Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар

Жаркент – Киелі Мекен

admin
2026/01/05
Арнайы жобалар, Бейнефильм, Галерея
0
Жаркент – Киелі Мекен

Жаркент – Киелі Мекен ғылыми-танымдық экспедициясы Жетісу өңірінің тарихи, рухани және мәдени мұраларын терең зерттеуге бағытталған маңызды жоба болды. Бұл сапардың негізгі мәні – Жаркент аймағының өткен тарихына терең бойлап, ұлт жадында сақталған тағылымды оқиғаларды зерделеу. «Қісі қырылған» тарихи орнында ашаршылық жылдарының қасіреті, Ырғайлы сайындағы ежелгі ғибадат орындары, Жаркент түрмесінің саяси қуғын-сүргін жылдарындағы орны, шегесіз салынған Жаркент мешітінің бірегей сәулеті – экспедицияның басты зерттеу объектілері болды.

Экспедицияның тағы бір ерекшелігі – этномәдени орталықтар, жергілікті халық, өлкетанушылар және мәдениет қызметкерлерімен тікелей байланыс орнату. Әсіресе Шолақай ауылында өткен ғылыми-танымдық конференцияда өңір тарихы, тұлғалары, этносаралық татулық және қазақ тілінің мәртебесі туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Жалпы, экспедиция нәтижелері өңірдің мәдени-тарихи әлеуетін айқындап, киелі жерлерді сақтау қажеттігін көрсетуге, жастарға туған жердің тарихын дәріптеуге зор үлес қосты. Бұл бастама Жаркенттің бай мұрасын ғылыми айналымға енгізуге, сонымен қатар оның туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Үш күндік сапардың нәтижесінде жиналған материалдар, архивтік деректер және фотосуреттер негізінде «Жаркент – Киелі Мекен» атты тарихи-танымдық кітап әзірленді. Кітапта өңірдің киелі жерлері, тарихи оқиғалары және оларды қорғау жөніндегі ұсыныстар жүйеленген түрде берілді.

ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАЛАР

 

Қазақстанның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі мен келісімін сақтау әр азаматтың міндеті болып табылады. Бұл тұрғыда Жетісу облысында өткізілген «Жаркент – Киелі Мекен» ғылыми-танымдық экспедициясы ұлы мұраны зерттеу мен болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам болды.

Экспедиция 21-23 қараша аралығында Панфилов ауданының тарихи орындарына саяхат жасап, саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеп, этнос өкілдерімен кездесулер өткізді. Қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырған шарада өлкетанушылар, ғалымдар, мәдениет қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бірге тарихтың тереңіне бойлады. Топ құрамында өлкетанушы-журналист, «Жетісу өлкетанушылар орталығы» ҚБ директоры Қажет Андас, Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі орталығының директоры – Ғалымжан Оспанов, Панфилов аудандық әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Толқын Көшербаева, өлкетанушы-журналист, «Жауынгерлік Даңқ» музейінің меңгерушісі Қали Ибрайымжанов және «Қазақ тілі қоғамы» Панфилов аудандық филиалының төрайымы Роза Ыстай, өлкетанушы Базархан Жекебаев, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінің қор сақтаушысы Көркем Рахымғалиева, «М. Тынышбайұлы» атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қастер Болатхан, Панфилов аудандық мемлекеттік мұрағатының директоры Гүлнар Кәрменова, Панфилов аудандық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Азат Гаитов, Панфилов аудандық дүнген этномәдени орталығының төрайымы Рихангүл Ласиева, Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» орталығы мен Панфилов аудандық Қоңырөлең және Шолақай ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері болды.

Экспедицияның алғашқы күні Бөрібай би ауылының маңында орналасқан «Қісі қырылған» тарихи орнын зерттеумен басталды. Бұл жер өткен ғасырдың 1930-шы жылдарында ашаршылық кезінде көптеген адамдардың өмірін қиған тарихи оқиғалардың куәсі болған. Топ мүшелері Ырғайлы сайында да тарихи жартас суреттері мен ежелгі ғибадат орындарын зерттеп, осы аймақтағы мәдени мұраларды қорғау қажеттігін атап өтті.

Келесі күні экспедиция мүшелері Жаркент қаласының тарихи ескерткіштерімен танысты. Жаркент түрмесі XIX ғасырда салынған және 1930-1937 жылдары көптеген ұлттық зиялылар мен Алаш қозғалысының өкілдері қамауда болған орын ретінде зор тарихи маңызға ие. Түрме сол кезеңдегі саяси қуғын-сүргіннің, жазықсыз адамдардың тағдырының куәсі болды. Жаркент мешіті, сондай-ақ, ерекше сәулетінің арқасында Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының бір бөлшегіне айналды. Бұл мешіт шегесіз салынған құрылысымен және өзге де ерекшеліктерімен мәлім.

Экспедицияның екінші күнінің соңында Шолақай ауылында ғылыми-танымдық конференция өтті. Онда өлкетанушылар өз зерттеулерімен бөлісіп, Жаркенттің тарихи маңызы туралы баяндама жасады. Жиын барысында қазақ тілінің маңызы мен ұлттар арасындағы бірлік жайында да сөз қозғалды. Конференция соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, өздерінің жазған кітаптарын жергілікті мектеп кітапханасына сыйға тартты.

Үшінші күні Қоңырөлең ауылындағы киелі жерлерге зиярат етіп, «Таза Қазақстан!» акциясы аясында сенбілік өткізілді. Экспедицияның нәтижелері әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке ұсынылып, шараның маңыздылығы мен жетістіктері кеңінен таралды.

Экспедицияның соңында мүшелер жинаған тарихи құжаттар мен естеліктер негізінде «Жаркент – Киелі Мекен» атты тарихи-танымдық кітап жазылды. Бұл кітапта экспедиция барысында жинақталған материалдар мен естелік суреттер ұсынылды, сондай-ақ Жаркент аймағындағы маңызды тарихи орындардың қорғауға алынуы қажеттігі айтылды. Экспедицияның мақсаты – Жаркенттің тарихи мұрасын сақтау және оны келешек ұрпаққа аманат ету болды.

Кітаптағы ақпараттар экспедиция бағдарламасының реті бойынша хроникалық тәртіппен орналастырылды. Сондай-ақ, кітаптың ғылыми-танымдық деңгейін тереңдету мақсатында қосымша ақпараттар пайдаланылды және экспедициядан түсірілген естелік суреттер галереясы да қоса берілді.

Ғалымжан Оспанов,
Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі орталығының директоры.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 86
Ұлттық киім – ұлт құндылығы
Көрме

Ұлттық киім – ұлт құндылығы

March 19, 2026
35 кітаптың таныстырылымы
Көрме

35 кітаптың таныстырылымы

February 27, 2026
Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?
Көрме

Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?

February 27, 2026
13 жылдық белес
Грант

13 жылдық белес

February 18, 2026
Ректор гранты
Грант

Ректор гранты

February 13, 2026
Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ
Арнайы жобалар

Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ

January 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz