Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 13 бөлім

ЛУ ЯН

admin
2025/10/22
Елтану
0
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 13 бөлім

Тасшының қасиетті қас тасын шеберлікпен қорғап қалуы

 Басы:  Кизлов көлді аймақтан аттандырып салғаннан кейін Маюфу қожайындық кейіпке бірден енді.
– Неменеге аңырайып тұрсыңдар? Бұл жерде қас тасты дереу қалаға жеткізіңдер! – деп ақырды ол жалдап әкелген лаушыларға.

Лаушылар орындарынан самарқау тұрды да, екіге бөлініп жатқан қас тастың қасына барып, біріне-бірі қарап пейілсіз сілейіп тұрды. Ешкімнің де қозғалар түрі жоқ. Қас тасты әлгіндей екі аттың күшімен қарсы жағадан зорға дегенде өткізген, атты шетелдік мініп кетті, енді қалған мына он шақты адам оны қалаға қалай сүйреп жеткізбек?

Лаушылардың сылбыр қимылын көріп тұрған Маюфу:
– Қимылдаңдар деймін! Қарап тұрғандарың не? Тас өзі қозғалады деп тұрсыңдар ма? – деп безектеді.

Оған ашуы келген бір жігіт қолын бір-ақ сілтеді де:
– Фың! Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды! Осы бірнеше адамға мына тасты қалай сүйретіп апар деп тұрсың? Мұныңды мен істей алмаймын. Бір күн істегеніме беретінің бәрібір бір күннің жалақысы ғана емес пе! – деді.

Оның сөзі үзілмей жатып қалғандары да қазанның астындай гу етіп, қайтып кетуге ыңғайланды.

Маюфу сасайын деді.
– Айтатын сөздеріңді жайлап кеңессек болмай ма? Бойымызда жанымыз бар тірі адам болған соң бір амалын таппаймыз ба? Адам сүйреп әкете алмаса, арба табылмас па? – деді ол жылмаңдап.

– Арба тап дейді, – деп іліп әкетті бір лаушы. – Оны қайдан таппақсың? Оның үстіне мына тастар ондай дөңгелегі биік арбаға қалай шықпақ?

– Арба болмаса, басқалай әдіс табуға болмай ма? Егер шетелдік ұлық келіп қалып, біздің бұл екі кесек тасты аудан қаласына әлі жеткізе алмағанымызды көрсе, “бұл қытайлардың қолынан түк келмейді” деп күлмей ме! – деп Маюфу лаушыларды бір жағынан үгіттеп, бір жағынан қайрап жүріп, ақыры көндірді.

Лаушылар бірнеше мықты әрі жұмыр ағаштар әкеліп, тастың астына қойып сүйреуді айтты. Бұған Маюфу да қосылды. Сонымен, көпшілік ағаш тауып әкеліп, бір күн әуре болып жүріп қондырғы жасап шықты. Осыдан кейін екі күн арпалысып жүріп, қас тасты Күшар қалашығының сыртына зорға жеткізді.

Бұл істің қалашықтағы елді дүрліктіріп жіберерін кім ойлаған?! Шетелдіктің тау ішінен екі кесек қас тас тауып алып, оны қалаға алып келгенін естіген ел жапа-тармағай келіп, қас тасты жабырласа көрісіп жатты.

Хотаннан қаңғырып келіп, Күшарда тұрып қалған бір қарт тасшы бар еді. Бұл кезде оның жасы жетпістен асқан, солай да денсаулығы мықты, құлақ-көзі әлі жақсы еді. Бұл хабарды естіген ол: “Жаңсақ естімедім бе?” – деп өзіне-өзі сенбей қалды.

Оның өмірінің жарымы қас тасымен әріптес болып өткен-ді. Тасшының білуінше, Шыңжаңда қас тас тек Күнлұң үңгірінде ғана бар, ал Күшардан қас тас шығады дегенді ол естіп көрмеген. Ол бұны тағы бірнеше адамнан сұрап көріп еді, олар да елден естігендерін айтып, бәрі барып көрмек болды.

Тасшыға серік болып қала сыртына шыққан олар үйме-жүйме, қораланып тұрған қалың адамды көрді.

Адамдардың арасына кимелей кірген тасшы айтқандай-ақ, жерде жатқан сұрғылт шұбар қас тасты көрді. Бейне бір құрсақтан шыққан егізге ұқсайды. Ол қас тастың қасына барып, үстіне жұққан шаң-тозаңдарын сүртіп тастап, тәптештей қарап шықты.

Бұл қас тас онша шымыр болғанымен, жарқырап көз жауын алады екен. Өзі сондай үлкен, шынында оңай қолға түсе беретін қас тас емес. Мына қас тас тасшының көзіне жылы ұшырағандай сезілді. Ол жан қалтасынан кішкентай пышағын алып шықты да, тастың біреуінің қасына отыра қалып сызып көрді.

Өзінің көп жылдық қас тас ою тәжірибесіне сүйеніп, мынау Күшардың қас тасы емес, қайта өзінің атамекенінің ерекше өнімі – Күнлұң қас тасы деп тұжырымдады тасшы.

Күнлұң қас тасы шымыр келеді, сондықтан бүкіл елдегі қас тастың маңдайалдысы саналады. “Қас тасы шығар Күнлұңның” деген сөздің шығуы міне, осыдан еді.

Мына екі кесек қас тас шетелдіктің қолына қалай түсіп қалды екен? Қас тасына көз алмай қарап тұрған тасшының есіне екі ай бұрынғы бір оқиға түсті.

Сол кезде Сыши Тайху өзі үшін қабір салдырмақ болып, Күнлұң қас тасын табылғанынша жинап беру жөнінде Шыңжаңға әмір түсірген еді. Шыңжаң үкіметі Хотаннан арнайы жасалған бес ат арбамен өңделген дәу қас тастарды алдыртып, астанаға жөнелтіп береді.

Қас тас тиелген осы арба екі жол жөнекей Күшарды басып өтеді. Дәл осы кезде тасшы және бірқатар адамдар жол жиегіне барып, арбаларды тамашалап қарап тұрған-ды. Алда бір топ атты жасақ жол ашып барады. Олардың алдында біреуіне үштен ат шегілген бес арбаны бастап, керуенбасы ұлық кетіп барады.

Арбалардың үстіне ең сапалы Хотан кілемдері жабылыпты, сары атласпен оралған қас тастар топты жұрттың көз алдынан өте береді.

Жиналған жұрт өзара күбір-сыбыр сөйлесіп тұрды:
– Қас тастар патша ордасына апарылады екен. Ордаға жетпей жатып сары киім киіп алғанын қара!
– Мына қас тастардың сапасы қандай екен, деші? Қалай дегенмен, олар ордаға Шыңжаң атынан әкетіп бара жатыр ғой!
– Сапасыздау деймісің? Мына ең алда әкетіп бара жатқанның өзі қаншалықты үлкен екеніне қарамаймысың!

Мынау жатқан қас тас – екі айдың алдында астанаға әкетіліп бара жатқан сол қас тастардың бір бөлігі деп күмәнданды тасшы.
Жоқ, тіпті сол қас тастардың бір бөлігі болмаған күннің өзінде де, оны шетелдіктің қалағанынша әкете беруіне болмайды ғой!

Қас тастың қасында тұрған тасшы қарт Маюфуға:
– Мына қас тас қайдан әкелінді? Шыныңды айт! Патша ордасына тартуға берілген нәрсе, сен мұны шетелдікке бермек болып жүрсің бе? Сонан басың кетуден қорықпайсың ба? Бұл қас тасты ешкімнің алып кетуіне рұқсат жоқ! – деп саусағын безеп тұрып айтты.

Бұл сөзді естіген Маюфу шошып кетті — өне бойын суық тер басып, тұла бойы дір етті. Лаушылар да көздері алақандай болып, ауыздары аңқиып, қорқа бастады. Кейбіреулері басын сипай берді. Екі айдан астам уақыт бұрын астанаға қас тас әкетіп бара жатқан арбалардың осы өңірден өткенін бұлардың кейбірі өз көздерімен көрген, кейбірі елден естіген.

Осы кезде тамашалаушылар да ұйқыдан оянғандай болып, тасшының сөзін қостай жөнелді:
– Патша ордасының нәрсесін ұрлап жүрген неткен алаңғасарлық!
– Қалай ұрладың? Қай жерден әкелдің? Айт, шапшаң!
– Мына екі қас тас тартуға берілген қас тастармен ұп-ұқсас. Мен мұны анық көргем, – деді біреуі.

Сол кезде қас тастардың сырты сары атласпен ораулы болғаны әлгі адамның есінде жоқ еді. Оның сөзі үзілмей жатып, қасында тұрған бір адам:
– Сенің көзің сары атластың ішінде не бар екенін қайдан көріп қойды? – деп іліп әкетті.

Әлгі адам:
– Жел қайырып ашып кеткен нәрсені кім көре алмайды! – деп қарсыласа кетті.

Оның сөзін естіген адамдар мына жатқан екі кесек қас тасты сол қас тастардың бір бөлігі деп тапты. Сондай-ақ, Маюфудың теріс жолға түсіп, қылмыс жасағанын дәлел деп қарады.

Маюфудың суқаны тіпті ұшып кетті. Мына екі қас тастың Хотанда шығатын Күнлұң қас тасына мүлде ұқсас екендігі Маюфуға да анық еді. Оның үстіне Күшардан қас тас шығады дегенді бұрын-соңды өзі де естіп көрмеген.

Шынында, қас тас ордаға әкетіп бара жатқан арбалардан түсіп қалған жоқ па екен? Онда ол байырғы Зубаш қаласына қалай барып қалған? Мүмкін, басқа біреу әкетіп бара жатып қойып кеткен жерінде өзіне кезігіп қалған шығар?

Шетелдікке жарамсақтанып, өзі де аздап пайда тауып қалмақ еді, енді міне, жағдай өзіне тиімсіз болып барады. Ол Ұлы Чиң патшалығының заң ережелерін әбден біледі: патша ордасының мал-мүлкін ұрлау – бүкіл отбасының басы шабылады деген сөз.

Осы кезде тамашалауға жиналғандар тағы да дуылдасып кетті:
– Жарайды-ақ, бұған керегі жан емес, ақша екен!
– Патша ордасының нәрсесін жымқыру біздің бұл жерде болып көрмеген іс еді. Мынау оңай-оспақ іс емес!
– Дереу барып үкіметке хабарлайық, мына неме қашып кетіп жүрмесін!

Жел өкпелеген екі жас жігіт расында аудан жамбылына барып, бұл істі хабарлап та болды.

Шошығаннан өңі қуқыл тартып кеткен Маюфу:
– Ұрлап алғанымыз жоқ, жолдан тауып алдық. Тауып алған мен емес, шетелдік. Патша ордасына тартуға берілген нәрсе албатты алуға болмайды деп мен де оларға айтып, әдейі осы аудан орталығына әкелдіріп қойдым, – деді қалшылдап.

– Айтқаныңның бәрі рас па? – деді тасшы қатқыл дауыспен.
– Құдайға рас, жарты ауыз өтірігім жоқ, – деді Маюфу.

– Сендердің осы арада тосамыз деп тұрған шетелдік ұлықтарың қандай адам? Оның үстіне қас тасты Ресейге апарып береміз депсіңдер ғой? – деп сұрады тасшы.
– Бұл ұғыспастық, ұғыспастық! Ол шетелдік мырза руда үлгісін іздеп жүр екен. Мен оған жол бастап бердім. Оның алып кетпек болып жүргені мына қас тастар емес, жинаған кен рудалары, – деп Маюфу төтеп берерлік сөзді лезде қиыстыра қойды.

Осы шақта Кизлов пен екі нөкері де атпен келіп қалды. Дария суына түсіп кетіп, өлуге айналғанда аяқ астынан қалқып келіп қалған дөңгелек қалтқыға кез бола кеткендей болған Маюфу Кизловты ұстай алып:
– Кизлов мырза, мына қас тас патша ағзамға тартуға берілген нәрсе ғой. Жарым жолда арбадан түсіп қалған жерінен біз тауып алып, аудан орталығына алып келдік қой. Осылай емес пе? – деді.

– Немене? Патша ағзамға тарту етілген нәрсе дейді? – деп, еш нәрсенің байыбына бара алмай аң-таң болған Кизлов Маюфу мен оның маңындағылардың қыстыға сөйлескен сөздерін тыңдап тұрды.

Сосын:
– Күшардан қас тас шықпайды деп мен басында-ақ айттым ғой, сен сонда сенбедің. Осы жолы тауға барып, екі күн сенделсем де ештеңе таба алмадым. Мен енді басқа жерге барып тексеру жүргіземін! – деді.

– Дұрыс, қас тасты аудан қаласына әкеліп қойдық. Басқасымен ісіміз жоқ. Мен тағы да шетелдік мырзамен бірге тексеру жүргізуге барамын, – деді Маюфу сөздің соңын іле жөнеліп.

Сонымен, қарт тасшы қорғап қалған бұл екі қас тас Күшар ауданының жамбылына жеткізіліп, тарту-таралғы тиелген керуенді алып қайтатын төренің келуін күтіп жата берді.

Бұл екі қас тастың Манчжур (Чиң) үкіметі құлағанша, онан Минго жылдары аяқталғанша жатарын, тіпті бүкіл ел азат болып, бертінге дейін елеусіз, ескерусіз қаларын кім ойлаған?!

Алайда, күшарлық көптеген қариялар бұл тастардың Сыши Тайхуға (императордың сүйікті әйеліне) о дүниеге барғанда жататын төсек жасауға берілген асылдар екенін аңыз етіп айтады екен.

Ол қариялар да мұны алдыңғы буындардың аузынан естіген екен. Ол кездің адамдары “зират тұрғызу” деген сөзді ашық айтудан жасқанатын. Бұл әдет кейінгілерге де дәл сол күйінде тараған.

1963 жылға келгенде Орталықтың жаратылыстану музейі Шыңжаңға қас тас жинауға адам жібереді. Күшар аудандық халық комитетінің ауласында жатқан асыл тас олардың көзіне сол кезде шалынады.

Ауданның мақұлдауын алған олар арнаулы әзірленген екі қызыл киізге қас тастарды орап, Бейжіңге алып кетеді. Алып кетердің алдында бұл екі қас тасты өлшеп көріп, үлкенінің салмағы 1200 кг, ал кішісінікі 700 кг-нан астам екенін біледі.

Кизлов қас тасты таси алмады, бірақ ол Шыңжаңнан олжалы қайтты. Ол 350-ден астам әр түрлі руда және тау жыныстарын, 25 мыңнан астам өсімдік үлгілерін, және бір топ хайуанат үлгілерін жинап алып қайтты.

Байырғы Зубаш қаласынан көрген мәдени бұйымдарға ол онша қызықпады, бірақ бұл істі Климентос деген досына айтып, сол мәдени бұйымдарды көруге досын жібермек болады.

Қажет АНДАС,

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі.

Жалғасы бар…

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 25
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 21, 2025
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 17, 2025
Қытайтану негіздері – Ли Күи
Елтану

Қытайтану негіздері – Ли Күи

November 4, 2025
Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы
Елтану

Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы

November 3, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22  бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім

October 31, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz