Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қуғын-сүргін

Хаттама

admin
2026/02/17
Қуғын-сүргін
0
Хаттама

Басы:

1916 жылы қазанның 16-сы Түркістан аймағының генерал-губернаторы генерал-адьютант А.Н. Куропаткиннің төреағалығымен ашылған мәжіліс.

  1. Шатақ шығарған қазақ-қырғызды Қарақол уезіндегі Ыстықкөл маңайынан, Пішпек уезіндегі Кебен және Шу бойының біраз жерінен, Жаркент уезіндегі Текес, Шалкөдеден жер аудару туралы.
  2. Тентек қырғыздарды Нарын аймағына орналастырып, өз алдына Нарын уезін жасау туралы.
  3. Жер аударылған тентек қырғыздардан алынған жерлерге орыс отытрғызып, өңкей орыстан Қарақол уезін жасау туралы.
  4. Алматы оязының казак-орыстарын жерге жайластыру туралы.

Мәжіліске қатысқандар: Жетісу уезiнiң  генералы – М.А. Соколовский, мемлекет мүлкін басқарушының міндетін атқарушы – Н.С. Щербаков, әскери агроном- Б.Ф.Браудер, әскер басқармасының кеңесшісі – Л.П.Соловьев, келімсектер ауданына инженер-гидортехник- Е.А.Смирнов, казак-орыс жерге жайласуының инженер-гидротехнигі – В.В.Банишников, келімсектер басқармасының санақ басқарма мүшесі А.Л.Бурхин, казак-орысты жерге орналастыру жұмыс жүргізушілері М.Ф.Вейсмиллер, Н.Н.Теплов және әскери жер өлшеуші – Б.Г.Гурников.

І. Ыстықкөл маңынан және басқа жерлерден тентек қазақ-қырғызды жер аудару туралы мемлекет мүлкін басқарушы тарапынан 1:10 шақырым масштабты жер картасы қарауға тапсырылды. Онда көтерілісші қазақ-қырғыздардың қыстау, жайлауларының шекаралары, басқа жаққа көшірілетін шаруа мөлшері көрсетілген.

Генерал-губернатор картаны қарағаннан кейін: «қазақ-қырғыздан Текес бойы сияқты жерлердің барлығы алынуы керек. Көтерілген қазақ-қырғыз 1000-нан аса үйді өртеп, 2000-дай орысты өлтіріп кетті. Сол себепті осы жерлерді түгелімен қазақ-қырғыздан тартып алып, орсты отырғызуға жөні кеп тұрған нәрсе. Бірақ мемлекет мүлкін басқарушы тарапынан алуға көрсетілген жердің картадағы шекаралардың жетпеген жері көп. Қазақ-қырғыздан әдет-ғұрып, салт жағынан ғана бөлектелмей, жер жөнінен іргесі аулақ жатқан тұтас орыс жерін жасауға талпыну керек.» деді. Сондықтан генерал: «Ыстықкөлдің оң түстік және сол түстік жағындағы шекара таудың басымен жүрсін, сол сықылды Жаркент уезіндегі тентек албан қазақтарының бауырындағы Текес бойы тұтасымен, Шалкөде жалпағымен, Қарқара жайлауы тегіс алынсын. Пішпек уезіндегі Кебен бойы, Шу бойының бірқатар жері қырғыздан алынып, орысқа берілсін» деп ұсыныс қылды.

Барлық Пішпек, Жаркент, Қарақол уезінен 37355 қазақ-қырғыз шаруасы (түтіні) 2510361 десятина жерден ажырап қоныс аударылуға ұйғарылды. Осы есепті жасауға негізгі себеп болған П.П.Румянцевтің санағы болды.

ІІ.Тентек қазақ-қырғыздан тартып алынған жерге орыс отырғызу тұрасында мәжіліс Ыстықкөлдің екі жағына 5 казак-орыс қаласын (станица) орнатуды мақұл көрді. Әр казак-орыс станицсында 60 үйден аз болмасын делінді. Қала салынатын жерлер: 1. Өріктіде, 2. Құрымда, 3. Бұрынғы дүнген қаласы Марынның орнында, 4. Бұрынғы орыс қаласы Гоголевка жанында, 5. Алақолда. Одан қалған жердің тәуіріне орыс отырғызылсын да, тіпті отыруға жарамайтын жерлер әзірге қазына қарауына беріле тұрсын.

Барлық Текес, Шалкөде өлкесіне кілең казак-орыс отырғызылсын. Тіпті Қытаймен қатыса қалған күнде осы жерде бір мықты күшіміз болатын болсын.

Текестегі поселкелерде тұрған келімсектер (мұжықтар) болса, олар казак-орыс ретінде жазылсын. Егер оған көнбейтін болса, басқа жерлерге орналастырылсын.

Сөйтіп мәжіліс, алуға лайықты тапқан Ыстықкөл бойынан, Текес, Шалкөде Қарқара, бұрынғы Столыпино қаласына шейін кілең орыс отырғызылған айрықша Қарақол уезі жасалсын. Ол уезде 2 пристав учаскесі болсын: бірі бұрынғы Столыпино қаласына, екіншісі, казак-орыстың Охотничий деген қаласына орнығатын болсын. Егер Столыпино қаласында пристаб тұратын болса, қырғыздың тепкінінен кетіп қалған, қаланың бұрынғы тұрғын орыстары қайта отырғызылсын. Онда удайы әскер қарауылы қойылсын.

ІІІ.Қарақол оуезінен, Пішпек уезінің бірқатар көтерілген Атеке, Сарбағыштан басқа болыстарын Нарын аймағына орналастыру керек. Ол жақта Румянцевтің Нарын санағы бойынша: 57126 десятина егістік жер, 46288 десе шабындық жер, 1836300 десе жайылымдық-қыстаулық жер, Сыртты қосқанда 2815400 десе жайлаулық жер, барлығы 4755114 десе жер бар.

Көтерілген қазақ-қырғызды апарамыз деп отырған жерлерде осы күнде Қарақол уезінде 9325 үй, Пішпек уезінде 384 үй қырғыздар тұрады. Бұлардың үстіне көшірілетін 37355 қазақ-қырғыз үйлерін қосқанда барлығы әлгі айтылған ауылдарда 50526 үй болады. Бұл есеппен әрбір қазақ-қырғыздың түтініне 1,1 десе егістік жер, 0,9 десе шабындық жер, 36,3 десе қыстау, 55,7 десе жайлау, ал барлық түтінге 94 мың десе жер келеді. Осы жердің барлығынан өз алдына Нарын уезін жасау керек. Оның уенздік қаласы Жұмғал бойындағы Атеке қаласында болып, онда екі пристаб тұрады. генерал, пристабтың тұратын жерін уездік қаладан гөрі де кіндігірек болатын қылып, әбден оайласып белгілеу керек дегенді ұсынады.

Осы күнгі Нарын өлкесіндегі Атайке менен Рожденственский поселкесін молайтып, кеңітіп орныққан күшті орын қылып қалдыру керек. Бұдан басқа Атекеде ұдайы әскер қою, және ондағы мұжықтарды казак-орыс тәртібіне өткізу керек. Нарынның ар жағындағы казак-орыс поселкесін (Құланақты) үлкейту керек. Келімсек мұжықтардың Сухотоновский, Титовский, Белоцарский қалаларының және хуторларын Қарақол уезіндегі келімсектер отырған ауданның біріне көшіру керек. Тоғызтарауға, болмаса Қашқар шекарасының бір жеріне ұдайы тұратын әскер қою керек.

Нарыннан алынған учаскенің барлығын да оборонный штабтар ретінде қазыналық етіп бекіту керек. Жергіліктілердің Атбашы, Нарын қыстақтарында тұратындары әзірге тұрып қала тұрсын. Пішпек уезіндегі аса көнелі Сарбағыш, Атеке болыстарын басқа болыстарға, ауыл-ауылға приговормен бытыратып жіберу керек, не Балқашқа көшірілсін.

Текес, Шалкөде, Жаркент уездерiндегi Албан руын жер аудару туралы, генерал-губернатор, әзірге оларға дайын тұрған қоныс болмаған соң, олардың шаруасын бүлдіріп алмай қоныстандыра тұруды ұсыныс етті.

 

ҚР Орталық мемлекеттік архив: қор (ф.) Р-1368; тізбе (о.):І; іс (д):56.) қолжазба араб харпінде.

Түп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас

 

ПРОТОКОЛ

 

Совещание от 16 октября 1916 года, под председательством генерал – губернатора Туркестанкого края генерал – адьютанта А.Н.Куропаткина.

  1. Поднявших бунт киргиз – казахов переселить с окрестностей Иссык-Куля Каракольского уезда, с Кебена Пишпекского уезда, также с некоторых мест берега реки Чу, с Текеса и Шалкоде Жаркентского уезда.
  2. Буйных киргизов поселить на территории Нарына, создать отдельный, Нарынский уезд.
  3. Обеспечить и разместить русских казаков Алматинского уезда.

На совещании присутствовали:

-Военный генерал Семиреченского уезда – Соколовский

-Исполняющий обязанности руководителя комитета Гос.имущества – Н.С.Щербаков

-Военный агроном – Б.Ф.Браудер

-Советник военного управления – Л.П. Соловьев

-Инженер – гидротехник новоприобретенных районов – Е.А.Смирнов.

-Гидротехник земель заселенных «русскими казаками» – В.В.Банишникова

-Член счетного отдела управления по переселенцам – А.Л.Бурхин

-Исполнители работ по размещению «русских казаков» – М.Ф.Вейсмиллер, Н.Н.Теплов

-Военный землемер – Б.Г.Гурников.

От руководства управления государственного имущества поступила карта в масштабе 1:10 километров, территории земель казах-киргизов переселенных с окрестностей Иссык-Куля и других мест.

В карте указаны границы зимовок, джайлау, количество и объем хозяйств переселенцев.

Генерал – губернатор, после ознакомления с картой сказал: «У киргиз – казахов должны быть изъяты все земли вдоль реки Текес и тому подобные земли. Взбунтовавшие киргиз-казахи сожгли более 1000 домов, убили около 200 русских. Поэтому, сейчас самое время, полностью изъять эти земли у киргиз-казахов и поселить здесь русских. Но в поступившей к нам от управления гос. имущества, карте границы изымаемых земель обозначены не полностью, многое не охвачено. Мы не должны отличаться от киргиз-казахов только традициями, образом жизни, мы должны здесь создавать русскую землю, единую с далекой Россией».

Далее генерал предложил:

  1. I. «Южная и Северная границы Иссык-Куля должны проходить по вершинам гор, также, принадлежащие казахам земли вдоль реки Текес, территории Шалкоде, джайлау Каркара должны быть изъяты полностью. Земли вдоль реки Кебен, Пишпекского уезда, земли вдоль реки Чу должны быть изъяты у киргизов, и все эти земли передать русским».

Всего из Пишпекского, Жаркентского, Каракольского уездов 37355 киргиз-казахских хозяйств и 2510361 человек лишились земли и подлежали переселению. При подсчетах, основным источником стали счетные данные П.П.Румянцева.

  1. II. Для поселения русских, на изъятых у киргиз-казахов землях, на совещании было принято решение на обеих побережьях Иссык-Куля построить пять городов (станиц) русским казакам. В каждой казацкой станице должно быть не менее 60-ти домов.

Места постройки станиц:

  1. В Орикты
  2. В Курыме
  3. На месте бывшего дунганского городка Марьино
  4. Около бывшего русского городка Гоголевка
  5. В Олаколе

На остальных пригодных землях расселить русских, а совсем не пригодные для житья земли пока передать казне.

На всех территориях Текеса, Шалкоде поселить только русских казаков. Даже в случае налаживании отношений с Китаем, у нас здесь должны быть крупные силы.

Переселенцы (мужики) проживающие в поселках Текеса (если есть таковые), должны записаться как русские казаки. Если они не согласятся с этим, пусть переселяются в другие места.

Итак, побережье Иссык-Куля, которое совещание считает подходящим, вместе с землями Текеса, Шалкоде, Каркары, до бывшего города Столыпино должны составить один особенный, Каракольский уезд, сплошь заселенный только русскими.

В этом уезде должно быть два участка приставов: один из них должен располагаться в бывшем городе Столыпино, в станице русских казаков – Охотничий.

Если в Столыпино будет пристав, то бывших русских жителей города, бежавших от пинков киргизов, нужно вернуть и поселить снова.

Необходимо расположить там постоянный военный караул.

III. Волости Каракольского уезда, бунтовавшие волости Пишпекского уезда, кроме Айтеке и Сарбагыша, надо переселить на территории Нарына. Там, по данным «Нарынской  перепеси» Румянцева имеется: 57126 десятин пастбищных зимовий, 2815400 десятин джайлау, всего 4755114 десятин земли.

В тех местах, куда переселяются бунтовщики, в настоящее время имеется: в Каракольском уезде 9325 домов киргизов, в Пишпекском уезде 384 дома киргизов. Если добавить к ним, подлежащие переселению дома киргиз-казахов, будет 50526 дома. Если каждому хозяйству киргиз-казахов выделять по 1,1 десятин посевных земель, 0,9 десятин лугов, 36,3 десятин зимовок, 55,7 десятин джайлау, всему хозяйству приходится 94 тысячи десятин земли.

Из всей этой территории нужно создать отдельный, Нарынский уезд. Управа уезда будет в городе Айтеке, что на берегу реки Жумгал.Там расположатся два пристава. Генерал предложил хорошо подумав, обозначить места расположения приставов, внутреннее от уездного города Айтеке

Поселки Атамекен и Рождественский, создаваемого Нарынского уезда надо расширить и укрепить. Кроме того, в Айтаке необходимо расположить постоянный военный отряд, а местных «мужиков» перевести в категорию «русских казаков».

Также, надо расширить и увеличить численность жителей, поселка русских казаков – Куланакты, находящегося за Нарыном.

Мужицкие хутора – Сухотонский, Титовский, Белоцарский и другие, нужно переселить в один из районов проживания переселенцев Каракольского уезда. В Тогызтарау или возле Кашгарской границы необходимо расположить постоянные отряды.

Все приставные участки взятые у Нарына, нужно закрепить как казенные, в качестве оборонных штабов. Местные жители зимовок Атбашы и Нарын пусть пока поживут на местах. Наиболее старые  волости Сарбагыш, Айтеке, Пишпекского уезда по приговору расселить по аулам, раздробить, или переселить к Балхашу.

Вопрос переселения рода Албан из Текеса, Шалкоде, Жаркента, генерал-губернатор предложил пока не поднимать, так как для них не обозначены территории переселения.

 

Центральный государственный архив РК:

Фонд(ф) Р-1368; каталог (0): І; дело (д) : 56)

Рукопись арабскими буквами.

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар… 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 25
Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)
Қуғын-сүргін

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 15, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 13, 2026
Түркістан жерінің бөлінуі
Қуғын-сүргін

Түркістан жерінің бөлінуі

April 6, 2026
Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы
Қуғын-сүргін

Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы

April 3, 2026
Тәркіленген байлар
Қуғын-сүргін

Тәркіленген байлар

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz