Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Жансарбайдан қалған келі мен келсап және ұңғуыр

admin
2026/02/02
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Жансарбайдан қалған келі мен келсап және ұңғуыр

Қазақ халқы ежелден жердің шұрайлысын іздеп, шөптің шүйгінін таңдап, тұнық ауамен тыныстап, көшпенді тұрмыс кешіріп келген. Осы тынымсыз тұрмыс барысында ата-бабаларымыз өмірінің рақатын да, шипалы жан азығын да, жұйелі, ғылми орналастырып, бағып өсірген төрт түлік малының керемет құатты етін жеп, сүтін өңдеп, алуан азықтық түрін жасаған. Онымен қоса неще түрлі астық дақылын да егіп өсірген. Солардің ішінде әсіресе, тары дақылын ерекше әспеттеп пайдаланған.

Ертеректе мынадай бір әңгіме болған:

Бірде үлкен атам бір шаруамен отау үйлердің біріне түсіп қалыпты. Сыйлы кісіні тік тұрып, байек бола кұтетін салтымыз бар емес пе. Үлкендерге берілетін қуатты азықтық тарыдан ақжарма түиіп, шайға салыпты. Сұңғыла ата табақтағы жармаға қарап отырып:

Сен тарымысың,

Тарының бәрімісің.

Ұрдыма, соқтыма, жардыма.

Жарымы келінің тұбіде қалдыма, – депті.

Шай құйып отырған келін қызара ұялып келінің түбіде алып қалған жарманы түгел төңкеріпті.

Тағы бір де Омарақын Жансарбай ұлының жас мырза кезі болса керек, достары оны сауыққа ұсыныс етеді.  “Жігіттің бағы білмейді,  жумыстың бабы билеиді” – дегендей, қатынаса алмаған Омекең шақыра барған жаушыға:

Сыртқа шықсам батырмын,

Іздегенге жақынмын.

Кешіріңдер достарым,

Қатын ауыру, бала жас,

Келі тұиіп жатырмын , – депті.

Қараңызшы, міне, бұның бәрі де халқымыздың тары дақылын тұрмысында кем болса болмайтын қымбатты азық етіп тұтынғандығын әйгілейді.

Еднді осы тары дақылына тоқталайық:

Тары түсіне қарай қызыл тары, ақ тары, ақтангер тары, сары тары, көк тары, қара тары, тарғыл тары қатарлы тұрге бөлінген. Тарыны откенде ата- бабаларымыз тың ашып, тақялап тары шашып бір тақия тарыдан 4 келе (өнім алады екен.  Ол кезде жер «қазық қақсаң бәйтерек шығады» дегендей құнарлы екен.

Халқымыз тынымсыз тұрмыс барысында шипалы жан азығын жүйелі, ғылыми түрде пайдалана білген. Соның ішінде тарыны ерекше әспеттепті. Бұл дақыл түсіне қарай қызыл, ақ, ақтаңгер, сары, көк, қара, тарғыл сияқты түрге бөлінеді.  Оның бәрін азық ретінде пайдалануға болады. Әрине, бабаларымыз күзде тарыны жинап алған соң, ауыл болып ұйысып, оны пісіріп, қыз-келіншектер келімен түйіп, ақтап, қапқа салып алады. Дайындалған өнімді (ақталған тары) су өтпейтін, көлеңке жерге сақтап, сосын оны қыс бойы азық етеді. Оның да пайдалану жолдары алуан түрлі болып келеді. Айталық,  жақсы ақталған тарыны жарма келіде түйіп, жылқы қазысының үлдірігіне жаншиды немесе жарманы сары май, кілегейге шылайды. Ақталған тарыға ірімшік, бауырсақ, қант, сары май қосып жент жасайды. Бұл өте қуатты азық саналады. Ал жазды күні бұл дақылды жақсылап жуып, қайнатып, сүт қатып, ашытып сусындық ретінде пайдаланады.  Ет асқан сорпаға тары салып қайнатып, сүзбе немесе құрт қатып, тарыкөже жасап ішеді.

Тары – қоректігі мол, қорытылуы тез азық. Құрамында пайдалы он бір дәрумен болғандықтан, оны үнемі тұтынатын адам ағзасы суыққа да, ыстыққа да төзімді келеді, яғни емдік қасиеті де жетерлік. Ерте қартаюдың алдын алады. Оны шайнап жейтіндіктен тіс түбінің беріктігін арттырып,  тісті ерте түсуден қорғайды. Сонымен қатар, оны тұтынғанда  бет сүйегі әрекеттену арқылы жақ кірісінің ашылып, жабылу қалыптылығын жиілетіп, ерте әжім түсудің алдын алып, бет терісінің жылтырлығын сақтайды. Бұл көздің көру қуатын арттыруға да өте пайдалы.

Оның ең басты қасиеті  – сусамыр (қантты диабет) дертіне шипа болатындығы. Бабаларымыз осы кеселге шалдыққандарға қойдың кәрі жілігінің көк еті мен семіз құйрық майға тарыны қосып жаншып,  дәрілікке қолданылған. ¤йткені ол қандағы тәттілік құрамды азайтып, майды өзіне сіміреді. Бұл қан қоюлануының алдын алып, қан жабысқақтығын тарқатады.

Сонымен қатар, тары асқазан қуырылуы, қабынуы, асқазан жарасы қатарлы ауруларды емдеуге қолданылады. Оны сүтке қайнатып, бұқтырып, үздіксіз жеп тұрса, асқазанды қуаттандырып, асқазан және ішек қабынуы салдарынан туындайтын іш өтудің, сусызданудың алдын алады.

Медицина мамандары тарының өт қуырылу, қабыну, өтке тас байлану сияқты ауруларға ем болатынын дәлелдеп отыр. Балалар ыстық жел болып ауырғанда таза ақ дабы дорба тігіп, оған тарыны толтырып, баланың басына жастап қою керек. Ұзақ уақыт төсек тартып жатқан адамның жамбас еті ойылып, өлі еттеніп кетеді. Осы тұста таза дабы дорба тігіп, оған 5-6 келі шикі тары салып, жамбасқа төсеп қойса қан тамырларын әрекеттендіріп, қан айналымын қалыпты ұстауға оң әсерін тигізеді. Егер адамның ыстығы көтеріліп ауырғанда ақталған тарыны бірнеше рет жуып, кірін кетіріп, сүтке қайнатып берсе денедегі ыстықты тез қайтарады.

Шикі тарыны диірменге салып немесе келімен ақтап сөк жасайды. Одан палау басып, көже жасап ішеді. Тары ұнынан нан пісіріледі,  боза жасалады. Ол асқазанды қуаттандырады. Ет асқаннан кейін сорпаның бетін қалқып алып тарыны бөктіріп,  балаларға береді. Бұл баланың тезірек есеюуіне  септігін тигізеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығына да тигізетін пайдасы бар. Бабаларымыз жүйрік атты тары беру арқылы баптаса, көтерем, арық малдарды да осы дақыл арқылы қыстан аман-есен шығарған. Мал ұрықтандырыу кезінде қошқарға міндетті түрде тары берген. Оны жеген малдың еті қуатты әрі дәмді болады.

…Қазақ-жоңғар арасында болған Орбұлақ шайқасы тұсында Ташкенттен көмекке шыққан Жолбарыс батырдың жасауылдары жол бойы етті азық етсе, тарыдан жасалған сусынмен шөлін басқан.  Жарты ай бойы ат үстінен түспеген сарбаздардың Орбұлаққа келе сала қанды майданға араласып, жауды жермен-жексен еткен батырлығына аталған дақылдың септігі тигені анық.

Әуезхан МАЖАЙ,

зейнеткер.

ҚХР, КУНЕС АУДАНЫ.

Алматы облыстық «Жетісу» газеті, 22.03.2012 жыл.

 

Жоғарыдағы келі мен келсап Жансарбай Ұлтарақ ұлы өз қолымен шапқан дүниесі. Ал ыңғуыр осы екі құралды жасау үшін істеткен сол ксінің құралы еді. Жансарбай Ұлтарақ ұлы емші болумен қатар, қатты еңбекші болған. Сары кезеңнің астындағы сары жазыққа ағаш егіп, беделік жасап, егін салып, жер өңдеуге күш салып, басқалардың отырықтанып, өмір сүруіне бастамшы болған.

1910 жылдарды жер жыртып жайқалта астық еккен. Бір жылы күзде атақты шешен, жүйрік ақын Жапсарбай Сасанұлы ел аралап жүріп мұз қырманға тау болып үйілген тарыны Кеңсудан баса соққан желіне сыбанып тастап сапырып жатқан Жансекеңнің қырманан шығады. Кепсен ала кетпекші болып қараса, ыдысы жоқ екен. Құры кеткісі келмеген ол:

  • Ассалаумағалайком Жансарбай,

Қара тамырда жүрсең алдыңа жан салмай.

Қырман толсын әттеген-ай,

Келіппін-ау кепсен алуға қап салмай, – депті.

Сөз құдіретін жете түсінетін Жансарбай:

– Келіңіз, ақ түйенің қарны ақтарылып жатқан алтын күзде қырманға келіпсіз, кепсен алыңыз деп жүннен тоқылған қара қапқа толтыра тары салып, артып жіберіпті.

Қызай елі енді отырақтасып, егіншілікпен айналыса бастағанда елді отырақтануға, егіншілікке бастаған Жансарбай Ұлтарақ ұлының игі ісін білдіретін белгі ретінде ұрпақтары осы үш мұраны аялап, сақтап келеміз.

 

Жәдігер бұгінде Андас отбасы қорында сақтаулы тұр.

Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9, ISBN 978

https://kazneb.kz/ru/bookView/view?brId=1657755&simple=true#

жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 21
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

March 4, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 27, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 24, 2026
Андас Омарақынұлының қамшысы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Андас Омарақынұлының қамшысы

February 23, 2026
Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам

February 20, 2026
Үрімханның ұршығы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Үрімханның ұршығы

February 19, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz