Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Жансарбайдың сары ала қамшысы

admin
2026/01/26
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Жансарбайдың сары ала қамшысы

Қамшы қазақтың басты қаруының бірі. Оны аталарымыз мал айдауға, жыртқыш хаюандарға күш, айбар көрсетуге, қамшыласу сайысына істеткен. Мәселен, қамшымен бір салып, аттан ұшыру. «Алты таспа бұзау тіс, былжырмай аттан түс» деп сес көрсеті ел ішіне кең тараған. Қамшыға қатысты қанатты сөздер, мақал-мәтелдерде өте көп. «Қамшы салым жер» – ұзындық өлшемі, «Қамшыдан қорыққан қатын», – табалу, «Қамшы салдырмайды», – жүрдек, көмпіс, «Қамшы тастап сер берді», – уәде, шешім, «Санын қамшылады», – өкініш, тағы басқада қамшыға қатысты мағыналы сөздер көп. Қамшының да түр-түрі бар алты таспа бұзау тіс, қырғыз өрім, дырау қамшы сияқты түрлері де бар. Қамшы өрудің де өзіндік жолы, жосыны болған. Алдымен сиыр терісін жұмсаптып, иін қандырып илеп, одан жіңішке таспа тіліп, таспадан әр түрлі өрімдегі өрім өріп, өрімді тобылғыға немесе еліктің сирағына алақандап шегелеп, таспалап бекіту арқылы жасалады. Алты таспадан өрілген қамшы «Алты таспалы қамшы» делініп, ең негізгі орында тұрады. Қырғыз өрім жіңішке он алты өрімнен өрілген қамшы болып, ол дырау немесе әсем қамшы деп те аталады. Сондай-ақ қамшының күмістелген қамшы, жез оралған қамшы, былғарымен қапталған қамшы деген түрлері, аттық қамшы, тайлық қамшы, қойлық қамшы деген бағалары да кездеседі. Қамшы жасаушылар осындай қамшыларды мырзаларға, бай-манаптарға тарту етіп, оның қарымжысына тай, тайынша, қой-қозы, ешкі-лақ алып, тіршілігін түзеп жататындарда бар. Кейде арнайы тапсырыспен де қамшы өретіндер бар. Олар көбінше жорықта, соғыста, мырзалықта істетіледі. Халқымыз қамшыны қатты қастерлейді, кез келген жерге тастамайды. Керегенің басына немесе адалбақанға іліп қойып, оған үйдегі азаматтың ер-тұрманын қатар қояды. Алайда, Жансарбай Ұлтарақ ұлы қамшыны емдеу ісіне пайдаланаған адамдардың бірі десек артық айтқандық болмайды.

Жансарбай Ұлтарақ ұлы бір жылдары елді ауыр шығынға ұшыратқан сүзекті, безгекті өзінің еске емдеу тәжірибесімен табысты емдеп жазады. Ол кісіні жұрт үйде отырғызбайтын, емшіні аттан түсірмейтін. Тек Күнес халқы емес, Нылқы, Тоғызтару сынды алыс жерлерге де алып кететін. Ол кісі тағы да Қазақстаннан келген білімді Сәлақи деген оқымысты татар таныстырған ішкі ресейден оқыған үлкен білімді, тәжірибелі дәрігер Алиев деген адамды ауылына шақырып ерулетіп,  қос ғұлама тәжірибе алмасып, түрлі ауруды, оны емдеудың жолын талқылап, пікір алмасып, білігін арттырып отырады. Осы ауылда бақсы, емші аталған Мәші, Сақал, Бәтима қатарлы емкөстер болыпты. Жансекеңнің бұдан басқа қасиетті сарыала қамшысы мен ақ сәлдесі болушы еді. Толғағы ауыр болып, босана алмай жатқан жүкті әйелдер мен бала жолдасы түспеген әйелдердің ішіне дем салып, қамшымен бір сыйпаса дереу аман-есен босанып, бала жолдасы қалыпты түсетін. Жансекең басқа емкостікке де жеттік еді. ‹‹Ауруда шаншу, сөзде қаңқу жаман›› дегендей, ол кісі өне-бойды құрыстыра ұстаған қатты шаншуарды да сол қамшысымен ұрып, дем салып үзіп жазатын. Жері шалғай немесе қолы босамай қалып, шақырған жерге өзі бара алмаса, сол екі қасиетті затының бірін беріп жіберіп, босандырады екен. Қасиетті  Жансекен туралы жұрт арасында таралған «Шайтан соққан» деген аңыз әңгіме бар. Жастау кезі болса керек, түйеге мініп қалың қой, ешкісін беткейге қаптатып өргізіп келе жатса сүйкімді бір кішкене ақ лақ ақсаңдап қойға ілесе алмайды:

– Жануарға не болды екен, – деп жаны ашып, түйесін шөгеріп, алдына үңгеріп алады.Аз жұрген соң еркек пе ұрғашы ма екен, – деп астын ұстап көрмекші болса, лаққа тіл бітіп:

– Қолың толды ма ? – депті.

– Ә, пәтшағар, шешек  екенсің ғой, – деп лақтың айдарынан алып тобылғы сапты сары ала қамшысымен жатып кеп сабапты. Қамшы өткен сайтан төбесіндегі теңгесін тастап беріп :

– Балаңның баласының, барлық ұрпақтарыңның маңына жоламай, – деп зарлап зытып берпті.

Бұл әрине адамның нанғысы келмейтін аңыз іспетті болғанымен, сенуге болатын да шындық.   Жансарбайдың осы сараы ала қамшысы кенжесі Омарақынның еншісіне тиіп, бүгінде соның ұрпақтарының қолында сақтаулы. Бертін жылдары да қамшының қасиетін білетін адамдар жиі-жиі келіп, ұшықталып, балА-шағасы ауырса қамшымен ұшықтап, дем салып тұрады.

Жәдігер бұгінде Андас отбасы қорында сақтаулы тұр.

 

Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9, ISBN 978

https://kazneb.kz/ru/bookView/view?brId=1657755&simple=true#

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 32
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

March 4, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 27, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 24, 2026
Андас Омарақынұлының қамшысы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Андас Омарақынұлының қамшысы

February 23, 2026
Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам

February 20, 2026
Үрімханның ұршығы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Үрімханның ұршығы

February 19, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz