Орналасқан жері: Алакөл ауданы, Екпінді ауылының кіреберісінде
Зерттелуі: өлкетанушы-журналист Қажет Андас зерттеп жүр
Сипаттамасы: Ескерткіш күрежолдың бойына орналасқан. Бұрында ескерткіш болмай тұрған кезінде осы маңда жол апаты жиі орын алып, жүргіншілер ары-бері сапарлаудан қиналатын көрінеді. Кейін ауыл ақсақалдары осы жерге жерленген батырдың ұрпақтарын іздеп, тауып, ел азаматтардың жұмылуында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тоқболат Тоқмерген батырға ескерткіш орнатады.
Қоңырат тайпасының Тоқболат руынан шыққан Тоқмерген батыр қыбыр еткенді қағып түсіретін хас мерген болған екен. Оның жүректілігі жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда байқалған. Тіпті, халық үшін қара басын күйттеуге мұршасы келмеген батырдың бар ғұмыры қанды қырғындардың ортасында өткен, деседі.
Бұл кітапта Тоқмерген батырдан бөлек, Тоқболаттан туған басқа да елге еңбегі сіңген жандардың өмірі бейнеленген. Осы орайда, өткенге үңілу, тарихты түгендеу, бабалар аманатын ұрпаққа ұғындыру – бұл, есті жандардың етер тірлігі, деген шежіреші Момбек Әбдәкім Мұрат Төлентаевтың бұл туындысын бір елдің энциклопедиясына балайды.
«Еліне қорған болған ер Тоқмерген» кітабы 13 тарау, 505 беттен тұрады. Оны жинақтауда нақты деректерге сүйенген автор, алыс-жақын елдердегі архивтерді ақтарғанын айтады. Әзірге, 1000 тиражбен жарық көрген туындыға бүгіннің өзінде қызығушылық танытқандар көп.
Аңыз-әңгіме: Орта жүздің Қоңырат руынан шыққан Тоқболат батыр XVІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген.
Атылған бір жебенің үстінен жарып түсетіндей екінші жебені тура атқандықтан Тоқмерген деген атқа ие болған.
Бойы 2,28 метрге жететін алып кісі болған. Атқа мінгенде аяғы жерге тиіп жүрген. Сол себептен әрдайым түйеге мінген.
Мыңбасы болған Тоқболат батыр жоңғар шапқыншылығы кезінде Үйгентас, Аңырақай шайқастарына Сыр бойынан Жалаңтөс Баһадүрмен бірігіп көмекке келген. Жауды жеңіп еліне қайтар жолда қайтыс болады. Содан жерленген жері шамамен Екпінді ауылының кіре беріс жерінде. 2014 жылы Қоңырат елінің азаматтары келіп, ас беріп, құлпытас орнатқан.
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=NIEHguFDiII
https://stan.kz/tokbolat-tokmergen-batyrga-eskertki/
Q-Andas ақпарат.











