Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар Көрме

Туған жерге тағзым – «Мыңбұлақ» жырымен

Талдықорған қаласында «Жетісу» өлкетанушылар орталығының ұйымдастыруымен өткен «Айналайын, Атамекен, Ақмекен!» атты поэзиялық кездесу барысында жаңа жыр жинақ – «Мыңбұлақ» кітабының тұсауы кесілді.

admin
2025/10/23
Көрме
0
Туған жерге тағзым – «Мыңбұлақ» жырымен

Әдеби шара Жастарға қызмет көрсету орталығының жиынжайында өтіп, оған облыстың мәдениет және өнер қайраткерлері, жас ақындар, өлкетанушылар мен оқырмандар қауымы қатысты.

Жиынды «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қажет Андас ашып, ұйымның атқарған жұмыстарымен таныстырды. Оның айтуынша, орталық 2023 жылы құрылғаннан бері аймақ тарихын зерттеу мен рухани мұраны насихаттау бағытында ауқымды істер атқарып келеді. Соның ішінде «100 оба – Қызбейіті» ескерткіші, «Жетісу өрнегі» халықаралық көрмесі, «Қызай өрнек» ұлттық көрмесі, «Ерліктің даңқы өшпейді» әскери-патриоттық конференциясы, сондай-ақ «Аманбөктер жартас суреттері», «Жаркент – киелі мекен» экспедициялары ерекше аталды.

Сонымен қатар орталық мүшелері Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмысына да белсене қатысуда. Олар Жетісу облысы бойынша дайындалған 47 том архивтік және 60 том «Халық жады» материалдарын құрастыруға атсалысқан. Тұсауы кесілген «Мыңбұлақ» жинағы – туған жерге деген сағыныш пен сүйіспеншіліктің мөлдір көрінісі. Алматыдағы «Балауса» баспасынан жарық көрген кітап 21 ақынның таңдаулы өлеңдерін біріктірген. Әр жыр шумағынан елге деген махаббат, туған топырақтың иісі сезіледі.

Жинақтың алғы сөзін белгілі ақын, әдебиеттанушы Мырзагали Тоқтаубай жазған. Ол өз мақаласында «Бұл жинақ – атамекенге оралған ақындардың жүрек сөзі, туған жермен қайта табысудың көркем айғағы» деп баға береді.

Кітаптағы туындылар өмір, туған жер, табиғат пен рухани тазалық тақырыптарын қамтиды. «Мыңбұлақ» – өлеңмен өрілген елге тағзым, жас қалам иелерінің шабыт бұлағы десек, артық емес.

Тұсаукесерде шығармашылық топтың да пікірі тыңдалды:

Әділет Ахмет, жауапты редактор:

– «Мыңбұлақ» – өлеңсүйер қауымның жүрегіне жылу сыйлайтын ерекше жинақ. Әрбір өлеңнен туған жердің иісі, балалық сағыныш пен рухани тазалық сезіледі. Бұл кітап – елге, жерге деген шынайы махаббаттың айғағы. Қаламы жүйрік, ойы терең жас ақындардың үні осы жинақ арқылы көпшілікке жетіп, қазақ поэзиясының жаңа тынысын танытты деп сенемін.

Қырбақ Нұрғали, редактор:

Бұл жинақтағы әр өлең – жүректің сыры, елдік пен ерлікке, туған топыраққа деген құрметтің көрінісі. «Мыңбұлақ» – тек әдеби еңбек емес, рухани көпір. Ол алыстағы мен жақындағы, аға буын мен жас буынды, ақын мен оқырманды табыстырады. Кітапты құрастырушылардың талғамы мен еңбегі ерекше сезіледі.

 Аман Қалиясқарұлы, құрастырушы:

«Мыңбұлақ» – атамекеннің үнімен өрілген жүректер тоғысы. Бұл жинаққа енген ақындардың барлығы да туған жерге, елге деген перзенттік сүйіспеншілігін жырмен өрнектеген. Біз осы кітап арқылы оқырманды сағыныш пен шабытқа, поэзияның мөлдір әлеміне жетелегіміз келді. Әр ақынның үні – бір бұлақ, ал сол бұлақтардың тоғысы – «Мыңбұлақ».

Гүлназ Мақанқызы, құрастырушы:

– Бұл жинақта нәзіктік пен тазалық, туған жерге деген іңкәр сезім тоғысқан. «Мыңбұлақ» – әйел ақындардың үні де, ерлердің рухы да естілетін ортақ сахна. Әр жолда жылылық, әр шумақта шынайылық бар. Оқырман бұл жинақтан өз ауылын, өз көктемін, өз балалығын табады деп сенемін.

 

 

 

 

 

 

Іс-шара барысында “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігінің өлкетанушылары баспадан шығарған 47 кітаптың және Q-Andas ақпараттық агенттігінің qandas.kz сайтының таныстырылымы өтті. Оны бірлестіктің қызметкері Анар Тұрдымұхамет атқарды. Бұл платформа жеті өзеннің бойын жайлаған өлкенің, таратып айтсақ, Қазақстанның Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы, Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысының Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарының, Қырғызстанның Шу, Талас, Нарын облыстарының жаңалықтары мен мәдени-танымдық мақалаларды таратуға бағытталған.

Сондай-ақ, жыр жинағы «Кітап сыйла!» акциясы аясында облыстық және қалалық кітапханаларға тегін тарту етілді. Әдеби шара соңы музыкалық қойылыммен және қатысушыларды марапаттау рәсімімен аяқталды.

«Мыңбұлақ» – тек ақындар жинағы ғана емес, ол – туған жер мен рухани құндылықтарды дәріптеген үлкен мәдени бастама. Жетісу жерінде бастау алған бұл жоба поэзия мен өлкетанудың тоғысында туған жаңа серпін ретінде бағаланды.

Мақаласын жазған Ляззат Мұхамеджан,

Суреттерін түсіріп, бейнебаяндар жасаған: Айнұр Оразбай, Наргиз Ибраймова.

Q-Andas ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 95
Ұлттық киім – ұлт құндылығы
Көрме

Ұлттық киім – ұлт құндылығы

March 19, 2026
35 кітаптың таныстырылымы
Көрме

35 кітаптың таныстырылымы

February 27, 2026
Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?
Көрме

Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?

February 27, 2026
Береке-бірліктің белгісі
Көрме

Береке-бірліктің белгісі

October 22, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz