Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Ақыт Үлімжіұлы туралы зерттеу

Ақыттың алғашқы шығармашылық және ағартушылық кезеңі (1891–1908)

admin
2025/10/10
Әдебиет
0
Ақыт Үлімжіұлы туралы зерттеу

Ол қай дәуірде, қалай өмір сүрген адам? Немен айналысқан? Қандай еңбектер қалдырған? Оның шығармалары мен қызметінің ұлтымыздың, еліміздің тарихындағы орны қандай? Біз оған қандай баға беріп, қандай мәміле жасауымыз керек? «Ақыттану» ғылымын қалыптастырып, жүйелеу жолында нені қолға алу қажет? Міне, осы сұрақтар төңірегінде алғашқы ойларымды ортаға салмақпын

Ақыт — Алтай аймағы, Көктоғай ауданының Қайырты өзенінің бойында 1868 жылы тамыз айында дүниеге келген. Ол кезде Қазан қаласында басылып шыққан кітаптарында өзін
«Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов Алтайский» деп көрсеткен. Үлімжі – Ақыттың әкесі, ал атасы Қарымсақ кезінде дәулетті, жеке ауыл ұстаған адам екен. «Алтайский» деген тіркес – мекенін, яғни Алтай өңірін білдіреді.

Ақыттың шешесі Жібек — әйгілі шешен Барлыбайдың ұлы, бай Бекежанның қызы болған. Ол 19 жасында тұрмысқа шығып, ұзақ жыл бала көтермей жүріп, тұңғышы Ақытты 33 жасында дүниеге әкелген.
Үлімжінің Жібек және Бәкеш атты екі әйелінен алты ұл, төрт қызы болған.
Үлімжі әкесі Қарымсақтай бай емес, момын, қарапайым кісі болыпты. Отбасы дәулеттен айырылып, ел қатарлы қарапайым тұрмыс кешкенімен, момын әке Үлімжі мен зерделі ана Жібек баласының болашағынан үміт күтіп, оның оқуына ерекше көңіл бөлген. Алғашқыда Ақыт немере ағасы Садық Жебеұлы мен ауыл молдасы Ғұсыманнан сабақ алып, мұсылманша сауатын ашады.

Алайда Садық пен Ғұсыманның білімі оның талабын толық қанағаттандырмайды. Ақыт ілгері оқығысы келеді, бірақ ол кезде (1875–1880 жылдары) оқу жалғастыру мүмкіндігі аз еді. Сол себепті Ақыт, үйдің үлкен баласы болғандықтан, әкесіне көмектесіп, шаруашылыққа араласып кетеді. Дегенмен ел ішіндегі ең сауатты, пысық жігіттердің бірі ретінде танылады.

Бірнеше жылдан соң Молқы елінің үкірдайы Жуанқан Бұхара медресесінде оқып жүрген кезінде орыс патшалығының қысымынан Алтайға қашып келген Мырзабақа (шын аты — Махбубұлла) деген ғұламаны паналатып, ел балаларын оқытуға жағдай жасайды.

Бұл медреседе 60-тан астам шәкірт оқыған, солардың қатарында Ақыт та болады. Жуанқан үкірдайдың қолында жүрген Ақыт ұстазы Махбубұлладан сабақ алып қана қоймай, оған көмектесіп, басқа шәкірттерге де дәріс берген. Жуанқан мен Махбубұлла екеуі де Ақыттың алғырлығын ерекше бағалайды. Жуанқан оны ел ішіндегі түрлі жұмыстарға жұмсап отырса, Махбубұлла оған араб, парсы, түрік тілдерін терең меңгертеді, Шығыс әдебиеті мен ислам мәдениетінің негіздерін үйретеді. Сол кез – Ақыттың үйленіп, бала-шағалы болған шағы еді. Ол күнкөріс қамымен Жуанқан үкірдайдың тапсырмасымен Қобда аймағындағы пошта бөлімшесінде қызмет етеді. Бұл жұмыс оған моңғол жазуын және орыс тілін үйренуге мүмкіндік береді, өйткені сол кезде қазақтар мен моңғолдардың, қытайлар мен орыстардың хат-хабар қатынасы осы тілдер арқылы жүргізілген.

Ақыт бұл кезеңін өзінің «Керей ишаны Мұхаммед Момын» атты шығармасында былай сипаттайды:

Пақыр Ақыт сөйлейді әрбір тұста,
Жаста түркі таланты молла Ғұсыман.
Садық аға үйретті әліп-биді,
Танытты хат, қағазды асығыстан.
Ержетіп дамолладан алдым сабақ,
Есімі дүр Махбубұлла асыл талап.
Бұхардың ақсүйегі дәл өзінен,
Шығады демі сайын ғылым тарап.
…Көп оқысам болмас па едім ғылымпаз ғып,
Тентіреп дүние қуып жүрдім қарап…

Махбубұлла ұстазы туралы ол сүйіп алған әйелі Боқай қайтыс болғанда жазған «Боқайға» деген өлеңінде де тебірене еске алады:

…Қайран ғазиз дос-жарым,
Қапыда өтті-ау жалғаннан.
Дамолла екең ұстазым,
Ол кісі де өтті дәріға-ай…

Ақыт өзінің ақындық өнерін табиғи таланты арқылы, халық ақындығы дәстүрімен бастаған

Сол кезеңде Қобда қазақтарының ішінде аты шыққан Сарып қыз деген ақынмен бір күн-бір түн айтысып, оны жеңгені туралы дерек ел арасында күні бүгінге дейін сақталған. Айтыстың толық нұсқасы жетпесе де, үзінділері ел жадында айтылып келеді.

Бұл оқиға жайында ақын Арғынбек Апашбайұлы 1926 жылы жазған
«Минго заманындағы абақ қылықтары» атты шығармасында былай деп жырлайды:

Абақтан аты шыққан Ақыт молла,
Тараған жазған хаты оң мен солға.
Басылып Еуропада кітаптары,
Оқып жүр қазақ алып қолдан қолға.
Абақты дүниеге таныстырған,
Сөздері матбағатқа барған жолда.
Үш қытқа жерін түгел аралаған,
Жүрген жер жайларына сондай жорға.
Бұл күнде имам, қазы абақ елге,
Атағы шыққан кісі талай жерге.
Буырылтоғай, Тұрғынға мешіт салған,
Халқыма орны болып қалсын дерге.
Құдайым ғұмыр берсін деп тілеймін,
Осындай молла хадім болған ерге.

Жырдың келесі жолдарында Арғынбек Ақыттың мінезі мен болмысын сипаттайды:

Тағы да өзі діндар, діянат илі,
Дәулет-бақ бір басына ұялапты.
Жас күннен ғылымға белін байлап,
Ешкімге ойламаған қиянатты.
Қай жерде өлең-тойға құмар болып,
Азырақ бала күнде қиялапты.
Алланың пендесіне рахыметі көп,
Тәубе түбін бекітсе тыянақты.

Бұл жолдардан біз Ақыттың білімділігімен қатар, өмір жолы мен мінезін, тұрмысын да анық көреміз. Арғынбектің «қиялау» деп отырғаны — Ақыттың жастық шағында айтысқа, салт жырларына, беташар, аужар сияқты халықтық өлеңдерге қатысуын меңзейді. Бірақ ол мұндай ойын-сауық қиялаудан 23 жасында тоқтаған.

Дәл осы жасында Ақыт өз бетінше шығыс әдебиетінен үйренген білімін пайдаланып, араб және парсы тілдеріндегі хикаяларды қазақша жыр түрінде қайта жазуға кіріседі. Оның алғашқы туындысы — «Жиханша» қиссасы. Бұл шығарма 1891 жылы Қазан қаласында басылып шыққан. Сол жылы Молқы елі Ботақара ауылында молла болып жүрген ғалым Махмұтқанның тапсыруымен «Сәйпілмүлік—Бәдіғұлжамал» қиссасын жазады, ол да Қазанда басылып шығады. Бұл екі туынды — Ақыттың халық ауыз әдебиетінен жазба әдебиетке бет бұрғанының айғағы. Ол бұл шығармаларды назиралық әдіспен (яғни еркін әдеби аударма тәсілімен) жаза отырып, шығыс хикаяларын қазақы түсінікке бейімдеген.

Осы кітаптардың жарық көруі қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Олар қазақ тілінде баспадан шыққан тұңғыш шығармалардың бірі еді. Сол себепті профессор Әуелқан Қалиұлы Ақытты қазақ баспасөзіндегі «тұңғыш автор» деп атайды. 1891 жылдан 1914 жылға дейінгі аралықта Ақыт Қазан, Орынбор, Семей баспаларында тоғыз кітабын шығарып, олар 17 рет қайта басылған. Мұғалімдік және ағартушылық қызметі 1891 жылы Ақыт Қобдадағы пошта бөлімшесінде жұмыс істеп жүрген еді. Кейін оны елдің ықпалды биі, байы әрі үкірдайы Жуанқан шақырып, өз ауылындағы балаларды оқыту және хатшылық істерге көмектесу үшін ұстаздыққа алады. Осылайша Ақыт пошта қызметінен толықтай ағартушылық жолға өтеді.

Жаз айларында ол екі киіз үйде, қыс айларында дөңбек үйде 15–20 баланы оқытқан.

1903 жылы Қазанда басылған «Керей ишаны Мұхаммет Момын» атты шығармасында Ақыт бұл туралы былай жазады:

«Хат жазған қалам алып Ақыт атым,
Шәкенбай немересі Барлам мырза,
Молласы болып тұрғанда жазған хатым…»

Бұл жолдардан оның Барлам үкірдайдың ауылында 1903 жылдары да молда әрі ұстаздық қызмет атқарғаны байқалады.

Сол кезең туралы Ақыт өзінің «Қажыбаян» атты сапар естелігінде де еске алады:

Қобдада Ботақара Барлам мырза,
Жан екен бағы өскен жылдан-жылға.
Абақтың ұрпағымыз атам қазақ,
Айтайын егжейімді ғайып қылма.
Барламда бала оқытып аз жыл тұрдым,
Көңіл қош ойнап-күліп өмір сүрдім.
Баласы Солтекбайдың Лайық аға,
Сол кісімен кіршіксіз дос болып жүрдім…

Осы деректерге сүйенсек, Ақыт 1891 жылдан 1907 жылға дейін, яғни қажылық сапарына аттанғанға дейін 16 жыл үздіксіз аартушылықпен айналысқан. 1907 жылы ол қажылыққа жол тартады. Қажылық сапарына ол Қобдадан қажыларды шығарып салып жүріп, ілесіп кетеді. Сол кезде ол 39 жаста, үйлі-баранды, елге сыйлы адам еді. Алайда артында қалған әкесінен рұқсат сұрап үлгермей кетуі оның жанына қатты батқан, бұл өкінішін ол «Қажыбаян» шығармасында қайталай айтып отырады. Осы сапар оның дүниетанымын кеңейтіп, кейінгі еңбектеріне терең рухани әсер қалдырған.

Қадыс Жәнәбілұлы

Дереккөз:Ақыт Ұлымжыұлының өлеңдер жинағы.

Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 48
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz