Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Андас Омарақын ізімен

Наурыз қалай тойланады?

admin
2025/02/17
Андас Омарақын ізімен
0
Наурыз қалай тойланады?

Наурыз мейрамында астрономиялық жер қозғалысы күнмен түннің теңеліп, күннің ұзару сәтіне тура келеді. Осы күнді “Ұлыстың ұлы күні” деп ұлықтаған ата-бабаларымыз кемінде жеті түрлі немесе одан да көп дәмнен наурыз көже жасап, Наурыз жырын айтып, жаңа жылдан мейір-шапағат тілеп, мәре-сәре болып қалады.

Бұл мейрам Қытай қазақтары арасында көне жыл есебі бойынша ақпан айының 20-сынан тойлана бастайды да, тура отыз күн дегенде, яғни наурыз айының 21-і күні аяқталады. Ал 22-наурызда бүкіл ұлыс болып құтты мерекені ұзатып салады. «Ұлыстың ұлы күні» дегеніміз осы.

Наурыз мерекесінің ең бір маңызды тұсы – жердің тоңы жібіп, қолдағы мал өріске шығып, қолы босай бастаған қауым бір-бірінің хал-күйін білуге мүмкіндік алуы. Әрине, ертедегі көшпелі жұрт бір-бірінен шалғай орналасқандықтан қыстыгүні өзара хабар алысуы қиынға түскені анық. Бұл қатарға Қытай қазақтарын да жатқызуға болады. Іле мен Ертіс өзендерінің бойын сағалаған ел малдың қамы үшін тау жағалап, өзен сағалап тіршілік етті. Бір ауыл мен екінші ауылдың арасы өте шалғай болғандықтан күз бен қыс айларында бірімен бірі хабар алыса алмай қалатын кездері болды. Оған көбіне табиғаттың тосын мінезі себеп болып жатты. Ал наурыз айы туа сала хабарсыз кеткен ел бірімен-бірі хабарласып, амандығын білісіп жатады. Осы берекелі тірлікті Наурыз мерекесінің жыр-думаны әспеттей түсті. Сондықтан Қытайдағы қандастарымыз көне жыл есебі бойынша наурыз айының тақ күндері, орналасқан жеріне қарай кезектесіп, жеті дәмнен наурызкөже жасап, көрші ауылға қыдырып барып, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп тілек тілесіп, аман-есен жаңа жылға жеткеніне қуанысқан. Бертін келе, мереке салтанаты да өзгере бастады. Онда Наурыз айы басталған соң ауылдың бір басынан бастап, көше-көше де наурызкөже жасалады. Адамдар топ-топ болып үй аралап қыдырып, көже ішеді. «Наурыз бәйітін» айтып, түрлі көңіл ашу шараларын өткізеді. Бұл күні балалар шаттыққа шомады. Олар күндіз тепкіш теуіп, батбырауық ұшырса, кеште жасырынбақ ойнайды.

Дей тұрғанмен, социалистік идеологияның салқыны атаулы мерекеге кері ықпал еткені бәрімізге мәлім. Тіпті, бір кездері оны көненің көзі ретінде шектеу қойғаны да анық еді. Алайда бұл жүйе халықтың нанымы мен сенімін, дәстүрі мен өмір сүру қағидасын түбегейлі өзгертіп кете алған жоқ. Бүгінгі таңда осыдан 20-30 жылдың алдындағыдай жыр-думанды мереке болмаса да, әр үй сайын көже жасап, құтты күнді қызу қарсы алу сақталып қалды. Қазір мұндағы ел жаңаша жыл сануға көшкенімен, ауыл және мал шаруашылығымен шұғылданатын тұрғындар көнеше жыл қайыру бойынша да шаруасын реттеп отырады. Ауа райын, адам тағдырын, табиғаттағы тосын өзгерістерді жыл қайыру арқылы болжап отыратындар да көп.

Сөз орайы келгенде айта кетейін, қытайлықтар жылды мүшелдеп санау тәртібін қолданып келеді. Олардың тарихи құжаттарында 12 мүшел бойынша жыл санау (көне жыл есебі) заманымыздан бұрынғы 2637 жылы 6 наурыздан басталған деп жазылған. Қазір қытайлықтар әдетте жаңаша күнтізбені қолданғанымен, олар да жаңа жыл мерекесін ақпан айында тойлауды дәстүрге айналдырған. Тіпті, экономикалық, әлеуметтік жоба-жоспарларын да көнеше жыл есебі бойынша бағыттап отырады. Бұл олардың экономикалық тұрғыда басқаларға тәуелділіктен құтқарып отыр. Бүгінгі Қытай экономикасының дамуының түпкілікті себебі де, міне, осы. Сондықтан біз де ата-бабамыздың ұстанымдарына негізделе отырып, Наурыз мерекесін тек мейрам ретінде ғана емес, қазақтың Жаңа жылы деп танығанымыз жөн. Саяси-әлеуметтік, экономикалық жоспарларда соған сай құрылса ұтылмаймыз дегім келеді.

Қажет Андас.

 

Қаралым 33
Елдіктің жолы
Андас Омарақын ізімен

Елдіктің жолы

April 16, 2026
Құт мекен
Андас Омарақын ізімен

Құт мекен

April 15, 2026
Білім көкжиегі
Андас Омарақын ізімен

Білім көкжиегі

April 13, 2026
Ұлар мен қырғауыл
Андас Омарақын ізімен

Ұлар мен қырғауыл

April 6, 2026
Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт
Андас Омарақын ізімен

Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт

April 3, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 31, 2026
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz