Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Тұрлымбет шешен

Тұрлымбет шешен Талдықорған қаласы, Еңбек ауылының қарсы бетіндегі зиратқа жерденген.

admin
2026/08/30
Тұлғатану
0
Тұрлымбет шешен

Тұрлымбет Бекенұлы Мырзаның Аман атасының Қожаназар әулетінен тарайды. Атақонысы Қаратал ауданының қонысы.

Тұрлымбет жасынан өте пысық, ақылды, тапқыр, айлакер болып өседі. Ол айлап, жылдар алыс-жақын елдерді аралап, жұрт арасындағы беделді адамдармен жолдас болған. Тауып келген мал-дүниесін ағайындарына бөліп беріп отырған. Тұрлымбеттің әкесі кедей, момын адам болыпты. Бұл жайлы Қалқа Жапсарбаевтың «Тұрлымбет туралы аңыз» дастанында:

Қалыпты ажал жетіп, Садбен өліп,

Артында тірі қалған төрт ұлы еріп.

Бекеннің өзі кедей, жалғыз атты,

Басына әкесінің барғыш бопты.

Молданың сауап деген тіліне еріп,

Моласы ауылының түстік жерде.

Жұма сайын оқиды Құран келіп,

Әкесіне қайтады тамақ беріп.

Астындағы жалғыз атын жауыр қылды,

Шаруаға қарамастан көңіл бөліп.

Алмайды қатын-бала айтқан тілін,

Болған соң өз қолында толық ерік.

Әкемнің еңбек күшін айтайын деп,

Бекенге осындай бір бітті желік.

Тұрлымбет он үш жаста сол уақытта,

Айтады әкесіне ақыл беріп:

  • Құр бекер жалғыз атты сандалтқанша,

Онан да тіршілікті біз ізделік.

Айтайын бір ауыз сөз, тыңда аға,

Ол кісі сізге – әке, бізге – баба.

Жазғанда келген адам кетіп жатыр,

Құдайдың құдіретіне бар ма шара?

Мынау ел егін салды тірлік етіп,

Онан да шаруаңызға әке, қара.

Бар малың – жалғыз атың астыңдағы,

Байқашы, басқа мал жоқ бізде және.

Адамға тамақ-киім бірдей керек,

Абайлап жан-жағына бірдей қара.

Ел қазір істеп жатыр тіршілік қып,

Асырар сізде де бар қатын-бала.

Өлгеннен хабар алып келген бар ма?

Әшейін мұның бәрі салт пен сана.

Молданың нәсихаты жай бір сөз ғой,

Мұның да аяқ жағын байқап қара.

Адамның досынан да дұшпаны көп,

Бұйте берсең көрінген қылар таба.

Бермедің жалғыз атқа бір күн тыным,

Ойпырым-ай, қайда кеткен сіздің сана, – делінеді.

Әкесі Бекен баланың тілін алмай Садбеннің түстік жердегі зиратына жұма сайын барып, Құран бағыштап, көп уақытын құлшылыққа беріп, шаруасын шатқаяқтатып алады. Тұрлымбет әкесінің осы ісін тоқтатпақ болып, құлық құрастырып, аруақ болып жасанып, ақыры әкесін осы жолдан қайтарады. Дастанда:

Үйінен кешке таман бала шықты,

Күндігін шешесінің ала шықты.

Әр жерін ақыретше  буу үшін,

Бір ине, бір шумақ жіп ала шықты.

Бір елге қасындағы бала қонды,

Ойлаған ойындағы құлық шықты.

Жүгіріп ертеменен мола барып,

Ойылған бір мүрдеге бала бұқты.

Моланы енді қайтып көрместей ғып,

Осылай әкесіне құлық қыпты.

 

Молада бұғып жатыр жалғыз бала,

Маңында ел жоқ, жұрт жоқ жапан дала.

Түсті де көк шолақты тұсай салып,

Оқыды Бекен құран келе сала.

«Алғанду…құлағузы… құлқу Алла,..»

Оқыды қирағаттап неше пара.

Жүйріктей жеке шапқан деген осы,

Боп отыр зор ғұлама – жеке дара.

Бейішке қолыменен шығарғандай,

Құранды оқып отыр неше сала.

Молаға дұға оқып боп көзін салды,

Пәлені сүйретілген көзі шалды.

Топырақ үсті-басы, сұрқы жаман,

Құранды енді оқудың жөні қалды.

 

  • Иә, қозым, бабаң саған риза, – деп,

Моладан шыға сала айғай салды.

  • Келесің жұма күнді қаза қылмай,

Риза боп жүремін, балам, саған.

Артымда үш-төрт күшік қалып еді,

Баламның сенен басқа бәрі де аман.

Келмейді өзге балам маңайыма,

Істедің көп жақсылық, балам, маған.

Жалғыздық адамзатқа қиын екен,

Болмаса аға-жеңгең, қатын-балаң.

Бұл жерде жалғыз өзім жүре алмадым,

Өзіңді енді, балам, қасыма алам.

Дегенмен болды бірдей басыңды алам.

 

Жүрмейтін бұрын Бекен көтін қысып,

Құдайшыл, шариғатшыл өзі пысық.

Әкесі келесің деп шақырғанда,

Жіберді қорыққанынан құсып-құсып.

Қараса есін жиіп кеш боп қапты,

Орнынан зорға тұрды үш ұмтылып.

Мәңгіре көк шолаққа мініп алып,

Жөнелді «Ә, құдайлап..» жолға түсіп.

Жүре алмай келе жатыр есі ауып,

Тепеңдеп көк шолақпен тынбай шауып.

Келеді зәресі ұшып жылап-сықтап,

Қай күні ажал бар деп қылып қауіп.

Кетем деп бұл дүниеден арманда боп,

Жылайды жас баладай ауық-ауық.

Жүре алмай ат үстінде талмаусырап,

Ауылын алла-азармен алды тауып.

Бекеннің түсін көріп шошып қалды,

Далада отырған ел малын сауып.

Міне, осылай әкесін  бетінен қайтарған бала Тұрлымбет есейе келе елдің мұңын жоқтайтын, азулымен алысып, жеменқормен белдескен азаматқа айналады.

Тұрлымбет жиырма бірге жасы жетті,

Түлкідей түрленеді, жалғанда епті.

Кейде адам, кейде пері, кейде сайтын,

Істеп жүр құлықпенен талай кепті.

Не төре, нелер биді, нелер сараң,

Білдірмей соның бәрін ептеп «жепті», – деп жырлайды дастанда.

Тұрлымбет оң-солын танып, әбден пісіп-жетілген тұсында алыс-жақын елдерді аралап, олардың тұрмысы мен тіршілігін, өмір сүру салты мен дәстүрін білу мақсатында ағайыны Қошқар мен Мәнбет, Сүгір мен Байсейітті ертіп, Сарыарқаны аралауға шығады.  Дастанда:

… Осымен арасында көп жыл өтті,

Тұрекең жиырма тоғыз жасқа жетті.

Бір күнде тоқсан тоғыз құбылады,

Өнерпаз адамзатта болған епті.

Кейде әйел, кейде пері, кейде молда,

Талайды амалменен алдап жітті.

Қасына үш-төрт тәуір жолдас ертіп,

Баруға Сарыарқаға көңілі кетті.

Аралап ел жарлысын көру үшін,

Көңіліне осындай бір ақыл кепті.

 

Шақыртып Қошқар менен Мәмбетті алды,

Сүгірмен, Байсейітке хабар салды.

Барайық ат өксітіп алыс жаққа,

От басы торымай-ақ кепсір, шалды.

Қаратау атажұртын тегіс көрдім,

Көрмеген Сарыарқаның елі қалай.

Сарыарқа желі жұпар, жері жібек,

Айрықша Сарыарқаның елі малды.

Дәм таттым Еділ, Жайық талай жерден,

Көрмеген Сарыарқаның елі қалды.

Төрт батыр бұл ниетті қалай дейсің,

Сол елге жүрсем деген көңілім бар-ды…

Сол сапарында Орта жүздің талай сұлтаны, биімен кездесіп, өзінің тапқырлығы арқылы ел намысы талқыға түскен кездерде Жалайыр елінің даңқын аспандатады. Сол сапарында атақты Бексұлтан төрені сүріндіріп, тағы да атағын аспандатады.  «Тұрлымбет туралы аңыз» дастанында Тұрлымбеттің Ұлы жүздің атақты биі Сары биді қалай жеңгені туралы да айтылады.

Бес-он жыл арасында тағы да өтті,

Істеді ойға келген талай гәпті.

Бұл-дағы дүние қуған бір қу түлкі,

Құлығымен көтерген талай жүкті.

Тимейді кедей менен кембағалға,

Жемдеді қожа-молда, би мен бекті.

Бар ма деп жетер жерде би мен шора,

Тұрекең төңірекке құлақ тікті.

Сары үйсін, Сары биді көрген адам,

Әрі әділ, әрі дейді екен текті.

 

… Өзі Сары болғалы

Мұндай қонақ көрмеді.

Мұнан бұрын Сарыны

Жоқ еді ешкім жеңбеген.

  • Негізі қай ел болады,

Жөніңді айтып бер, – деді.

  • Руымды сұрасаң –

Жалайыр деген ел, – деді.

  • Жалайыр болсаң, батырым,

Тұрлымбетпісің сен, – деді.

  • Жалайырдың ішінде

Руым мырза әліке

Қожаназар баласы

Тұрлымбетпін мен, – деді.

  • Тоқтат, батыр, сөзіңді,

Сыртыңнан қу деп естісем,

Көзім көрді өзіңді.

Мен жеңілдім, сен жеңдің!

Сөзіңнің бәрі жөн, – деді.

Сары үйсіндегі Сары би

Адамзаттың шешені

Белгілі бидің біреуі

Үйсіндегі көшелі.

Мен жеңілдім, сен жеңдің,

Тұрлымбет батыр деседі…

Тұрлымбет 63 жасқа қараған шағында созылмалы науқастан тәуір бола алмай қайтыс болады.

… Тұрлымбет аты шығыпты,

Ақыл-айла өнермен.

Сол ауырған науқастан,

Алпыс үш жаста жөнелген.

Артында қалған ұрпағы,

Өркендеп, өсіп көгерген.

Тұрлымбеттің бұл сөзі –

Ертегі болып бір күнде

Ел аузында жүретін.

Қулық-амал, өнерсіз,

Өткізбепті тірлікті.

Өмірінің минөтін,

Көрден-көрге жүгіртті.

Толықсып жатқан бай көрсе,

Қызыл алтай түлкідей,

Қыдырлы ойдым сай көрсе,

Осыменен тоқтаттым.

Жаза берсем әлі де,

Айтылмай қалған сөзі көп,

Естіген адам күлетін.

Үш ғасырдай болыпты

Сол Тұрлымбет өлгелі.

Баспаға барып беруге,

Кезі мұның келмеді.

Әңгіме болып жүруші ед,

Істеген жұмыс өрнегі.

Кезі енді келгенде –

Қалайша мұны бермеді.

Қисынсыз болса сөкпеңдер,

Осы болды Қалқаның –

Тілінің күші келгені, – деп Тұрлымбет шешеннің өмірін өрнектеген дастан аяқталады. Оның артында он ұлы қалып, бүгінде өніп-өсіп, олардың арасынан жұрт қалауына бөленген талай азамат шықты. Тұрлымбет шешендік өнерге жетік, ауыздыға сөз бермеген әйгілі ділмар болғаны белгілі. Тұрлымбет шешен Талдықорған қаласы, Еңбек ауылының іргесіндегі зиратта жатыр. Ұрпақтары 1990 жылы жатқан жеріне белгітас қойығанмен, оның айналасын абаттандырып, ары-бері өткен жүргіншілер тәу етіп аттанатын жерге айналдыру – бүгінгі ұрпақтың иығында жүктелер парыз деп білем. Өкінішке орай, оның қағытпалары ел арасында таралып жүргенімен, әлі күнге жинақталған жоқ. Бұл алдағы күннің еншісінде.

Қажет Андас,

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

 

Қалқа Жапсарбаевтың

«Тұрлымбет туралы аңыз» дастаны бойынша реттелді .

Дереккөз: «Өткені ерен, келешегі кенен ЕРКІН» кітабынан алынды.

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 47
«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз
Тұлғатану

«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз

August 24, 2026
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

August 31, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

August 31, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

August 31, 2026
Қайырымдылықтың қайыры мол
Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

August 31, 2026
Ырысы тасыған әулет
Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz