Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 10 бөлім

ЛУ ЯН

admin
2025/10/14
Елтану
0
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 10 бөлім

Свен Хиединнің Ярданнан шығып Кыруарнияға келуі

Свен Хедин сонау шығыс жаққа көз салып тұрып сөйлейді:
– Менің айтпақшы болып тұрғаным – шын болған тарихи әңгіме, бірақ бұл әңгіме тылсым түз алып кетіпті. Осының салдарынан кейбіреулер бұл әңгімені адам байыбына бара алмайтын қиял-ғажайып ертегісі деген қорытындыға келген.

Бұл жаңа эрадан бұрынғы 138-жылы болған оқиға. Ұлы саяхатшы Чан Хан Вуди патшаның «батыстағы йортшылармен бірлесіп (ерте заманда еліміздің батыс шекарасында болған үлкен мемлекет – бүгінгі Аму дариясы алабында, орта бөлігінде болған) солтүстіктегі финдерге соққы беру» саясаты бойынша көмекшісі Ганпуды және бір топ нөкерлерін алып, батыс өңірге елшілікке аттанады.

Батысқа келе жатқан жолында барлығы финдердің қолына түсіп, құл етіледі. Бастапта финдер хан патшалығының бұл “жансыздарын” қатаң бақылайды. Күндер өте келе олар түгелдей фин елінен әйел алып, үйлі-балалы болады. Сонымен оларға болған бақылау да босаңсиды.

Алайда Жаң Чян фин елінде болған 11 жыл барысында өзінің қасиетті борышын есінен шығармайды. Ол Хан Вуди патша өзіне табыс еткен – бас жағына үш тал қодас құйрығы байланған үкілі туды қастер тұтып сақтайды. Бұл үкілі тудың хан патшалығы ордасының куәлігі екендігі және кейін батыс өңірдегі әр елге сәлем осы арқылы жеткізілетіндігі оған аян-ды.

Ай сүттей жарық бір күні түнде Ганпумен ертеде уәделесіп қойған Жаң Чян өздерімен бірге батысқа барғысы келген он неше жасақпен сөз байласып, қару-жарақ, ат және жол азық ұрлап алады да қашып кетеді. Олар фин елінің шекарасынан шыққан соң асқан таулардан асып, сортаңды саздардан өтеді де, батыс өңірде алғаш рет Кыруарния еліне келеді. Бұл жерде қысқа уақыт тынығып, реттелген соң батысқа үздіксіз сапар шегеді.

Міне, осыдан бастап Кыруарния деген жер аты Жуңгоның тарихи кітаптарынан үнемі ұшырап отырады. Бірақ Оңтүстік-Солтүстік патшалықтары дәуіріне жеткен кезде, өскелең мәдениетке ие Кыруарния атты осы бір байырғы мемлекет аты тарихтан аяқ астынан ғайып болады. Таң патшалығы дәуіріне келгенде Жуңгоның көптеген шекара өңір жырларының ішінен “Кыруарния” сөзі тағы да кездесіп қалып отырады. Бірақ ол батыс өңір сияқты ұлан-байтақ өңірдің аты ретінде алынады. Ал сонда нағыз Кыруарния қайда болғаны? Бұны ешкім айтып бере алмай келеді.

Әңгімесін осы араға әкелген Свен аз кідірді де тағы сөйлеп кетті:
– Мен бұл әңгімелерді осылай келерден бұрын Жуңго жағдайын қанық білетін мамандардан естігенмін. Олардың кейбіреулері Кыруарния деген – балқи құмды шөлдегі құбылмалы сағым, яки сол бір дәуірді естелікке қате алынған, я ойдан қиыстырылған нәрсе. Қорытып айтқанда, Кыруарния деген ел болмаған деп кесіп айтады. Өйткені картаға қарасаңыз – ол ара адам пендесі жоқ өңір, мұнда қайдағы қала-қорған?

Бірақ енді біреулер: «Тарихтың өзгерісі күрделі болады. Тарихта жойқын өзгеріс болған мысалдар баршылық. Ендеше Кыруарния шын болған ба, жоқ па – оны археологтардың тексеріп, дәлелдеуіне қалдырған жөн», – деп қарайды.

– Егер Кыруарния тұзды көлге жақын маңда делінсе, біз әуелі тұзды көлді тауып алсақ, Кыруарнияны да тауып алуға болатын шығар? – деп тілмаш өз ойларын ортаға салды.
– Бұл оншалықты жеңіл шаруа емес! Сен білмейтін болсаң керек, 1877 жылы Ресей саяхатшысы Пержаловский Лопнұр районынан Қарақұшын деген көлді тауып, оны “тұзды көлді таптым” деп жариялаған. Бірақ оның тапқаны тұщы сулы көл екен. Бұлай болғанда Жуңгоның географиялық материалдары қате істелгені ме? Егер дұрыс істелген болса, нағыз тұзды көл қайда? Менің оқытушым, германиялық Иршход, “тұзды көл құрлық көлі, оны ащы сулы көл екендігі шәксіз, бұл арада ресейліктер қателесіп отыр” деп қарайды. Ал Пержаловский “нағыз тұзды көлді таптым” дейді. Сонымен екеуі әлі айтысып келеді. Бұларынан шындыққа шыққан ештеңе жоқ, – осыны айтып, Свен екі иығын жазып, дағдарған бейне көрсетті.

Тарихтың бұл құпиялығын қалай ашуға болады? Бұған Свен бірден асығып кетпеді. Ол әуелі қол астындағыларына жаңа көл өңірінің жер жағдайын өлшетті. Сонан келер жылы көктем басында бұл швед тарым дариясының бір тармақ ағыны есептелетін Кончи өзені арқылы Лопнор районына тартты. Ал құрлық жолымен келе жатқан адамдары бұрынғысынша өзенді жағалай жол алды, олар Свенмен белгіленген жерде табыспақ болды.

Лопнұр өңіріне жеткен Свен тексеріп-зерттеу арқылы бұл өңірде бірнеше көл бар екенін, бұлардың бәрі Жуңго аңыздарында айтылатын тұзды көлдің орнында екенін, ішіндегі ең үлкені Лопнор деп аталатынын әрі ащы сулы көл екендігін анықтады. Ол Лопнор көлін жылжымалы көл деп білді. Жуңгоның ерте замандағы тұзды көлі — міне, осы Лопнор көлі, осы ащы көл маңайынан Кыруарнияның орнын тауып қалармын деп есептеді. Оған енді кеменің және кемешінің қажеті қалмады, тек келіскен жол бастаушы болса жетіп жатыр.

Құрлық жолымен жүргендер де уәделі уақытта жетіп үлгерді. Екі кемеші кететін күні бұл сұңғыла да жылбоз швед адам бір семіз қой және май, күріш, сәбіз сияқты нәрселер әкелдіріп, ұйғырлардың сүйіп жейтін тамағы – палау бастырды. Оның үстіне бірнеше жың арақ әкелдіреді. Сонымен кемешілерге қонақасы беріп, жеңіспен табысқандықтарын құттықтайды. Бұл қонақасы қыстақтың басындағы аумақты алаңда өткізіледі.

Бұл шағын қыстақтың тұрғындары өңкей момын егіншілер болатын. Олар мына шетелдіктің өзі жалдап алған екі кемешіге мұндай мейір-қайыр көрсетіп жатқанын көріп қатты әсерленді. Тамақ алдыға келген сәтте Свен табақтағы палаудан саусақтарымен еппен алып асап жатты. Ол палауды асап жатып қасындағы кемешілерге ұйғыр тілінде:
– Жеңіздер, жеңіздер, тоя-тоя жеңіздер, – деп отырды.

Оның мына әрекеті шағын қыстақтың адамдарын тіпті сүйсіндіріп, оларды “бұл сенім артуға болатын адам екен” деген ойға келтірді. Осыдан көп өтпей Свен жол бастаушы табуды айтқанда, қыстақтағылар оған ақылдылығы мен іскерлігін жұрт таныған Юдек деген жігітті ұсынады. Ол жігіт кейін Свеннің Кыруарнияны табуында зор рөл ойнайды.

Юдек жас шамасы 24–25-тен аспаған жігіт. Қызыл шырайына құп жарасқан қап-қара қос жанары жалт-жұлт етіп, ақылдылық қалып танытып тұрады. Ол ата-бабасынан бері Кончи өзенінің төменгі аңғарын мекен етіп келген, сондықтан Лопнор өңірін бес саусағындай білетін. Ол бірнеше күннен бері Свеннің саяхатшыларын бастап, осы өңірді аралатып, көпшілікке сирек кездесетін жабайы түйені көрсетті, Пержаловскийдің жабайы жылқыны қай жерден атқанын, ағылшын аңшыларының жабайы түйенің ботасын қай жерден ұстағанын көрсетіп отырды.

Көпшіліктің сөйлерге сөзі болмай, тым-тырыс болып қалған кезде бұл жігіт Кончи өзені жөніндегі және Лопнор жөніндегі қызықты әңгімелерді баяндап берді. Свен өзінің “алдау-қату” айласына іштей сүйсінді. Сонымен ол жол бастаушыға тіпті де ілтипат көрсетті.

Бұл саяхатшылар Лопнұр районына ішкерлей кіріп кеткенде, олардың бет алдында шетсіз де шексіз кеткен сортаң дала мен құм жатыр еді. Көрер көзге ол сортаң даланың бетінде бір қабат қатты қабық жатқан сияқты көрінгенімен, іс жүзінде оның үсті борпас құм болатын. Бұл жермен жүрген адам да, мал да қатты қиналатын. Бұлар дәл осы шақта, сонау ерте заманда алыс сапар шегіп келе жатқан сауда керуені сияқты немесе дүниені жаяу кезіп жүрген будда момындары сияқты алдарынан бірер қала немесе қыстаққа кез болуды қаншалықты аңсайды десеңші!

Ойламаған жерден олардың қарсы алдарынан топырақ төмпешік, қала қорғаны, еңселі ғимараттар бұлдырлап көріне бастады.
– Жарайды, жарайды! Біз бүгін бір жақсы қоналқыға кез болдық.
– Тезірек жүріңдер, барып қала базарын аралайық! – деп казактар қуанғандарынан айқайласып кетті.

Түйе үстінде келе жатқан Свен алдындағы қаланың нобайына көз жүгірте бастады. Қала маңындағы топырақ төмпешіктермен жалғасып кеткен, ал топырақ төмпешіктердің арасынан бірқанша құрылыс бой созады. Бұл құрылыстар бейне сәулетті сарайларға немесе ертедегі мұнараларға, я болмаса хабарласу текшесіне, немесе қайраңдап қалған алып соғыс кемесіне ұқсап кетеді.

Бірақ бұл араға келіп орнай қалған қайдағы мұндай үлкен қала? Картада да аты жоқ, оның үстіне адам айтқысыз жым-жырт. Бұл өзі шөл жазирасындағы сағым емес пе? Ондай емес. Археологтардың көзін улы табиғат алжастыра береді ғой. Мұның байыбына бара алмаған Свен күдіктене:
– Бұл қай жер? – деп сұрайды.
– Бұл Ярдан.
– Аа, Ярдан деймісің? Ярдан деген не сөз?
– Ярдан – Лопнұр өңірінің ерен көрінісі. Қарияның айтуынша, бұл қаланы жын-шайтандар салыпты. Көп жылдардан бері бұл арамен жүрген жүргіншілер жоғалып кетеді екен. Кейбір жүргіншілер бұл қалаға кіріп кетіп, шыға алмай, ең ақырында оларды жын-шайтандар жеп қояды екен…

Юдек “Ярдан” деген сөзді барынша қызықты етіп түсіндірді, бірақ Свен мұның мәнісін сонда да анық ұғына алмады. Кейін амалсыздан сол үңгірдегі адамдардың бұл қаланың осылай аталуына негізделіп, оны кейінгі шығармаларында ерекше атау ретінде пайдаланды.

Олар әңгімелесе отырып “Ярданға” кіріп те кетті. Бірден сілкіне түскен казактар өздерін мазақ қылған “жын-шайтандарды” боқтай жөнелді, олардың бағанадан бері ғимарат деп келе жатқаны – шоқиған-шоқиған топырақ үйіндісі болып шықты.

Свен Юдекті қасына ертіп алып “жын-шайтандардың” мына хикмет туындысын зейін қоя тамашалады және тынбай суретке алды. Ол тура екі күн уақыт сарп қылып, осы арада тексеріп-зерттеу жүргізіп, құмды шөлдегі мұндай ғажайып көріністің сырын ақыры ашты: аңыздарда айтылатын “жын-шайтанды” да тапты.

Расында, осынау ығыр өңірде ұзақ жылдар бойы үзбей соққан қатты жел жерді сай-жыра етіп, құм төбешіктерді “ғимараттарға” айналдырған. Міне, осылай табиғаттың өзі адамды алжастыратын “қаланы” салып кеткен еді.

«Ярдан» атты осы бір жын-шайтандар қаласынан аттанған олар әрі бір-ақ күн жол жүріп, құлазып жатқан тағы бір байырғы қалашыққа кез болды. Мына қаланың топырақ үйіндісінен салынған қала еместігін көпшілік бұл жолы анық көрді — бұл нағыз қонақ қала екен. Дегенмен мұны қала деу де дұрыс емес еді: көлемі өте шағын, жамбылы да жоқ. Бар болғаны бірлі-жарым үйлердің сілемі ғана.

Бұл кезде күн едәуір кешкіріп кеткен, Свен бұл жерге онша қызықпады. Ол ұлы Такламакан шөлінде ертеректе қаралған бірнеше қала орнын қазып көрген, олардың көлемі мұнан әлдеқайда үлкен болатын.

Бұл швед кеште баяғы заманда қирап қалған бір “үйге” түнеп, ойламаған жерден сол “үйдің” ішінен Жуңгоның ерте замандағы бірнеше мыс жармағын және екі алтасын, бірнеше ағаш қоймасын тауып алды.

Бұл нәрселер Свеннің назарын аударып, ол осыдан былай өмірде әлдеқандай бір баяғы қаланың орны табылып қалуы да ғажап емес деп долбарлады.

Ертесі таңертең ертемен ол қол астындағыларға ат-көлікті дайындатты да, алдағы бұлдыр елес іспетті хикметті істі іздеп жолға шықты. Оның сезуінше, «Кыруарния» осы бет алдында.

Күн жылынып, гүлдер бәйшешек атқан наурыз айының соңғы кезі болатын. Бұл бір топ адам үш қиырсыз құмды шөлде ілбіп келеді. Гүлдер жайқалып, ағаштар жасыл торқа жамылған, құстар сайраған тамаша көрініс көзге көріне қоймағанымен, көктем лебі есіп тұратын. Күннің таңертеңгі шұғыласы саяхатшыларды жылы шуағына бөлеп, бойларын сергітті.

Топ ішіндегі ән мен биге әуес бірнеше ұйғыр ат үстінде келе жатып әсерлі халық әніне басты. Олардың әнін аяқтай бере ән аяғын казактар іліп әкетті. Олар осы бір суық та емес, ыстық та емес қоңыр салқын күнде жүріп келді, аттары да серігіп қалған. Көктем күні аттарды құнатып-ақ тастапты — 20 шақырымнан астам жолды бір демде артта қалдырды.

Дамылдап таңертеңгі ас ішетін уақыт болыпты. Свен саяхатшыларды бір орында тоқтатып, демалуға әмір етті. Осы шақта ол бір ерекше жайтты байқады: соңғы екі түйедегі мұз салынып артылған тері тұлыптар қурай бастаған, ішіндегі мұздар күннің жылуымен еріп, жол-жөнекей ағып келіпті.

Бұл өмірмен қатысты зор мәселе еді: құмды шөлде сапар шеккенде су болмаса тірі қалу мүмкін емес. Өзін тежей алмай қалған ол:
– Су! Су! – деп айқайлай жіберді.

Арт жақтағы жағдайдан хабары жоқ Юдек те ешнәрсенің байыбына бара алмай:
– Су? – деп дауыстап қалды.

Ақылды қос жанары төңіректі шолып өтті де, бет алдында көрініп тұрған бір топ жыңғылды нұсқап тұрып:
– Анау ойпандағы жердің астында су баршылық! – деді.

Свен Хедин де түсіне қойды. Жыңғыл шыққан жердің астында судың да бар екендігі оған да аян-ды. Ол Юдекке күрек алып, сол жерді қазуды бұйырды. Аттан қарғып түскен Юдек күрек салынған түйенің үстін көріп:
– Міне, қырсық! Біздің әлгі күрек түсіп қалыпты! – дегенде, дауысы еріксіз қатты шығып кетті.

Ол осыны айтты да, атына қарғып мініп, ат басын кері бұрып, кеше кеш түнеп шыққан жерге қарай ұшырта жөнелді.

Басқалар да аттарынан түсіп, демалды. Олар ұзақ уақыт зарыға күтті. Ақыры Юдек те келді. Ол күректі тауып әкеліпті, оның үстіне тауып алған ағаштан ойып жасалған будда мүсіні және ерте заман ақшалары да бар екен.

Будда мүсіні мен ерте заман ақшаларын қолына алып көріп, жерден алтын тапқандай болған Свен:
– Мына нәрселерді қай жерден тауып әкелдің? – деп сұрай кетті.
– Сол кеше өзіміз түнеп шыққан үйден тауып алдым. Кеше түн болып кетті де ешнәрсе көрінбеді. Таңертең тағы асығыс аттанып кетіп, бұған назар аудармадық. Мен барып күректі қарап жүріп, қираған тамның қасынан осы ағаш ойма мен бірқанша ерте заман ақшасын жатқанын көрдім. Күректі тауып алған соң, жай әншейін қазып көріп едім — осы нәрселер шықты.
– Ым, ондай болғанда, оның байырғы бір қаланың нақ өзі болып шығуы ғажап емес екен. Біз су тауып алайық та қайта барып көрейік.

… … …

Свен мен Юдек сөйлесіп тұрған кезде екі лашкер күректі ала салып, жыңғылдың қасына шұңқыр қазып жіберді. Аздан соң су да шықты. Шұңқырдағы су тұнып болғаннан кейін казактар қолдарымен ұстап, су ішуге таласа-тармаса бас қойды. Олар суды ұрттап алып:
– Ойбай, ашты екен! Ашты екен! – десіп, бет-ауздарын тыржитты.

Заты, бұл жердің жер асты суының құрамында тұз көбірек болады екен. Уақытша мұқтаждықты шешкен болмаса, оны ұзақ уақыт ішуге адам да, ат-көлік те шыдай алмайтын.

Кері қайтып барып тексеру ойынан амалсыз кешкен Свен, қалған мұзға қосып істеу үшін сәл ғана су алды да, шығысты бетке алып тағы да жүріп кетті.

Ол көп ойланбай Лопнұр өңіріне шықты, байырғы “Кыруарния” қаласы әлі табылмады. Бірақ осы өңірлердегі ұлы табиғаттың керемет көріністері Свен Хиединді өзіне баурап алды. Көрікті алтын тау, тылсым құсты аралап, шалқып жатқан тұзды көл, жер түзілісі күрделі Сайдам ойпаты қатарлы жер-сулар оны қатты қызықтырды.

Олар Шыңхайдың өзінде жарты жылдан астам уақыт барлау жүргізді. Бір күні қолы бос уақытта бұл сұңғыла швед әлгі Юдек тауып әкелген ерте заман ақшаларын алып шығып, тәптіштей зерттеу жүргізіп отырып, бұл ақшалардың өңкей екі Хан патшалығы дәуіріндегі бес мысқалдық ақшалар екендігін, ішінде кейінгі патшалықтардың ақшасынан біреуі де жоқ екенін байқады.

Ол едәуір ойланып отырды да:
– Ғажап! Бұл шынында Хан дәуірінде керексіз етіп тасталған қала болып жүрмесін? Мүмкін, осылай болса, мұның Кыруарния болып шығуы да ықтимал ғой, – деп күбірледі өзіне-өзі.

Осы шақта Юдек келді. Ол Свен Хединнің ерте заман ақшасын көріп, біресе ойланып, біресе қуанып отырған бейнесіне қарап тұрып:
– Сіз осы бір керекке тұрғысыз ақшаларға соншалықты құмартып қалыпсыз ғой. Кейін қайтып барған соң мен сізді ертіп барып, сол байырғы жерден кітап, дәптер сияқты нәрселер тауып беремін, – деді.
– Ой, сен сол ежелгі қалаға барған ба едің?
Лопнұр өңірінде осы сияқты еделгі қаладан үшеу-төртеуі бар.

Келесі жылғы көктем маусымы. Свен Хиедин мықтап дайындалып алды да, Юдектің бастауында тағы сол елеусіз “байырғы қалаға” келіп, қазба жұмысын бастады. Аз уақыттың ішінде қағазға жазылған және ағаш тақтайшаға ойылып жазылған 150-ден астам жазба дерек тауып алды.

Бұл жазбалардың бетінде Хан патшасының ғылымнамасы және жылдары жазылыпты. Осылардың ішіндегі көптеген материалдарда «Кыруарния» атауы кездесіп отырды. Ойламаған жерден бұл ежелгі қала көпес Кыруарниядан көрнеу айырылып қала жаздамады ма? Өлшеп қарағанда, тарихта аты бар осы ежелгі қаланың көлемі небәрі 100 мың шаршы метрден астам ғана болып шықты.

Бірақ оны таңдандырғаны – жер астынан табылған жазба деректердің ішінде сонау жаңа эраның 150-жылдары төңірегінде қағазға жазылған бірнеше материал болды. Жуңгоның қағаз жасау өнерін жаңа эраның 105-жылы Цай Лунь тапқанын ол білетін. Қағаз жасау өнері табылып, көп өтпей Хан патшалығының оның осы Кыруарния сияқты кішігірім аймақтарға әкелуі – мемлекеттің шалғай өңірлерге де көңіл бөлгендігін көрсетеді.

Свен Хедин Кыруарнияны қазып болғаннан кейін, тағы да Юдектің бастауында “Миран” деген жерге барып, Миран деп аталатын ежелгі қаланы тапты. Бұл қала Кыруарниядан әлдеқайда үлкен екен. Көптеген құрылыстарында Греция және байырғы Рим сәулет өнерінің үлгілері байқалды.

Қазір алынған жазба материалдардың ішінде Ханьцзу (қытай) жазуымен жазылғандары да, Харожды (инд-будда) жазумен жазылғандары да бар екен. Бұл — осы жерге қоныс аударып келген кыруарниялықтар құрған Пышам-Шан мемлекеті деп қарады Свен Хиедин.

Осыдан кейін Свен Хедин Миранның қасынан тағы бір ежелгі қаланы тауып алды. Бұл да Кыруарнияның үлгісіндегі қала еді.

Сонымен ол Кыруарнияның жоғалып кетуіндегі сырды ашты:
затында, Хан Вуди патша дәуірінде Кыруарния князі орда жағынан өлімге үкім етіледі де, оның інісі астанасын Миранға көшіріп келіп, Пышам-Шан деген мемлекетті құрады. Осыған дейін Кыруарния қаласы мұнша дамымаған еді, ал Миран гүлденіп, көркейе түседі.

Оңтүстік-Солтүстік патшалықтары дәуіріне келгенде Тарым дариясының арнасы өзгереді де, Кыруарния өңірі түгелдей кеуіп қалады. Осы қаланы мекен еткен халық басқа жаққа қоныс аударады, бірақ кейінгі жағдайы мәлімсіз.

1902 жылы жазда Свен Хедин “зерттеу” жұмысын аяқтап, еліне қайтты. Ол Кыруарния мен Мираннан табылған қыруар мәдени бұйымдар мен жазба материалдарды өзімен бірге алып кетті.

Сонымен, тура үш жыл уақыт жұмсап, батыс өңір археологиясын баяндайтын бес томдық көлемді еңбегін жазып шықты. Өзінің ұстазы Рихшгофеннің (Richthofen) Еуропа мен Азияны тұтастыратын осы байырғы құрлық қатынас жолына берген атын пайдаланып, кітабының атын «Жібек жолы» (The Silk Road) деп қойды.

Осы еңбегі үшін ол Швеция патша әулетінің География ғылымы қоғамы тарапынан берілетін Виктория медалімен марапатталды.

Свен Хединнің амандығын қорғауда ерекше еңбек көрсеткен төрт казакты да қайтып барған соң Ресей патшасы арнайы орденмен сыйлады.

Литтер Қашқарда жүрген кезінде Күшәрдағы мың үйді Свенге таныстырған болатын. Швед саяхатшысы екі рет келіп, “зерттеу” жүргізгенде де ол жаққа “құтты қадамын” тастай алмаған. Бірақ кейінірек жапон зерттеушілері ол жаққа барып, сол бағыттағы зерттеулерді жалғастырды.

Қажет АНДАС

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Басы: https://qandas.kz/zhibek-zholynda%d2%93y-m%d3%99deni-m%d2%b1ralardy%d2%a3-%d2%b1rlanuy-9-b%d3%a9lim-4733/

Жалғасы бар…

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 30
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 21, 2025
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 17, 2025
Қытайтану негіздері – Ли Күи
Елтану

Қытайтану негіздері – Ли Күи

November 4, 2025
Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы
Елтану

Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы

November 3, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22  бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім

October 31, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz