Орналасқан жері: Шиырбайдың ақ бастаулары” киелі минералды бұлағы Кербұлақ ауданындағы Матөбе тауының етегіндегі сіңіргіштік қасиеті бар цеолтті жыныстардың арасынан шығып жатқан су көзі
Зерттелуі: ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты зертхананың меңгерушісі, академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Абдікәрімов бастау суына зерттеу жүргізсе, география ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры Еркін Тоқпанов географиялық, өлкетанушы-журналист Қажет Андас тарихи сипаттамасына зерделеу жүргізіп жүр.
Сипаттамасы: Киелі бұлақтың атауына негіз болған тарихта аты қалған Шиірбай Ералыұлы 1892 жылы туған. Ол Майтөбенің етегіндегі бастау суын игілікті іске пайдаланып, мұқтаждарға қарайласқан. Бізді бастау басында күтіп алып, киелі орынның қасиетін таныстырған Қапиза Шиірбайқызының айтуынша, бұл маңда Тәттімбет, Махно, Иван деген кісілердің де диірмені болыпты. Олардың бәрі де сол тұста қиындық көрген халыққа барынша көмектесіп, жетім-жесірдің ас-суын дайындап берген. Соны жақсы білген халық киелі бастауда орналасқан диірменге жиі келіп, аш-арықтар өзегін жалғаған.
Өткен ғасырдың 1977 жылы көз жұмған Шиірбай қарияның артында қалған қызы Қапиза бастаудың қасиетін жақсы ұғынып, еліміз тәуелсіздік алған соң жерін алуға күш салады. Тынымсыз еңбегінің арқасында киелі судан шипа іздеп келгендер үшін қос ауызды үй салып, халықтың ризашылығына бөленіп отыр.
Сакральды нысанның суының құрамындағы еріген минералды заттар адам денсаулығына қолайлы әсер ететіндіктен халық ерте заманнан суын, асқазан, буын, жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларын емдеуге жиы қолданған.ХХ ғасырдың бірінші жартысмында Шаңханай өзенінің бойынағы аталған киелі су көзінің маңында тастан түйін түйген әйгілі шебер Шиырбай диірмен жасап халықты сапалы ұнмен қамтамасыз еткен. Ақсақалдың диірменінің тастары, қазған арықтың іздері әлі күнге дейін сақталған.
Бүгінгі таңда хас шебер диханның ұрпақтары киелі бастауға ғибадат етіп ауруына дауа іздеп келген келушілерге арнап арнайы үй салған.Басқа киелі орындар сыяқты бұл нысанғада жақсы ниетпен тазарып келу қажет.
Аңыз-әңгіме: Суының құрамына жүргізілген зертханалық талдаулар суында гидрокорбанаттардың, кальци мен магнидің үлес салмағы жоғары болғандықтан қаттылығы біршама жоғары гидрокорбанатты калцилі магнилі сулардың қатарына жатады. Оны аталған бұлақтардың жер бетіне таяу жатқан еріген қар жаңбыр суының жер астына сіңуінен түзілген еспе суларға жатуымен шөгінді жыныстардың литологиялық құрамымен түсіндіруге болады.
Шиырбайдың ақ бастаулары киелі бұлғы суының химиялық құрамына жасалған талдау қорытындысына сүйенсек (6-кесте) Арасан минералды бұлағында калий мен натридің үлес салмағы 82,32 %; кальций 12,85 %; хлоридтер 22, %; артық. Ал магнийдің мөлшері 4,81%; сульфаттар 51,86 %; фторидтер 2,45 %;, темір ионың мөлшері 0,02% тең екенін көрсетті.
Шипажайтанушы ғалымдар мен бальнеолог дәрігерлердің пікіріне сай минералды бұлақ суының құрамындағы сульфидтердің әртүрлі минералдануы мен иондық құрамы сонымен қатар, құрамындағы күкіртсутек жүйке жүйесі, қан айналым мүшелері және бүкіл ағзаның реактивтігін, жүрек-қан тамырлар жүйесін емдейді. Сульфидтік суды қауыз түрінде қолданған тиімді.
«Шиырбайдың ақ бастаулары» минералды бұлағы суының құрамындағы пайдалы элементтер адам ағзасының жалпы жағдайын нығайтып, барлық жүйелердің жұмысын қалыптастырады. Минералды бұлақ суымен емделуді 18° С температурада бастауға болады. Алғашында суды пайдалану мерзімін 2-3 минуттан, кейін 9-10 минутқа дейін көбейту керек. Суын асханалық су ретінде пайдалану , жүрек пен қан тамырлар жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің, жүйке қан тамырлар жүйесінің жұмысын жақсартудағы маңызы зор.
Шиірбай бастауының шипалы екендігін республикалық ғылыми-зерттеу институтының арнайы зертханасы анықтап, іш құрылысы, асқазан, көз, тыныс жолдары, тері, бүйрек, бауыр ауруларына, қан қысымына ем екендігін растаған. Тіпті, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты зертхананың меңгерушісі, академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Абдікәрімов бастаудан алынған суды зерттеу бойынша жасалған сараптамаға сүйеніп, арнайы шешім шығарған.
Жүргізілген экспедициялық зерттеу жұмыстар барысында тартымдылығын, ел тарихында алатын орыны мен танымалдығы ескеріліп Алматы облсы аумағында өңірлік маңызы бар табиғи, палеомәдени және сакральды, тарихи тарихи тұлғалардың өіріне қатысты орындар анықталды. Жинақталған мәліметтерді таладау, жүйелеу нәтижесінде бұрын белгісіз болған “Ойрантөбе”, “Шартас”, “Қалақай”, “Мазартерек”, “Борша төбе” тәрізді килі орындар анықталды. Оларға қатысты аңыздар жиналып толық сипаттама берілді.
Экспедициялық зерттеулер барысында жинақталған мәліметтерге жасалған талдау нәтижелері жоғарыда аталған “Ойрантөбе”, “Шартас”, “Қалақай”, “Мазартерек”, “Борша төбе” тәрізді тарихи және табиғи киелі орындарды ерекше қорғауға алынған нысандар қатарына қосу кезек күттірмейтін мәсмелелердің бірі екенін көрсетті.
Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарының бірі киелі орындарды жас ұрпақтың отан сүйгіштік, ел жандылық сезімдерін ояту мақсатында ұтымды пайдалану үшін Алматы облстық туризм, білім, ішкі саясат басқармаларымен жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірлесе отырып арнайы сакральды туристік бағыттар құру қажет.
Сілтеме: 1. «Алматы облысының республикалық, өңірлік және жергілікиті маңызы бар киелі орындары» монографиясы.
2. https://adyrna.kz/post/68706
3. «Родники исцеления Шиирбай Акбастау». «Газете «Огни Алатау». №90. 2007.
4. «Шиырбай Ақбастау» суының шипасы мол». «Алатау» газеті. №30.2016. 2 б.
5. «Күреңбелдегі шипалы су». «Жетісу» газеті. №22. 2015. 2 б.
Q-Andas ақпарат











