Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Тарих

Баласаз баурайындағы тарих

Бағыздан Баласаз атанып, талай тарихты бауырына бүгіп жатқан ауыл тұрғындарының пейлі кең, мәрттігі үстем, елім дегенде еміреніп тұратынын байқадық. Тоқырау жылдары тұрғындары сиреп қалса да біртіндеп ес жиып келеді. Бұрындары көшіп кеткендер қайта орала бастапты. Биыл ауыл азаматтары күш біріктіріп, қаржы жинап, ауылға кіреберіс жерге белгі орнатып, Омар төре қорымын қоршап, ас-нәзір, той-томалақ өткізетін шағын асхана салыпты. Осы істің басы-қасында жүрген Жандарбек Әбілсейітов, Қапалбек Нүсіпов, Серік Тұрсынов сияқты азаматтарға елдің алғысы көп. Жаңарған ауылдың жағдайын көріп, ата-баба аруағына арнап берген асына қатысып, сол маңдағы тарихи орындардың біразын аралап қайттық. Омар -Алхан төре қорымы

admin
2025/10/13
Тарих
0
Баласаз баурайындағы тарих

Баласаздың Маңдайшоқысынан асып түскенде төбесі біраз опырылған алып мазар өткен-кеткендер тоқтап, тәу ететін жердің бірі. Омар төре  тірі кезінде мазарды аттың қылы мен ешкінің қылшық жүнін ешкі майына қосып, батпаққа араластырып, ішін бөлмелерге бөліп, күмбез қылып салдырыпты. Кесененің төбесі қызыл әскерлер салдарынан ойылғаны болмаса, басқа жағы бұзылмай сақталған. Өкініштісі, ббр жарым ғасыр бойы қалпы бұзылмай сақталған кесене Қазақстанның қасиетті нысандарының тізіміне енбей келеді. Көпшілік: «Кесенені мемлекет қорғауына алмаса, қолда бар асыл дүниеден айырылып қалуымыз мүмкін» дегенді айтады.

– Осы өңірде кешегі сақ, ғұн, түркі дәуірінен қалған қорымдар көп кездеседі. Оның біразы Алматы облыстық тарихи, мәдени мұраны қорғау орталығының тізіміне енген. Ал Омар-Алхан төре қорымы қазақ хандығының соңғы жылдарындағы тарихи ескерткіш санатына жатады. Оны тізімге алып, қорғап, ұрпақ ұлағатына айналдырған абзал, – дейді Алматы облыстық тарихи, мәдени мұраны қорғау орталығының бөлім меңгерушісі Жандос Адамжанов.

Шипалы Тамшыбұлақ, тоналған алтын кені

Баласаздың күн шығысында, жартастың саңылауынан сыздықтап, тамшылап ағып жатқан тағы бір су көзі бар. Оны жергілікті жұрт «Шипалы – Тамшыбұлақ» деп атайды. Содан сәл өрлеп, тау ішіне сұғынып кіргенде алдымыздан Кеңес одағы кезінде алтын қазылып, кейінгі жылдары жұмысын тоқтатқан кен орнына жеттік. Бұл жерде ең алғаш Омар, Алқан төрелердің ұрпағы Тұрсын төре алтын шайқаған екен. Жақпарлы тау жынысын ішкерілей қазып кірген кен орнының төбесінен аққан тамшылар тағанын суға толтырып тастапты. Кеннің ішіне кіріп, біраз жерге барып көрдік. Тастай су аяғымызды тоңдырса, ішіне енген сайын естілетін дүңгірлеген дыбыс пен қорқынышты қараңғылықтан көп жүруге дәтіміз жетпеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы үңгірмен жүре берсе тау басынан шығады екен. «Жүріп өттім» дегендерді кездестірмедік.

– Кейінгі кезде заңсыз қорым тонайтындар қаптап кетті. Оның үстіне заңсыз алтын шайқайтындар көбейді. Соның салдарынан байлығымыз тоналып, табиғатымыз бүлініп жатыр. Осыған бір тосқауыл қойылса жақсы болар еді? – дейді ауыл тұрғындары.

«Бұл нысанды да қайта жаңғыртып, тау туризмін дамытудың мақсатына пайдаланудың тиімділігі көп» деген пікірге тоқталдық.

Тоғызқұмалақ тақта тасы

Баласаздың жоғары жағында «Көксай» шаруа қожалығының иелігіндегі аумақта көптің көңілін аударған екі тарихи қонысқа кездестік. Бірі өткен ғасырдың алдыңғы жартысына тән көне қорым. Ондағы зираттар өзен аңғарынан тасып жеткізілген малта тастармен қоршалып, әр қабырдың маңдайына тасқа қашалған латын, кирил, төте жазуы бар белгі қойылыпты. Соның біразы өшіп, оқуға қиындық тудырды. Осыған дейін тархшылар мен өлкетанушылардың назарына ілінбеген қорымды зерттеу керек. «Бұл 1930 жылдардағы қуғын-сүргін кезінде қайтыс болғандарды жерлеген жер болуы мүмкін», – дейді тарихшы Ербол Бекболатов.

Ал Баянжүрек тауының өргі жағындағы Көксай өзенінің аңғарындағы жотадан тасқа ойылған тоғызқұмлақ тақтасын байқадық. Оның жанындағы тастан үйілген 5 қорымның көлемді үшеуі бір сызықтың, кішілеу екеуі бір сызықтың бойында орналасқан. Одан ары тау бөктеріне қарай кішілеу тағы бір қорым көрінеді. Жандас Адамжановтың айтуынша, таспен үйілген бес қорым мөлшермен кейінгі орта ғасырға, ал арғы жағындағы қорым түркі дәуіріне тән жәдігер.

– Бұрындары тоғызқұмалақ ойылған тақта тастың екі жағында адам отыруға ыңғайлап жасалған, түрлі таңба ойылған екі үлкен қара тас болушы еді. Бірнеше жыл бұрын оны әлдекімдер қазып, көлігіне тиеп алып кетіпті. Осы тасты да бір күні ұрлап кетпесін деп күні-түні күзетіп жүрміз. Бұл байлықты ел болып қорғағанымыз жөн, – дейді ауыл тұрғындары.

Тастағы ойын тақтасының уақытын дөп басып айту қиын. Алайда, маңайындағы қорымға қарап кейінгі орта ғасырға тән деуге болады. Оны суретке түсіріп, елімізге танымал археологтарға жіберіп едік. Олар ашық аспан астындағы ойын тақтасы Аустралия, Швейцарияда кездескен деген болжам айтты. Тереңірек зерттеуді талап ететін жаңалық.

Баласаз – осындай қасиет пен құпияны бауырна бүгіп жатқан жер. Оның тарихын түгендеп, сырын ашсақ, туризмнің төріне айналар еді.

Қажет Андас

“Q-andas” ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 30
Тарихпен тамырлас мекен
Тарих

Тарихпен тамырлас мекен

March 2, 2026
Дәлел мен дәйек
Тарих

Дәлел мен дәйек

February 27, 2026
Байтұрсынов жазуына адалдық
Тарих

Байтұрсынов жазуына адалдық

February 2, 2026
Алаш идеясын арқау еткен
Тарих

Алаш идеясын арқау еткен

September 22, 2025
Келелі елде қаңлы бар
Тарих

Келелі елде қаңлы бар

September 19, 2025
«Тұңғыш экологиялық жарғыны қазақтар жазған»
Тарих

«Тұңғыш экологиялық жарғыны қазақтар жазған»

August 29, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz