Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Тынға түрен салған сазгер

admin
2026/02/02
Тұлғатану
0
Тынға түрен салған сазгер

Біздің жеткен биігіміз, жинаған абырой-атағымыз бір нәрсеге өскелең ұрпақты салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтайтын, «Адал еңбек етуді, еңбекпен тапқан қара нан, еңбексіз тапқан жал-жая, қазы-қартадан артықтығын» (Базар жырау) санасына сіңірген ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге бағытталады.  Осы тұрғыдан келгенде қазақ қазақ болғалы қаймағы бұзылмай, таза, мөлдір, кіршіксіз қалпымен жібін үзбей келе жатқан қазақтың музыка өнерінің тамыры тереңде жатыр. Ол өзгеше бояу, ерекше сезім, сырлы әуенімен де жанды елітеді. Сондықтан да кешегі Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Сегіз Сері сияқты даналардың ізін жалғап өткен ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары қазақ музыка өнеріне сүбелі үлес қосқан тамаша композиторлар Өмірбек Байділдаев, Бекен Жамақаев, Әбілахат Есбаев, Нұрғиса Тілендиев, Кенжебек Күмісбеков, Әсет Бейсеуов, Шәмші Қалдаяқов сынды біртуар азаматтар жұлдыздай жарқырап, жұрт жүрегінен орын алды. Сол қатарда Мұратхан Егінбаев та болды.

Белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов Мұратхан туралы: «Біз Жетісу өңіріндегі әйгілі дарындарымыз Ақын Сара, Ілияс Жансүгіров, Мұқан Төлебаевты еске алсақ, мен соларға жалғап Мұратхан Егінбаевтың да есімін атар едім. Көзге қораш көрінгенімен, тұлпар бәйге жолында айқындалады ғой. Мұратхан да өзінің тұлпарлығын солай танытып келеді» деген болатын. Әлбетте, осылай баға берілуінің де өзіндік себебі бар.

Ешқандай музыкалық білімі жоқ Мұратханның таланты ең алғаш рет тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде (1957ж.) Мұқағали Мақатевтың сөзіне жазған «Сағындым» деген әнімен көпшілік жүрегіне жол тартты. Сол тұста әнсүйер қауым автордың кім екенін білмесе де бірден көтеріп әкеткен. Кейін Қанат, Айткүл Құдайбергеновтар қос дауыспен орындағанда ән жаңа қырынан танылып, сахнадан түспейтін болды. Бұл бала сазгердің тырнақалды туындысы болса да тыңнан түрен салған талантының ұшқыны еді.

Мұратхан – басқа мамандық иесі болғандықтан арнайы музыкалық білім алмаған адам. Алайда оның ән өнеріне деген ұмтылысына халықтық музыканың ықпалы зор болды. Жетпісінші, сексенінші жылдары жазған «Аңсағаным, ауылым», «Туған елім, туған жерім», «Үш арыс» әндері сол тұстағы Қайрат Байбосынов, Жәнібек Кәрменов, Бекболат Тілеуханов сияқты танымал әншілердің талғамына сай келді. Дәстүрлі әндерімен қатар Мұратханның эстрадаға арнап жазған «Сәйгүлігім», «Достар-ай», «Сен мені еске алдың ба?» деген әндері Махмұт Тойкенов, Майра Нұркенова, Майра Ілиясова, Мақпал Жүнісовалардың орындауымен әнсүйер қауымның жылы қабылдауына бөленіп, халықтық деңгейге көтерілді. Қазақ радиосының әуе толқында шырқалып, ел арасына кең тарады. Тіпті, шетелдегі қазақтар  Мұратханды білмесе де, оның әндерін құмарта айтады. Осы ретте, «Үш арыс» әні туралы айтпай кетуге болмайды. Себебі, бұл ән кеңес билігінің қаны тамып тұрған 1ұ83 жылы жазылды.

Тар кезеңде бірлесіп,

Бар қатерді бір кешіп,

Еңіреп туған елім деп,

Қазақтың ірілері,

Абайдың інілері,

Сәкен, Ілияс, Бейімбет,

– деп келетін шымыр оймен ширатылған рухты ән жастардың намысын жанып, жігерін ерлетті. 1937 жылы жазықсыз атылған тұлғалардың халқының ыстық құшағына оралғанын бейнелеген бұл әуенді сол тұста тебіренбей тыңдамаған адам кемде-кем. Әуен мен мәтіннің үндестігі, оркестрге өңдеп түсірілуі музыка саласына жаңалық әкелді. Тіпті, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде осындай рухты әндер жастарға дем берді, қайратын тасқындатты десек артық айтқандық болмас еді.

Естеріңізде болса, 2000-жылы республикалық «Жаңа ғасыр, жаңа ән» байқауында ақын Темірхан Медетбековтің сөзіне жазған «Абылай» атты әні «Елім, жерім, Қазақстаным, батырлық, баян – тарихым» номинациясы бойынша «Гран-При» жеңіп алғаны осының дәлелі болса керек.

Елің үшін айқастың,

Жерің үшін шайқастың.

Уа, хан ием, Абылай,

Ешкімнен де ықпадың.

Намыс туын жықпадың,

Маңдайдағы бағым-ай.

Теңіз құсап бұлқындың,

Найзағай боп сілкіндің,

Уа, хан ием Абылай!

, – деп есімі қазақ тарихына алтын әріппен жазылатын баба рухын тірілткен туынды жеке дауыста хор мен оркестрдің сүйемелдеуінде орындалатын шоқтығы биік ән. Ал 1991 Жоңғар Алатауының төсінде үш мың киіз үй тігіліп, қазақ сарбаздарының ұлы қолбасшысы Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойы аталып өтті. Салтанатты шарада Мұратханның ақын Ораз Жұмашевтің өлеңіне жазған «Қаракерей Қабанбай» ән-толғауы концерттік қойылымның арқауына айналып, тыңдарманның ризашылығына бөленген еді. Бұл ән Қазақ радиосының «Алтын қорына» еніп, бүгінде телеэкрандарда жиі айтылып жүр. Сол сияқты «Райымбек баба» (сөзі Б. Батырбекқыз) әні мен жалайыр руының Ескелді, Балпық билер мен Қабылиса жыраудың өмірін арқау еткен «Жапырақ жайсын ұлағат» (сөзі О. Жұмашев) ән-толғауы мәдени-шаралардың шырайына айналса, ақын Сәкен Иманасовтың сөзіне жазылған «Сайгүлік» әні аламан бәйгенің ән ұранына айналғалы қашан. «Кертолғау» (сөзі Құттыбек Баяндынікі) күрделі музыкалық шығармалар қатарына жататын ән- толғау ретінде музыкатанушылардың жоғары бағасына ие болған туынды. Ән сөзіндегі пәлсапалық ұғымдар мен әуен үндестігі тең түскен сонша қай кез, қандай тарихи жағдайға болсын сай келетіндігімен ерекше. Ақын Қанипа Бұғыбаеваның сөзіне жазылған «Отан – анам», Ораз Жұмашевтің сөзіне жазылған «Майдангерлер» әні мәдени шараларда сахнаның сәніне айналғанын да жұрт біледі. Ал эстрадаға арнап жазған туындылары жастардың жүрегін жылытып жүргені өз алдына бір әңгіме. Иә, ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін «Шекпен жауып» өңін кіргізсе, Мұратхан Егінбаев қазақ ән өнерінің түрленуіне де сондай үлес қосып келе жатыр.

Қиындығы жоқ өмір қызықсыз. Осындай жетістігінің арқасында Мұратхан Егінбаев 2003 жылы композитор Дүнгенбай Ботбаев пен Қазақстан Композиторлар одағының пленум мүшесі Мыңжасар Маңғытаевтың ықпалында Қазақстан Коипозиторлар одағына мүшелікке қабылданды. Әрине, ешқандай музыкалық білімі жоқ адам үшін бұл үлкен жетістік. Ол – өнер құдіретінің нәтижесі еді.

Бұған дейінде сазгердің «Әнім менің – Алашым» атты ән жинағы баспадан шығып, әнсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленгенін білеміз. Белгілі қоғам қайраткері Серік Үмбетовтің қолдауымен шыққан «Тарихи, бабалар және даналар туралы толғау әндер», «Туған ел, туған жер және отансүйгіштік туралы әндер» және «Махаббат, достық және жастық шақ туралы лирикалық әндер» сияқты үш бөлімнен тұратын кітапқа сазгердің 200-ге жуық әні енген. Оның дені халық арасында орындалып жүрген туындылар саналады. Бұл Мұратханның нағыз сазгерлік болмысын паш еткен ерекше еңбек ретінде қабылданды.

Міне, енді Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша сазгердің «Бабалар үні» атты екі томдық әндер топтамасы оқырмандар назарына ұсынылуға дайын. «Astana Press Group» баспасында басылған екі кітапта оның халық аспаптар оркестрі мен хор сүйемелдеуімен орындалатын және жеке оркестр немесе хор мен жеке дауыстарға арналған туындылары жинақталған.

Бірінші кітап мемлекет қайраткері, Қазақстанға еңбегі сіңген архитектор Шота Уәлихановтың сөзіне жазылған «Қазақ елі» әнімен басталады. Одан ары «Қазақ елі», «Абылай», «Қаракерей Қабанбай», «Райымбек баба», «Аңырақай», «Жәлменде би Пішәнім», «Абайым», «Жамбыл ата» «Шоқан», «Мұқан сазгер», «Маман Тұрысбек» сияқты батыр бабалар мен «Жолбарыс жүрек жыраулар» атты жырауларға арналған ән-толғаулар мен ұлы ақындарымыздың бейнесін сомдаған туындылары әнсүйер қауымды бей-жай қалдырмайды.  Ал екінші кітапқа махаббат, сүйіспеншілік, өмірге құштарлық, патриоттық бағытта жазылған туындылары мен Астана қаласының айшығын музыка тілімен өрнектеген әндері және күйлері енген. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған  «Өр елім» әнімен жалғасады.

Беймаза мынау заманға,

Берік қып қойдың тосқауыл.

ұраның сенің әманда,

Адамға адам дос-бауыр.

Ерікті елдің берік қып қойдың,

Көгілдір тартқан жалауын,

– деген шумақтағы соңғы екі тармақты қайырма ретінде сазгердің өзі қосқан. Бұл ақын өлеңіне деген қиянат емес, қайта жаңарған дәуірді айшықтап тұрғандай сезіледі. Осы сияқты Мұратхан шығармашылығында ақындардың сөзін елеп, екшеп, әнге лайықтап отыру жиі кездеседі. Сондықтан оның туындыларындағы ән мен сөз өзара қабысып, жарасым тауып тұрады.  Бұл да жас композиторларға көрсеткен үлгі іспетті.

Әлбетте, сазгердің дәстүрлі әндері мен эстрадаға арнап жазған әндері де жеткілікті. Десе де, кейбір мықты деген музыканттардың өзі бүгінгі күннің талабына сай оркестр мен хорға арнап ән жазудан жасқаншақтайтыны жасырын емес. Тіпті, мұндай күрделі тақырыпқа екінің бірі бара бермейді. Бірақ Мұратхан Егінбаев бұл тақырыпқа жасқанбай барып, діттеген мақсатына жетті. Осылай шығар тұғырының тым биікте екендігін көрсете білді. Өйткені, оның санасынан шалқып шыққан әуен мен ырғақ дәстүрлі әншіліктің құдіретінен тыныстады. Туындылары өзіндік әуезділігі мен халықтық дәстүрге жақындығымен ерекшеленді. Әндерін тыңдасаңыз көз алдыңызға кең-байтақ қазақ даласы елестейді, жұсан иісі аңқыған жұпар ауа танауыңды қытықтайды. Бірде арғымақ атқа мінген батыр бейнесі елестесе, енді бірде майдақоңыр дала тіршілігі жанарыңды жаулап алады.

Қай қырынан келсек те, Мұратхан әндері әлмисақтан бері жібін үзбей келе жатқан дала музыкасының жалғасы іспетті сезіледі. Өнерде өзім-білемдік абырой әпермейді. Ал өзіне дейінгілердің ой орамын кезіп, парасат теңізіне сүңгісе ғана інжу-маржан, лағылға қойын-қонышы толады. Ең бастысы, ол соңына «Қып-қызыл шоқтан суырып алып зергерлер суға салған сертке ұстар семсер-алмастай» мұра қалдырған сазгер. ұлттық мұрат, мемлекеттік мүддені өз қара басының пайдасынан жоғары қойған талант иесі.

Қажет Андас

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 28
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz