Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Жартас суреттері

Алтайдай, жер қайда?

Алтай – Қытай, Қазақстан және Моңғолия аумағын алып жатқан алып аймақ. Бұл өңір ежелден түркі жұртының, көшпелі өркениеттің ізі сайрап жатқан, тарихы терең мекен ретінде белгілі. Біз осы ретте Алтайдың Қытай бетіндегі тарихи мұраларға, атап айтқанда байырғы молаларға, тас мүсіндер мен жартас суреттеріне тоқталмақпыз. Бұл жәдігерлер – сол өңірді ерте дәуірлерде мекендеген халықтардың тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымы мен мәдениетінен сыр шертетін құнды қазына.

admin
2026/03/19
Жартас суреттері
0
Алтайдай, жер қайда?

Алтай – табиғаты көркем, қойнауы құт, шежіресі терең өлке. Ерте заманнан бері бұл аймақ сахарадағы көшпелі тайпалар мен ұлыстардың тіршілік мекені болған. Осыны дәлелдейтін ең басты айғақтардың бірі – өңірде сақталған байырғы қорымдар, тас мүсіндер мен жартас суреттері.

Зерттеушілердің пайымдауынша, Алтай өңіріндегі тас молалар мен жартас суреттерінің тарихы тым әріге кетеді. Олардың бірсыпырасы осыдан 5–6 мың жыл бұрынғы көне тас дәуірінің ізімен сабақтасса, енді бір бөлігі кейінгі дәуірлерге, тіпті мың, чиң замандарына дейін жалғасады. Демек, бұл мұралар – бір ғана кезеңнің емес, бірнеше тарихи дәуірдің үнсіз куәгері.

Скифтер, сақтар, ғұндар, түркілер – осы ұлы кеңістікті әр кезеңде мекендеген көшпелі жұрттардың ізі Алтайдан анық байқалады. Сондықтан мұндағы байырғы зираттар мен тас мүсіндер жай ғана археологиялық нысан емес, халықтың өткен өмірінен сыр шертетін тұтас мәдени қабат.

Ежелгі жұрт Алтайды тек қоныс емес, өмірдің өзегі еткен. Осы жерде мал бақты, егін салды, аң аулады, жаумен шайқасты, қолөнер дамытты, сенім-нанымын, салт-дәстүрін қалыптастырды. Ою-өрнек, мүсін, зергерлік, өрім-кесте секілді ғажайып өнер түрлері де осы ортада өркендеді. Сондықтан Алтайдағы байырғы мұраларды тану – сол халықтардың тарихын, дүниетанымын, мәдени сапасын тану деген сөз.

Бұл көне қорымдардан біз өткен дәуір адамдарының қалай өмір сүргенін, қандай кеңістікті мекендегенін, қандай нанымға сенгенін, тіпті қандай жағдайда өмірден өткенін де аңғара аламыз. Сол себепті бұл мұралар – ғылым үшін де, ұлт жадын сақтау үшін де аса құнды дерек.

Алтайдың әр тұсында байырғы зираттар көп ұшырасады. Шіңгілдің Бұлғыны мен Тайкешкенінен бастап, Бәйтік, Қаба, Жеменейдің Сарқамыры, Болбағайы, Мұзтауына дейінгі кең алқапта мұндай орындар аз емес. Соның ішінде байырғы қорымдар көбірек шоғырланған өңірдің бірі – Алтай қаласына қарасты Шеміршек аймағы.

Шеміршектің Қарашілік қыстағына жақын, Қарасу мен Күйгенқора аралығындағы тау бөктерінде отыздан астам байырғы зират орналасқан. Олардың кейбірі ақ таспен дөңгелете қоршалса, енді бірі қара таспен немесе кәдімгі тастармен төртбұрыштап, кейде шеңберлей қоршалған. Кейбір қорымдардың шығыс жағына биік тас орнатылып, бетіне ер немесе әйел бейнесі қашалған. Уақыт өте келе жауын мен жел мүжіген бедерлер көмескі тартқанымен, олардың көне дәуірден сыр шертетіні анық сезіледі.

Осы зираттардың ішінде көлемі мен биіктігі жағынан ерекше көзге түсетін екі қорым болғаны айтылады. Олардың арасы шамамен жүз метр. Бір қорым ақ таспен қоршалып, шығыс жағынан кіретін тұсы қалдырылған, сол есіктен үйінді төбесіне дейін тас төселген жол тартылған. Үйіндінің диаметрі шамамен 20 метр, биіктігі 2 метрге жуық. Төбесіне шығысқа қарата тас тақ орнатылған. Екінші қорым да осыған ұқсас, бірақ қоршауы жай тастардан қаланған. Сырттай қараған адамның өзіне-ақ бұлардың көне дәуірдегі ел билеген не аса мәртебелі адамдарға арналған белгілер екені аңғарылады.

Ел аузындағы ұғым бойынша мұндай көне орындар киелі саналған. Жұрт олардың маңын бұзбаған, кешкі іңірде, таң сәріде жоламаған, балаларын да жақындатпаған. «Киесі атады» деген түсінік арқылы ел бұл мұраларды ғасырлар бойы табиғи түрде қорғап келген. Соның арқасында талай белгі өз қалпын ұзақ сақтаған.

Шеміршектің өзге өңірлерінде де мұндай байырғы қорымдар жиі кездескен. Тиірменнен төменгі жақтағы өңірде, Көкшым қалашығының терістігі мен Қоңырдөңнің үстінде отыз-қырықтай көне зират болған. Ал Таралаңмен шекаралас Қоскеліншек, Ақтам, Ұтыбұлақ, Буылқы секілді өңірлерде жүздеген қорым жатыр. Олардың бірқатарының топырағын жел ұшырып, қоршау тастары ашылып қалған. Кейбірі жермен-жексен болып барады.

Шеміршектің Ертіс жақ бетіндегі Қысаң сайы мен Құрғақтоған аралығындағы ұзынша келген жазық дөң үстінде де ондаған байырғы зират бар. Олардың белгілері әлі де айқын сақталған. Биіктігі 1–2 метр шамасында, ал ірілерінің диаметрі 10 метрге дейін жетеді. Мұның бәрі бұл алқаптың бағзы дәуірде тіршілік қызған мәдени орта болғанын аңғартады.

Алтай сахарасынан тас мүсіндердің де алуан түрі табылады. Әсіресе Алтай қаласының Шеміршек ауылы маңында мұндай мүсіндер көптеп кездеседі. Олардың пішіні де, көлемі де әртүрлі. Биіктері 3 метрден асса, аласалары 40–50 сантиметр шамасында. Қазіргі зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, бұл тас мүсіндер жаңа эраның IV ғасырынан XI ғасырға дейінгі аралықта Алтай өңірінде өмір сүрген Түрік қағанаты дәуірінің дәстүрлі мәдениетінің жұрнағы болуы ықтимал.

Жартас суреттері де – Алтай мұрасының аса құнды бөлігі. Бүгінде Алтай тау сілемдерінен алпыстан астам жерден жартас суреттерінің шоғыры анықталған. Соның ішінде Алтай қаласы шекарасындағы Дулаты маңындағы суреттер ерекше назар аудартады. Онда төрт түлік мал, бұғы, арба, аң аулаған, мал баққан, би билеген адамдар бейнесі, түрлі таңбалар мен тұрмыс көріністері қашалып салынған. Бұл суреттер ертедегі сахара тайпаларының өмір салты мен дүниетанымынан хабар береді. Сондықтан олар археологиялық әрі этнографиялық зерттеулер үшін баға жетпес мұра саналады.

Алтай өңірінен табылған өзге де көне бұйымдар аз емес. Мәселен, Шеміршектің Темірбақан жайлауындағы «Сүйрепсалдың асуы» маңынан кішкене тас келі, тас келсап, тас қанжар секілді заттар табылғаны айтылады. Сондай-ақ Таралаң жақтан тас күбі табылған. Мұның бәрі бұл өлкеде тұрмысқа қажетті бұйым жасау мәдениетінің де ерте заманнан қалыптасқанын байқатады.

Қорыта айтқанда, Алтай өңіріндегі байырғы молалар, тас мүсіндер мен жартас суреттері – осы аймақты ерте дәуірлерде мекендеген тайпалар мен ұлыстардың бізге қалдырған асыл мұрасы. Олар – халықтың тұрмысын, дүниетанымын, рухани әлемін, мәдени биігін танытатын құнды археологиялық дерек.

Ендеше, Алтайдың қойнауындағы осынау үнсіз шежірені тану, қорғау және ғылыми тұрғыдан зерттеу – өткенге құрмет, болашаққа аманат. Тасқа қашалған тарих жоғалмауға тиіс. Өйткені көне мұраны сақтау – ұлттың өзін сақтау.

 

*Тақырыпқа тұздық

Шыңжаңның Алтай қаласынан «бұлан» және «аңшылық» көріністері бейнеленген жартас суреттері табылды
2015 жылғы 15 мамыр, 18:48
Қытай жаңалықтар желісі (China News Service)

15 мамыр күні Алтай қалалық мәдени мұралар басқармасынан мәлім болғандай, Алтай қаласына қарасты Хандэгат ауылдық округінің Дабулехат ауылынан жуырда «бұлан» және «аңшылық» көріністерін бейнелейтін жануарлар мен адам кескіндері қашалған жартас суреттері табылған. Бұл – 2009 жылғы үшінші жалпыұлттық мәдени мұралар санағынан бері Алтай қаласы аумағында алғаш рет анықталған ең ірі жартас суреттері шоғыры.

Жаңадан табылған бұл жартас суреттерін жергілікті малшы Батбайыр бір жолы мал бағып жүріп, кездейсоқ байқап қалған.

Алтай тау жотасы солтүстік-батыста Батыс Сібірден басталып, Шыңжаңның Алтай аймағын басып өтіп, оңтүстік-шығыста Моңғолияға дейін созылып жатыр. Ұзындығы шамамен 2000 шақырымға жететін осы асқақ та тік жартасты тауларда ежелгі көшпелі тайпалар мол жартас суреттерін қалдырған.

Тілші жартас суреттері орналасқан жерде болғанда, бұл жолы табылған суреттердің екі жерде шоғырланғанын көрген. Екі орынның арақашықтығы шамамен 100 метр. Соның бірінде бір ғана жануар бейнеленген. Бұл – бұланның бейнесі. Суретте екі бұлан бар: бірі – еркек, бірі – ұрғашы. Еркек бұланның мүйізі салалы, үлкен етіп бейнеленген, ал ұрғашысы оған қарағанда кішірек. Жалпы суреттегі сызықтар жатық, бейне көркем әрі үйлесімді қашалған.

Екінші жартас суреті тік жартастың қуыстау бетінде орналасқан. Жалпы аумағы шамамен 5–6 шаршы метр. Бұл жерде адам мен жануарлар бейнесі жиірек қашалып, аңшының аң аулауы, көшпелі тұрмыс көріністері секілді мазмұндар бедерленген.

Алтай қалалық мәдени мұралар басқармасының бастығы Ляо Шаочжэньнің айтуынша, бұл жолы табылған «бұлан» жартас суреті жергілікті Шиетээрле үңгіріндегі бұлан бейнесіне ұқсайды. Алайда мүйізінде айырмашылық бар: бұрынғы суреттегі бұлан мүйізі тіктеу келсе, бұл жолы табылған бұланның мүйізі иіле бейнеленген және кескіні анағұрлым шынайы, әсерлі.

Мәліметтерге қарағанда, Алтай аймағында жартас суреттері өте мол сақталған. Жимынай ауданынан, Хабахы ауданынан, Алтай қаласынан бастап, аймақтың ең шығысындағы Чиңхы ауданына дейін таулы өңірдің бәрінен жартас суреттері ұшырасады. Сондықтан бұл өлке «Алтай тауының мың шақырымдық жартас суреттері дәлізі» деген әсем атауға ие.

«Өкінішке қарай, бұл жолы табылған жартас суреттері белгілі бір дәрежеде бүлінген. Біздің көп жылғы мұра қорғау тәжірибемізге сүйенсек, оған табиғи факторлар да, адам әрекеті де әсер еткен. Бұл жартас суреттері дала көшпелілерінің мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі мен тұрмысын зерттеуде аса маңызды. Сондықтан бүгінге жеткен бұл мұралар өте құнды. Алдағы уақытта мәдени мұра мекемелері оларды арнайы қорғауға алады», — деді Ляо Шаочжэнь.

Тілшінің анықтауынша, Хандэгат ауылы – Алтай қаласындағы жалғыз моңғол ұлты шоғырланған ауылдық округ. «Хандэгат» сөзі моңғол тілінде «бұлан» деген мағынаны білдіреді. Жергілікті қариялардың айтуынша, бұл өңір ертеде бұланның мекені болған. Адам сирек қоныстанған замандарда мұнда үйір-үйір бұлан жайылып жүрген. Алайда табиғи жағдайлардың өзгеруіне байланысты бұлан әлдеқашан бұл өңірден жоғалып, тек аңыз болып қалған.

«Жаңадан табылған бұлан жартас суреті ерте заманда Хандэгат өңірінде бұланның өте көп болғанын көрсетеді. Демек, бұл жануарлар көне адамдарға терең әсер қалдырғандықтан, олар оны жартас бетіне қашап қалдырған. Бұл белгілі бір деңгейде “Хандэгат” атауының қайдан шыққанын да дәлелдей түседі», — деді Хандэгат ауылдық партия комитетінің мүшесі Болат Уларатай.

Қажет Андас,

«Q-Andas» ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 40
Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды
Жартас суреттері

Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды

July 28, 2025
ЫРҒАЙЛЫ  САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ЫРҒАЙЛЫ САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Жартас суреттері

Оспан сазындағы жартас суреттері

February 13, 2025
ТАЛДЫ  ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ТАЛДЫ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
NAIZATAPQAN JARTAS SURETTERI
Жартас суреттері

NAIZATAPQAN JARTAS SURETTERI

May 30, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz