Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Тарбағатай аймағының азаттықтан бұрынғы баспасөз тарихы

Тарбағатай өңірі - Шыңжаңдағы ұлттық мәдениет пен ағартушылықтың іргелі орталықтарының бірі. ХХ ғасырдың бас кезінде Шәуешек пен оның маңында жаңаша оқу-ағарту ісі кең өріс алып, алғашқы мектептер мен баспа ісінің негізі қаланды. Сол кезеңдегі жергілікті зиялылардың қажырлы еңбегі нәтижесінде алғашқы газеттер мен журналдар пайда болып, халықтың рухани оянуына, ұлттық сана мен еркін ойдың қалыптасуына серпін берді.

admin
2025/10/24
Елтану
0
Тарбағатай аймағының азаттықтан бұрынғы баспасөз тарихы

ХХ ғасырдың басында Шәуешек қаласында жаңаша мектептер ашыла бастады. 1907 жылы «Намуна», 1910 жылы «Ғұмария», 1914 жылы «Тұран» мектептері жұмыс істеді. 1911 жылы Гүландам Қабиболлина Шыңжаңдағы тұңғыш қыздар мектебін ашып, әйелдер оқу-ағарту ісіне жол салды. 1925 жылы Ныяз Ысқақи басқарған «Тұран» мектебінің оқушылары Қазан қаласынан баспа саймандарын әкеліп, алғашқы баспа ісін бастады.

Шәуешекте шыққан «Біздің тауыш» газеті – Тарбағатай аймағындағы алғашқы тұрақты мерзімді басылым. Редакторы Ныяз Ысқақи. Газет қоғамдағы саяси, мәдени мәселелерді қозғап, халықты білім мен ғылымға шақырды. 1932 жылы Жин Шурын үкіметі газетті жауып тастады. 1934 жылы Шың Шысай билігі кезінде «Біздің тауыш» газеті қайта жанданды. Газет саяси және әдеби бағытта шығып, халықты оятуға, ағартуға шақырды. Ныяз Ысқақидың «Оян!» өлеңі жаңа өмірге үндеу болды.

Кейін газет тоқтатылған соң, Ныяз Ысқақи мен зиялылар «Жаңа Шыңжаң» журналын шығарды. Ол халықты оқу-ағартуға және саяси санаға жетелеуде маңызды рөл атқарды. 1930–40 жылдары Тарбағатай өңірінде әр ұлт халқы жаңаша мектептер ашып, мәдени өрлеу басталды. Сол тұста Шәуешекте «Қазақ жатақ мектебі», «Махмудия», «Өзбек мектебі», Дөрбілжінде «Ұйғыр ерлер мектебі», «Қыздар мектебі», Шағантоғайда «Рушди мектебі» сияқты оқу орындары бой көтерді.

1937 жылы Шәуешекте мұңғол-қазақ мәдениет қоғамының қолдауымен Шыңжаң бойынша тұңғыш мұңғол тіліндегі газет жарық көрді. Осы кезеңде баспасөздің дамуы театр, опера, драма салаларына серпін берді. Ұйғырша «Надандықтың пәлесі», қазақша «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» сияқты пьесалар сахнаға шықты. 1937 жылы Шың Шысай үкіметі Ныяз Ысқақи мен Нұртаза Шалғынбайұлы бастаған зиялыларды жазықсыз тұтқындап, өлтірді.

1945 жылы 31 шілдеде Шәуешек қаласы азат етіліп, Үш аймақ төңкерісінің аймақтық үкіметі құрылды. Сол жылы 4 тамыздан бастап Тарбағатай уәли мекемесі «Халық ауазы» газетін шығарды. Бас редактор – Қадыр Зұнұни. Газет ұйғыр, қазақ, татар, өзбек тілдерінде шықты. Қоғамдық сана мен мәдени өрлеуді арттыру мақсатында «Оқу-ағарту», «Мәдениет таңы», «Тарбағатай әйелдері» беттері ашылды. 1945 жылы таралымы 1200 дана, 1947 жылы  1890 данаға жетті. Аймақ уәлиі Ғалымжан Әкімбайұлы газетті: «Үкімет пен халықты біріктіретін басты құрал» деп бағалады.

1946 жылы Тарбағатайда төңкерістік жастар ұйымы құрылып, «Төңкерістік жастар» газетін шығарды. Бас редактор Әблимит Ажиов. Газеттің алғашқы таралымы 600 дана болса, кейін 3190 данаға дейін жетті. 1948 жылы газеттің орнына ай сайынғы «Төңкерістік жастар» журналы шықты (50–60 бет көлемінде). 1947 жылы Тарбағатай уәли мекемесі сахара қазақтарының тілдік ерекшелігін ескеріп, «Дөрбілжін хабарлары» атты апталық қазақ газетінің шығуын қамтамасыз етті. Редактор – Жүнісқали Сүлейменов, таралымы 1995 дана болды. 1948 жылы Ахметжан Қасымидың басшылығымен «Шыңжаңда бейбітшілікті және демократияны қорғау одағы» құрылды. Оның Тарбағатай аймақтық атқару комитеті «Халықшы» газетін шығарды. Бас редактор – Әбдіқадыр Зұнұни. Газет аралас тілде – ортақ, қазақ, ұйғыр, татар тілдерінде шықты. 1949 жылы таралымы  4200 данаға жетті. Сол жылы комитет «Бірлік» атты маусымдық журнал шығарып, кейін қытай тіліндегі «Бірлік» газеті де жарық көрді.

Тарбағатайдағы баспасөз тарихы — аймақ халқының саяси және рухани жаңғыруының айғағы. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында жарық көрген «Біздің тауыш», «Халық ауазы», «Халықшы», «Дөрбілжін хабарлары» сияқты басылымдар халықты білім мен мәдениетке үндеп, ұлттық бірлік пен тәуелсіздік идеяларын насихаттады. Осы баспасөз дәуірі азаттық алдындағы ұлт руханиятының ең биік кезеңін көрсетіп, кейінгі ұрпаққа бағалы мұра қалдырды.

Қажет АНДАС,

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 37
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 21, 2025
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 17, 2025
Қытайтану негіздері – Ли Күи
Елтану

Қытайтану негіздері – Ли Күи

November 4, 2025
Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы
Елтану

Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы

November 3, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22  бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім

October 31, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz