ДАГУГУЫҢЫРУИДЫҢ 1000 ҮЙДІ ТЕКСЕРІП ЖҮРІП ҚАБЫРҒА СУРЕТ ҰРЛАУЫ
Басы Күшарға барып қабырға суреттерін ұрлаған Жапония “барлаушыларының” бастығы Дагугуыңыруи тығыршықтай, дембелше келген орта жастағы адам еді. Қашан көрсең де өңінде күлкі үйіріліп тұратын, адамға кішіпейіл де мейірлі сезілетін, сонымен бірге қытай мәдениетіне жетік оқымысты болатын. Оның көмекшісі Чуешян Шуң — Англияның Оксфордтағы география институтын жаңа ғана бітіріп келген жас жігіт. Сұңғақ бойлы, миы алғыр, тұла бойынан жастықтың жалыны лапылдап тұратын. Әуелі қандай жерге барса да тыным таппайтын.
Олар қастарына бірнеше жапондық қызметкерлерін ертіп, 1902 жылдың тамыз айында Ресейді айналып Қашқарға кіреді. Дагугуыңыруи адамдарын Қытайдың осы бір шекара қаласында небәрі бірнеше күн аялдатып, “барлау жасауға” қажетті кейбір бұйымдар сатып алады да, тобын бастап Хотан жаққа бет алады.
Жол-жөнекей оның байыбына бара алмаған Жуешян Шиуң:
– Біз Хотанға барсақ, Күшардан алыстап кетпейміз бе? Бірі оңтүстікте, бірі солтүстікте ғой! – деп сұрайды.
– Дұрыс айтасың. Біздің мұнымыз шынында да ойсыз қимылдау, – деді Дагугуыңыруи. – Мен көпшілікті әуелі Хотанға апарып, бір мезет тұрғызып, ұйғыр тілін үйретіп алып, Күшарға содан соң бірақ апармақпын.
Ол көмекшісі мұны түсінбей қалмасын деп, ашық түсіндірді:
– Қашқарға келгелі бірнеше күн болды ғой. Өзiң де байқап жүрген шығарсың, біз жапон тілін білетін бірде-бір тілмаш таба алмадық. Жапон тілін білетін адам бәлкім бүкіл Шыңжаңнан да табыла қоймас. Тіл ұқпассақ, Күшарға барған соң қабырға суреттерін алғанды қойып, тіпті тамақты да тауып жей алмаспыз! Ха-ха-ха…
Бір уақыт үнсіздіктен соң Жуешян Шиуң:
– Ұйғыр тілін үйрену үшін қалайша итарқасы қияндағы Хотанға барамыз? Менің естуімше, ең өлшемді ұйғыр тілі – Қашқар ұйғырларының тілі екен. Оның үстіне біздің әрекет жасайтын жеріміздің өзі Күшар. Осы екі жердің бірін таңдап алып, біраз уақыт тұрып тіл үйренсек, тіпті жақсы емеспе? – деп тағы сұрайды.
Оның сөзіне ризалық білдіре күлген Дагугуыңыруи:
– Жігітім, зерделісің. Бірақ сен мынаны әлі сезе алмағансың, – деді. – Қазір көптеген елдер осы ертедегі Жібек жолында мәдени бұйымдар жинаумен шұғылданып жүр. Бұл мәдени бұйымдарға қару істетпей таласу – соғыстың басқа түрі деген сөз. Қашқар жаққа келіп-кетіп жататын шетелдіктердің аяғы үзілмейді, сондықтан біз көзге оңай түсіп қаламыз!
– Енді Күшарға келейік, – деді ол. – Ол жаққа тым ерте барып алсақ, нысанамыз оп-оңай әшкереленіп қалады да, басқа елдердің назарын аударып аламыз, я болмаса Қытай үкіметін күмәндандырып қоямыз. Міне, бұлардың барлығы бізге тиімсіз істер.
– Сондықтан, Дагу мырза, сіз әскерлеріңізді Хотан сияқты итарқасы қиян жерге апарып жаттықтырмақ екенсіз ғой?
– Дұрыс. Мен басқалардың ойына да кіріп шықпаған жағдайда Күшар үңгіріндегі мың үйде пайда бола кетемін де, қабырға суреттерін алып, зытып беремін!
Бұл жапондықтар Хотанға барған соң ұйғыр тілін шын мәнінде бар зейіндерімен үйренді. Қол астындағыларын үйренуге қызықтыруды ойластырған Дагугуыңыруи адамдарын жергілікті тұрғындармен мүмкіндігінше араластырды.
Бұл кез жеміс-жидек мөлдірей пісіп тұрған тамаша маусым болатын. Қонаққұмар ұйғырлар алғашында оларды алыстан келген ханзу бауырластар деп қарап, қауындықтарына, жеміс бақшаларына шақырып, қонақ қылып жүрді. Үй иелері бұларды жүзім сөрелерінің астына ертіп әкеліп, жерге төселген көрінісі көз тартарлық, әсем өрнекті Хотан кілемінің үстіне отырғызды. Онан соң дастарқан жайып, алдарына жеміс-жидектерін тартып, жеулерін өтінді.
Олармен әңгіме-дүкен құрды. Жапондықтар осылайша “жеңіс отырыңыз” деген сияқты тұрмыстық қарапайым сөздерді үйреніп те алды. Ал жайдары үй иесі сөйлей берді, оның үстіне тез сөйлейді. Ал жапондықтар мұның ештеңесін ұқпай, амалсыздан бақырайып қарап тұратын, я болмаса ыржалаңдап күле беретін.
Олардың сөзін ұқпағанын көрген үй иесі бір кезде шала-пұшық білетін ханзу тілінде сөйлейді. Міне, осы кезде ғана аздап қытайша білетін екі жапондық оларға жауап қайтарды. Бұл екеуінің сөйлеуі үй иесінікінен де ұғынықсыз болды, оның үстіне ойын да жеткізе алмады. Бұған қонақтар мен қонақ иелері ішек-сілесі қатып күлісіп алатын.
Ұйғырлармен міне осылайша араласып-құралысып тұрғандықтан, Жапонияның “барлаушылары” ұйғыр тілін тез арада үйреніп алды. Оның үстіне ұйғырлардың көптеген тұрмыс-салттарын да біліп алды. Жапондықтардың ішіндегі бір-екеуі ұйғыр биін де үйреніп алды.
1903 жылдың көктемі. Осы бір топ адам айтқандай-ақ Күшар қаласының оңтүстігіне шамамен 20 шақырым келетін жердегі Құмтур Мың үйінде аяқ астынан пайда бола кетті. Тіл ұққандықтан бұл жерді оңай тауып алды.
Бұл 1000 үңгір таудың шығыс жақ етегінде, Мұзарт өзенінің төменгі ағысында болатын. Тау ортасындағы доға пішінді аңғар оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып, тауды шығыс пен батысқа бөліп жататын. Өзен жақтағы тау беткейінде он шақты тас үңгір кездеседі, олардың алдында тас бөгет, діңгек сияқты құрылыстар бар. Бұлар аңғарды тасқыннан қорғау үшін әрі пұтқа табына келгендердің демалуы үшін салынған болса керек.
Міне, енді Дагугуыңыруи адамдарымен тас үңгірлердің алдындағы тас бөгет үстіндегі жолмен аяңдап келеді. Аяқ жақтарында бұлқына ағып жатқан Мұзарт өзеніне қарай берген Дагугуыңыруи Жуешян Шиуңға әсерлі бейнемен:
– Байқайсың ба, сол дәуірдегі монахтар пұтқана салатын жерді тауып-ақ салған. Арты – тау, алды – өзен. Демалып, рахаттануға табылмайтын келіскен жер екен, – деді.
– Сіздің мұндай сөйлеуде қандай негізіңіз бар?
– Сен Күнзінің “Ақылды жан суға, рақымды жан тауға құмар” деген сөзін естімеп пе едің? Бұл жерде тау да, су да бар, әрі айналасы тып-тыныш. Ақылды жан мен рақымды жандар келіп бой жазса, оны мазалайтын ештеңе жоқ. Бұл – табылған жер емей немене?
– Осы 1000 үй жайласқан жердің атын мырза ұмытқан жоқ па? Оның тілдік мағынасы – “қайраңдағы бекініс” деген сөз. Мұнда оқ-дәрі иісі бар, – деді де Жуешян Шиуң тау бөктеріндегі қаздиып тұрған топырақ үйіндісін қолымен нұсқап:
– Әне, қараңыз, анау тұрған ертедегі хабарласу мұнарасы емеспе? – деді.
Дагугуыңыруи Жуешян Шиуңның нұсқаған жағына қарап еді, айтқандай-ақ алдарында ерте заманғы хабарласу мұнарасының қалдығы тұр екен. Мұның байыбына бара алмаған ол:
– Біз екі күн бұрын қала төңірегіндегі Қызыл қаға Мың үйінің қасынан да хабарласу мұнарасын көрген едік қой. Мынау Мың үйдің қасында да тұр. Бұлардың бәрі тегіннен тегін салынып отыр ма? -деді.
Сәл ойланып алған Жуешян Шиуң:
– Мен бала кезімде ылғи пұтқанаға барып ойнайтынмын. Сонда пұтқана сайын тұрған, қолына жын-албастыларды жуасытатын шоқпар ұстаған періштелерді көретінмін. Пұттар періштелердің қорғауын қажет етеді. Сонда мынау тас үңгір пұтқаналарға қорғаушы жасақ керек болмады дейсіз бе? – деді.
– Сөзіңнің жаны бар. Мынау хабарласу мұнараларының пұтқаналардың қасына салынуына қарағанда, бұл мұнаралар біріншіден, соғыс кезінде пайдаланылуы мүмкін; екіншіден, алыс жолдан тауға келіп пұтқа табынушылардың амандығын қорғайды; үшіншіден, бұлар символдық рөл ойнап, пұтқаналардың айбатын асырады. Бұл аңғар ертедегі күшарлықтардың жасампаздығы болса керек! – деді Дагугуыңыруи ынталана сөйлеп.
– Бірақ бұл хабарласу мұнаралары енді міне, тек қаңыраған бос үңгірлердің қасында қалқиып тұр, керек десеңіз, кісіні сескендірер айбыны да қалмапты.
– Ха-ха-ха! Егер бұл хабарласу мұнараларының төбесінде осы күнге дейін күзетші жасақ тұрса, қабырға суреттерін алуға біз көріне-көріне келе алар ма едік? – деді Дагугуыңыруи күліп. – Қашан болмасын қаламмен жазылған шығарма қарудың қорғауынан айырылып көрген емес! Бұл – Будда құдайының тағылымы, сондай-ақ осынау бұрыңғы заман ескерткіштерінің бізге берген әсері, – деді.
Олар осылайша әңгімелесе отырып, тас үңгірге кіріп кетті.
– Сен Куңфузының “Ақылды жан суға, рақымды жан тауға құмар” деген сөзін естімеп пе едің? Бұл жерде тау да, су да бар, әрі айналасы тып-тыныш. Ақылды жан мен рақымды жандар келіп бой жазса, оны мазалайтын ештеңе жоқ. Бұл – табылған жер емей немене?
– Осы 1000 үй жайласқан жердің атын мырза ұмытқан жоқ па? Оның тілдік мағынасы “қайраңдағы бекініс” деген сөз. Мұнда оқ-дәрі иісі бар, – деді де Жуешян Шиуң тау бөктеріндегі қаздиып тұрған топырақ үйіндісін қолымен нұсқап:
– Әне, қараңыз, анау тұрған ертедегі хабарласу мұнарасы емеспе? – деді.
Дагугуыңыруи Жуешян Шиуңның нұсқаған жағына қарап еді, айтқандай-ақ алдарында ерте заманғы хабарласу мұнарасының қалдығы тұр екен. Мұның байыбына бара алмаған ол:
– Біз екі күн бұрын қала төңірегіндегі Қызыл қаға Мың үйінің қасынан да хабарласу мұнарасын көрген едік қой. Мынау Мың үйдің қасында да тұр. Бұлардың бәрі тегіннен тегін салынып отыр ма? – деді.
Сәл ойланып алған Жуешян Шиуң:
– Мен бала кезімде ылғи пұтқанаға барып ойнайтынмын. Сонда пұтқана сайын тұрған, қолына жын-албастыларды жуасытатын шоқпар ұстаған періштелерді көретінмін. Пұттар періштелердің қорғауын қажет етеді. Сонда мынау тас үңгір пұтқаналарға қорғаушы жасақ керек болмады дейсіз бе? – деді.
– Сөзіңнің жаны бар. Мынау хабарласу мұнараларының пұтқаналардың қасына салынуына қарағанда, бұл мұнаралар біріншіден — соғыс кезінде пайдаланылуы мүмкін; екіншіден – алыс жолдан тауға келіп пұтқа табынушылардың амандығын қорғайды; үшіншіден – бұлар символдық рөл ойнап, пұтқаналардың айбатын асырады. Бұл аңғар – ертедегі күшарлықтардың жасампаздығы болса керек! – деді Дагугуыңыруи ынталана сөйлеп.
– Бірақ бұл хабарласу мұнаралары енді міне, тек қаңыраған бос үңгірлердің қасында қалқиып тұр, керек десеңіз, кісіні сескендірер айбыны да қалмапты.
– Ха-ха-ха! Егер бұл хабарласу мұнараларының төбесінде осы күнге дейін күзетші жасақ тұрса, қабырға суреттерін алуға біз көріне-көріне келе алар ма едік? – деді Дагугуыңыруи күліп.
– Қашан болмасын, қаламмен жазылған шығарма қарудың қорғауынан айырылып көрген емес! Бұл – Будда құдайының тағылымы, сондай-ақ осынау бұрыңғы заман ескерткіштерінің бізге берген әсері, – деді.
Олар осылайша әңгімелесе отырып, тас үңгірге кіріп кетті.
Бұл мың үңгірдің көбінің өзіндік көркемдік стилі бар екен. Қабырға суреттердің кейбіреуі сондай шеберлікпен, табиғи түрде сызылған. Кейбірінен Таң патшалығының гүлденген дәуіріндегі ортақ қытай сурет салу мәнері білінеді. Басқаларының бояу айшығынан Күшар мектебінің нақышы көрінеді.
Қабырға суреттеріндегі кейбір адамдардың мұрны гректердің мұрны сияқты, киімдерінің бүрме қатпарлары айқын әрі ықшамды. Бұл жерлер – ертедегі Күшар империясының әсемөнер ықпалын көрсетеді. Ал кей суреттері қарапайым әрі нақышсыз сызылған – бұл үнділік бейнелеу дәстүрінің әсерін аңғартады.
Дагугуыңыруи бұл жерден Шығыс пен Батыс өнерінің тоғысып, бірі-біріне ықпал жасағанын байқады. Ол құдды бір будда дінінің адал мұратына айналған адамдай, ақ бетін қабырғадағы будда мен пусаларға қаратып, алақанын қосып, маңдайына тіреп тұрып:
– Күнә, күнә! Қаңырайған бос үңгірлерді күзетіп, сіздерге табынып тұрған адам да жоқ. Мен сіздерді Жапонияға апарып, ондағы мұрат иелерінің сіздердің жарқын келбетіңізге қастерлей қарауына мүмкіндік жасаймын, – деді.
Осыны айтты да, қабырға суреттерді қаздыра бастады.
Затында, ертедегі тас үңгірлерді жасаушылар алдымен үңгірді қазып алып, содан соң суға жіңішке талшық қосып иленген лайды қабырғасына жағып, кепкеннен кейін үстіне бір қабат гипс жүргізіп, суретшілерге сурет салдырған екен. Мұны Дагугуыңыруи жақсы білетін.
Ол қабырға суреттерін бөлшектеп алу үшін ерте бастан дайындық көрген. Алдымен қабырға суреттердің тамаша бөліктерін таңдап алып, бетін өткір пышақпен төртбұрыштап тілді. Сосын бұған арнайы жасап әкелген пластерді жабыстырып, қабырға суреттерін оның бетімен бірге жұлып ала бастады.
Алынған суреттерді алдын ала әзірленген жұқа тақтайдан жасалған қысқыштарға қысып, одан соң жәшіктерге сала берді.
Дагугуыңыруи Құмтур Мың үңгірінен қыруар қабырға сурет алып кетті. Оның үстіне бүлініп қалған бірсыпыра мүсіндер мен ағаштан ойылған кішкентай будда бейнелерін де жинап алды. Осыдан соң ол Бай ауданының Қызыл Мың үйіне және Күшар маңындағы бірнеше тас үңгірге барды.
Екі айдан астам уақыт өтті. Олар сансыз қабырға суреттерін жұлып алды – ағаш жәшіктер үйлерді лық толтырды.
Бірақ Дагугуыңыруидың көңілі мұнымен де көншімей, Жуешян Шиуңға былай деді:
– Біз бұл өңірдегі мың үйлерді түгел араладық. Тек “Ұлы Таң патшалығының Батыс өңір естелігінде” жазылған Жу Кули пұтханасын ғана таба алмадық.
– Ол ертедегі Күшар елінің ең үлкен пұтханасы ғой, — деді Жуешян Шиуң.
– Шуаньзаң хазрет өзінің “Ұлы Таң патшалығының Батыс өңір естелігі” атты еңбегінде бұл пұтхананың астананың батыс-солтүстігіне қарай 40 шақырым жерде екенін жазған. Бірақ Таң дәуіріндегі Күшар елінің астанасы қай жерде болғанын анықтау қиын. Әуелі сол хандық астанасының орнын табу керек. Сонда ғана пұтхананың орнын дәл табамыз!
Жуешян Шиуңның жасаған талдауын тыңдаған Дагугуыңыруи басын изеді:
-абудың өзі де машақат іс. Мен кеше біреуден Собаш өзені маңында бір көне қала бар екенін естідім. Көлемі үлкен дейді. Солай барып көрейік. Тіпті Таң дәуіріндегі қала болмаған күннің өзінде де кейбір мәдени бұйымдар табармыз, – деді.
Келесі күні олар тобын бастап Собаш өзені бойындағы байырғы қалаға барып “тексеру” жүргізді.
Келесі күні олар тобын бастап Собаш өзені бойындағы байырғы қалаға барып “тексеру” жүргізді.
Бұл байырғы қаланың көлемі расында үлкен екен. Ағыны қатты Собаш өзені бұл байырғы қаланы екіге бөліп жатыр. Құрылыстардың көбі қирап қалыпты. Қираған қалдықтардан қаланың кезінде қаншалықты шалқығаны байқалады.
Дагугуыңыруи адамдарын бастап қазып, ақтарып жүріп, бірнеше күннің ішінде брахми жазуымен жазылған будда томының қалдықтарын, сондай-ақ Таң дәуірінен де ілгері соғылған ақшаларды және сары мыстан құйылып жасалған кішкентай будда мүсінін тауып алды.
Дагугуыңыруи қайта-қайта талдау жүргізу арқылы бұл жердің хандық астана емес, қайта пұтханаға ұқсайтынын сезіне берді. Ал егер пұтхана болса — көлемі өте үлкен еді. Тарихта көлем жағынан мұндай пұтханамен теңесе алатындары кемде-кем болатын.
Ол ойлана келе:
– Дұрыс, бұл Жукли пұтханасы емес пе осы? — деді.
“Ұлы Таң патшалығының Батыс өңір естелігінде” жазылғандай, бұл пұтхананы өзен екіге жарып өтеді, сондықтан ол шығыс және батыс болып бөлінеді делінген. Тағы сол еңбекте: “Шығыс Жукли пұтханасында үлкен тас бар, оған Будда әулиенің аяғы тиген” деп жазылған еді.
Осы ойы келгенде Дагугуыңыруидың көзі жайнап кетті. Ол өзеннің шығыс жағына өтіп, “қас тасын” іздеу керек деп шешті. Егер сол тасты тапса, бұл байырғы қаланың Жукли пұтханасы екенін дәлелдей алар еді. Ешқандай дерегі жоқ хандық астананы іздеп не керек, бастысы — пұтхананың өзі табылса жеткілікті емес пе?
Дагугуыңыруи адамдарын бастап өзеннен өтті де, зерттеуді бастады. Олар будда кітаптарының қалдықтарын, кішкентай мүсіндерді тауып алды. Бұдан бөлек, мүжіліп, қирап жатқан дуалдардың арасынан әсем сызылған будда қабырға суреттерін көрді.
Бұл суреттер соншама ашық, бояуы әлі кетпеген, табиғи әрі сан алуан реңкті еді. Адам бейнелерінің бет-пішіні мен киім-кешектері айқын көрініп, көрген жанға әсерлі түйсік тудырады. Бұл — Қытайдың ежелгі сурет салу мектебі мен Күшардың бейнелеу дәстүрінің шеберлікпен тоғысқан үлгісі болатын.
Бұған қатты қуанған Дагугуыңыруи бұл қабырға суреттерді адамдарға жинатып, жәшіктерге салдырды.
Осы кезде ол өзеннің шығысындағы осы “байырғы қаланың” да пұтхана екеніне толық көз жеткізді. Енді ол қасындағы адамдарды қасиетті “қас тасын” тезірек табуға жұмылдырды.
Алайда олар барлық жерді ақтарып шықса да, әлгі қасиетті тастың көлеңкесін де көре алмады.
Сонымен, Дагугуыңыруи бұл байырғы қала — Жукли пұтханасы ма, жоқ па — деген мәселе жөнінде нақты байламға келе алмай қалды.
Бәлкім, ол қасиетті тасты басқа біреулер бұрын алып кеткен шығар.
Бірақ ол бұны білмейтін.
Осылайша оның “Будда әулиенің табаны тиген қас тасы” деп іздеген жәдігері жұмбақ күйінде қалды.
Дагугуыңыруи бастаған жапон “зерттеушілері” Қашқардан Күшарға дейінгі өлкелердегі мыңдаған жылдық мәдени мұраларды “ғылыми зерттеу” деген желеумен тонап, Жапонияға алып кеткен.
Олар ұрлап әкеткен қабырға суреттер мен мүсіндердің көбі бүгінде Токио мен Киото мұражайларында сақтаулы. Ал Құмтур мен Күшардағы үңгірлер бос, қабырғалары үңірейіп, үнсіз тұр.
Дагугуыңыруи үшін бұл “мәдени олжа” болса, жергілікті халық үшін – мәдени жара еді.
Ал “Будда табаны тиген қас тас” сол күйі табылмай, ғасырлар қойнауында жұмбақ болып қала берді…
Қажет АНДАС
“Q-Andas” ақпараттық агенттігі
Жалғасы бар…











