Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

admin
2026/03/27
Андас Омарақын ізімен
0
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

ТЕЛҒАРА

Ертеде қызайлардың Қарағай деген батыры болыпты. Қарағайдың әсілгі аты Қарабай екен . Бір жолы қырғыздың отыз батырымен соғысқанда. Қолында қаруы болмағандықтан бір жас қарағайды жұлып алып, қырғыздарды жеңген екен. Сондан бастап Қарағай атанып кетіпті.

Қызайлар Аягөз бойын мекендеп тұрғандар жуан рулар малын барымталап, адамын өлтіріп, маза бермейді. Қиындықта қалған елін жайлы қонысқұа көшірмек болып, атқа қонған Қарағай батыр қасына Сағындық пен Сармық деген батырларын ертіп жер шалуға шығады. Сонымен олар Алатаудың иен бір жерініе келіп, демалып отырса ат жетелеген жалғыз адам таудың иен бір жерінде кетіп бара жатады. Оның кім екенін біліп келу үшін екі жолдасын жебереді. Әлгі адам жөн сұрауға барған екуін қамшымен екі ұрып құлатып тастап жөніне кете береді. Мұны көріп, ашуға мінген Қарағай батыр қуып жетіп:

Жөн сұрауға жіберген жолдастарымды неге ұрдың, – деп сұрайды.

Сонда әлгі:

– Жолымды тосты, сондықтан ұрдым. Ендігі кезек сеныкі. Ендеше қамшыласып көрейік, Жасың үлкен екен бірінші кезекті саған берейін қамшымен бір ұрып түсіре алмасаң, ренжіме, менің қамшым адам танымайды, – деді.

Ашуына мінген Қарағай батыр қайқайып тұрып, қамшымен тартып қалғанда бес қабат кекеп шекпенін кесіп, иығынан қан ағып, аттың жалын құшып барып оңалады. Өз кезегін алған екіншісі қамшымен салып қалғанда Қарағай бытырдың бес қабат кенеп шекпенін тіліп, етіне жетіп тоқтайды.

Сонда әлгі адам:

– Мен жеңілдім, менің иығымнан қан шықты, сенің етіңе дақ түспеді. Мен альан елінен шыққан Бердіқожа Нұрқожаұлы деген батырмын. Өзің кімсің, – деп сұрайды.

Мен қызай Қарағай батырмын, – дейді ол.

Екеуі танысып, бір бұлақтың жағасына барып, төс соғыстырып дос болады.

Бердіқожа батыр жоңғарлар маза бермегендіктен елін орналастыратын жер іздеп жүргенін айтады. Қарағай батырда орыстың қысымын айтып, мұң шағады. Тыныш бір мекен табылса, елін сонда қоныстандырсам деген ойын да жеткізеді.

Сонда Бердіқожа батыр:

– Біздің ел бұрын Іле алқабының Күнес деген жерін біраз жыл мекендеген екен. Бір жылы әкемнің құлындаған биесі өліп, қара құлыны жетім қалады. Ол құлынды тағы бір биеге теліп, бағады. Ол биенің де бір қара құлыны бар екен. Екі құлын ойнақтап, Күнес өзенінен біресе ары, біресе бері өтіп, ойнақтап жүреді екен. Мұны көрген елдер ол екеуін «Телғара» деп атап кетіпті. Кейін сол жердің аты да «Телғара» атанған екен. Он жыл бұрын Телғараға бір барғанымды жер тусып тұр екен. Еліңді сонда көшір, – деп кеңес береді.

Сонымен Қарағай батыр жолдастарын ертіп, Бердіқожа айтқан жерді көруге аттанады. Телғараға жетіп, жолдастарын басқа маңды шарлап келуге жұмсап Қарағай батыр жалғыз демалып отырады. Бір уақытта гүрілдеген дауыспен артына жалт қараса, бір жолбарыс атылып келе жатыр екен қаруын алуға үлгермеген батыр жолбарыстың артқы аяғынан ұстай алып, үйріпі жанындағы қарағайға ұрып, мылжа-мылжасын шығарады. Ол ұрғашы жолбарыс екен. Біраз уақыт өткенде ақырып еркек жолбарыс келеді. Қолындағы бос мойын шоқпарымен оны да жамсатып салады. Жартас басына салған ұясынан баласын тауып алып, оны да өлтіреді. Сол жерден үш өзен ағып шығады екен. Ол жерді кейін «Үш арыстан» атандырады.

Осындай қиындықтарды көріп, жарты жыл сапарлаған Қарағай батыр еліне оралады. Кейін қайтыс боларында балаларына Телғараға барып, қоныстануды өсиет етеді. Кейін оның балалары елін көшіріп, Телғараға келіп ірге тебеді.

 

Дереккөз: Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9 (1-т.), ISBN 978-601-7865-36-8 1-том .– 287 б., суретті .    

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 48
Елдіктің жолы
Андас Омарақын ізімен

Елдіктің жолы

April 16, 2026
Құт мекен
Андас Омарақын ізімен

Құт мекен

April 15, 2026
Білім көкжиегі
Андас Омарақын ізімен

Білім көкжиегі

April 13, 2026
Ұлар мен қырғауыл
Андас Омарақын ізімен

Ұлар мен қырғауыл

April 6, 2026
Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт
Андас Омарақын ізімен

Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт

April 3, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz