Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Андас Омарақын ізімен

Білім көкжиегі

admin
2026/04/13
Андас Омарақын ізімен
0
Білім көкжиегі

Қызай елі Іле өңіріне қайта оралғанда сауатты адамдары тым аз болды. Өйткені жаугершілік, үркін-қорқын өмір, қашқындық сапар олардың отырақтасып, мектеп ашып, пәни ғылыммен айналысуына мүмкіндік бермеді. 1900 жылдан кейін ғана ел арасындағы білімді адамдар, ауқатты байлар тарапынан діни мектептер ашылып, ауыл арасында киіз үйлер тігіліп, бес-он баланың басын құрап, араб әліппесін танытып, сүре жаттатып, діндік сауатын аша бастады. Айталық, 1890 жылдары Сасан болыс Ажыбай атты ұйғыр молданы көшіріп әкеліп, Талдыдан мешіт салып, бала оқытқан. Сонымен қатар Саксан болыс Қашқардан келген Нәжімиден қари мен Уәйіс мазарынан Әбейдолла  Мақсұт деген адамды алдырып, өз ауылында бала оқытқан. Жайырбек, Еркінбек, Оспанияр, Мақсұт,  Сағат, Болысбек қатарлы адамдар осы оқу орнында оқып, сауат ашады. Осы тұста Күнестегі басқа рудың белді адамдары да діни оқу орнын аша бастайды. Айталық, Аққолтық, Шақпы іші, Аралтөбе, Нарат, Тасқорған, Бестамақ, Сорбұлақ, Қарабұра, тағы басқа жерлерде діни сауат ашу орны ашылады. Деректерге қарағанда, Бегімбет елінен Нұрбек, Оразәлі, дербістен Төле, Күшік, Әбіш молда, Қуаныш би, Тәңірбердіден Қыдыр молда, Кешубай, Шылбы Әлімахын, Ырғынбай қалпе, Жандарал қазы, Жансарбай емші, Ыбырайым мүпти қатарлы хат, сауаты бар адамдар діни оқуды жалғастырды. Алайда, Ташкент, Бұқара, Қашқардан келген молда-қазылар діни оқуды басты орынға қойып, пәндік оқуға жол бермей келді.

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінен кейін Қытайға ауып келген қазақ, қырғыз, татар зиялылары Күнестегі алғабасар адамдардың қолдауымен көріністе діни, шын мәнінде пәни оқуды енгізіп, балалардың сауатын ашуға кірісті. Мысалы, Сатыбалды Нұрбекұлы Моллағали Бектұрлин деген оқымыстыны ұсыныс етіп, Күнестің Алмалы ауылынан 1926 жылы мектеп ашып, бала оқытады. Сол мектептен Нүсіпхан Конбайұлы, Әбеу Құдышұлы, Қожахмет Сатыбалдыұлы, Дәуітбек қатарлы ел арыстары өсіп шықты. Әбділмәжит деген татар оқымысты Әбіш молланың ұсынысымен Шақпыда сады руының ішінде бірнеше жыл бала оқытады. Тұрысбай Шыбанұлы, Қыдырбек, Әлғазы Әбішұлы, Қанағат, Мүсайып, Әсейін, Қанафия қатарлы адамдар осы Әбділмәжиттен оқып, сауаттанады. Осылардың ішіндегі Тұрысбай, Әлғазы, Мүсайып, Қанафиялар 1930 жылдары Күнестің басы мен аяғында ел аралап, бала оқытып, білім таратқан. Ал Әслам деген татар оқымысты Бестөбеде Қуан зәңгінің ұсынысы бойынша 1917 жылы ашылған Күркілдек мектебінде 1920 – 1928 жылдар аралығында оқытушылықпен айналысқан. 1929 – 1938 жылдар аралығында Тұрысбай Әлімахын, Райым Әбілғазыұлы, Әбдуәли Қуанұлы осы мектепте бала оқытқан. 1919 жылы Патыхан күнде Тәуке Әжібек дегенді ұсыныс етіп, Шапқыдағы Боранқұлда Бөгенбай руының балаларын оқытады. 1918 жылдардан бастап Аралтөбенің Жалшиінде Ноғайбек Естемесұлы Құлжадан Әбдолла, Рабиға атты ерлі-зайыпты татар оқымыстыларын көшіріп әкеліп, Солтангелді руының балаларын оқытады. ОЛ 1920 жылдары Моллағали, Салағи атты татар оқымыстыларын ұсыныс етіп, жалғасты бала оқытады. 1927 жылдары Қанабай бір ауызды үйінде Әбділпайыз, Әбдісалам, Нұрсақан қатарлы оқытушыларды шақырып, бала оқытады. 1929 жылы үш бөлмелі үй салып, Қанабай мектебін ашады. Онда Сымайыл (қырғыз), Егеубектер оқытушы болған (Мен осы Егеубек ұстаздан тәлім алған едім). Осындай мектептер Күнестің теріскей жағындағы Жаутоғай, Қарасай, Таясу, Қайыңды қатарлы жерлерде де жалғасады. Ал Күнестің күнгей жағындағы  Қарабұра өңірінде Қызылтал, Саға қатарлы оқу орындары ашылып, Тоғжан, Тұрысбай, Омар қатарлылар бала оқытумен айналысты. Осы тұста ер балалармен қатар қыз балаларды да оқыту қолға алына бастап еді.

1934 жылы Шығыс Терісктікте Жапон армиясынан тас-талқан болып жеңіліп, кейін Кеңес одағына қашып барып, Сталиннің қолдауымен Шығыс Түркістанның билігіне қол жеткізген Шыңшысайдың уақыттық өкіметі кезінде Күнестегі білім беру ісіне біраз қан жүгірді. Осы жылы Үрімшіде Шиңьжаңь өлкелік өкіметінің бірінші құрылтайы шақырылды. Сол құрылтайда жер-жерден жаңаша оқу орындарын құру туралы бастама көтеріліп, ізінше Құлжа қаласынан қазақ-қырғыз мәдени ағарту ұйымы құрылады. Сайлау арқылы Мақсұт ақалақшы осы қоғамның төрағасы болып сайланады. Сол жылы күзде Мақсұт ақалақшы Күнестің «Қос төбе» деген жерінде мампаң, зәңгілермен жиналыс ашып, жаңаша білім беруді нәсихаттап, Күнестен 27 орыннан мектеп салуды ұсынады. Алдымен Шақпы, Зекті, Талды, Қарабұра, Телқара қатарлы 7 орыннан киіз үйде болса да бала оқытуды бастауды ұйғарады. 1935 жылы Талдыдан халық күшімен 14 сыныпты мектеп салуды белгілеп, 4 болыс елден қара Керімбек, Қасымбек, Сүлеймен, Жұратбек қатарлылар бас болған комиссия ұйымдастырып, бастықтыққа Жәйірбекті белгілейді. Халықтан қаржы жинап, бір жылдың ішінде мектепті салып бітіруді тапсырады. Жиылған мал-мүлікті тізімдеуге Сыдық, есепті Арын Әбітіұлы алып отырады. Құрылысты Сейітақын, Мұсырақындарға (дұңген) жүктейді. Мектеп құрылысы қабырғасы топырақ кірпіштен қаланып, асты-үсті тақтайланып, ортасында залы бар 14 бөлмелі болып салынады. 1935 жылы Жәйірбектің жауапты болуында Күнестегі 32 зәңгі ел атынан 33 хат-сауатты жастар таңдалып, Құлжа ауданының Шірге жайлауының Тұрасу деген жерінде ашылған оқытушыларды жетілдіру курсына жіберіледі.

Бұл курсқа Күнестен  Қыдырбек Танысбайұлы, Салиман Тынәліқызы, Әбдірасыл Түндебайұлы, Тұрысбай Шопанұлы, Әлғазы Әбәшұлы, Ырымбек Сарқұлжаұлы, Нұрғали Ыбырайұлы, Санат Отаев, Құсайын Ержанұлы, Құрман Кемелбайұлы, Қанатбек Тастамбекұлы, Нұрахмет Қасымбекұлы, Нұрғазы Әтжанұлы, Шабденбек Демеуұлы, Бекқұрман Өрсарыұлы, Аятқан Мұқамияұлы, Әли Арашапұлы, Ермек Есжанұлы, Мұқан Іргебайұлы, Дәуітбек, Нұрәбдін, Мұратбек, Әкімбек, Шәйді Мұқамияұлы, Нұрәділ Мұқабекұлы, Мағда Манақбайұлы, Айнабек Қабылбекұлы, Мұратбай Қайырбекұлы, Кәдірбек Тынышбайұлы, Әбілқасым, Бәкір Ырымбайұлы, Тоқтасын Иманұлы, Нұрдан Тұрысбайұлы қатарлылар үш айға жуық тәрбиеленіп, оқытушылық сынды қиын да абыройлы міндетті арқалап, ауылға қайтады.

1935 жылдың күзінде Талдыдан ашылған мектеп 380 оқушы, 16 оқытушымен оқыту жұмысын бастады. 1936 жылы Нараттың Қаратерек деген жерінде Шығыс аудандардың оқытушыларын тәрбиелеуге бағытталған үш айлық курс ашылады. Оған Тұрасуға барған оқытушылармен қатар Талды Туран мектебін бітірген 9 адам, Тасқорған мектебін бітірген 16 адам қатысады. Курс біткен соң олардың бәрі мектептерге оқытушы етіп жіберіледі. Олардың жылдық еңбекақысы 40-60 ісек қой болатын Бұл ақы төлеу жүйесі 1945 жылға дейін жалғасады. 1935-1940 жылдары Күнесте мектептер арт-артынан ашылды. Сатыбалды, Дуанбек, Еркінбек, Досымбек, Қуан, Тұрысбай, Ноғайбек, Естемес, Қанабай, Тұрған, Рабат, Қасымбек, Шойынбай, тағы басқалар бұл іске жұмыла кірісті. 1944 жылғы санаққа қарағанда, Күнесте 25 мектеп болған. Оның ішіндегі «Талды туран», «Бестөбе», «Жалши» мектептері өкімет қарамағында болыпты. 3800-ден аса оқушыға 80-нен аса оқытушы білім беріпті.

1944 жылы Нылқы ауданында басталған төңкеріс салдарынан мектептер оқуын тоқтатып, көптеген жас оқытушы партизандар қатарына өтіп, тағы бір бөлімі басқа салаға ауысып кетеді. 1945 жылы Үш аймақ төңкерістік өкіметі құрылып, Күнес ауданы қалпына келіп, Жәйірбек аудан әкімі, Қиясбек Берікбай оқу-ағарту бөлімінің басшысы болып тағайындалады. Осыдан бастап қайтадан оқытушылар қосынын толықтыру жұмысы қолға алынады. 1946 жылы жазда Тоғызтарау ауданының Мұқыр-Жырғалаң жайлауында оқытушылар курсы ашылып, Әсейін Жақсылықұлы басқарып, Сұлтан Өскенбайұлы, Бұқара Тышқанбайұлы, Сара Таңжарыққызы, Әділжан қатарлылар сабақ береді. 1945 жылы күзде Күнесте 17 мектеп қайта ашылып, оқыту жұмысы қалпына түседі. Бірақ кей жылдары  мектептің саны артса, кей жылдары кеміп отырған. Осы тұста орталау мектептерді құру ісі күн тәртібіне шығады. Осыған орай, 1948 жылы Бестөбе мектебі Бестөбе №1 орта мектебі болып құрылып, Батталғазы Ерленов мектеп меңгерушісі, Әбдіқасым Изатов, Пәзілбек Болысбекұлы, Имаш Асқарұлы сияқты оқытушылар жұмыс істейді.

Күнес оқу-ағарту тарихына көз жібергенде, қазақ ұлтымен қатар өзге аз санды ұлттардың да оқу-ағартуына жақсы жағдай қарастырылған. Айталық, 1936 жылы Аралтөбеде Шабала меңгерушілік еткен орыс мектебі ашылып, 1957 жылға дейін оқыту жұмысын жалғастырды. 1950 жылы Шақпы өзенін жағалай қоныстанған сібелер ұйымдасып, сібе мектебін ашты. Бұл мектеп қытай тілі мен сібе тілін қосып оқытты. 1934 жылдан бастап Қарабұрада хуизу (дүңган) мектебі ашылған. Алғашқы оқытушысы Ақын деген адам болыпты. 1939 жылы Аралтөбедегі орыс мектебінің жанынан бір сынып ашылып, ұйғыр, өзбек балаларын қабылдайды. 1945 жылы Әбдұлжан (өзбек) бастаған саудагерлер қаржы жиып, Аралтөбеден жаңа мектеп салады. 1947 жылы 8-айда Үш аймақ төңкерістік өкіметінің басшылары Ахметжан Қасми, Сқақбек генерал, Дәлелхан генерал Аралтөбеге келгенде осы мектепте халықпен кездеседі. Сонымен қатар, 1946-1948 жылдар арасында Аралтөбеден моңғұл жатақты мектебі де ашылады. Ол 1948 жылы Байынбұлаққа көшіріледі.

Күнестің оқу-ағарту тарихында оның өркендеуіне еңбек сіңірген азаматтар аз болған жоқ. Солардың бәрін де бүгінгі ұрпақ ерекше құрметпен еске алады.

Күнес ауданындағы 1935 – 1950 жылдар аралығында ашылған мектептердің тізімі

реті Мектеп аты Орны Ру не адам аты Құрылған жылы Тұңғыш меңгерушісі
1 Туран мектебі Талды Әр рудан 1935 Әлғазы
2 Арал мектебі Телғара Тоқал 1936 Батталғазы
3 Бестөбе мектебі Бестөбе Әр рудан 1939 Шаймардан
4 Жалши мектебі Кеңсу Солтангелді руы 1936 Айтмұқамет
5 Моңғол мектебі Аралтөбе Моңғол 1946 Серін
6 Орыс мектебі Аралтөбе Орыс 1936 Шабала (орыс)
7 Үшкептер мектебі Аралтөбе Солтаргелді Қанабай мектебі 1935 Нұрсалқан
8 Шақпы бірлік мектебі Шақпы Сады, Бөгенбай 1935 Тұрысбай
9 Жәукесай мектебі Бестөбе Тастемір 1936 Мұратбек
10 Күркілдек мектебі Бестөбе Баян Қуан 1936 Әбдуәли
11 Өріктіарал мектебі Алмалы арал Бескөрік 1938 Ырымбек Сарқұлжа
12 Телғара мектебі Алмалы Дуанбек Аққозы 1939 Оразхан
13 Алмалы мектебі Алмалы Соқыр-Тәнік 1936 Дәуітбек
14 Аққолтық үміт мектебі Аралтөбе Мәлік-Шолақ-Көлбай 1936 Нұрсалбек
15 Ұйғыр мектебі Аралтөбе Ұйғыр 1939 Салахи Сағди (татар)
16 Таясу мектебі Нарат Дәуіш 1938 Ермек
17 Саршоқы мектебі Нарат Соқыр-Тәнік 1937 Пәйіз
18 Қараой мектебі Нарат Тұрдығұл 1947 Ермек
19 Тасқорған мектебі Түрген, Зекті Әр рудан 1936 Бәкір
20 Түрген ынтымақ мектебі Түрген Маман, Қазымбет 1938 Әбдырақпан
21 Темірлік мектебі Темірлік Жәменке, Досқана 1939 Қазықан
22 Зекті бірлік мектебі Зекті Әр рудан 1935 Мұстафа
23 Қызылтал мектебі Қарабұра Жарас 1936 Айдархан
24 Шойынбай мектебі Қарабұра Шойынбай, Жарас 1935 Мұрдан
25 Саға мектебі Қарабұра, Саға Жарас, Қасымбек 1939 Нұрахмет
26 Ақбұрқан мектебі Қарабұра Жарас, Рабат 1939 Айдархан
27 Шақпы жаға мектебі Талды Шүңгіл 1935 Райыс
28

 

Шегірбұлақ, Сорбұлақ

Мектебі

Талды Әбікен 1935 Санат
29 Сібе мектебі Бестөбе Сібе 1950 Гужиңтиян (сібе)
30 Мыс мектебі Талды Үшата 1937 Ешмұхамет
31

 

Қаратөбе (Сарқамыс)

Мектебі

Талды Дөртуыл 1938 Әсен Жүніс
32 Дүңген мектебі Қарабұра Дүңген 1943 Рахымқазы (дүңген)
33 Бестөбе бастауыш мектебі Бестөбе Әр рудан 948 Молдан
34 Бестөбе №1 орта мектебі Бестөбе Әр рудан 1948 Батталғазы

 

Күнес ағартуынан бір белгі

Сатыбалды мектебінің оқу куәлігі (1912ж.) Түрген мектебінің мыс қоңырауы (1930).

Қуан мектебінің жағрафия оқулығы(1920ж) Талды Туран мектебінің шкабы (1935ж).

Оқытушылардың жұмыс ауыстыру құжаты (1940ж.)

 

Дереккөз: Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9 (1-т.), ISBN 978-601-7865-36-8 1-том .– 287 б., суретті .    

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 18
Елдіктің жолы
Андас Омарақын ізімен

Елдіктің жолы

April 16, 2026
Құт мекен
Андас Омарақын ізімен

Құт мекен

April 15, 2026
Ұлар мен қырғауыл
Андас Омарақын ізімен

Ұлар мен қырғауыл

April 6, 2026
Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт
Андас Омарақын ізімен

Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт

April 3, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 31, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz