Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қуғын-сүргін

Тар жол, тайғақ кешуі

admin
2026/03/05
Қуғын-сүргін
0
Тар жол, тайғақ кешуі

1937 жылдың «ұр да жық» содыр саясатына, сталиндік жеке басқа табыну заманындағы жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың қатарында Қиыр Шығыстан еріксіз жер аударылған кәрістер де бар. Осы бір еңбекқор, момын халықтың көрген қорлық – зомбылығы жөнінде кәріс мәдени орталығының төрайымы, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Валентина Васильевна ИН былайша әңгімелейді.

– Әр халықтың тарихында, әр елдің өмір белестерінде өзіндік қиындықтары, қатал да қайғылы «тар жол, тайғақ кешулер» бар. Кәріс халқы үшін аталмыш зобалаң 1937 жылы Халық Комиссарлары Кеңес мен Кеңес Одағы Коммунистік партиясы орталық комитетінің «Кәріс тұрғындарды Қиыр Шығыстан жер аудару туралы» И. Сталин мен В. Молотов қол қойған қаулысынан басталды. 1937 жылдың 21 тамызы кәріс халқы үшін ең сұмдық та қатал, қайғылы күн ретінде өз тарихында мәңгілік жазылып қалып отыр. Өйткені, бұл күні шыққан қаралы қаулы бойынша бір адам емес, он, жүз адам емес, тұтастайбір халықты еріксіз күштеп өздерінің орын теуіп, бейбіт өмір сүріп жатқан аймағынан Қазақстан мен Өзбекстан жеріне жер аудару нәубеті басталды. Бұл қайғылы жер аудару «Қазақстан кәрістері» аталатын этникалық топтың пайда болуына әкеліп соқты.

Қаулы бойынша Қиыр Шығыстың тек шекралық аймақтарының тұрғындарын қоныс аудару көзделсе, іс жүзінде содыр да соқыр саясат ұстанған, «шаш ал десе, бас алатын» саясатшылр сол аймақтағы бүкіл кәріс халқын жаппай жер аударуға қызу кірісіп кетті. Сонда бұл нәубет не үшін жасалып отыр? Әр ұлттың арасында кездесетін кейбір сатқындарға қолданатын жаза бүкіл кәріс ұлтына да қолданылды. Сол ұлтқа саяси сенімсіздік білдіріп, кәрістердің Оңтүстік Қазақстан облысының Арал теңізі мен Балқаш көлі аудандарына қоныстандыру көзделгенімен, іс жүзінде Қазақстанның шекралық аймақтарынан басқа аудандардың бәріне тарыдай шашып жіберді.

Күштеп жер аудару сол жылдың қыркүйек айының алғашқы күндернен басталды. Салқын түскеніне қарамастан халық жүк поездарына аузы-мұрнынан шығарыла толтырылды. Бір отбасының ададмдары әр вагонға орналастырылу салдарынан анасы баласынан, ағасықарындасынан көз жазып қалып, олардың бір-бірімен өмір-бақи табыспай кеткен жағдайларыда кездесті. Тіпті, қолында не жеке құжаттары, не жол билеттері болмай, бәріне сенімсіздік білдіргендіктен олар поездың тексерушілерінің қолында болды. Аш-жалаңаштыққа ұшырады. Ел арасында жұқпалы індет тарап, көбі ауырып, олардың қазаға ұшырау жағдайлары орын алды. Жер аудару туралы қаулы шыққаннан кейін үш күн өткен соң-ақ Алматы мен ТАшкент қаласына Ежовтың жасырын кодпен берілген шұғыл шифрограммасы келіп жетті. Онда кәрістердің бой тасалып қалуын болдырмай, бүкіл Кеңес Одағы бойныша бытырап кетуіне, олардың орналасқан жерінде жапон тыңшыларымен байланыс жасауына жол бермеу үшін қырағалықты күшейту жөнінде арнайы нұсқаулар берілген. Ішкі істер Халық коммисариатының жоспары бойынша Қазақстанға 6 мың отбасы жер аударылуы тиіс болса, ол өзгертіліп, 14600 отбасы және 685 қызметкерлердің отбасын қоныстандыру жоспарланып, іске асырылды. Басқа ұлттардағы сияқты, кәрістерден де «халық жаулары» әшкереленіп, оларды Солтүстік теміржолдары құрылыстарына, КомиССР, Сібір, Норильск лагерлеріне жер аударып жіберді.

1937 жылдың қыркүйек айында қырғыз, түрікмен, өзбек елдеріне босып кеткен қазақтардың қайта оралтып қоныстандырып жатқан қарбалас сәтте кәрістердің де алғашқы эшелондары келіп жетті.

Ашаршылықта халықтың тең жарымынан айырылып, тұралап қалған қазақ жеріне жер аударылушы – күрдтер, түріктер, чешен, тағы сол сияқты халықтар қоныстана бастады. Алғашқы кезед5 мың отбасы он сегіз эшелонмен Оңтүстік Қазақстанға екі эшелонмен үштөбе қаласына, 652 отбасы бір эшелонмен Солтүстік Қазақстан жеріне түсірілді. Қазақстанға барлығы тоқсан эшелонмен 20789 отбасы, яғни 98 мың кәріс қоныстандырылды.

Қиыр Шығыстан Қазақстанға педагогикалық институт, педагогикалық техникум, төрт орта мектеп, сегіз орталау және жиырма үш бастауыш мектеп көшіріліп әкелінді. Радиостудия, кәріс газеті және театр келді. Кәрістердің өздеріне жер иеліктері беріліп, жеке колхоздар, аралас шаруашылықтар, балық және оны өңдеу шаруашылықтары құрылды. Оларға жүгері, соя, арпа, бидай сияқты дәнді дақылдардың тұқым таратылып беріліп, егіншілікпен айналысу мүмкіндік жасалды. Қазақстандағы күріш шаруашылығын кәрістер бастағынын мақтанышпен айтуға болады.

Халқымның осындай геоцидті басынан кешкенін айта оытрып мен ұлы қазақ халқының қонақжайлылығын, арып-ашып келегн халыққа ауыздағысын жырып беріп, нан-тұзымен бөліскен дархандығын бауырмалдығын өте ризалық сезіммен айтпай кете алмаймын. Қазақ халқының  дсотық құшағы арқасында хадық ретінде жер бетінен жойылып кетпей, оқып, білім алып, екінші Отанымызда тең құқылы Республика азаматы атандық. Республикалық кәріс күлдіргі театры, «Коре ильбо» ұлттық газеті, ҚазМҰУ-де, Алматы, Қызылорда университеттінде кәріс ұлттық бөлімдері бар.

Ұлттық мәдениетіміздің өсіп-өркендеуіне қазақ елі жол ашып отыр. Үш жыл болды. Республикалық кәріс өнерінің фестивалі дәстүрлі түрде өтіп жүрсе, ал кәріс тілінің рсепубликалық конкурсы жыл сайын өткізіледі. Мысалы, біздің ауданымыздағы Дзержинский атындағы мектептің үш бірдей оқушысы сол конкурста өткен жылы жүлдеген атанды. Республика бойнша кәрістер көп тұратын облыстарда, оынң ішінде бізідң облыста (қазіргі Талдықорған қаласы) кәріс халқының қоныс аударылуының 60 жылдығы күніне ораай «Қазақстан халықтарының ортақ отбасында» атты дестиваль өтеді.

Ғабдул-Сәбит Юсуптың естелігі,

Қаратал ауданының тұрғыны.

Жарияланды. -Алматы: «Жетісу» газеті.№65. 1997. -4 б.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 34
Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)
Қуғын-сүргін

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 15, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 13, 2026
Түркістан жерінің бөлінуі
Қуғын-сүргін

Түркістан жерінің бөлінуі

April 6, 2026
Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы
Қуғын-сүргін

Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы

April 3, 2026
Тәркіленген байлар
Қуғын-сүргін

Тәркіленген байлар

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz