Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану

Болмысы биік қаламгер

admin
2026/06/03
Өлкетану
0
Болмысы биік қаламгер

Қаратал ауданында руханият пен өлкетану құндылықтарын ұлықтаған тағылымды басқосу өтті. Аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен Қаратал ауданының орталық кітапханасы бірлесе ұйымдастырған «Болмысы биік қаламгер» атты кездесу кеші оқырман мен қаламгерді, тарих пен бүгінгі ұрпақты тоғыстырған мазмұнды шараға айналды. Рухани кештің қадірлі қонағы  қаламгер, өлкетанушы, журналист-зерттеуші Қажет Андас болды.

Кездесуге аудандық ардагерлер алқасының мүшелері, аналар кеңесінің төрайымдары, кітапхана саласының қызметкерлері, ұстаздар мен оқырмандар қатысты. Мазмұнды кеш ел тарихын, руханиятты, өлкетану ісін құрметтейтін көпшілік үшін тағылымды әңгімеге, ойлы пікірге толы болды.

Қажет Андас – көркем әдебиет, публицистика және тарихи-өлкетану бағытында 37 кітаптың авторы әрі құрастырушысы. Ол ұзақ жылдар бойы ұлттық руханиятты насихаттап, Жетісу өңірінің тарихи мұрасын зерттеу, ұмыт қалған тұлғаларды таныту, ел жадындағы құнды деректерді жинақтау бағытында жүйелі еңбек етіп келеді. Қаламгердің шығармашылық жолы журналистік ізденіспен, тарихи дерекке адалдықпен және туған жерге деген перзенттік құрметпен ұштасып жатыр.

Кештің шымылдығы өнермен ашылып, күйші Ершат Байқаданұлы қазақтың әйгілі композиторы Нұрғиса Тілендиевтің «Жекпе-жек» күйін орындады. Күйдің қуатты сарыны рухани кештің мазмұнын тереңдетіп, жиналған көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

«Қажет Андас – руханият шырақшысы» атты бөлімде қаламгер ортаға шақырылып, өзінің шығармашылық және зерттеушілік жолы туралы кеңінен әңгімеледі. Кездесу барысында «Жетісу» өлкетанушылар орталығы қоғамдық бірлестігінің мақсаты, міндеті және атқарған жұмыстары туралы бейне таныстырылым көрсетілді. Таныстырылымда қоғамдық бірлестіктің туған өлке тарихын зерттеу, тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, ел ішіндегі деректерді жинақтау, жас ұрпақтың тарихи танымын арттыру бағытындағы жұмыстары қамтылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кажет Андас (@q_andass)

Сонымен қатар «Жетісу» өлкетанушылар орталығы ҚБ өлкетанушылары баспадан шығарып, электронды кітап қорына енгізген еңбектер туралы арнайы таныстырылым жасалды. Бұл еңбектердің әрқайсысы өңір тарихын тануға, тарихи тұлғаларды ұлықтауға, ел жадында сақталған құнды деректерді көпшілікке жеткізуге бағытталғаны айтылды. Қаламгер оқырмандарға онлайн кітаптарына шолу жасап, электронды кітап қорының қолжетімділігі мен оның болашақ ұрпақ үшін маңызын түсіндірді.

Шара аясында «Q-Andas» ақпарат агенттігінің ресми сайты туралы да таныстырылым өтті. Аталған ақпарат алаңының негізгі мақсаты – ел тарихы, өлкетану, тұлғатану, руханият, мәдениет және қоғамдық өмір тақырыптарындағы танымдық материалдарды оқырманға ұсыну екені айтылды. Сайт арқылы өңір тарихына қатысты мақалалар, зерттеу еңбектері, сұхбаттар мен деректі материалдар кеңінен насихатталып келеді.

Кездесу барысында Қаратал ауданы аналар кеңесінің төрағасы Досмалданова Улболсын Тойлыбайқызы сөз сөйлеп, қаламгердің руханиятқа сіңіріп жүрген еңбегіне ризашылығын білдірді. Ол мұндай кездесулердің жас ұрпаққа берері мол екенін, кітап пен қаламгерге құрмет көрсету елдік тәрбиенің маңызды бір бөлігі екенін атап өтті.

Сондай-ақ аудан ақсақалы Рахымқалы Өтегенұлы жылы лебізін білдіріп, Қажет Андастың өлке тарихын түгендеудегі еңбегіне жоғары баға берді. Ақсақал қаламгердің ел ішіндегі ескі әңгімелерді, тарихи деректерді, ұмыт бола бастаған тұлғалар жайлы мәліметтерді жинақтап, кітапқа айналдыруы үлкен жауапкершілік пен табандылықты қажет ететін еңбек екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қажет Андас кітапхана қорына 15 кітап сыйға тартты. Бұл кітаптар аудан оқырмандары үшін құнды рухани мұра болмақ. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Журналист – шындықтың шырақшысы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Кездесуден кейін қаламгер Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, ондағы құнды жәдігерлермен танысты. Музей қорындағы тарихи мұралармен жүздесу өлкетанушы үшін ерекше әсерлі сәттердің бірі болды. Сондай-ақ Құдайназар батырдың ұрпақтары Қажет Андас, Имаш және Дохдырбек Абдырахман тауып, сақтап, музей қорына тапсырған түркі дәуірінен қалған балбал тастың жанында естелік суретке түсті. Бұл сәт ұрпақ сабақтастығының, тарихи мұраға деген құрметтің және туған жер шежіресін сақтауға бағытталған өлкетанушылық еңбектің айқын көрінісіндей әсер қалдырды.

«Болмысы биік қаламгер» атты кездесу кеші тек бір автордың шығармашылығын таныстырумен шектелмей, туған жер тарихын құрметтеу, рухани мұраны сақтау, кітап оқу мәдениетін дәріптеу бағытындағы маңызды шараға айналды. Қаламгер мен оқырман арасындағы ашық әңгіме, ел тарихына қатысты ойлы пікірлер, музейдегі тарихи жәдігерлермен танысу және руханиятқа деген құрмет бұл күннің тағылымын арттыра түсті.

«Q-Andas» ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 27
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026
Зобалаң жылдардың зорлығы
Халық жады

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026
1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?
Қуғын-сүргін

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026
Ауылын көріп, азаматын танисың
Шалғай ауыл

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026
Қытайдың мылтығынан сескенбеген Оспанқұл мен Жапар
Халық жады

Қытайдың мылтығынан сескенбеген Оспанқұл мен Жапар

June 2, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz