АНДАС:
Атыңыз бізге жетті қалықтаған,
Қанаты ақ иықтай талықпаған.
Байланбай тақырыпқа өзіңіздей,
Болсам-ау, мен де жарға тарықпаған.
Қарт емес, қайралмаған жас қаламым,
Көсілмей жаңа ашылған жас қадамым.
Дарын аз, даңғыл емен дағдамалы,
Мен қазір жыр жазуға жас баламын.
Сонда да үмітім бар талап тілермін,
Жырымды ақын ағай қарап көргін.
Ағалық ақылыңды жалғастырып,
Мендегі жас өлеңге қанат бергін.
Отанға өз әлімше күй берейін,
Ақындық думаны мол үйге енейін.
Нұсқауға су аңсаған балықтаймын,
Шөлімді қандырыңыз үйренейін.
Өседі көп кеңеспен адам дайым,
Білуге, ашылуға қадам дайын.
Сіздерден көмек алып рухани,
Жырымнан ағызсам-ау бадам майын.
Иә, Дәуке, сізге азырақ назымды еттім,
Жас жырым, мол шабытты жазыңды өпсін.
Балғын ой, балаң қиял, буыны бос,
Шабам шақ, бере алмадым жазға екпін.
Бұдан соң жетілерміз үміттімін,
Жазармыз дастанды да қызықты мың.
Ақынға жалын берген, дарын берген,
Біз де тек, бізде ғана күліпті күн.
1964.2.7.

ДӘУЛЕТХАН
Андасым, інішегім, жас ақыным,
Адымдап алға қарай бас ақыным.
Хылқыңа қызмет ет тәтті жырмен,
Талаптың бет-пердесін аш ақыным.
Асу көп алдымызда асатұғын,
Өнерден күнің емес қашатұғын.
Тиеді сендік жылы жүрегіме,
Тербетіп, ой-өрісін ашатұғын.
Өнерді осы кезің шашатұғын,
Жүйріксің өрлі-еңістей басатұғын.
Ақ үрпік, темір қанат сұңқарымсың,
Шөлімді жырыңменен басатұғын.
Өнерің үстем болсын інішегім,
Сілтей бер қаламыңды жүрмей тегін.
Болаттай жүрегің бар мызғымайтын,
Бақытты болары хақ келешегің.
Жырыңнан әсер алдым сәулем сенің,
Шабыт кең, табысың мол, бақытты елің.
Пайдалан материал қолданбадан,
Ағалық насихатым айтқан менің.
Шынында жаңа талап, жас баласың,
Қалайша бет-пердеңді ашпағансың.
Түрі көп әдебиет сөздеріңнің,
Жырыңның оқып көрсем бастамасын
Жас ақын жыр жазуды тастамасын,
Жырларын елдің асқар астанасын.
Тарихтан, табиғаттан хабарың бар,
Нөсер жыр неге төкпей жасқанасың.
Тағы тұр көкейіме сөзің келіп,
Жырыңнан әсерлендім аттай желіп.
Жалынды талабыңа шөлім қанып,
Сөзіме үлес қосшы көрік беріп.
Үйреніп ақындардан еліктелік,
Толқытып ой теңізін беріктелік.
Жастарға тіл, көз болар деп шектейтін,
Жүрмелік көнешілдік сөзіне еріп.
Тұрмаймын басқа сөзді бірден теріп,
Недесең білімің бар, өзіңде ерік.
Өмірге жарқын үнмен өрнек салып,
Сілтей бер қаламыңды құлаш керіп.
1964.2.8.
АНДАС:
Иә, Дәуке, ойлы өлеңді бастағанда,
Беріпсіз үлкен дарын қарт қаламға.
Сан оқып, жырыңызды деп ойладым,
Өлеңнен түйін түйіп тастаған ба?
Айтқандай болды маған бәрін, сырын,
Иә, Дәуке, тоқсан толқып жалын жырың.
Мендегі жас шабытқа поезияның,
Бергендей болды әніңіз балын бүгін.
Қойыпсыз үлкен талап жас қаламға,
Депсіз ғой маған дәйім қасқар алда.
Шамамша халқым үшін жыр ағызып,
Шалқымай нұрлы өмірде жасқанам ба?
Рас-ау, неге ашпайсың қадам депсіз,
Жоғары сенің тұр ғой санаң депсіз.
Бұрыннан өлең жазып дағды алмағам,
Ондайға болады екен адам епсіз.
Тағы да үйренуден жалықпайын,
Нұсқаңыз жол көрсетер жарықтайын.
Үйреніп қай негізде қолданбадан,
Жыр етіп қалай жазам халық жайын.
Көргенде сіз секілді қарт ақынды,
Шығарды көңілім менің тартатынды.
О, Отан өлеңдетсем Дәукең құсап,
Үстел ғып отырып-ап жартасыңды.
Деген бір талап түртіп шабытымды,
Үдетті бұрынғыдаг шабысымды.
Үлгі алып, әсер алып және сізден,
Жырлайын тартынбастан табысымды.
Бұрыннан көңіліме жыр егілген,
Бұл арман орындалды жүрегімнен.
Сөйтсе де, талапқа сай болмай жатыр,
Керегін үйренудің білемін мен.
Бұл кезім білуге ынтық тұра шағым,
Өлеңмен асыл жырмен шығарсам үн.
Шат-думан өз ортама сый беретін,
Өнерге менде сіздей құмартамын.
Ардақты отан деген ұлы анаға,
Әркімге барын бермей тұра алама?
Мендағы барымды елге арнайыншы,
Тұрғам жоқ қорқатұғын құламада.
1964.2.9.
ДӘУЛЕТХАН:
Талаптан, талпына бер ақыным жас,
Қарқынмен зор адыммен ілгері бас.
Орындап елің берген тапсырманы,
Бірі бол жазушының ісжүзіне ас.
Күрес ет жауларменен отанға қас,
Ұрғандай отты жырмен аузына тас.
Жаратқан дүниені қажырлы еңбек,
Көнешіл идеяға жоламай қаш.
Тілектес болдың інім сіз қанаттас,
Жарысқа түсті биыл өзіңдей жас.
Мақсчатын көркемөнер бетке ұстап,
Асуын белестердің бірлікте ас.
Құтылмас өнер қашып, етсек талап,
Төгілтіп жыр нөсерін жеттің ғажап.
Бақытын туған жердің шалқи жырла,
Қара озып, аоғымақтай тұрған жарап.
Талабын дамыта бер жүрме қарап,
Бөледі қуанышқа сіздің талап.
Жалғастыр шығармаңды баспа орынға,
Абрет болсын сөзің жұртқа тарап.
Сүйсіндім інішегім шалымыңнан,
Жаңылма міне осындай қалыбыңнан.
Сөзіңе салыстырма есе қосар,
Әр елдің үйрене бер ғалымынан.
Жаңа өсіп шыққан далам шынардайсың,
Сөзіңді халық сүйіп, құмарлансын.
Бастайтын түзу жолға нышаның бар,
Желбіретіп осынау жыр алмасын.
Еліңе тәтті жырмен жыр құясың,
Күшіңді жеткен қуат шын жиясың.
Бір нұрың жүрегіңе шабыт берер,
Үйренсең болашақтың идиясын.
Шықпасын ұлы отаның көңіліңнен,
Алғашқы тая көрме тебініңнен.
Кең шабыт талабыңа береді ашып,
Үйренсең еңбекшінің өмірінен.
Сөзіңнен інішегім жан байыған,
Кетпейді шекер балдай таңдайымнан.
Мақсатын отаныңның сезінесің,
Үйренсең халықаралық жағдайынан.
Әсер ал ақындардың қандайынан,
Күнімсың жаңа шыққан маңдайымнан.
Ауылда өркенді істер толып жатыр,
Не десең шабытың кең сол жайынан.
О, мен де жоқ қабілет сізден асар,
Іс емес тағы сізбен сөз таласар.
Ойыңды өрістетіп тырысатын,
Ақынсың жаңа талап алғабасар.
Ағалық ақылым сол жаным саған,
Сүйсінем талабыңа жалындаған.
Талмайтын болат қанат құйрық бітіп,
Орнады шаттық сезім бүгін маған.
1964.2.10.
АНДАС:
Шарлаған самал болып қырда әніңіз,
Ой өрбіп жетті екінші жырларыңыз.
Ағалық насихатты аянбастан,
Мен үшін мың қуаныш бұрғаныңыз.
Оздырмай қалып қылып сағатымды,
Шығарды ойым дабыл қағатынды.
Ескінің еретұғын былшылына,
Бұрынғы кім аңсасын қара түнді.
Жел сөзі ондағы ақын сырлайтұғын,
Нәпсіге, пасық жырға бұлдайтұғын.
Бір кесе жуынды үшін байды мақтап,
Пұл үшін, құлқын үшін жырлайтұғын.
Біз қазір жаңа өмірде, жаңа адамдар,
Нұсқауын жоғарының қалағандар.
Жырменен, жүрекпенен, білекпенен,
Шөлейтке еңбек гүлін қадағандар.
Біз әзір бақыт күнде батыл жандар,
Бомба боп тап жауына атылғандар.
Шын сүйіп ел қадіріп, жер бақытын,
Жырлаған ел өмірін ақын жандар.
Дәукеңнен жыр төгілер қаламды алса,
Табамын сізден қуат санам талса.
Айтысу емес бұным, әсер алу,
Меніңде сөз таласар шамам қанша.
Көмекпен жолымды ашты әз ағайым,
Үйреніп қолданбадан нәр алайын.
Тағы да бірге болып, ақыл алып,
Жауларды от жырыммен жазалайын.
Жырыңыз зор құлашын жайғаны анық,
Қоныңыз отты өлеңмен айға барып.
Өлеңді қалай жақсы жазу жайын,
Тұрайын іс жүзінен пайдаланып.
Жас шабыт алға құлаш сермегені,
Жырыңыз жанымды кеп тербеп еді.
Жазғанмен жанқалтамда жатқан бұрын,
Өлеңім баспа жүзін көрмеп еді.
Деп тілеймін болашақта қолдасармыз,
Өлеңнің волкан отын қоздатармыз.
Бар жиған жырларымды қарап көріп,
Баспаға иедер боп жолдасаңыз.
Осы еді сізден тағы тілейтінім,
Өзіндік өтінішке тірейтінім.
Жас жаным, жас жырларым нұсқау алып,
Сіз барда білемін ғой түлейтінін.
Өтседе өлеңменен күнім мейлі,
Қуаныш қушағында дүрілдейді.
Ақылшы сіздей аға тапқанына,
Жүректі шаттық кернеп дүрілдейді.
1964.2.17
ДӘУЛЕТХАН:
Білдірем ризалық Андас інім,
Сөздерің ой тербеді алғаш інім.
Еткендей арқа сүйеу жігерім бар,
Жалықпай тәтті жырмен жалғас інім.
Ой санам өзің барда талмас інім,
Мен де арман бұдан былай қалмас інім.
Жырларың жүрегіме жалын құйып,
Қайралдым қылыштай боп алмас інім.
Біз қазір жаңа дәуір, жаңа ақын,
Төріне болашақтың бара алатын.
Өктемге жағымпаз боп, байды мақтап,
Ұқықтан біз емеспіз қан алатын.
Інім сен жігер күшім, саналы ақын,
Жырыңнан халқың сүйіп нәр алатын.
Алдал тер еңбекпенен жігерленген,
Ортаңның жырға қосқын азаматын.
Інішек батыр білек, елді жырла,
Бөленген гүл бақшаға жерді жырла.
Халықтың келешектік қазынасын,
Сарқылмасс асыл мұнай кенді жырла.
Қаһармен, озат, батыр еріңді қосы,
Асқар тау, адыр-қырқа жеріңді қос.
Күреспен, жойқын күшпен қолға келген,
Тауындай Тяншанның үнімді қос.
Тағы да жырла, шалқы Күнесіңді,
Анадай тәрбиелеп кім өсірді.
Қамқоршы ұлы отаның алтын анаң,
Аяма анаң үшін күресіңді.
Әлдилеп сәби күнде жыр есілді,
Сызып бізге шуақты нұр өсірді.
Ардақтап анамызды тәтті жырмен,
Қоса бер жалын жігер, үлесіңді.
Халқыңа тәтті жырың таратылды,
Дүспанға автомат боп қаратылды.
Мен бүгін самғап ұшып шықтым көкке,
Болаттай жетілдіріп қанатымды.
1964.2.21.
АНДАС:
Ойымды сіздің отты жыр кернеді,
Жырлайын теңдік алған қызды елдегі.
Жас жырым жаман тонын шешіп тастап,
Кигендей болды кастиум сіз келгелі.
Мен қазір жүргемін жоқ елдесуді,
Жырлайын мал қымтаған белдерімді.
Түрленген жас арудай минут сайын,
Еңбекпен кестеленген жерлерімді.
Отанға аямаймын жырларымды,
Білемін құтты ұяда тұрғанымды.
Жырлайын Гималайдай асқар биік,
Жайнаған алтын дәнмен қырманымды.
Жырлайын атпал дене от жандарды,
Өмірге мол үлесін қосқандарды.
Өзімдей өр жастарға қойылатын,
Шұғылаға шұғыла қосқандарды.
Өсірген алтын бесік, асыл ұям,
Жанымның жазы сенсің асыл қиям.
Нұр алып, шабыт алып бір өзіңнен,
Жүрекке тәтті жырдың басын жиям.
Аунайын топырағыңа туған жерім,
Отты арман, қанатты ойды қуған жерім.
Сен үшін отқа түсем, шыңға шығам,
Шешілмес бір сәтке де буған белім.
Сорғалап шабыт өзі еркіменен,
Шалқысын жаныңыздан еркін өлең.
Сізден сол өніп шыққан жыр жебесін,
Соңғы ұрпақ шадыманмен терсін өрен.
Және де әніңізді халық өпсін,
Сіміріп тұнығынан қанып ішсін.
Жырыңыз семіп қалған жау жүрегін,
Екпінді снарият боп жарып өтсін.
Қызығып әніңізге қарап қалам,
Жүрекке жыр маржанын қадап тағам.
Сіз мені өсірдіңіз шартарапқа,
Жырыммен ақсұңқардай қанат қағам.
Өлеңмен өміріме өрнек салам,
Жырыммен құлашымды сермеп қалам.
Сіз қазір ақындықтың шыңындасыз,
Талпынып мен де соған өрлеп барам.
1964.2.23.
ДӘУЛЕТХАН:
Сәулешім талпына бер шыңға өрлеп,
Отанның аумағына ұштың керлеп.
Жанымды жас жырыңмен тебірентіп,
Шалқытты ой-өрісін шаттық кернеп.
Төгелік жыр нөсерін қалам сермеп,
Аьрет басқаларға болсын өрнек.
Толқытып ой теңізін отты өлеңің,
Ағаңның ой-санасы дами бермек.
Ескі ұста болашақтың күш бағытын,
Гүл екті жүрегіме бұл шабысың.
Жерің бай, қазынаң көп, елің батыр,
Отаның өркендеген кең шабытың.
Жас қыран өрендерім, ұрпағымсың,
Жырыңнан отаныңа гүл тағылсын.
Нұр емген байтақ елдің аспаныда,
Шалқып бір, шарықтап кіл жырың қалсын.
Бөлеген бақыт күнге елік асқақ,
Алға бас жалқаулықты жұлып тастап.
Оқысың кейінгі жас шын жүрекпен,
Шалқыған отты жырды, әніңді асқақ.
Келешек күндеріңе тілегіміз,
Шын сүйген отанымды жүрегіміз.
Осы елдің арасынан білім тауып,
Болаттай шыңдалсын тең білегіңіз.
Асқақ ел ар жағыңда тірегіңіз,
Мақтанып өзіңменен жүріміз біз.
Қашанда ел мен жердің бақыты үшін,
Тоқтамасын бір минут жүрегіңіз.
Білесің келешек пен болашақты,
Тату досбол бәрімен ынтымақты.
Байыдым табысқа да, шабытқа да,
Өренім отты жырмен қанат қақты.
Өлеңін сүйікті інім тасқандатты,
Көп нұсқа бере алмадым шама шақты.
Сөйтсе де салыстырып ойланып көр,
Айырып келем жаңа екі жақты.
Еліңнің құрметі балдан тәтті,
Ойынның тереңінде арман жатта.
Өлеңмен өрнек құрып, арқау есіп,
Оқыған бар адамды таңырқатшы.
Тең көріп барлық адам рахатты,
Осынау жаңа дәуір дәмін татты.
Осының бәрі саған еркін шабыт,
Ағаңыз кеңеспенен үміт артты.
ҚОРЫТЫНДЫ
АНДАС
Иә, Дәуке, қанаттас боп бір өселік,
Бірлікте өлең айдын күреселік.
Аяулы алтын ұя, мол табысты,
Әлемге бар дауыспен жыр етелік!
Соңы.
Андас Омарақын
Дереккөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687











