Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Кропаткин Жетісуға келді

admin
2026/08/31
Қажет дерек
0
Кропаткин Жетісуға келді

Алматы қ. 1926 ж.

… Комиссарлар жасалып, жер-жерден қашақтарды тамақтандыратын орындар ашты. Қазақтардан жиналған жәрдемді жеткізуге, үлестіруге делдалдық қылды. Мұндай қашақтарды қарсы алатын орындардың үлкені қырғыздар үшін Қарақолда ашылды. Бірақ сол 1917 жылда да қазақ-қырғыз шығынының есебі алынған жоқ.
Қазан айының ішінде Түркістан генерал-губернаторы Куропаткин Жетісуға келді. Куропаткин Жетісудағы көтерілісті басу туралы тығыз ретте жетісулықтарын, әскер күштерін, өзі нұсқап тұрған болатын. Ақыры Жетісуға ол өзі келді. Ол жүргенде жолшыбай орыс халқы нан-тұз алып шығып, оның аяғын құшып жылады, қоңырау қағып құрмет қылды. Қазақтар алдынан үй тігіп, ат алып шығып «жарым патшамыз» деп табаннан тік тұра құрмет етті. Қол қусырып кешірім сұрады. Сондықтан Куропаткиннің алдынан шыққан, Қалқамыс еліндегі Қасқарау руының бір ақсақалы былай дейді: «Курепеткен генерал келе жатыр деген соң үш болыс елдің «баскөтерері» үй тігіп, ат алып Қордайдан алдынан шықты. Алматыдағы Фольбаум да Қордайдан алдынан шыққан екен. Бізге Қалқамыс пен Қордай арасында жолықты. автомобилмен келіп, бекетке түсті. Қасында Тынышбаев деген найман жігіт бар екен. Бекетке біраз тоқтады. Үш болыс елдің сабағы түгелімен жиналған еді, қалың қарақұрық кісі болды. Адам сөйлеп, жауап қатуға жарамады. Сонда Керапаткин тұрып, «Не айтамыз?» деді. Сонда мен тұрып: «Тақсыр! Ұлығымыз! Патшаға қарсылық қылғандар қашып-пысып жүр. Қалған жұртыңыз «Құдай бір, ақ патша бір» деп қарап тұрмыз» дедім. «Жақсы» кісі екен. «Иә, патшаға қарсылық қылған бұзықтардың қатты жазасын береміз. Сендер бүлінбей жігіттеріңді бере беріңдер» деді де жүріп кетті.
Куропаткин келіп Жетісудағы көтерілісті зерттеп, оның түбінен қалдығын жоғалтуға жинақы кірісті. Оның жалпы бір жиында сөйлегенде, былай деп сөз бастағаны бар.
«Қасқырлардың бастықтарын ұстау өте керек-ті, қалған қойдың көпшілігінің күнәсін кешсе де болады. Осы жөнінде мен Патшаға Қарақол және Пішпектің қырғызына кешірім болмайды. Оларға болыстары (елі) түгелімен ауыз жаза бұйырылады. Ыстықкөлдің барлық өңірлері, Кебен өлкесі түгелімен қырғыздан алынады. Тентек қырғыздар Нарын өлкесіне айдалады. Бұл ауыр жаза – көтерілісшілерді жерден айыру, оларға үлкен сабақ болады. Қайбыр көтеріліс аса күшті болмаған жерлерде, онда апатшылықты қолдан істеп қоқырақтай беруге болмас. Жетісуды басқан қайғы үлкен-ақ. Бірақ шатақты көбейтіп, оны молайта берудің қажеті жоқ» деген.
Куропаткин Алматыда тұрып қазақ әскерге жылдам алынуына, әскерді тәртіптеу туралы, казак–орысты жайластыру, шабылған орыстарға тез жәрдем беру, өкімет ісін реттеу, қазақ-қырғыздың көңілін басу, көтеріліске қатысқан қазақ-қырғыздарды жазалау, жалпақ елдерді қоныс аударту, көтерілістің қалған сарқыншақтарын түптеп құрту туралы мықтап шара қолданды. Жоғарыда өзі айтқандай, Қарақолдың уезінен (Ыстықкөл алабы) қырғыз түгел сүріліп, Нарын өлкесіне жер аударылып, жеке Нарын уезі жасалады. Қарақол уезі орыс уезі болатын болды. Пішпек уезі тау арқасы қырғыздары сүріліп, бұрынғы мекені Кебендердің өлкесі орысқа алынды. Жаркент уезінен Шалкөде, Текес өлкесі алынып, онда казак-орыстар отырғызылатын болды. Әр жерлерде казак-орыс қалалары күшейтіліп, жаңадан салынып, приставтардың тұратын учаскелері қайта жобаланады.
Қазанның 16-сында Алматыда болған Куропаткин бастатқан шенеуніктер мәжілісі, Жетісуда көтерілістен кейін жер алу, жаңа уез жасау сияқты бірқатар жоба жасалды.

ҚР Орталық мемлекеттік архив: қор (ф.) Р-1368; тізбе (о.):І; іс (д):56.)
қолжазба араб харпінде.
Дереккөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1685308

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 65
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz