Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

ЕРМЫРЗА БАТЫР КЕСЕНЕСІ

admin
2025/05/30
Қасиетті жерлер
0
Орналасқан жері: Алакөл ауданы, Ырғайты ауылдық округіне қарасты Көктұма ауылының солтүстік жағындағы тау бөктеріне орналасқан.
Зерттелуі: батыврдың ұрпағы ЕРМЫРЗАЕВ Еркін Ахметқанұлы. география ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры Еркін Тоқпанов географиялық, өлкетанушы-журналист Қажет Андас тарихи сипаттамасына зерделеу жүргізіп жүр.
Сипаттамасы:  Қаракерей тоқпақ шежіресінен алынған ретке келтіріп тарихын жазу әр елде бар. Сондықтан туған халқымыздың тегі мен ру шежіресін құрастырып, жинақтап жүйеге келтіру ісімен айналысқан дұрыс шығар. Бұл жөнінде әңгімелер мен жазбаларын ауыз әдебиеті жыраулардың, ақындардың шығармаларын арғы-бергі тарихи кітаптарда ескі көз қаралардың әңгімелерін еске алған жөн шығар. Тоқпақтың шежіресі әлде толық зертеліп, айтылмай жатқан қырлары бар сияқты.
      Алакөл аумағы, Жоңғар Алатау баурайын мекендеген талай-талай тарихи қақтығыстардың куәсі болған, елін, жерін, Жоңғар шапқыншылығынан қорғай білген Қасабай, Баянбай, Қарға, Ермырза сынды батырлар  шыққан Мейірман. Андас сияқты ел билеген даналар, Кунақ, Әбдіқали, Миселім, Сыржан, Есжан сияқты күміс көмей шешен билер шыққан. Арап, Жалғабай, Молдахан сынды ақын күйшілер шыққан. Қаракерей намысын қорғаған Сыдық, Әшімбай, Жақып сынды палуандарды дүниеге әкелген. Киелі мекен Айдынды Алакөл қасиетті жердің бірегейі болар. Алакөлдің төралы бір басқа сыр шертеді, айта берсе таусылмайды, ұзақ әңгіме. Тарихта өз орны бар ойып алар. Я, менің айтайын дегенім, Тоқпақ руынан шыққан. Ермырза  батыр Көпжасарұлы (Тасы. Жаубасар).
     Ермырза 1819-1892 ж.ж. Алакөл өңірінде дүниеге келген болуы керек. Әкем айтып отыратын нақты есімде қолмапты. Сүйегі қазіргі Жоңғар Алатауының Жалпақ қиақ деген жерде жерленген. Қарауыл Төбенің батыс жақ іргесінде. 2001 жылы басына ас беріп белгі қойды.
  Аңыз-әңгіме: Ермырза өз заманында батыр адам болып, халықтың алғысын алған адам. Ел аузынан естігенім, Ермырза батыр бір шайқаста мекен найзасымен  шауып келе жатып, қуып жеткен жауын найзамен түйреп, денесіне дарытпай шапанына аттың сол жағынан, оң жағынан лақтырып отырған дейді. Найзагер болса керек, және де асқан мерген болған деседі.
Көкұмалық ақын руы тасы ішінде Шоқан Сүлеймен Сопыұлының тасыдан шыққан батырларын бейнелеп жазып айтқанын мына бір өлеңнің ұсынып отырмын.
Кім асқан Қаракерей Қабанбайдан,
Көп дұшпан көре алмайды.
Ту ұстап тұлпар мінген ата-бабаң,
Тілеуі Найман-баба қабыл болып,
Тарадық Төлегатай Белгібайдан.
Би болыс көрген екен төресінде,
Көз салып өткен күнді көресіңде.
Туған жер алтын аймақ Алакөлім,
Айтқаны Садық атам әлі есімде.
Болыпты бір айтамыз Қарға батыр,
Ұрпаққа үлгі болып келе жатыр.
Меңлім мен Қарға мамыр бір туысқан,
Өтіпті содан бері талай ғасыр.
Қарға атам, көш бастаған батыр болған,
Естіген ел аузынан ақындардан.
Қар жауып, жел соғады, тұман түсіп,
Белгісі көрінеді ашуланған.
Көреген перісі бар адам еді,
Сол аңыз бізге жетті ғасырлардан.
Шоқайды кім білмейді, шалабайды,
Атқан оқ, шапса қылыш қарамайды.
Қараңғы  түн болса да күндізгідей,
Қиыннан жолды тауып аралайды.
Бойындағы қасиеті міне, осындай
Жалғыз қурай болса да паналайды.
Тарлауы арқан керген асуынан,
Жылқысын қалмақтардан қоралайды.
Алдында Мейірман, Шақбай, Айдыны бар,
Қандай пәле жапса да жоламайды.
Ермырзаның мекені алты қалмақ,
Жеке дара шабатын жауға ұрандап.
Соларда ел қорғаған өтті өмірден,
Батырдың ұрпағына аты қалмақ.
Әй, кейде шешен болған бір айтамыз,
Үлгі сөзін ұрпаққа таратамыз.
Шешеннің тілі шеберлің қолы деген
Соларда өтті өмірден қарасаңыз.
Мейірман болыс болды елдің басы,
Сүттей ұйып тыңдаған кәрі жасы.
Шалабай, Әйкеменнен, Ермырзалар,
Ел іргесін сақтаған қарлығашы.
Алакөл алқабына мекендеген,
Қарға, Мамыр, Меңлімбай атам Тасы.
Қалай деп, суреттесем кетер сыйып,
Көгілдір көктем нөсер нұрын құйып.
Табиғат төрт түлігін түгел берген,
Айтамын бастан-аяқ бәрін жиып,
Жабықтың биігінен шыққанымда.
Жалтақтап кете алмадым көзім қиып.
       ЕРМЫРЗА БАБАМЫЗДЫҢ БЕЛ БАЛАСЫ МОЛДАХАН.
 Молдахан Ермырзаұлы 1860 жылы дүниеге келген. Атақты күйші, домбыраға тіл бітірген мықты күйші болған. Ол кісі домбырадан қол үзбей 105 күйге дейін шертуші деп айтып отыратын, көне көздер.
Бұл күнде көзден ғайып болған сол кісі Алакөлдің арғы жағындағы Мәмбет елінде бір сайысқа түскенде, кезекті алған әріптесі бастай бере ішекті үзіп алып, енді жөндеймін дегенше Молдахан атамыз бастырмалатын  10-15 күйді төгіп-төгіп жіберсе керек.
Сонда төреші әлгі әріптесіне: Болды, енді жеңіс «Молдақандікі»- деген екен.Сондай бір сайыста домбырашы, қызға кездесіп, жеңістік бере қоймаған соң, мәсісін шешіп, аяғының башпайымен тартқан екен. Әлгі қыз иба сақтап, аяғын шешпегендігі үшін жүлде (бәйге) алыпты деген аңыз бар.
Ақын Қорабайұлы Құдайберген Молдахан туралы былай толғайды.
Кім білер асқан күйші Молдахан,
Сарқылмас күй бұлағын ағызғанды,
Бұл күнде бір дерек жоқ, сондай жанан,
Отырмын іштей тынып, соғып санды.
Домбыра қарағайдан қолға алыпты,
Замана сағымына толғаныпты.
Тоқтаусыз 105 күйді жалғап тартып,
Жылатып та, күлдірген ол халықты.
Кеткенде күйге түсіп ықыласы,
Шайқалып тербеліпті оның басы,
Жорғалады он саусағы екі ішекте.
Басында билейді екен тақиясы,
Он жайлау оған куә қара жабық.
Тіл бітсе айтар еді-ау, оны да анық,
Айналдым атамекен, ата жұртым,
Өсірген  сондай ұрпақ осы халық.
Ермырзаев Еркін Ахметханұлы
Q-Andas ақпарат.
Қаралым 90
Қаратал алқабындағы өзендер
Қасиетті жерлер

Қаратал алқабындағы өзендер

August 31, 2026
Қора шатқалы
Қасиетті жерлер

Қора шатқалы

August 31, 2026
Дауылбай тауы
Қасиетті жерлер

Дауылбай тауы

August 31, 2026
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

August 30, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

August 30, 2026
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

August 30, 2026
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz