Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Тарих

«Тұңғыш экологиялық жарғыны қазақтар жазған»

Табиғатты, қоршаған ортаны бүлдіретін кесапаттардың не екендігін ата-бабаларымыздың сонау ертеде-ақ ескертіп, санамызға сыналап сіңіріп кеткенін енді-енді түсіне бастадық. Ол кезде бүгінгідей жазба мәдениеті, баспасөз, ақпарат құралдары да жоқ еді. Бірақ олар сол асыл танымдарын аңыз-ертегі, мақал-мәтел, қанатты сөз арқылы жадымызға барынша сіңірді. Бұл үрдіс қазақ тегін құрайтын ертедегі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түркі, түркеш, қарлық, қидан, найман, жалайыр, керей, керейіт дәуірінен тартып, бүгінгі мұрагері біздің буынға дейін жалғасып келді.

admin
2025/08/29
Тарих
0
«Тұңғыш экологиялық жарғыны қазақтар жазған»

Бала күнімізде атамыз бен әжеміздің тізесіне сүйеніп жатып, неше түрлі ертегі еститінбіз. Оның ішінде саққұлақ, таусоғар, көреген, көлтаусар, желаяқ, ұшатын кілем сияқты кейіпкерлер жүйткіген арманымызды алға жетелейтін. Сөйтсек, мұның бәрі сол тұстағы ауыр қоғамдық жағдайлар мен қым-қуыт тіршілік қыспағынан құтылудың жолын іздеген бабаларымыздың бүгінгі көкте қалықтаған ұшақтарға, жерде де, суда да, көкте де жүре беретін қолданбалы көліктерге, қолданыстағы сан түрлі байланыс құралдарына, мұз жарғыш кемелерге деген асыл арманы екен ғой. Бұдан тыс, адам баласының өміріне қауіп төндіретін жалмауыз кемпір, жалғыз көзді алып, жеті басты жемір, мыстандар мен жезтырнақтар, жеті басты айдаһарлар, қарақұлақ қорқау қасқырлар туралы да қорқынышты кейіпкерлер айтылатын.

Бұлардың бәрі табиғатқа құдіреті жүретін ерекше күш иелері. Олардың әрбір әрекеті табиғатты бүлдіру мен қоршаған ортаны құртудың мақсатына құрылады. Демек, біздің бабаларымыз экология бүлінбей тап-таза сақталған сол тұстың өзінде қоршаған ортаны қорғаудың адамзаттың болашығын қорғау екенін осылай ұғындырды. Тіпті, сол кездің өзінде түптің-түбінде табиғатты бүлдіретін қаскөйлікті ұрпақтарының санасына осылай сіңіріп, оларға келешекті қорғаудың бұлжымас қағидатын ұғындырып отырды. Бұл тек біздің қазақ халқында ғана емес, жер бетіндегі барлық ұлттың фольклорында ортақ ұғым ретінде қалыптасты. Олардың сипаты, бейнесі, ұрпақтарына жеткізу жолы әртүрлі болғанымен, түпкі мақсаты – табиғатты, қоршаған ортаны қорғау сияқты бір мақсатпен ұштасып жатты.

Бір қызығы, біздің санамыз бабаларымыздың осы парасатымен сусындаған кезде экология мемлекет, әлем деңгейінде ерекше қорғауға алынды. Ал осы саналық дәстүрден алыстаған сайын қоршаған ортаны бүлдірудің неше түрлі сұрқия тәсілі шыға бастады. Жер байлығын жеке басының қамы үшін пайдаланып, көптің келешегіне пысқырып қарамайтындар, Жер-ананың бауырын тілгілеп, бағасын кетіретіндер, бағалы ағаштарды қырқып, өзен-суларды лайлайтындар шықты. Барлап қарасаң, бабаларымыз табиғатқа келер қауіпті сан мың жыл бұрын-ақ сезініп, ескертіп отырды. Сонымен қатар, бабаларымыз табиғатты қорғаудағы озық пайымын тұрмыстық бұйымдар арқылы да көпке ескертіп, көңілге түйіп отырғанын бүгінгі қазба жұмастарынан табылған жәдігерлер айғақтайды.

Сол жәдігерлердің арасында көшпелі тұрмысты, аңшылықты және олардың наным-сенімдерін бейнелейтін суреттер көп кездеседі. Әсіресе, арыстан, жолбарыс, қабылан, құлжа, тәуешкі, бұғы, бөкен бейнелері бар. Ерттеулі атты ұстап тұрған адамдар мүсіні құйылған шамдалдар тіптен тамаша. Әйелдердің әшекейлі бұйымдарында түйелі көш, алуан түрлі құс бейнелері бар. Демек, бабаларымыз табиғатты, ұшқан құс пен жүгірген аңды қорғау идеяларын тұрмыстық бұйымдарда бейнелеп, оны алтын, күміспен аптады. Бұл да табиғатты қорғаудың хатқа түспеген, бірақ тұрмыс-тіршілік тәсілі арқылы санаға жүктеген адамзаттың ең ертедегі заңдық үлгісі. Қысқасы, біздің бабаларымыздың шыр етіп өмірге келгеннен жер қойнына кіргенге дейінгі өмірі таза табиғат, көркем қоршаған орта, елеулі экологиялық тазалықпен біте-қайнасып жатқанын білдіреді. Бұл туралы сан түрлі дәлел келтіруге болады.

Біз осындай таза халықтың ұрпағы едік. Алайда бүгін сол бабалар салған табиғатты қорғау жолынан алыстап барамыз ба, қалай өзі? Әлемді шарпыған алапат өрттер, тіршілікті жермен-жексен еткен сілкіністер, құм апаты, су апаты, шегіртке апаты, бүгінде адамзат баласы бетпе-бет келген обыр, оба дерті, тағы да басқалар сол өткеннің өнегесін ескермеуден туындаған ессіз қылықтар деп топшылауға болады. Қазақ баласы жерді анаға балап, Жер-ана деп құрметтеді. Басқалар да осылай бағалады. Ананың қарғысына қалуды дүниедегі ең қауіпті іс деп санады. Сол құрметке немкетті қараған адамзат баласы бүгінде жұмыр жердің ашуын туғызып жатқаны жасырын емес. Тіпті, алып атом бомбасын, биологиялық қаруын, қырып-жоятын құралын бірі-біріне кезенген адамдар Жер-шарынының күлін көкке ұшыруға шақ қалғандай.

Табиғатты қорғауды саналық тұрғыда осылай жадымызға жаттатқан бабаларымыз ұрпақ азып, ел берекесіз болып, жеке бастың бақыты үшін айналасын жұлып жеп бара жатқан тұста сол танымдарын жарғыға бекітіп, кемел күшпен келешекті қорғаудың жолын қарастырды. Расында, біз қазір өткенімізде жазба тарихымыз болмаған деп, басқалардың жазып кеткен пәлсапасына ден қоямыз. Бірақ бүгінгі күндегі түгенделген тарихты түптеп қарасаң, бәрінде қазақ тегін құраған ертедегі тайпаларда бекітілген заң-жарлықтардың болғаны дәлелденіп жатыр. Әрине, біздің тегіміз және олардың дүниеге көзқарасы, қоршаған ортаға құрметі, ерлік жолдары жайлы Қытай архивтерінен көп дерек табуға болады.

«Ханнама. Батыс өңір баяны Үйсін баянында» атты кітапта Ұлы Күнби Селеттің: «Малшы қауымға айтыңдар, шұрайлы өріске жылқы апармасын, ел іші оған би заманынан да орнықты болсын», – деп жарлық шығарғаны жазылады. Бұл туралы бізден бұрынғы зерттеушілер мен біліктілер сан түрлі жорамал жасаған. Оның біреуі өндірістік қатынасты реттеудің шарасы деп қараса, енді бірі үйсін қоғамындағы ақсүйек билеушілердің қақтығысы мен шиленісін тудырмау үшін жасалған қадам деп бағалады. Біздің пайымымызша, бұл Селеттің қоршаған ортаны қорғаудағы ең ұтымды тәсілі деп қараймыз. Өйткені, сол тұста үйсіндер Доңхуаң өңірі мен Сары өзеннің аңғарындағы шөлейтті аймақта қоныстанды. Жайылым аз, жылқы түлігі көп. «Қорегі ет, сусыны– айран, қымыз» болған үйсіндер үшін қоршаған ортаны қорғау ең ұтымды жолдың бірі болды.

Осындай шаруашылықтың талабы, суы тұнық, шөбі мол, шұрайлы өңірге деген құштарлық үйсіндердің сол қонысын тастап, Іле өңіріне көшуіне түрткі болды. Қысқасы, қазақтың ерте дәуірден бастап көшпенділікке жаны үйір болуы, міне, осындай таңғажайып табиғат, таза экологияға деген құштарлық еді. Мұндай жазбалар Түркі даласының мәңгілік ескерткішіне айналған «Тоныкөк құлпытасы», «Күлтегін құлпытасы», «Білге қаған құлпытасы», «Көлишор құлпытасы», «Онгон құлпытасы», «Хуйто-тамыр құлпытасы», «Мойншор құлпытасы», «Терхын құлпытасы», «Тес құлпытасы», «Сужы құлпытасы», «Талас құлпытасы» сияқты ескерткіштер мен тас бетіне салынған тарихи жазбаларда тұнып тұр. Қысқасы, басқа жұрт жазу дегеннің не екенін енді-енді үйреніп жүргенде біздің аталарымыз табиғатты қорғаудың, Жер-ананы қадірлеудегі асыл арманын осылай тасқа қашап жазып кетті. Экологиялық кодекстің алғашқы авторлары да осы адамдар.

Ал экологияны қорғау туралы сонау ертедегі бабалардан бері қарай жалғасқан ұлы идеяларды жинақтап, оны хатқа түсіріп, жарғыға бекіткен алғашқы адам Шыңғыс хан болатын. Шыңғысхан бекіткен «Ұлы жасақ» заңының Шихихутуг жазған «Көк дәптердегі» түпнұсқасы табылмағанымен ғалымдар оны «Моңғолдың құпия шежіресі», «Чингис хааны билэг сургаал», Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы» және А.Жувейнидің «Әлемді жаулап алушының тарихы», Марко Полоның мәліметтері арқылы зерттеп, негізгі сырын там-тұмдап шеше алды. Қытай ғалымы Ли Зуфин «Шыңғыс ханның жаңа өмірбаяны» атты еңбегінде, ұлы жасақты сегіз бөлімге жіктеп көрсетеді.

Моңғол ғалымдары Ли Зу Финнің әдеттегі тыйым ережелерін азаматтық заң ережелерінің бір бөлімі деп есептеп, «Ұлы жасақты» жеті топтамаға бөледі. Айталық, «Ұлы жасақтың» «жайылым жер» туралы бабы ежелгі Қидан заңдарын еске түсіреді. Көк дәптерге түскен бір жарлықта «Аң, құстың өсіп-өну тоқсаны мезгілінде оларды рұқсатсыз аулауға қатаң тыйым салынады» деп көрсеткен. Ал «Ұлы жасақтағы» «Көшкен жұрттың ошақ орнына және өзен-суға зәр сындыруға тыйым салатын» ережесі түріктерден қалған этикалық салт. Ежелгі заңның бұл ережесі кейін мұсылман діни ережелерімен ұштасып, түркі халықтарының арасында моральдық дәстүрге айналды.

Мысалы, қазір қазақ халқында «Әділетсізге ерген суға сиеді (жамандыққа барады)» деген мәтел бар. Шыңғысханның «Ұлы жасақтағы» табиғатты қорғауға бағытталған жарғысы кейін келе «Қасым ханның қасқа жолында», «Есім ханның ескі жолында», әз-Тәукенің Жеті жарғысында да қолданылды.

Шыңғысхан батысқа жорық жасаудан бұрын қазақ даласындағы қалаларда қоршаған ортаны қорғау және тазалық шарт-жағдайларын жақсарту үшін құдық жүйесін қалыптастырған. Оның бірнеше түрлі себебі болды. Біріншіден, климаты құрғақ қазақ даласының көп жерінде өзен-су кемшін. Екінші әскери істердің қажетіне бола құдық жүйесін мықтап өркендетуге тура келді. Тарихи материалдар мен археологиялық зерттеулердің нәтижесіне қарайтын болсақ, қазақ даласындағы қалалар сол дәуірдегі билік басындағылардың қорғаны ретінде дамыған. Олар қала тұғызғанда билік басындағылардың отбасын қорғауды басты мақсат еткен. Соғыс кезінде жер бетіндегі сулар оңай бұзғыншылыққа ұшырайтын және қарсы жақ су қайнарын үзіп тастау, суға у салу сияқты тәсілдерден пайдаланып кетпесі үшін жалпы беттік құдық істеткен. Үшіншіден, қоршаған ортаның тазалығы және әдет-ғұрыптың қажеті үшін де осындай қадамға барған.

Қазақтар негізінен малшаруашылығымен шұғылданғандықтан қалалы жерлерде де мал басы көп болған. Сол тұстағы тайпалар мен ұлыстарда ауызсу мен суатты бөлек ұстайтын жазылмаған заң болған. Қазақ тіліндегі бүгінгі ауызсу атауы сол замандағы құдық суы мен бастау суын меңзейтін. Ал суат мал суғаратын орын. Сол тұстағы қалалы жерлерде арнайы суаттар белгіленіп, тұрғындар үшін құдықтан су ішу тәртібі орнаған.

Қазір ойласақ, Шыңғысханның осы құдық жүйесі ел билеудің де тамаша жаңалығын жарыққа шығарыпты. Ол кезде техника тым тапшы болғандықтан әр отбасы алды-алдына құдық қаза бермейтін, 20-30 отбасы бірігіп, бір құдық қазып алатын. Осыншама отбасы бір құдықтан су ішкендіктен бірте-бірте бауырласып, аталасып, жақындасып, белгілі бір топтың бірлігін қалыптастырған. Құдықтың аттары да әртүрлі болған. Кейбіреуі құдық иесінің атымен, кейбіреуі құдық қазылған жердің атымен, тіпті, кейбіреуі құдық қазылған материалдың атымен аталған. Қазақ тіліндегі Тасқұдық, Құмқұдық, Шеген құдық, Талқұдық, тағы да басқа атаулар, міне, осылай тілдік қорымызға енген. Сонымен қатар, ел арасына хабар-ошар таратқан кезде құдықты бірлік етіп, құдық басындағы ауыл ақсақалдары арқылы іс жүргізіп отырған. Судың қадірін, маңызын жақсы түсінген қазақ халқының танымында суға байланысты, суды қастерлеп, қадірлейтін ырым-тыйым сөздері көптеп кездеседі.

«Су ішкен құдығыңа түкірме», «Шелектегі суға ауыз салма», «Түнде су алуға барма», «Беті ашық қалған суды ішпе», «Қолыңды жуған соң сілкіме», тағы да басқа тыйым сөздер қазақ халқының су қадірін, табиғаттың тазалығын түсінетін ең керемет ұғымдары. Шыңғысхан халықтың осы ақыл-парасатын тиімді қолданып, байыптап, саралап, оны ел басқарудың ісіне енгізіп, қазақ қана емес, түркі әлемінің, тіпті, тұтас адамзат баласының тарихында ең алғашқы экологиялық жарғы жасаған адам ретінде тарих сахнасынан орын алды.

Шыңғысхан орнатқан табиғатты, әсіресе, су қорғау жайлы тәртіптің бір ұшығын біз де бала күнімізде көріп қалдық. Қыс қыстауда ішер суды арнайы белгіленген бұлақ басынан тасып ішетінбіз де, белгіленген суаттарға ғана мал суғарылатын. Ауызсу алатын бастауларға мал аяғын тигізбейтін, ал суаттан ішер су алмайтын. Бұл жағдай балалық шағын ауылда өткізген менің құрдастарымның да басынан өткені анық. Шыңғысханның осы бір қарапайым жарғысы мыңдаған жылдар бойы қазақтардың арасында табиғи қалпында сақталып келді.

Қажет АНДАС,

Q-Andas ақпарат агенттігі

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 92
Тарихпен тамырлас мекен
Тарих

Тарихпен тамырлас мекен

March 2, 2026
Дәлел мен дәйек
Тарих

Дәлел мен дәйек

February 27, 2026
Байтұрсынов жазуына адалдық
Тарих

Байтұрсынов жазуына адалдық

February 2, 2026
Баласаз баурайындағы тарих
Тарих

Баласаз баурайындағы тарих

October 13, 2025
Алаш идеясын арқау еткен
Тарих

Алаш идеясын арқау еткен

September 22, 2025
Келелі елде қаңлы бар
Тарих

Келелі елде қаңлы бар

September 19, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz