Комиссарлар жасалып, жер-жерден қашақтарды тамақтандыратын орындар ашты. Қазақтардан жиналған жәрдемді жеткізуге, үлестіруге делдалдық қылды. Мұндай қашақтарды қарсы алатын орындардың үлкені қырғыздар үшін Қарақолда ашылды. Бірақ сол 1917 жылда да қазақ-қырғыз шығынының есебі алынған жоқ.
Қазан айының ішінде Түркістан генерал-губернаторы Кропаткин Жетісуға келді. Куропаткин Жетісудағы көтерілісті басу туралы тығыз ретте жетісулықтарын, әскер күштерін, өзі нұсқап тұрған болатын. Ақыры Жетісуға ол өзі келді. Ол жүргенде жолшыбай орыс халқы нан-тұз алып шығып, оның аяғын құшып жылады, қоңырау қағып құрмет қылды. Қазақтар алдынан үй тігіп, ат алып шығып «жарым патшамыз» деп табаннан тік тұра құрмет етті. Қол құсырып кешірім сұрады. Сондықтан Куропаткиннің алдынан шыққан, Қалқамыс еліндегі Қасқарау руының бір ақсақалы былай дейді: «Курепеткен генерал келе жатыр деген соң үш болыс елдің «бас көтерері» үй тігіп, ат алып Қордайдан алдынан шықты. Алматыдағы Фольбаум да Қордайдан алдынан шыққан екен. Бізге Қалқамыс пен Қордай арасында жолықты. автомобилмен келіп, бекетке түсті. Қасында Тынышбаев деген найман жігіт бар екен. Бекетке біраз тоқтады. Үш болыс елдің сабағы түгелімен жиналған еді, қалың қарақұрық кісі болды. Адам сөйлеп, жауап қатуға жарамады. Сонда Керапаткин тұрып, «Не айтамыз?» деді. Сонда мен тұрып: «Тақсыр! Ұлығымыз! Патшаға қарсылық қылғандар қашып-пысып жүр. Қалған жұртыңыз «Құдай бір, ақ патша бір» деп қарап тұрмыз» дедім. «Жақсы» кісі екен. «Иә, патшаға қарсылық қылған бұзықтардың қатты жазасын береміз. Секндер бүлінбей жігіттеріңді бере беріңдер» деді де жүріп кетті.
Куропаткин келіп Жетісудағы көтерілісті зерттеп, оның түбінен қалдығын жоғалтуға жинақы кірісті. Оның жалпы бір жиында сөйлегенде, былай деп сөз бастағаны бар.
«Қасқырлардың бастықтарын ұстау өте керекті, қалған қойдың көпшілігінің күнәсін кешсе де болады. Осы жөнде мен Патшаға Қарақол және Пішпектің қырғызына кешірім болмайды. Оларға болыстары (елі) түгелімен ауыз жаза бұйырылады. Ыстықкөлдің барлық өңірлері, Кебен өлкесі түгелімен қырғыздан алынады. Тентек қырғыздар Нарын өлкесіне айдалады. Бұл ауыр жаза – көтерілісшілерді жерден айыру, оларға үлкен сабақ болады. Қайбыр көтеріліс аса күшті болмаған жерлерде, онда апатшылықты қолдан істепқоқырақтай беруге болмас. Жетісуды басқан қайғы үлкен-ақ. Бірақ шатақты көбейтіп, оны молайта берудің қажеті жоқ» деген.
Куропаткин Алматыда тұрып қазақ әскерге жылдам алынуына, әскерді тәртіптеу туралы, казак – орысты жайластыру, шабылған орыстарға тез жәрдем беру, өкімет ісін реттеу, қазақ-қырғыздың көңілін басу, көтеріліске қатысқан қазақ-қырғыздарды жазалау, жалпақ елдерді қоныс аудару, көтерілістің қалған сарқыншақтарын түптеп құрту туралы мықтап шара қолданды. Жоғарыда өзі айтқандай, Қарақолдың уезінен (Ыстықкөл алабы) қырғыз түгел сүріліп Нарын өлкесіне жер аударылып, жеке Нарын уезі жасалады. Қарақол уезі орыс уезі болатын болды. Пішпек уезі тау арқасы қырғыздары сүріліп, бұрынғы мекені Кебендердің өлкесі орысқа алынды. Жаркент уезінен Шалкөде, Текес өлкесі алынып, онда казак-орыстар отырғызылатын болды. Әр жерлерде казак-орыс қалалары күшейтіліп, жаңадан салынып, приставтардың тұратын учаскелері қайта жобаланады.
Қазанның 16-сында Алматыда болған Куропаткин бастатқан шенеуніктер мәжілісі, Жетісуда көтерілістен кейін жер алу, жаңа уез жасау сияқты бірқатар жоба жасалды.
ҚР Орталық мемлекеттік архив: қор (ф.) Р-1368; тізбе (о.):І; іс (д):56.) қолжазба араб харпінде.
Түп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас
В ЖАРКЕНТСКОМ УЕЗДЕ
Ильяс Жансугуров – первый исследователь народно-освободительного восстания казахов 1916 года
…Были созданы комиссариаты, в разных регионах открылись пункты питания для беженцев.Были проведены работы по доставке
и раздач собранной помощи. Один из крупных пунктов по приему беженцев открылся в Караколе. Однако в том 1917 году не были посчитаны (учтены) расходы киргиз – казахов.
В октябре месяце генерал – губернатор Туркестана Куропаткин прибыл в Семиречье. Для подавления, в срочном порядке, восстания в Семиречье. Куропаткин сам давал указания семиреченцам и военным силам. А по пути в Семиречье русский народ встречал его хлебом – солью, плакали кланяясь ему в ноги, приветствовали боем колоколов. Казахи встречали его с большим почетом стоя смирно, поставили для него отдельную юрту, подарили коня. Просили прощения. Один аксакал рода каскарау из Калкамыса, который был среди встречавших, сказал: когда сказали, что к нам едет генерал Куропаткин, видные люди трех волостей, поставив для вас юрту, взяв коня, выехали навстречу к вам из Кордая. Фольбаум из Алматы, оказывается тоже выехал вам навстречу. Он с нами встретился между Калкамысом и Кордаем.
Приехав на автомобиле, остановились на станции. С ним был один джигит из рода найман – Тынышбаев. На станции задержались на некоторое время. Представители трех волостей собрались тут же. Было много народу. Но все молчали. Тогда Куропаткин сказал: «Ну, что скажем?». Я встал и сказал: «Господин, те кто выступил против Царя, бегают, прячутся, остальной народ стоит перед Вами и мы говорим «Бог один и белый Царь у нас один». Он оказался «хорошим» человеком. Он сказал: «Да, мы накажем смутьянов выступающих против царя, а вы не беспокойтесь, выделяйте своих джигитов нам» и тронулся в путь.
После прибытия, Куропаткин тщательно изучил обстановку в Семиречье. В одном из общих сходов он сказал: «нам очень важно поймать главарей волков, а вину остальных баранов можно и простить. Об этом я доложу Царю, но нельзя прощать Каракольских и Пишпекских киргизов. Их волостям будет полное наказание. Все окрестности Иссык – Куля, Кебенский край, полностью будут изъяты. А коварные киргизы будут переселены на территорию Нарына. Это тяжелое наказание – оставить восставших без земли, и послужит им большим уроком. В тех местах где бунты незначительны, не стоит создавать трагедию, искусственно раздувать дело. В Семиречье дело обстоит куда хуже. Но нельзя преувеличивать все» заключил он.
Куропаткин находясь в Алматы, принял решительные меры по привлечению джигитов на борьбу с восставшими, по приведению в порядок воинских подразделений, по размещению «русских казаков», по срочному оказанию помощи пострадавшим русским, по приведению в порядок работу местных властей, по подавлению недовольства киргиз – казахов, по наказанию тех кто принимал участие в восстании, по переселению людей, по искоренению остатков восстания. Как он сам говорил выше, из Каракольского уезда (Иссык – Кульское побережье) киргизы полностью будут переселены на территорию Нарына, и будет создан Нарынский уезд. Каракольский уезд станет Русским уездом. Киргизы горного Пишпекского уезда будут выселены, а их Кебенский край передается русским. Территории Шалкоде и Текеса, что в Жаркентском уезде изымаются, там поселяются «русские казаки». В разных местных укрепляются города русских казаков, строятся новые, планируется выделение участков для приставов. После Семиреченского восстания, на совещании чиновников, прошедшем в Алматы 16-го октября, под председательством Кропоткина, были запланированы – изъятие земель, создание новых уездов и т.п. несколько проектов.
Центральный государственный архив РК:
Фонд(ф) Р-1368; каталог (0): І; дело (д) : 56)
Рукопись арабскими буквами.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











