Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар

Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ

admin
2026/01/27
Арнайы жобалар
0
Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ

СЕНІ ІЗДЕДІМ 

 

Сені іздедім келмеске кеткен керқайыр жақтардан,
Сені іздедім пәк көңіл, сәби шақтардан.
Сағындырдың мені танысқан сонау шақтардан,
Сағындырмай енді самалдай келіп, өпші алдан.

Сені іздедім Баркөлдің бақша-бауынан,
Сені іздедім Тиян-Шанның асқар тауынан.
Сені іздедім сіркіреп жауған жауыннан,
Бір хабар әкелер деп дәмелімін дауылдан.

Сені іздедім жас жанымнан, жаралымын,
Қабатында қайғының қаламын мың.
Бір үміт ентелеп кеп тереземнен,
Сені аңсаумен қабағымды шалады күн.

Сені іздедім қашаған жүйрік жылдардан,
Сені іздедім қураған құба құмдардан.
Ғашығым менің, қаракөз қалқам қайда деп,
Сұрадым сені сыбыры сырлы талдардан.

Сені іздедім – қайда ыстық маған құшағың?
Сені іздеумен жетімге бейбақ ұқсадым.
Сені іздедім – көгершін, маған ұшпадың,
Жүрегімнен қан шығып, дәріға-ай, қатты жыладым!

Сені іздедім, алысып тұрар хат қайда?
Мұңымды шағып жүрегім, менің айқайла!
Сарғайған жапырақ, сарғайған сабыр – бәрі бір,
Ғашық сезім қашанда от көңілді алдай ма?

Сені іздедім жұбатар мұңдас өлеңім,
Сені іздедім, өлеңсіз күнім – өлемін.
Сені іздедім қияда қимай келемін,
Сол қияның өрінде қолым жетпей тұр едің.

Сені іздедім – қарттық жеңіп қаймығып қалам бір күн,
Білесің бе? Сонда келіп халыңды сұрайды кім?
Сені ұмытайын десем де тастай қатып,
Қара ит болып талайды қызғаныш-мұң.

Сені іздедім келмеске кеткен кездерден,
Жайымды ұғар өзіңсің, қалқам көз көрген.
Сен мені балалап сүй жүрегіңе,
Шын сөзім, шыбындай жаным өзгермен.

 

ЖАЙ ОТЫҢДАЙ 

ЖАРҚЫЛЫҢДЫ САҒЫНАМ 

 

Нәзік мүсін,
Саған жаным құмартып қалыпты шын.
Жүрегімнің лүпілін сен деп соққан,
Жазған осы жырымнан танып, түсін.

Жанға жайлым,
Жалт еткен жанарыңа жанғандаймын.
Көгершінім, ғашық еткен аппақ құсым,
Сағынышымды алып ұш, самға дайын.

Сұлу керім,
Жүрегіңнің маздаған отын бергін.
Саған жазған ынтықтықтың сырын оқып,
Шын ғашықтың серті деп танып, бекін.

Жұпар демің,
Құшағыңда келеді жанып өлгім.
Мені сүйген жүрегіңнен айналайын,
Періштеден кем емес сенің лебің.

Нұр жанарың,
Жалыныңа шыдамай түн жарамын.
Тамұқ бетін тіліп өткен тылсым сәуле,
Жай отындай жарқылыңды сағынамын.

Жанып тұрсың,
Ай бетінен төгілген аппақ нұрсың.
Мың бір түннің айтатын хикаясы,
Мен үшін жазылмаған тылсым жырсың.

Ақ білегім,
Құз басынан құлатпас бір тіреуім.
Құштар жанның сүйініші сәуле шашып,
Түріп тастар жабыққан ой түнегін.

 

ЖҰЛДЫЗ КҮЛГЕН

 

Қарашығың – жұлдыз күлген түнгі аспан,
Ой табамын жанарыңнан сыр жатқан.
Тынысыңнан жұпар иіс ұрланып,
Жүрегіме ерік беріп жол ашқан.

Сенің лебің – таң шуағы қыр асқан,
Сенің жүзің Ай мен Шолпан жарасқан.
Қара шашың майда-майда толқындай,
Қабағыңның қиығында сыр жатқан.

Жан-дүниеңнің кірсіздігі – періштенің өзіндей,
Жан емеспін мен оны жүретұғын сезінбей.
Жалын атқан нұр-сәулелі пейілің,
Мамырдағы күннің қуат көзіндей.

Жұпар самал даладайын пейілің,
Бағы болар жүрекке жылу құяр мейірің.
Менің мынау ынтық болған жаныма,
Сенің нәзік сезімің – суат алар егінім.

 

ЖАНАРЛАР

Байқап көрші, адамдар,
Мұң түнеген жанар бар.
Көз – көңілдің терезесі,
Сыр түлеген жанарлар.

Жалын шашып жанарлар,
Жүректерді жаралар.
Сырын айтып жанарлар,
Жан дүниеңе бара алар.

Қоңыр, жасыл ғаламшар
Мың бояумен жасанар.
Көк те, қара, сары жанар –
Бәрі адамға жарасар.

Мың бояудан көркемдік
Сұлулық боп таралар.
Ғашықтыққа жол ашқан
Жанарларда жалын бар.

Ыңкарына сыр ашып,
Жымың еткен жұлдыздар.
Сүйген жанға сүйінбей,
Өкінішке қалмаңдар.

Тұнық болса асыл ар,
Жанарыңнан атойлар.
Сезіміңе нәр берген
Жүректегі жалындар.

Шын ғашықтар жанардан
Жалын отқа қарылар.
Қарғыс та бар, алғыс та бар –
Жанардан боп жарылар.

Шерлі болса адамдар,
Жасын төгер жанарлар.
Мойындамас қарттықты,
Сөнбей тұрар жалындар.

Махаббат бар, қарғыс бар,
Көңілде де жанар бар.
Көзі қызыл дұшпан бар,
Жанары оқтай қадалар.

Қуаныш бар, үрей бар,
Жанарға кеп паналар.
Нәпсіқұмар арсыздар
Жанарымен атқылар.

Өкініштен адамдар
Жанарларды жас қылар.
Өміріңнің шырағы –
Жанарларды аялаңдар.

Елжіреген ғашықтар,
Бір-біріңді байқаңдар.
Мөлдір жанар тереңнен
Жүректерді оқыған.

Жалғанды жалмап кетер
Жанарлардан сақтанғын.
Көзің тоймас дүниеге,
Көңіл қансын көркемге.

Мөлдіретіп жанарды,
Тап-таза ғып ертеңге,
Жас сәбидей мөлдіреп,
Жайнасыншы келешек.

Жанарлар-ау, жанарлар,
Арай нұрға малынар.
Шаттықпенен сағыныш
Сүйгендерден нәр алар.

Қуат болсын бәріне
Маңдайдағы жанарлар.
Көңіліңе күдік салса да,
Көзің көріп сезе алар.

Ау, жанарлар, жанарлар,
Адамзатқа, әлемге
Періштедей қараңдар!
Адал, аппақ жүрекке
Дақ қондырмай бараңдар.

Жанарлар-ай, жанарлар,
Кірсіз, мұңсыз сәбидің
Жанарындай жайнаңдар.

 

ТҮНГІ СЫР

Жым-жырт боп мүлгіген мақпал түн,
Еңсемді кеп мыжығандай қақсал мұң.
Сары дала, сағымды аспан, дария –
Сен үшін шарпығандай ғаламды күн.

Асырып ғаламатын қараңғылық,
Еңсемнің ернеуінен қасқыр ұлып.
Мақпал көрпе – қоңыр түннің қойнауынан
Естілгендей бір үнің маған қанық.

Кербез дала, түні жомарт, жұпар ауа,
Ас болардай тыныстап жұтқан жанға.
Мейірлі менің аппақ арман құсым,
Жұлдыз болып төне түс аңсағанда.

Іңкәрліктен нәр алған менің күшім,
Түн құшып жалғыз міне отырмын шын.
Тыныс таппай ақ мамықта ары қарап,
Бұрымыңды жамылып жатырмысың?

Сарқылмаған бойыңда ақыл, күшің,
Денең бөлек, рухың бір жанымсың.
Алқаракөк түнгі аспанға жарық берген
Жұлдыздың кірпігіндегі нұрмысың?

Кетпейтін бір дәм қалды таңдайымда,
Өшпейтін бір ән қалды ырқымды ала.
Ақынның өршіл туған жүрегінде
Жалын от сен боларсың – жанған дара.

 

АСАУ КӨҢІЛ, АЛАУ ЖЫР

Бақыт іздеп нұр шуақты күндерден,
Жылу іздеп мақпал қара түндерден.
Жым-жылас боп жатыр өтіп ғұмырым,
Асау көңіл арман іздеп жігерден.

Қайран жастық жарқылдаған алмастай,
Түк бітірмей түгеді ғой қыр аспай.
Көрген қызық – сөнген жалын секілді,
Арман құсым ұшты алыс, ұстатпай.

Асау көңіл, алаң көңіл серісің,
Кейде құйын, кейде тылсым перісің.
Көңіл хошын қуып кеткен кезімде,
Алтын тұғыр ар-ұятым, есілсің!

 

ЖОЛ

Жол жатыр табаныңның астында төселген,
Жол – дүниенің төрт тарабына көсілген.
Мың қиындық кезіксе де бір жол бар,
Шешім таппас шие жоқ – ақылы зор естіден.

Жол кейде баққа бастар, кейде сорға бастар,
Қадам сайын жолда күтер толған сындар.
Жолдар жатыр сүйреңдеген, иреңдеген,
Жолдарменен жасалады талпыныстар.

Өнер-білім жолы – ұлы жол таусылмайтын,
Ұлы еңбек жаратады ұлылар жасымайтын.
Жолдар тылсым, жолдар көп біз бармайтын,
Жолын тапсаң, есік жоқ ашылмайтын.

Жолдар, жолдар басылады еңбекпенен,
Жолдар ұзақ пендені жеткізбеген.
Өлім жолы – соңғы жол, соңғы тұрақ,
Жолдарменен қоштасарсың көз ілгенде.

Хандықтың қасқа жолы – Қасым ханның,
Елге теңдік әперген ескі жолы – Есім ханның.
Ақ жолы әділеттің, хақтың жолы,
Таза жолы адастырмас мұсылманның.

Тәуелсіздік – теңдігімнің ұлы жолы,
Тілім, дінім көркейер ырыс толы.
Қазақ туы астында түлежіген,
«Елім!» деп ұран салған шаттық жолы.

Алаш жолы, ата жолы, ар жолы,
Қазағымның адастырмас өр жолы.
Баба жолын қадір тұтқан баласы
Ардақтасын қасиеттеп мәңгі оны.

 

АЗАМАТ

Азамат па – азамат елдің иесі,
Азамат па – азамат жердің иесі.
Елі үшін қозатын делебесі,
Еліменен көгеретін көсегесі.

Арда туған азамат ел бастаған,
Елін сүйген азаматты ел сақтаған.
Қазақ бекер айтпаған «ел мақтаған»,
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.

Елін сүйген азамат – биік тұлға,
Еңбегімен айналар сүйікті ұлға.
Тұғырына ту тіккен ұлылықтың,
Азаматтың арманы – асқар құз да.

Азамат бар – сіздің жер де, біздің жер де,
Құт әкелсін, бақ әкелсін бұл елге.
Халқы үшін жұлып берер өз жүрегін,
Егей туған есіл ерлер көп елде.

Ел қорғаны, жер қорғаны – азамат,
Азаматта болмас әсте қиянат.
О, азамат, елім саған аманат,
Аманатқа жасалмайды қиянат!

Ғарышқа да самғап жатқан азамат,
Ғаламаттар жасап жатқан азамат.
Ұлтқа тұғыр, елге тірек – азамат,
Әз басыңа жамалмасын жаман ат!

Азамат атақ қумас – мәрт келеді,
Елге абырой, елге құт әкеледі.
Елі үшін етігімен су кешіп,
Қара таудай қайғыны да көтереді.

Азаматтың ар-намысы – ең керегі,
Азаматымен алаш әлемге теңеледі.
Үмітін үкілеген қалың елге
Азамат ақылымен өң береді.

 

ДАЛА ЖЫРЫ

Ұлы дала, сырлы дала, иен дала,
Сағым ойнап, бөрі жортқан кең дала.
Қанат талып, тұяқ күйген кері дала,
Құшағындағы құты – кеніш сері дала.

Ару дала, әсем дала, сары дала,
Аяз қылыш, ақ мылтықты қарлы дала.
Қаталдық та, жомарттық та бар дала,
Әлмисақтың сырын бүккен кәрі дала.

Құба қалмақ жортып өтті жоныңды,
Жоңғар жауыз жарып өтті тоныңды.
Шегір көздер атом жарып төсіңді,
Жарақаттап, жауыр етті қоңыңды.

Ақша бұлтқа, асқар тауға жеткізген қолымды,
Далам едің доңыздарға бастырмаған жолымды.
Хан отырар төріңе, батыр қорғар жеріңе,
Келімсекке қаны жатты сыйлап жүрміз – сонымды.

Дала, дала – арман далам, ақ далам,
Жомарт, маңғаз, кербездей кең далам.
Қоңыр мінез қазақтай қоңыр өлкем,
Жер бетінде жерұйық сен – далам.

Дала – дала, аяқталмас симфония,
Дала – дала, суымас ыстық ұя.
Қанша ақын қосты екен сені жырға,
Қанша ұлға бақ сыйладың, қанша қызға?

Өзендері тулаған сетер дала,
Саңлақтары қунаған ерке дала.
Байлығым да, бақытым да сенде ғана,
Сенсіз менің тірлігім – бекер дала!

Ғашық болдым көзіне

Жиырма жастың алаулаған кезінде,
Бір қызға мен ғашық болдым көзіне.
Құштар болдым, аласұрып дерт жұтып,
Жаным еріп, назға толы өзіне.

Сәмбі талдай ырғалған сәнді денесі,
Аңыздай боп елестеді келбеті.
Көңілім той, ризашылық таптым мен,
«Іздеген ғашық жарым – нақ осы!» – деп едім.

Өлең жаздым іңкәр дертке беріліп,
Мақпал түнде Ай да оған телміріп.
Қызыл иек ымырттардан іздедім,
Ой мен қиял жан еркімді кеміріп.

Әттеген-ай!
Сол ару алыстады жайына,
Жете алмадым жанарымның Айына.
Көкірегім күрсініп те айырылып,
Жүрекке кеп орнықты мұң-уайым.

Мұны көріп бір досым сыр сұрады,
Жайып салдым жазылмаған мұң-зарамды.
«Сезімге үкім жүрмейді екен», – деп сонда
Таңдай қағып, өзі де бір мұңданды.

Содан бері өтті жылдар желдей боп,
Шындықты да жасырдым мың аңыз қып.
Ойлап тұрсам, осы күнде де рас-ау,
Досым айтқан сөзде бар екен маңыз көп…

 

ӨТІП БАРА ЖАТЫР-АУ

 

Өтіп бара жатыр-ау күз дегенің,
Күдерімді мен сенен үзбедім.
Сағыныш па, сүйініш пе – білмеймін,
Қыз демінің ләззаты өшпеді әлі де.

Меңлі қыз – өзің едің іздегенім,
Көктем-жазды өткізіп күзге келдім.
Көк жүзіне көз салсам, сен барсың,
Жұлдызымдай түнде күліп жүргенім.

Қимай-қимай қарай беріп едім,
Бір басыңа баға жетпес дара едің.
Әлі де іздеп келемін, жаным-ау,
Жарық болып жолыма тұра бердің.

Жолымды жарық қылған шамшырағым,
Жыр болып шуағыңа тамшыладым.
Мың асылдың ішінен дара тұрған,
Қуатыңнан нәр алсам деп асығамын.

Елестейді жанарың қарақаттай,
Қалай ғана сабыр сақтап тұра алам?
Қиялменен жақындайын әйтеуір,
Тағат таппай, сезімменен сыналам.

Өтіп бара жатыр-ау күз дегенің,
Ырқымды алып барады іздерің.
Сан қиялдың ішінен сені тауып,
Сансыраған сезімменен көз ілемін.

 

……ГЕ

Ымырт бітіп, қою түн жамылғанда,
Сағыныштан қаяу мұң табылғанда,
Көз алдымда күлімдеп жан тербетіп,
От құшақ боп ой түбінде қалдың да.

Өмір кейде отқа, кейде суға салды,
Тәтті арманым басқа күйге айналды.
Талай күннің қызығын талақ етіп,
Енді саған бақытыңды сыйлауды аңсадым.

Мейірлім-ау, дәрменіңде кейіс бар,
Ойлағандай болмайды екен кей істер.
Ыстық назыңа ынтық болып жүріп-ақ,
Жабырқадым, жабысқақ бір күй кештім.

Япырым-ай, гүлім едің күлімдер,
Үмітім сен, «күнім» дермін бүгін де.
Аяз қарыған жанымды жылытшы,
Қайсарлықтың қажымайтын күшін бер.

Қара мақпал түнге құлап отырсың ба,
Ойға батып сен де мендей ұдайы?
Жүрегің дір-дір етіп соққан жоқ па,
Көл бетіне дірілдеген нұрдайы?

 

ПАҚ, ШІРКІН

Деміңнен жұпар иіс аңқиды,
Делебемді қоздырып жыр толқиды.
Сәмбі талдай сәнді бойың көз алда,
Періштенің келбетіндей жарқылды.

Үлбіреген ыстық ернің, лебің бар,
Тұлабойды тулататын демің бар.
Сенің демің шарпыса бір жұпардай,
Қуаныштан құлқым да бір желпінер.

Кең маңдайың, жарасымды келбетің,
Жайдарлы боп жаралған бір ғажапсың.
Өнбойыңнан жылылық боп таралып,
Жан баласын баурап тұрған сымбатсың.

Еркімді алып еріксіз сен тұр едің,
Бір үміттің ақ жиегін мен күтем.
Бағыма балап, сені күтіп жүріп-ақ,
Бөленсем деп қызыққа мен жүрем.

Жан шуағыңнан таң атқандай ағарар,
Тән қуатым алтын арайға боялар.
Ай сымбатты ажарың көз қарықтырған,
Жан құмарын қоздырмай қалай қояр?

Сөзіңнен де бір құштар үнді естимін,
Күнім енді тым қиын боп кеткенін.
Ғашық жанның қасіреті өлшеусіз,
Жырға толы жүрегім тек сен үшін.

Ғашықтық кеудемдегі мәңгі әнім,
Мейір қыз, сен сүйетін жырларым.
Махаббаттың ханышасы – жалғыз өзің,
Өшпейтұғын арқауы әңгімемнің.

 

ЖАҢБЫРЛЫ ТҮН

Жаңбыр жауып, күздің жүзін бұлт басқан,
Жыртығынан мейір төккен көк аспан.
Жұпар ауа, дала төсі кіршіксіз,
Қандай ғажап жер мен аспан жарасқан.

Көңіл күткен арман – ақ аспан,
Өмір өзі жырлап бітпес нақ дастан.
Лас қоғам еңсемді езіп жатса да,
Рухым биік – көңіл көгім құз асқан.

Жаңбыр – сұлу тазалықтың тамшысы,
Жай отындай намысымның қамшысы.
Салданған сезімге қуат беріп,
Арман бесігінде тербеткен балшысы.

Күзгі жаңбыр – жастығымның соңғы үні,
Өткен ғұмыр, сөнген сәуле – өң-түсі.
Ұлы табиғат – мәңгі өлмес кие күш,
Жастық шаққа қайта оралтар серпісі.

 

КӨРГЕН САЙЫН

Көрген сайын келеді көргім сені,
Құшағыңа бөлеп бір сезім селін.
Жүрегіңнің ішіне қуаныш боп,
Бәйшешектей құлпырып енгің келеді.

Болмасқа да сенгім келді бір сәтте,
Арманымның биігіне ұмтылып.
Аласатқан жүрегіммен арпалысып,
Бар әуреңе көнгім келді тұншығып.

Сағынышқа қуанып сүйін, жаным,
Ғашықтықтың сарғайған сырын таны.
Бейнең сенің сәуле боп шашылардай,
Ақ таңның шуағы жиегінен тамып.

Сүйем сені, сүйем сені – мәңгіге,
Талай сырды айтпадым мен әлі де.
Сүйгендіктен жыр жаздым да, ән салдым,
Тамылжытып талай сезім төгілді.

Жараланып ауырлады халым да,
Ойларым да жүк боп басты жанымды.
Сені ғана қалап тұрсам жүрекпен,
Басқа жанға сыр ашудың мәні не?

Қарашығыңнан құштар лебің сезіледі,
Қара көзден қанша жас төгілді енді.
Саған ынтық сезімнің алауымен,
Қайсарлықтың қабырғасы сөгіледі.

 

СӘЛЕМ САҒАН

Сәлем саған –
Айлы түннің ақ күміс кірпігінен,
Ақша бұлттың ақ пұлдыз тілкімінен.
Аулақта жалғызсырап жабырқаған,
Әупілдеген ақ мамық үкі үнінен.

Ай астында асыға күтіп ем мен,
Асыл жүрек арманын үкілеген.
Табатындай боп өзіңді көз тігемін,
Күлкің сіңген асау өзен гүрілінен.

Іздеймін тағы сені ғашықтар күбірінен,
Ілінгендей тамшының дір-дірінен.
Шаттанғанда шарықтаймын көкке ұшып,
Шабыт алып тұлпардың дүбірінен.

 

СӘУЛЕМ-АЙ!

Іңкәр еттің жайдарлы үніңменен,
Бал қылығың жан сезімім сілкілеген.
Жүрегіме бір құштарлық құйылады,
Іңкәрліктің алай-дүлей дүрсілімен.

Баурап алар бақытым-ай мөлдіреген,
Пәк сезімнің ақ пердесі үлбіреген.
Нұр жүзіңнен жаныма мейір қонып,
Жанарыңнан сүюдің күшін көрем.

 

ӨЗІҢДІ ОЙЛА

Өзіңді ойлап тулап жүрек сыздады,
Өзегімде от ұшқыны қоздады.
Қызықтардан кеткеніме безініп,
Қуаныштың қызыл оты қызбады.

Жастық шақтың сезімдері күн сайын,
Қинады-ау, жанымды да ұштадың.
Ынтық болып сенің пәк жаныңа,
Жас жүрегім жалын отқа ұсталды.

Жүрек жүдеп, арман қалды қаңғырып,
Шаттығымды сағынышқа таңдырып.
Күннің көзін бұлт басқандай көмескі,
Сарсаң сезім сабылып жүр сан қилы.

Жастық шағым ақ қайыңдай мәуелі,
Биіктерге тамыр тартып әлі де.
Аңсаған арман быт-шыт боп кетсе де,
Жабырқауға жаным қалай көнеді?

Солай міне, іңкәр жаным өксіпті,
Тағдыр жолы тарпаң тартып кетіпті.
Қозы менен Баян да ғашық боп өтті ғой,
Тар заманның үкімі жетіпті.

Жырға ғашық адам болдым лаулаған,
Өлең іздеп қатпарлы жылдардан.
Безінемін шаттығы жоқ күндерден,
Түңілемін жұлдызы жоқ түндерден.

Көп күндерім қуанышсыз өтуде,
Ескен желдей бір бағытта кетуде.
Шуақ нұрды бұлттар жауып тұрмаса,
Көрінсеңші, көкжиегім күтуде!

Ойлар, ойлар, уыт төкпей мейір бер,
Қайғы-мұңды көкпардай ғып серпіп көр!
Жабығыстан жауыр болған жанымды,
Бір өзіңнен басқа жаным кім білер?

Сортаң соқпақ, бұраң жолы сағымды,
Ылғи ғана мұңға қарай сабылды.
Алғашқы махаббаттан қалған белгі –
Сағыныштан жылап туған жыр болды.

Ойды ақтарып, сырлар міне төгілді,
Жылап жатқан көңілді қалай жұбатамын?
Ғашық жанның куәсіндей елжіреп,
Жанарымнан ыстық жастар ағылды.

Ғашықтығым – тағдыр берген сый шығар,
Бала құстай бауын ашып қиялдар.
Жұлдыз болып жымың етіп жарқырап,
Сұлулықтың сымбатымен тұндырар.

Арулардан көргендеймін Тәңірді,
Ғашықтықтың көрдім талай жәбірін.
Өз жүрегім өз еркіме бағынбай,
Шын сүюдің сездім қатал әмірін.

Ғашықтықтың алау күні көгімде,
Нұр шашады сезім атты серіге.
Сүйіну мен күйіну де ғаламат,
Кие сезім – жете бермес жеріме.

Талай күздің ақ таңы да атса да,
Ару түннің мақпалы да жатса да,
Сезім оты алғаш сені көргенде
Жалын болып жүрегімде басталған.

«Q-andas» ақпараттық агенттігі
Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 111
Ұлттық киім – ұлт құндылығы
Көрме

Ұлттық киім – ұлт құндылығы

March 19, 2026
35 кітаптың таныстырылымы
Көрме

35 кітаптың таныстырылымы

February 27, 2026
Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?
Көрме

Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?

February 27, 2026
13 жылдық белес
Грант

13 жылдық белес

February 18, 2026
Ректор гранты
Грант

Ректор гранты

February 13, 2026
Айналайын, Атамекен!
Арнайы жобалар

Айналайын, Атамекен!

January 12, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz