қайта келуінің қажеті не, сол арада жүре берсе болмай ма? – деді Ербол асыға.

– Бұл жақта күн жылынып, жаз шыққанда, ыстық белдеуде (оңтүстікте) шыжып тұрған аптап ыстық болады. Олар ыстыққа шыдамай, мына қоңыржай белдеуге келіп тіршілік етеді, – деп түсіндірді Ерлан.

Ербол енді түсінгендей болып, «расында да жыл құстары ақылды екен» деп күбірледі. Аспанға қарады да:

– Сендер шынында да ақылды құстар екенсіңдер, сапарларың сәтті болсын, келер көктемге дейін қош болыңдар! – деп айғайлап, қаздар кеткен жаққа ұзақ қарады.

 

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 30
Ұлттық киім – ұлт құндылығы
Көрме

Ұлттық киім – ұлт құндылығы

March 19, 2026
35 кітаптың таныстырылымы
Көрме

35 кітаптың таныстырылымы

February 27, 2026
Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?
Көрме

Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?

February 27, 2026
13 жылдық белес
Грант

13 жылдық белес

February 18, 2026
Ректор гранты
Грант

Ректор гранты

February 13, 2026
Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ
Арнайы жобалар

Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ

January 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz