Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Спорт

Жетісулықтардың жеңісі

admin
2026/04/15
Спорт
0
Жетісулықтардың жеңісі

Павлодар қаласында өткен пара үстел теннисінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, өңір абыройын асқақтатты. Елдің әр өңірінен жиналған жас спортшылар додасында жетісулықтар жекелей, жұптық және абсолюттік санаттарда жүлделі орын иеленіп, жалпыкомандалық есепте де үздіктер қатарынан көрінді.

Бұл бәсекеде өңір намысын қорғаған жас спортшылар жоғары шеберлік танытып, бірнеше санат бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Мұндай табыс Жетісу жерінде параспорттың, соның ішінде пара үстел теннисінің жүйелі түрде дамып келе жатқанын аңғартты.

Чемпионат барысында Жүніс Алдияр ерекше қарқынымен көзге түсті. Ол жекелей сында қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды иеленсе, абсолюттік сында да топ жарып, екі бірдей алтын жүлдені қанжығасына байлады. Ысқақ Дария да жоғары деңгейдегі дайындығын дәлелдеп, жекелей сында чемпион атанып, абсолюттік сында қола медаль олжалады. Дәулет Ақат жекелей сында жеңімпаз атанса, Қожабек Адия екінші орынды иеленді. Айдосұлы Арман үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Жұптық және аралас санаттарда да Жетісу спортшылары табысты өнер көрсетті. MD8 санатында Жүніс Алдияр мен Ысқақ Дария жеңімпаз атанып, алтын жүлдені иеленді. XD10 санатында да осы жұп үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынға көтерілді. Сонымен қатар, Қожабек Адия өз санатында алтын жүлде алса, Жарқын Ағарсын үшінші орыннан көрінді. Ал XD14 санатында Меңлібай Ақжол мен Қожабек Адия қола жүлдеге ие болды.

Осы жарыста «Жетісу» өлкетанушылар орталығының қызметкері Меңлібай Ақжолдың да мерейі үстем болды. Ел чемпионатында жүлделі орын иеленуі оның спорттағы талпынысы мен табандылығын ғана емес, өзі қызмет ететін ұжымның да абырой-беделін арттыра түскенін көрсетті. Бұл жетістік арқылы Меңлібай Ақжол «Жетісу» өлкетанушылар орталығының мерейін өсіріп, ұжым қоржынына қуаныш пен мақтаныш сыйлады.

Жалпыкомандалық есептегі жоғары нәтиже Жетісу құрамасының әлеуеті мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жеңіс спортшылардың тынымсыз еңбегі, бапкерлердің білікті даярлығы және өңірдегі спорт саласына көрсетіліп отырған қолдаудың нақты жемісі. Жас спортшылардың ел чемпионатындағы бұл табысы алдағы ірі жарыстарда да үлкен үміт күттіретіні анық.

Қажет Андас,

Q-Andas ақпарат агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 9
Жеңіске жігер жетелейді
Спорт

Жеңіске жігер жетелейді

March 12, 2026
Алакөлдің мақтанышы
Спорт

Алакөлдің мақтанышы

February 24, 2026
Көп күттірген спорт кешені
Спорт

Көп күттірген спорт кешені

December 17, 2025
Сатпаев бастаған «Қайрат» КуПС-пен шешуші матчқа шығады
Спорт

Сатпаев бастаған «Қайрат» КуПС-пен шешуші матчқа шығады

July 30, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz