Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Тарих

Алаш идеясын арқау еткен

admin
2025/09/22
Тарих
0
Алаш идеясын арқау еткен

Арғы беттегі қазақ баспасөзіне «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының ықпалы зор болды. Аталған басылымдардың сарғайған түптемесін ақтарып отырып, Қытайдағы қазақ қандастардың өткен ғасырдың алғашқы ширегінде «Қазақ» газетіне, «Айқап» журналына үнемі қаржылай қолдау көрсетумен қатар, оны алдырып оқығаны туралы ақпарат бар. Өкінішке қарай, бұл басылымдар төте жазумен шыққандықтан ол деректер күні бүгінге дейін оқырманға жетпей келеді.

Бірақ ол тұста арғы беттегі қазақтардың арасында баспа өнерінің қыры мен сырын білетін маманның тапшылығынан газет шығарып, журнал бастыруға мүмкіндік болмады. Ал 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен кейін арғы бетке асқан зиялы қауым Қазақстанда шыққан газет-журнал түптемелерін, баспа өнімдерін өздерімен бірге алып өтіп, олардың баспагерлікке деген танымын оятты. Осының нәтижесінде 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың алғашқы жартысында Қазан, Алматы, Ташкент қалаларына жастарды оқуға жіберіп, баспагерлікпен айналысатын маман тәрбиелеу ісін қолға ала бастады.

Арғы беттегі қазақтар арасында баспа өнерінің алғашқы арқауы Шәуешек қаласында тігілді. 1914 жылы ашылған «Тұран мектебі» алғашында Қазақстанда Ахмет Байтұрсынұлы емлесімен шығатын оқу құралдарын пайдаланып келсе, 1925 жылдары Қазан қаласынан баспа құралдарын сатып әкеліп, өздері оқулық құрастыра бастады. Бұл сол өңірдегі баспасөздің басталғанынан дерек береді. Сол негізде «Біздің үн» (Бізниң Тауыш) деген газет өмірге келді. Ол газеттің таза ұлттық бағыт ұстанғаны жергілікті өкіметке жақпады. Сонымен 1935 жылы осы газетті тоқтату үшін қытайша, ұйғырша «Шыңжаң» газетінің Шәуешек бетін шығарып, кейін «Жаңа Шыңжаң» деген журналға өзгертілді.

Осы тұста 1935 жылы Үрімжі қаласында «Шыңжаң» газетінің қазақ тіліндегі нұсқасы шыға бастағанын айта кеткен жөн. Бұл газет Шыңжаңдағы баспасөздің дамуына оң ықпал етті.

Өр Алтай өңірінде 1935 жылы  Шәріпхан төре Жеңісханұлының ықпалымен ең алғаш “Шыңжаң Алтай” газеті шықты. Сол кезден бастап атауы 6-7 рет өзгерген бұл басылымның аты 1949 жылы «Бірлік» деп ауыстырылып, 1951 жылға дейін жарық көріп тұрған.

Іле өңіріндегі баспасөздің тарихын Құлжа қаласында 1935 жылы құрылған қазақ-қырғыз мәдени ағарту ұйымымен тікелей байланыстыруға болады. Сол жылы Құлжада «Төңкеріс таңы» атты газет шықты. Оны Таңжарық Жолдыұлы басқарды. 1944 жылы «Азат Шығыс Түркістан» (кейін «Төңкеріс таңына» ауыстырылды), 1946 жылы «Күрес» журналы таратыла бастады. Бұдан бөлек, Іле, Алтай, Тарбағатай өңірінде  «Одақ», «Мекен», «Жаңа Шыңжаң», «Төңкерісшіл жастар», «Тарбағатай», «Сәуле», «Алға», «Төңкеріс Шұғыласы», «Білім арнасы», «Әйел-қыздар үні», «Өмір», «Шолпан» (кейін «Ынтымақ туы» деп өзгертілген) журналдары жарық көрген.

Бүгінгі таңда Шыңжаңда «Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Алтай газеті», «Тарбағатай газеті», «Шыңжаң ғылым-техника газеті», «Іле ғылым-техника, информация газеті» сияқты газеттер үзбей шығып тұрады. Ал әдеби журналдар ретінде «Шұғыла», «Іле айдыны», «Алтай аясы», «Тарбағатай», «Сайрам», «Боғда», тағы да басқа журналдар жұрттың ықыласына бөленіп жүр. Сонымен қатар, әлемдегі әдебиет жауһарларымен таныстыруда «Көкжиек», ұлтымыздың мол мұрасын жинақтап, саралап, жұртқа таратуда «Мұра» (алғашқы атауы «Шалғын»), қазақ тілін зерттеуге бағытталған «Тіл және аударма» журналдарының үлесі де аз болмады.

Қысқасы, арғы беттегі қазақ баспасөзінің алғашқы төркіні «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының бағытын ұстанды. Демек, Алаш рухы арғы беттегі қазақтардың баспа өнеріне ерекше ықпал етті.

Қажет Андас.

“Q-Andas” ақпарат агенттігі.

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 23
Тарихпен тамырлас мекен
Тарих

Тарихпен тамырлас мекен

March 2, 2026
Дәлел мен дәйек
Тарих

Дәлел мен дәйек

February 27, 2026
Байтұрсынов жазуына адалдық
Тарих

Байтұрсынов жазуына адалдық

February 2, 2026
Баласаз баурайындағы тарих
Тарих

Баласаз баурайындағы тарих

October 13, 2025
Келелі елде қаңлы бар
Тарих

Келелі елде қаңлы бар

September 19, 2025
«Тұңғыш экологиялық жарғыны қазақтар жазған»
Тарих

«Тұңғыш экологиялық жарғыны қазақтар жазған»

August 29, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz