Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қуғын-сүргін

«Жетісу» газетін басқарған редактордың қолжазбасы табылды

Қазақтың алғашқы кәсіби журналистерінің бірі Сабыр Айтқожин (1895-1938) «Тілші» газетінің («Жетісу» газетінің бұрынғы атауы) жауапты шығарушысы, яғни, бас редакторы (1925-1928 жылдар) болғанын біреу білсе, біреу білмес. Жуырда газетте басшылық қызмет атқарған аңыз тұлғаның қолжазбасы табылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

admin
2025/08/01
Қуғын-сүргін
1
«Жетісу» газетін басқарған редактордың қолжазбасы табылды

«Талдықорған мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі қорында беті ашылмаған талай тарихтың құпиясы жатқанын шаң басқан бумаларды абайлап ашқанда байқадық. Соның бірінен кешегі «Тілші» (бүгінгі «Жетісу») газетінің (1922-1928) жауапты шығарушысы (бас редакторы) болған Сабыр Айтқожаұлының (Сабыр Айтқожин) қолжазбасын кездестіріп қалдық. Онда Сабыр Айтқожаұлының Жаркент уезіне 1925 жылы 8 июньде (маусым) жазған хатының түпнұсқасы сақталған.

Хаттың ұзын-ырғасы былай: «Тілші» басқармасы сіздерді бәсекелестіреді. Біріңнен-бірің кем қылмауға тырысыңдар! Онымен бірге сіздерден мынаны сұраймыз. Ел қараңғы, надан, әлі еш нәрсенің ығын біліп, орнына жұмсауды білмейді. Алдымыздағы 8 июнь тойы мал шаруа күнімен біріктіріліп жасалғалы отыр. Ауыл да, дала да бәйге тігіп, ат шабу болады, көк бөрі болады. Ат шапқанда тігілген пайданы аты озғандар алғанымен «Олжа» деп көрінген ақсақалдардың қолында бір жапырақ кетеді. Онымен олар жөндеп пайдаланып іске жарата алмайды. Міне, осыны сіздер күні бұрын алдын алып, халықтың өз ықтиярымен бәйгеге тігілетін малдар жиналып, қарасы көрінген соң-ақ елге үгіт, насихат жүргізіп, бәйгені «Тілші» газеті басқармасының пайдасына қалдырыңыздар. Бәйгеге тігілген тоқты-торым, өгіз, сиыр, жылқы, қой, ешкі болса да, тері-терсек болса да, алып, сомалап, пәлен «Қосшы» ұясына пәлендей «Тілші» газетіне жинап жібер деп басқармаға жіберіңіздер. Қысқасы, елдегі 8 июньде болатын тойдағы бәйгені «Тілші» газетіне жинап жібереді деп сенеміз Бұл тұрада сенім зор. Сенімді орындау сіздерден. Ортақшылдық сәлем хат. «Тілші» газетінің жауапты шығарушысы Айтқожаұлы (Сабыр деп қол қойылған). Губком қосшысының бастығы: Есіргепов».

Хаттың түпнұсқасы «Талдықорған мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі  қорының 1129 қор, 1 тізім, 16 бума, 344 іс, 59 бетінде тігілген. Хатта жазылған уақыты нақтылы көрсетілмеген. Алайда осы хат тіркелген бумадағы басқа материалдар 1925 жылдың еншісіндегі дүниелер. Сондықтан, бұл хат 1925 жылдың алғашқы жартыжылдығында жазылды деп қорытынды шығаруға болады.

Әрине, хаттың соңына қолы қойылған Сабыр Айтқожаұлы (Айтқожин) кім?

Ашық дерек көздеріне үңілсек, Сабыр Айтқожин — 1895 жылы 29 наурызда бұрынғы Ақмола губерниясы, Көкшетау уезінде туып, 1938 жылы 19 ақпанда Шымкент қаласында атылған қазақтың тұңғыш журналистерінің бірі. Арғын тайпасы атығай руынан шыққан. 1919 жылы Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесін бітірген соң, Көкшетау, Омбы, Орынбор қалаларындағы халыққа білім беру бөлімдерінде нұсқаушысы болып жұмыс істейді. 1920 жылы Мәскеуде өткен бүкілресейлік ұлттық съезінің жұмысына қатысты. Омбыда «Кедей сөзі» газетінде редактор, Ақмола уездік комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Петропавлдағы «Бостандық туы» газетінің редакция алқасын басқарады. 1925 жылғы қаңтарда Орынбор қаласында өткен Кеңестердің 4 бүкілқырғыздық съезіне делегат болады. 1925 жылдан Алматыда тұрып, өлкелік комитеттің тапсыруымен губкомның «Тілші» («Жетісу») газетінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. «Қосшы» одағының төрағасы қызметін қоса атқарды. Одан ары Жетісу губкомының бюро мүшесі, өлкелік 4 партия конференциясының делегаты, ҚазАКСР Кеңестері 4 съезінің делегаты, ҚазОАК мүшелігіне кандидаты, ҚазАКСР Халком Кеңесінде жауапты хатшы, іс басқарушысы, ҚазАКСР-дің 15 жылдығына арналған ҚазОАК мерекелік сессиясының делегаты, 1936 жылы Тараз қаласындағы аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып жүріп, 1937 жылы қазанда тұтқындалды. 1938 жылы 19 ақпанда Шымкентте атылып, 1957 жылы ақталады.

0
Пікірінді қалдырып кетx

Осындай қадау-қадау өмір жолын басып өткен Сабыр Айтқожаұлының «Тілші» газетіндегі шұғылалы өмір жолы туралы қазірге дейін кешенді зерттеу жұмысы жүргізіле қоймағаны анық. Бүгінгі «Жетісу» газетіне қатысты шаң басқан архивтерді ақтарсақ, 1918-1929 жылдар арасындағы «Жетісу ішші халық мұқбыры», «Көмек», «Ұшқын», «Бұқара», «Кедей еркі», «Тілші» басылымдарында («Жетісу» газетінің бұрынғы атаулары) жұмыс атқарған аға буынның біразына қатысты дәлел мен дәйек табуға болады.

Q-Andas ақпарат агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 64
Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)
Қуғын-сүргін

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 15, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 13, 2026
Түркістан жерінің бөлінуі
Қуғын-сүргін

Түркістан жерінің бөлінуі

April 6, 2026
Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы
Қуғын-сүргін

Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы

April 3, 2026
Тәркіленген байлар
Қуғын-сүргін

Тәркіленген байлар

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
DAMINATOR
DAMINATOR
8 months ago

Қай жақтан қазып аласыңдар?

0
Reply
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz