Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Ел қорғаны Алдияр батыр

admin
2026/08/30
Тұлғатану
0
Ел қорғаны Алдияр батыр

Кешегі қылышынан қан тамған кеңестік озбыр саясат халық жадынан өткен тарихымыз бен сол тарихты жасаған қайраткерлерімізді танытуға жол ашпады. Есімін айтуға да мүмкіндік бермеді.  Атап айтар болсақ, кезінде Ақ патша әскерінің сапында Қоқан хандығына қарсы соғысып, ерлігімен көзге түскен Алдияр Жалтырұлы осы ауылда өсіп-өніп, ұрпақтарына ұлағат ұялатқан жан. Бабамыз Алдияр Ақ патшаның тұсында әскер қатарында қызмет етіп подполковникке дейін көтеріліп, Патша жарлығымен Талдықорған қаласының іргесіндегі Дауылбай қыстауы мәңгілік қонысқа беріліп, осында өніп-өсіп, атағы шыққан адам.

Еркін ауылының солтүстігіне қарай, әуежайдың жанында Дауылбай деп аталатын көлденең қара тау бар. Сол таудың ішінде Алдияр, Айырмас, Айырбек, Жақсыбек, Бейсен деп аталатын сай мен Алдияр қыстауы, Бекқожа қыстауы, Белқожа қыстауы, Күнқожа қыстауы, Айқожа қыстауы, Ахмет қыстауы, Есен қыстауы деген жерлер бар.

Алдияр батырдың Дауылбай қыстауындағы үйінің бір қабарғасы және Алдияр батыр немересі Сұлтан Күнқожаұлы.

Сурет Темірхан Күнқожановтың жеке архивінен алынған.

Үлкендердің әңгімесінен естіп қалғанымыз бар. «Алдияр бала күнінде нашарлау тұрыпты. Байдың қойын, бұзауын бағып жүреді. Бірде ауылда үлкен той болады. Сол тойға бай-манаптар жиналып, қасқыр ішігін киіп, тазысын ертіп, жақсы аттарға мініп, сән-салтанатымен кетіп бара жатады. Оны көрген бала Алдиярдың да тойға барғысы келеді. Бірақ мінетін ат, киетін әдемі киімі жоқ. Өрістегі тайыншаның бірін ұстап, ноқталап мініп алады да топтың соңына қарай жүреді. Бас білмейтін асау тайынша байлардың қасынан мөңкіп өте шығады. Сонда біреуі тұрып: «Мына, бала құлап, жазым болады-ау», – деп күйінеді. Сонда бала: «Тау құламай, тана құламайды. Тана құламай, бала құламайды» деген екен. Оның жауабына риза болған байлардың арасынан біреуі баланы шақырып алып, батасын береді. Сол күннен бастап Алдиярдың ісі оңға басады. Алдияр ата кезінде бүкіл ауылдың бірлігін ұстаған. Ұрыс-таласты болдырмай, ел арасын біріктіріп тұрған. Қысқасы, өз дәуірінің бітімгері болған кісі.

Өз кезінде Қапал уез болып тұрғанда Алдияр атамыз ел ішіндегі үлкен істерге белсене араласып, ауыл арасындағы мәселелерді түбегейлі шешуге атсалысқан. Найман ата балаларымен жер шекарасы туралы үлкен мәселелерді шешіп, келісімге келген. Найман Матайдан тарайтын қызай руының бір ауылын бастап келген Байболат болыс Жалайыр мырза елінен уақытша қоныс сұрағанда жер беру туралы келісім жасасқанын да үлкендер айтып отырады. Жер ақысы үшін қызай руы 70 бас өгіз сойып берген деген де дерек бар. Бұл әлі де зерттеуді қажет етеді.

Алдияр ата жанында Ақпай деген кісімен Тобыл қаласына барып «Біз орысқа қараймыз» деп келіседі. Атамыздың көп көргендігі және білетіндігін пайдаланып, Семей, Аягөз, Лепсі, Қапал уездері мен ауыл, болыс аралығындағы шекараларды анықтауға да Аягөзден Талдықорғанға қарай 30-50 шақырым жерге бекет салып, телеграм бағанасын орнатуға келісіп қайтады. Өз қаржысымен байланыс қызметін атқаратын бағана қойдырып, елге өркениет әкеледі.

Қариялардан жеткен тағы бір әңгімеде, атамыз Қоқан хандығына қарсы соғыста Қапал уезінің шақыртуымен Алматы маңындағы Ұзынағаштағы Колпаковскийдің отрядына қосылады. Ол кісінің жанында төре тұқымынан біраз кісі болған екен. Атамыз ер тұлғалы, өткір көзді, ақылы мен сабыры келіскен адам болғандықтан ол кісіні жаудың орналасу жағдайын, әскер санын, ақпарат жинап қайтуды тапсырады. Алдияр батыр көп жол жүрген жолаушы кейпінде жасанып, азып-тозған бейне танытып, ел аралап жаудың ең үлкен үйінің біріне барады. Сонда әлгі үйдің қызы әкесіне:

  • Әке, мына, қайыршыны атып тастаңыз. Қарағанда көзі өте жаман екен, – дейді.

Сонда әкесі:

  • Ой, балам, шаршап келе жатқан кісі де не күй болсын, – деп қызының талабын орындамайды. Қайта ішке тартып, ас-ауқатын беріп, біраз күн қонақ болуға ұсыныс етеді.

Бірде қарсы жақтың әскерлері тау қуысында тығылып жатқанын Алдияр байқап қояды да әлгі жерді белгілеп, картасын сызып, кездігін белгі ретінде қалдырып, хабар беруге кетеді. Ұзынағашқа келіп, әскер басына бәрін мәлімдейді.

Сонда әскер басы:

  • Сол жерді көрсете аласың ба? – деп сұрайды.
  • Иә, – дейді.

Әскерді бастап, түнделетіп тауға жетеді. Қараңғы түнде кездікті іздеп, таба алмай қатты қиналады. Оның үстіне әскербасы: «Өтірік айттың, өзің тыңшысың, атып тастаймын», – деп сес көрсетеді. Сасқалақтаған бала жігіт аруақтарға сыйынып, жанталаса іздеп жүріп, кездікте табады. Кездіктегі карта бойынша жасырынған жаудың орнын анықтап, оларды қолға түсіреді. Осы ерлігі бағаланып, шені жай әскерден өсіріліп, подполковникке дейін көтеріледі».

Бұл бүгінге аңыз боп жеткен әңгімелердің бірі ғана. Шынында, ақсақалдар аңыз етіп айтатын бұл әңгіменің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласының, әсіресе, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан да орын алған тарихи жағдайлармен тығыз қатысы бар еді.

Өткенге шегініс жасасақ, 1822 жылы Қазақ хандығы Ақ патшаға қараған соң олар қазақ даласын тұтасымен қарамағына өткізудің қам-қарекетіне кірісе бастады. Солтүстік өңірлерде бекіністер салынып, қорғану мен жер иеленудің түрлі айла-тәсілі жүргізілді. 1825 жылы Ұлы жүздің жеріне әскери бекіністер салу мақсатында подполковник В. Шубиннің басшылығымен 120 казактан тұратын отряд жіберілді. Нәтижесінде, Жетісуда Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсинск, Қарабұлақ бекіністері салынды. Ал Кенесары көтерілісінен кейін бұл істі тіпті де қарқын алды. Бұл жерлерді басқару үшін ресейлік пристав тағайындалды. 1846 жылы сәуірде офицер Бозачининнің басшылығымен жүз казак Ресей мен жергілікті аумақтардың иелері арасындағы келісімге қол қоюға орын дайындаған сұлтандар Сөк пен Рүстем Абылайхановтардың күзетін құрып, Шұбарағаш бекеті салынды.

1851 жылдан бастап Жетісу облысына шекара комиссиясы жіберілді, оның мақсаты – бекіністер мен гарнизондардың қалай салынып жатқанын тексеру болды. Ресейдің осы жерлердегі адал ұстанымы нығая түсті. 1867 жылы Верный қаласына полковник М. Хоментовскийдің сүйемелдеуімен географ, тарихшы П. Семенов және Ш. Уәлиханов (Меңдіғалиев фамилиясымен) келді. Бұл тарихи әскери-ғылыми экспедиция Қапал –Талдықорған – Алматы бағыты бойынша жүргізілді. Олар қазақ жерінің сипаттамасы мен географиялық картасын жасады. Осы уақытқа дейін Қоқан халқының Жетісуда бірнеше бекінісі болған. Олар Ұлы жүз жерінде Қастек (Жамбыл ауданы), Тойшыбек (Қарасай ауданы) бекіністерін тұрғызды. Қараталдың оң және сол жағында Садық-Сыдық және Шайқорған (Талдықорғанның қазіргі саяжай аумағы) бекінісі болды.

Қазақ хандығы орыс боданына өткен тұста 1825 жылы өз ықпалын нығайту үшін Қоқан ханы Мадали Шу қырғыздарын жаулап алу үшін әскер жіберіп, Пішпек бекінісін басып алды. Арада талай оқиғалар орын алып, 1850 жылдың көктемінде капитан Гутковскийдің басшылығымен 225 адамнан тұратын отряд құрылып, Қоқан хандығына қарасты Тойшыбек бекінісін талқандауға жіберілді. Бір жылға созылған соғыстың салдарынан 1851 жылы полковник Карбышевтің отряды Тойшыбек бекінісін қиратты. Патша үкіметі отарлап алған жеріндегі жағдайды тұрақтандыру үшін Жетісуда Алматы бекінісін салды. Бұл тұста Қоқандықтар өз күшін Шу өзенінде жинады. 1860 жылдың күзінде Ташкенттен келген Қанаат (Қанағат) хан және Қоқаннан келген Әлімбек хан екі мылтықпен 20 мың адам әскерімен Алматыға басып кірді.

Осы бір қысыл-таяң тұста  Жетісу облысының әскери губернаторы Герасим Колпаковский Алматы қаласын тастап, бекіністен тыс жерде әрекет ету бекіміне келді. 1860 жылы 18-21 қазанында Колпаковский әскері мен Қоқан біріккен әскері арасындағы шешуші шайқас орын алды. Аталған шайқас Ресей, қазақ және қырғыз біріккен күштерінің жеңісімен аяқталды. Бұл Ұзынағаш соғысы деген атпен тарихта қалды. Ұзынағаш соғысына Қоқан тарапынан 16 мың жаяу әскер, 5 мың дулат атты әскері, 10 артиллерия зеңбірегі бар Қағанат (Қанаат) шахтың біріккен жасағы қатысты. Қарсы жақта 9 рота, 9 мылтықта 6 жүз және екі артиллериялық 2440 адам (басқа мәліметтер бойынша 6 мылтықта 800 адам) қатысты. Орыстар жағында қазақ сұлтандары Тезек Нұралиев, Жанғазы Сүйіков және Аблес Аблаев болды. Ұрыс 18 қазанда басталып, негізгі шайқас 21 қазан таңертең орын алды.  Жекпе-жек 9 сағатқа созылды. 700-ге жуық адамынан айырылған қоқаншылар артқа шегіне бастады. Ұзынағаш соғысының жеңісіне Колпаковскийдің еңбегіне жазылды. Бұл жеңісті сонау шалғайда жатқан Александр патша ерекше қуанышпен қабылдады. Өйткені Ұзынағаш соғысындағы жеңіс  Қоқан хандығын бағындырудың алғашқы қадамы деп қаралды.

Осы жеңістің құрметіне Ақ патша соғыста ерлік танытқандарды марапаттау туралы жарлық шағарды. Ол жарлықтың ұзын ырғасы былай еді.

«Славное дело!

Подполковника Колпаковского произвести в полковника и дать св. Георгия 4 степени. Об отличившихся войти с представлением и всем штаб и обер-офицерам объявить благовеление в приказе и нижним чинам дать по одному рублю серебром на человека. Знаки отличия военного Ордена выслать генералу Гасфорту, согласно его желанию.

Александр ІІ»

Колпаковскиймен бірге ерлігі үшін алтын медальмен марапатталған алғашқы қазақ – Георгиев кавалері Сұлтан Әбілес Әлиев (Аблаев) табысталды. Ал жорық қолының барлаушыларын бастап, қарсы жақтың орналасқан жерін, әлсіз тұсын дөп басын, жеңіске жетуге себепкер болған, Еркін кентінің тумасы, Ұлы жүздің белгілі адамдарының бірі Алдияр Жалтырұлы орыс армиясының подполковнигі атағын және орденін алды. Билік оған өмір бойы зейнетақы тағайындады және Дауылбай тауындағы жайылымды мәңгілікке пайдалануға берді.

Соғыс біткен соң да Алдияр батырды еліне жібермей, Алматыда қызмет беріп, біраз уақыт аялдатады. Сол тұста Алматы маңындағы жергілікті тұрғындармен тіл табысу үшін де көп еңбек етеді. Содан кейін атамызға орыстың бір қызын қалыңдыққа беріп, Дауылбай тауын мәңгілікке мұра етіп беріп, ауылына қайтарады. Қасында бір орыс әскері және бір қазақ жігіті болады. Бірақ ел ішінде: «Алдияр орыстың бір шайтанын алып келіпті» деген алып-қашпа әңгіме тарайды. Ел арасына неше түрлі өсек кетеді. Оған төзбеген орыс қызы бір жыл жарым өткен соң атамыздан рұқсат сұрап, Алматыға қайтады.

Үлкендерден жеткен деректе, Алдияр батырдың сараыала оқалы әскери киімі болыпты. Түймелері, иығындағы сарыала бұйымдарына алтын жалатылған деседі. Алдиярдың кенжесі Ахмет атамыздың кемпірі Ұлбике апамыз 1892 туып, 1976 жыл қайтыс болды. Ұлбике апамыз: «Үлкендердің айтуынша, атамыз қала көшелерінен өткен кезде жол бойы кездескен орыс шаруалары атамыз өтіп кеткенше басын иіп, тағзым етіп тұрады екен», – деп айтып отырушы еді. Амал не, жастықтың салдарынан апамыз айтатын көп деректі сол кезде қағазға түсіріп қоймай, бүгін есте қалғанын ғана жазып отырмын.

Алдияр батырдың ата-тегі былай таратылады. Мырзаның Бейімбет абызынан – Танабай, Қангелді, Қожагелді.

 Танабайдан Жалтыр. Жалтырдан Алдияр. Алдиярдан Бекқожа, Белқожа, Күнқожа, Айқожа, Ахмет, Есен тарайды.

Бекқожадан  Ыдырыс, Қаппас, Қайсор, Мансор, Рустем.

Белқожадан Нұрыш, Имандас, Нұрқыдыр. Нұрыштан – Абай, Мамай.  Имандостан – Ермек, Ермектен – Ерік, Еріктен – Ернар.

Күнқожадан – Омар, Иманғазы, Сұлтан. Омардан – Нұрғалым,  Нұрғалымнан – Ардақ. Иманғазыдан – Мақсұт, Қажым. Қажымнан – Ғалым, Мұрат, Әлфара. Әлфарадан – Дәурен. Сұқтаннан – Маман, Темірхан, Айхан, Айдархан. Маманнан Азамат, Азаматтан – Нұрсұлтан, Ерсұлтан, Темірханнан – Абылайхан, Шыңғыс, Алмас. Абылайханнан – Хаммад, Дінмұхаммед. Айханнан Жәнібек. Айдарханнан – Батихан, Әлихан. Батиханнан Бексұлтан. Әлиханнан Әлімжан.

Ахметтен – Ақымбек, Ахымбектен – Дәулет, Дәулеттен – Дарқан, Дарқаннан – Мұхамеджан болып тарайды.

  Қожакелдіден – Сырдақбай, Сырманай қажы, Дүйсенбай, Бітірбай, Әжібай, Тұмбай. Сырдақбайдан – Жақсылық, Жақышбай. Жақсылықтан – Бауыржан – Алмас, Айдын. Сырманай қажыдан – Шибұт – Қатран – Ерасыл.  Ерасылдан – Арай, Мәди, Мәлік.

Олардың бәрі Қазақстан ауылында тұрды. Бұл ауыл Қазақстанның 30 жылдығы ұжымшарының орталығы. Талдықорған қаласының шығысына қарай, Көктал өзенінің арғы бетіндегі тау бөктеріне орналасқан ауыл. Соғыстан кейін халықтың әл-ауқаты әлі төмен, азып-тозған шақта құрылған елді мекен болатын. Соған қарамастан елдің ауызбірлігі артып, ұымшардың жерін жыртып, астығын егіп, шөбін шауып, мал шаруашылығын өркендетті.

Қажет Андас,

ӨТКЕНІ ЕРЕН, КЕЛЕШЕГІ КЕНЕН ЕРКІН/(Тарихи-танымдық кітап)

/Қ. Андас/ Талдықорған. «Офсет» баспаханасы, 2023. – 320 бет

ISBN 978-6017646-45-5

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 126
«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз
Тұлғатану

«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз

August 24, 2026
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

August 31, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

August 31, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

August 31, 2026
Қайырымдылықтың қайыры мол
Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

August 31, 2026
Ырысы тасыған әулет
Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz