Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Жансарбайдың сары самаурыны

admin
2026/01/29
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Жансарбайдың сары самаурыны

Қызайлар Ілеге келгенде болыстықтан қалған Байболат еліне өкпелеп, орыстардың «Бүкіл қызай көшіп келсе де, жер-су береміз» деген сөзіне сеніп, Мыңбай қатарлы адамдармен бірге өзіне қарасты Қазымбет, тастемір, Қоңырбай, Шубан руларынан 100 үйді бастап, шеру Терлікбай мергенді ертіп, Қапал өңіріне көшіп келіп, Қаптағайлармен жандасып орналасады. Өйткені, Қпал өңірі де ежелден қызайлардың ата қонысы саналатын. Байболаттың болыстығы сақталып, қаптағайдың бір руын қосып беріп, мампаң сол ауылдан сайланады. Кейін Байболат қайтыс болған соң оның ұлы мампаң болады да, болыс қосылған жергілікті рудан сайланады. Ол қызайларға қырын қарай бастайды. Бұндай қорлыққа шыдамаған қызайлар ақылдасып, Ілеге қайта көшу бекіміне келеді. 1892 жылы Ілеге көшіп, Қорғастың маңындағы шекараға жеткенде орыс салдаттарының қоршауына түсіп, Ақпатшаның бұйрығымен Қырғызстанға жер аударылып, қарғыздың сарбағыш руының сұлтаны Шабденнің қарастылығына беріледі.

Бұл тұста қырғыздардың қысымы қызайларға көп тиеді. Бірнеше жыл өткен соң Байболаттың ұлы Күнболат жүз үйден жүз бие жинап, көріністе сауда-саттық ісімен айналысуды сылтауратып, Ақпатшаға арыздана барады. Олар: «Біз Жетісудан еліп едік, әкеміздің сүйегі сонда жатыр. Сол сқонысқа қайта қайтсақ» деген өтінішін білдіреді. Ақыры патшаның бұйығымен Жетісуға көшуге мүмкіндік алып, патшаның бұйрығын Шәбденге тапсырып, сол жыл күзде Жетісуға елді көшіреді. Жетісуға келгеннен кейін тағы да жүз үйден жүз бие жинап екінші рет Ақпатшаға арызданып: «Біз әсілінде Іле бойын мекендеген қызайлар едік. Белгілі себеппен елден бөлініп көшкенбіз. Сол елімізге қайта қосылсақ» деген талабын жеткізеді. Осы жолы да патшаның рұхсатын алып, 1899 жылы қаптағайлармен қоштасы, 130 үй, 513 адамды бастап, 1901 жылы Ілеге қайта оралады. Тұрғылықты ел туыстарын ыстық ықыласпен қарсы алып, Іленің Абыралы, Шыбартүбек деген жерінен орын береді. Ал Сыламжан ақалақшы Қас, Көкшоқы, Көкқамыр жайлауы мен Қосемшектен жайлау, қыстаулық жер босатып береді. Байболат бастап кеткен ел 20 жылдан кейін Күнболат бастап келіп, Қызай елі бас-аяғы бүтінделіп, біртұтас Ілеге орнығады. Күнболат Тәңірбердінің екі баласы Байназар мен Сексеннен тараған қазымбет, қоңырбай, Тастемір, Шобан еліне болыс болып, бүкіл Қызайға танылады. Олар қызайлар арасына самауырмен шай ішу, етке нарын салу, қонақ үй, ас үйді бөліп орналастыру сияқты неше түрлі озық мәдениетті ала келеді.

Бір жылы Күнболат болыс безгекпен ауырып, Іленің бас-аяғы сауын айтып, бақсы бәлгер, емші біткеннің бәрін шақырады. Бірақ біреуінің де қолданған әдісі ем болмайды. Содан Жансарбай емшінің даңқын естіп, Солтанкелдінің болысы Естемес қажыға хабаршы шаптырып, Жансарбайды жіберуін өтінеді. Хабаршылар Естемес қажыны таба алмай, ұлы Ноғайбекке жолығып, келген жұмыстарын айтады. Онсызда Күнболатпен аралас-құралас өскен Ноғайбек екі жігіт қосып, өзінің жүйрік кер атына қосар ат қосып мінгізіп,  Жансекең мен туысы әрі замандасы Мүсіні Шыбартүбектегі Күнболаттың ауруына аттандырады. Жансекең келгенде Күнболат сүзек меңдетіп, аузы ісіп, денесі кеуіп, қиналып жатыпты. Жансекең өзінің ала келген шөп дәрілеріне Күнболаттың сілекеін қосып, қойдың майына шылап, дәрі жасап, ішкізеді. Артынан шіріткі қайнатып беріп:

  • Жаны бір қалса, осыдан қалады, – деп құдайдан сабыр тілейді.

Ертесі таң атқанда Күнболат болыс басын көтеріп, орынан жартылай тұрып, отыратын халге жетеді. Үш күн дегенде аяңдап далаға шыға алтын болыпты. Он күн дегенде Күнболаттың бойына қуат, бетіне қан жүгіреді.

Жансекеңнің осы еңбегінің құнына Күнболат ауылы бір қысырақ матап бергісі келеді. Бірақ Жансекең еміне артық ақы алмайтын алып, бас тартады. Тек көзі он күннен бері шай ішкен самауырға түсе берген екен. Мұны сезген Күнболат болыс:

– Жансекеңнің үстіне шапан жауып, астына ат мінгізіп, есіктің алдындағы самауырды өңгертіп жіберіңдер, – деп бұйырады. Бұл 1915-1920 жылдардың арасында болған іс. Ал бұл самауырды Күнболат болыс 1890 жылдары Ақпатшаға арыз айта барғанда Перірбурктан ала келген екен. Астында 1825 жылы деген жыл аты мен жасаған зауыттың таңбасы ойылған. Жансарбай емші осы самауырды алып келгеннен кейін малтабер, шәкіл руының азаматтары қара қазан, қара шәугімге толтыра су құйып, сарқылдатып қайнатып, оған шайынде, тұзын да, сүтін де қоса құйып, араластырып ішетін жағдай өзгеріп, суды самауырға қайнатып, шыны шәйнекке шайын шығарып, бықтырып, тұзын, сүтін айырым қатып ішетін жағдай жарыққа шыққан. Үйге келген қонаққа самауырмен шай қою дәстүрі Жансарбай әулетінде әлі де жалғасып келеді.

Бірде мынадай бір қызық жағдай болады. Жансарбай емші ұлы Омарақынды үйлендіретін болып, ауыл-аймақ ел-жұртты шақырып, дүбірлі той жасайды. Оған алыстан құдалар келіп, ауыл азаматтары тоймалын сойып, етін асып сыртта әбігер болып жүреді де, әйелдер жағы дастарқанын жайып, шайын дайындап, қонақтарды күтуге қам жасайды. Сол кезде самиауырдың қызай ауылдарына әлі де жалпыласпаған тұсы. Тек бай, бардам адамдардың үйінде болмаса, оның түрінде көрмегендер көп еді. Үлкен ақбоз үйге қонақтар жайғасқаннан кейін ауыл келіндері шайды самауырмен құяды. Мұны бірінші рет көрген, құда жақтан келген құдашаның біреуі самауырға қарап сықылықтап күледі екен.

Отырғандар күлгенінің себебін сұраса:

­ ­­­- Мына, шайнектеріңіз қызық екен. Оның үстінен суда құясыздар, шоқта саласыздар, мұрнын бұраса, аузынан суы ағады екен, ­- депті.

Кейін Жансекең Күреге (қазіргі Қорғас ауданының маңында Іле генералы орналасқан жер) барғанда Қазақстаннан келген саудагерлерден бір самауырды сатып алып, әлгі құдашаға жіберіп берген екен.

Содан бері Жансекеңнен Омарақын зәңгіге, одан Андас Омарақынның үйіне мұра болып сақталып келеді.

 

Жәдігер бұгінде Андас отбасы қорында сақтаулы тұр.

 

Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9, ISBN 978

https://kazneb.kz/ru/bookView/view?brId=1657755&simple=true#

жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 23
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

March 4, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 27, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 24, 2026
Андас Омарақынұлының қамшысы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Андас Омарақынұлының қамшысы

February 23, 2026
Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам

February 20, 2026
Үрімханның ұршығы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Үрімханның ұршығы

February 19, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz