Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Алаш ұранды қазаққа!

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Алаш  ұранды қазаққа!

25-ші маусым жарлығы тақырыбы, Жетісуда болған оқиға жұртқа мәлім. Сонан бері Жетісу облысындағы босқын қазақ-қырғыздың басына қандай күн туғаны сан рет айтылып, сан рет жазылып келеді. Жұрт бұларға аз-маз жылу беріп тұр. «Аз-маз» дейміз, себебі босқын қазақ-қырғыз бауырларымыздың жәрдемге мұқтаждығына қарағанда берілген жәрдем жоқтың қасы…

337-шы нөмерлі «Қазақта» жазып едік, Қытай жеріндені босқын қазақ-қырғыздың саны 164 мыңнан астам, оның қырылғаны 83 мың, жеріне шұбырып қайтқаны 69 мың, қалғаны 12 мың деп.

Босқан және қырылған қазақ-қырғыздың нақты саны бұдан да артық деседі.

Қырылғаны 83 мың. Бұлар не себепті қырылды?

– Әскерлерден, аштықтан, жалаңаштықтан, аурудан қырылды.

Жоғарғы мағлұмат бірінші шілдеге дейін болған. Онан бері де төрт ай өтті. Тағы да неше мың адам аштықтан, аурудан, жалаңаштықтан қырылмады дейсіз! Тағы да неше мың жетімдер, жесірлер, үйсіздер, күйсіздер зар еңіреп қалмады дейсіз! Мұны көре тұра, ести тұра басы аман, малы түгел Алаштың азаматы қалайша қараспайды. Қалай дәті шыдайды. Жұрттан береке, бірлік кеткені ме!

Ағайынның қадірлі малы өлгенде жауырлап, жіліктеп көтермелейтін халық емес пе едік. Бір рулы ел жоқ болуға айналып тұрғанда, қолымыз неге жұмылып қалды. Неге мұнша тас бауыр болдық!?

Үш-төрт жылдық соғыс жұрттың бәрін жүдетсе, қазақ халқы тегіс күйзеле қойды деуге болмайды. Осы күні бір қара малын сатқан кісі 300-400 сом алады. Аса байды, өте кедейді былай қойып, орта дәулетті үйді алсақ, қырғынға ұшырап жатқан ағайынға бір қараның пулы көппе еді. «Қазақ» басқармасы  босқын қазақ-қырғызға бірнеше айдан бері жұрттан жәрдем жиып келеді. Бұл күнге шейін басқармаға тапсырылған жәрдемнің барлық болғаны 6685 сом 72 тиын! Бұл ақша 20-30 қараның ғана құны, бұл не?

«Қазақ» басқармасынан басқа жерге де жібергендер бар шығар. Бірақ берекелі жәрдем болғанын естігеніміз, көргеніміз жоқ. «Алты миллион халықпыз» деп өзге жұртты санымызбен қорқытатынымыз қайда? Жоғарғы 6685 сом 72 тиын ақшаны мал-мүлкінен айырылып, ашаршылықта қалған 81 мың босқын ағайынға бөлсек, кісі басы 8 тиыннан келеді екен!? Көп түкірсе, көл болғаны қайсы?

Енді қыс болып қалды. Босқын қазақ-қырғыздың көбінің үй-мекендері былтыр өртеніп, ойран болып біткен. Мал болса, жоқ. «Алты миллион Алаштың» берген жылуы 8 тиын! Енді ол бейшаралар қалай жан сақтар, күн көрер!

236-шы «Қазақта» бір қырғыз азаматының хаты басылды. Сонда: «Өлім халында қолымызды бұлғап, көзімізбен ишара қылып жәрдем сұраймыз» деп бүкіл қырғыз атынан қазақ туғандарына шаққан мұңын, айтқан зарын естіген жұрт жоқ па? Жұртқа естірткен азамат жоқ па?

6-шы қазанда шыққан 170-ші нөмірлі Үкімет газетінде: «Жаңа үкімет Жетісу облысында 25-ші маусым жарлығы тақырыпты бүліншілікке ұшыраған орыс және бұратана халықтарға жәрдемге, қазынадан 11 миллион 150 мың ақша шығарды» деді. Бұл ақшаны былай бөлуге бұйрық қылған: шапқыншылық көрген орыстарға үй бас сайын бір мың сомнан, қазақ-қырғызға әр үй  бас сайын бір жүз сомнан берілсін делінген. Бұл бөлу дұрыс па, әділ ме, қазақ-қырғыздың зардабынан орыстың зардабы 10 есе артық па? Оны қоя тұрып, біз бұл арада 100 сомның бір үйге еш нәрсеге жетпейтіндігін айтып өтеміз.

Міне, жұрт бейшара босқын бауырлардың өздеріңнен алып отырған жәрдемі, әлгі қазынадан алып отырғаны мынау.

Әлде болсада, жұрттық қылып, ағайындық, адамшылық борыштарыңды өтемесеңдер, атқа мініп, айқай салып, сорлы болған бауырларыңа бір жылу жинамасаңдар, тірі қалғандары енді қыс түскенде қырылуы мүмкін. Бірақ Құдай алдында аштықтан қырылған қазақ-қырғызға кез келе қалсаңдар, жауаптан қысылып жүрмеңдер!

Мадияр.

Х.А: босқын қазақ-қырғызға жәрдем берушілер болса, «Қазақ» басқармасы тоқтатпай тиісті орынға жіберіп тұрады және келген ақшаның есеп-қисабын газетке басып тұрады.

Осы мақаланы өзге қазақ газеттеріде көшіріп басуын өтінемін.

М.

«Қазақ», №247, 3-бет, 1917 жыл.

    Түп нұсқа араб харпінде.

Аударған Қажет Андас.

 

 

К КАЗАХАМ !

 

Всем известно о восстании в Семиречье,       какие невзгоды  пережил  народ  Семиречья с тех самых пор,- мы писали не раз. Народ худо-бедно, помогает подвергшимся гонениям и разорению киргиз-казахам.

Говорим «худо-бедно» потому, что оказываемая помощь по сравнению с нуждами обездоленных, ничтожна мала.

В №337 Газеты «Казах» мы писали, что численность киргиз-казахов вынужденных бежать на территорию Китая составляет – 164000 человек из них убито умерло – 83000, возвратившихся – 69000, оставшихся в Китае – 12000 человек.

По некоторым подсчётам их численность намного больше. Умерших –  83000 человек. Как они умерли, в чем причина? От рук вооруженных отрядов, с голоду, от болезней. Приведенные выше данные на 1 июля. С тех пор прошло 4 месяца. Сколько еще умерло людей от холода, голода, болезней, сколько еще остались вдовами, сиротами, без крова, без никаких средств. Видя все это, зная об этом, как мы можем спать спокойно, как мы можем терпеть такое,  или наступил конец единству народа, мы же народ который всегда протягивал руку помощи нуждающемуся, подставляющий плечо ослабевшему.

Сейчас, когда братский киргизский народ на грани исчезновения, почему мы, казахи вдруг стали черствыми? Война длившаяся 3-4 года принесла много бед народам, но нельзя говорить, что казахский народ полностью пострадал из-за этой войны. Сейчас, если казах продаст одну крупную  скотину, то выручит 300-400 рублей. Человеку среднего достатка, одна скотина выделенная для помощи киргизам не должна быть ему большой потерей.  Правление газеты «Казах» вот уже несколько месяцев занимается сбором  средств для киргиз-казахских беженцев оказавшихся в бедственном положении. О сегодняшнего дня нам получено и направлено по назначению-6685 рублей 72 копейки. Эта сумма равна стоимости 20-30 голов крупного скота, что это?

Да, есть люди которые направляли свою помощь в другие пункты (комитеты и другие). Но о значительной, большой помощи мы не слышали и не видели. Мы бьем себя в грудь говоря, что мы – шестимиллионный народ. И что же? Если поделить эти самые 6685 рублей  72 копейки на оставшихся пока в живых, но голодающих братьев, то получится по 8 копеек на человека? И где же наши капельки, которые должны были превратиться в море?   Наступает зима.

У большинства киргиз-казахских беженцев дома сгорели в прошлом году, пришли в негодность. Скота нет. А тепло которое дает «шестимиллионный народ Алаша равна 8-ми копейкам». Как будут существовать эти несчастные, как будут выживать?

В №236 газеты «Казах» было опубликовано письмо одного киргиза там были слова: «Мы перед самой смертью вяло машем руками, с мольбой смотрим на вас и просим помощи». Это он сказал нам, казахам от имени киргизского народа, неужели мы не услышали его слова, не увидели их глаза.

В №170 «Правительственной газеты» вышедшей 6-го  октября написано: «Новое правительство выделило 11 150 000 рублей для помощи пострадавшим от восстания в Семиречье, русскому и инородным народам». И дало указание распределить эти деньги таким образом: каждой  пострадавшей русской семье – по 1000 рублей, а киргиз-казахской семье – по 100 рублей. Справедливо ли это?Десятикратная разница. Оставим это и спросим, что будет делать казах разграбленный русскими же отрядами с этими 100 рублями. Вот она помощь проступаемая для голодающих киргиз-казахов, от вас братья и от правительства. Если же мы не окажем ощутимую  помощь обездоленным братьям, то эту  зиму они не переживут. Если же вы  будете спокойно вести праздный образ  жизни, не думая о судьбе вымирающих казах-киргизов, то счастливого пути. Но перед Богом, когда душа умершего от голода киргиза встретится с вашей душой, что она скажет в свое оправдание.

Мадияр

 

Х.А.: При поступлении помощи Правление газеты «Казах» без промедления будет направлять их в соответствующие органы и отчет о поступивших деньгах будет публиковаться на страницах газеты.

Данную статью, прошу опубликовать и в других казахских изданиях.

М.

Газета «Казах» №247, стр3, 1917год.

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 45
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz