Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

КЕҢГІР БАБА МЕН ӨТЕГЕН БИ КЕСЕНЕСІ

admin
2025/07/28
Қасиетті жерлер
0
КЕҢГІР БАБА МЕН ӨТЕГЕН БИ  КЕСЕНЕСІ

Орналасқан жері: Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылдық округі, Бөрібай би ауылының тұсы «Талдықорған – Жаркент күрежолының бойында орналасқан.

Зерттелуі: өлкетанушы Роза Ыстай зерттеп жүр.

Сипаттамасы: Кесененің біреуі қатты бүдінген, енді бірі орташа бүлінген. Қорымда басқа зираттарда бар. Олардың бертінде қойылғандарына сайғақ қадап, аты-жөні жазылса, көбінің кімдердің зираты екендігі анық емес.

БАБАЛАР АМАНАТЫ

Жаркент өңірінде кеңес үкіметіне дейін де ел басқарған көсемдер, сөз бастаған шешендер көп болған. Алайда, олар туралы ауызекі тілде айтылғанымен жазба түрде аса бір көп мәліметтер жоқтың қасы.Ресей патшалығы қазақ жеріне өз өктемдіктерін жүргізгеннен бастап, жазба жұмысына да өте мұқият қараған. Әсіресе, болыс сайлауларын, әртүрлі ел ішінде жүргізілген жұмыстарды қағаз бетіне түсіріп отырған. Бүгінде тарихи құжаттардың барлығын демесек те, біршамасын осы мұрағатта сақталған.

Жаркент уезіне қарасты Бурақожыр болысында тоғыз жыл бойы, яғни үш рет болыстық сайлауға түскен Әуелбеков Метербай туралы біршама мәліметтерді осы мұрағаттан таптық. Метербай бірнеше рет болыстыққа өтпей қалса да, жоғары жақтың ықпалымен сайлауда жеңіске жетіп отырған. Осы Метербай болыс туралы мұрағаттағы сайлау құжаттарында Кеңгіров Өтегеннің атын жиі кездестіруге болады. Жалпы, Кеңгір баба туралы не білеміз?

Кеңгір ұрпақтары Қоңырөлең ауылдық округіне қарасты бұрын Қарамола, бүгінде Бөрібай би ауылы деп аталатын мекенде ғұмыр кешкен. Қазіргі кезде де Кеңгір атамыздың ұрпақтары осы ауылда өсіп, өркендеп отыр. Суан руынан тарайтын Бөлек руының ұрпақтары осы Бөрібай би ауылын мекен еткен.

Кеңгір бабамыз он сегізінші ғасырдың басында өмір сүрген деп айтуға толық негіз бар. Кеңгір Суан тайпасының Бөлек руының Дәулетбай деген баласынан тарайды. Кеңгірдің өз кіндігінен Кәрі, Төленгіт, Өтеген атты ұлдары мен жалғыз қызы болады. Кеңгір бабамыз елге сыйлы, сол аймақтағы ең бай – манаптардың бірі болған. Ұрпақтарының айтуы бойынша ол кісінің он екі мыңға жуық ұсақ малы, бес мыңға жуық жылқысы болған деседі. Мал қыстататын қыстауы Қоңырөлең ауылының астындағы Қату тауының баурайы екен. Кеңгірдің жалғыз қызы өзінен бұрын қайтыс болып, керуен жүретін үлкен жолдың бойына жерлейді. Шеберлерге шикі кірпіштен мазар салғызады. Кеңгір атамыз керуен жолы болашақта үлкен күре жолға айналатынын сол кездің өзінде болжаса керек- ті. Өзіде алпыс жасқа толмай өмірден өтеді. Балалары қызының қасына жерлеп, мазар тұрғызады.

Мұрағат құжаттарында 1900 жылы бесінші маусымда Жетісу облыстық әскери губернаторға жазылған баянатта Бурақожыр болыс сайлауына түскен кандидаттардың сайлау туралы парақшасын жіберіп отырғаны айтылған. Метербай Әуелбеков пен кандидат ретінде Өтеген Кеңгіров болыс сайлауына түскенін мұрағаттағы парақшадан көруге болады. (44 қор,1 тізімдеме,1506 іс). Ал 1901-1903 жылдың 25 мамырында болған Бурақожыр сайлау парақшасында үш адамның аты- жөні жазылған. «Қартбай Надырбеков 38 жаста, шар саны 3, шар салмағандар14, Метербай Әуелбеков жасы 34-те, шар саны 5, шар салмағандар саны 2, кандидат Өтеген Кеңгіров- жасы 45-те, шар саны 27, шар салмағандар жоқ» деп жазылған.

1901 жылы Өтеген Кеңгіровті сайлау құжатында 43 жаста деп жазылса, онда ол кісінің туған жылы 1858 жыл болып шығады. Сонда Кеңгір бабамыздың туған жылы 1820-1825 жылдар болуы мүмкін деп жобалауға болады.

Бөрібай би ауылының аяқ жағындағы, күре жолдың бойындағы Кеңгір бабамыз бен оның жалғыз қызының, баласы Өтеген бидің мазарлары бүгінде ескіріп, мүжілген. Енді 20-30 жылдан соң бұл мазарлар мүлде жойылып кетуі әбден мүмкін. Аты-жөні жазылмаған зираттар да бар. Сондықтан алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қайта жөндеу жұмысы жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Жоғарыда Өтеген би туралы біраз мәліметтер келдірдік. Өтеген бидің мазары да осы қорымда жатыр. Ол кісі де елуден асып қайтыс болады. Өтегеннен Оспанбек, Ыбыраймолда атты екі ұлы, Аққоян, Ақкүміс, Күміс, Әспет, Мәйкө, Бәтен деген қыздары болған. Мәйкөнің шын аты Ұлтуар екен, артынан Ыбыраймолда туған соң «Ұлтуарым майкөтен» болды деп қуанып, кейін Мәйкө атанып кетіпті. Мәйкө 1901 жылы туған. Өтеген Жәдігер руының азаматы Ыстаймен жан жолдас болып, екеуі бесік құда болуға серттесіпті. Кейін Мәйкө мен Мұқаметқалиды отау қылып шығарыпты. Оспанбек «қаш- қашта» арғы бетке (Қытай еліне) өтіп кетеді. Ал Ыбыраймолда осы жақта қалып, Кеңес өкіметіне қызмет ете жүріп, ашаршылықта астыртын халыққа көмектесіп отырған.

Бөрібай би ауылындағы Бүгілдің сайындағы «Кісіқырылған» деген атпен ел есінде қалған жер бар. Қытай жеріне қашып бара жатқан бір ауылды қызыл әскерлер қырып тастаған. Ыбыраймолда Өтегеновке «Қызмет бабын пайдаланып, туған-туыстарыңды Қытай еліне қашуға көмектестің, қару- жарақ тасыдың» деген жала жабылады. 1931 жылы (бұрынғы ОГПУ) Үштіктің шешімімен бандылар көтерілісіне қатысы бар деп қамауға алады. Сөйтіп Ыбыраймолда бес жылға сотталады. Ол Беламор-Балтық каналындағы құрылыста жазасын өтеп келеді. Келген соң соң «Октябрь» ауданындағы «Соцжол» ұжымшарына келіп жұмыс істейді. Тағы кеңеске қарсы үгіт жүргізді деген жаламен Алматы облыстық Үштіктің шешімімен (УКВВД) 1937 жылдың бірінші желтоқсанында 58-10-шы баптың 1 тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айрылады. Бұл жолғы жазасын ол Амур теміржолы НКВД лагерінде өтейді. 1947 жылы тағы жаламен 1жылға сотталады. Қайтып келген соң ауылында еңбек ете бастаған кезінде 1950 жылы Қазақстан Жоғары Сотының шешімімен ауыл ішінде Кеңес үкіметіне қарсы үгіт- насихат жүргізді деп жала жабылып, он жылға сотталады. 1951 жылы 15 мамырда Қаз КСР Жоғарғы соты істі қайта қарап, жазаны алты жылға қысқартады. Сөйтіп Ыбыраймолда Өтегенов 1956 жылы туған жеріне оралады. Келгеннен кейін де Қытай елінен оралған туыстарды елге алып қалу жұмысымен айналысады. Ел ішінде Ыбыраймолда атамызды «жүрегінің түгі бар» деген сөз жиі айтылатын. Елге оралғанда атамыз «жеті күн мұзда тұрғанда өлгем жоқ, енді өлмеймін» деген екен. 1959 жылы 25 шілдеде туған бауыры Оспанбекпен аман-есен 30 жылдан соң қауышады.

Ыбыраймолданың Диханбай, Сабаншы, Шортанбай, Әділшайық деген ұлдары, Рыстай атты қызы болды. Әділшайық Ыбыраймолдаев Панфилов ауданының тұңғыш әкімі болып, абыройлы қызмет етті.

Роза Ыстай,

журналист,

Панфилов ауданы.

Q-Andas ақпарат.

Суретте: Өлкетанушы-журналист Қажет Андас, өлкетанушы Базарқан Жекебаев пен журналист Роза Ыстай.

2 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 53
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

February 2, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

December 1, 2025
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

November 28, 2025
Хангелдіұлы Бейсен би
Қасиетті жерлер

Хангелдіұлы Бейсен би

November 20, 2025
Үлпілдек Дарабоз ана
Қасиетті жерлер

Үлпілдек Дарабоз ана

November 17, 2025
«Үйтас» петроглифтері
Қасиетті жерлер

«Үйтас» петроглифтері

November 17, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz