Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 19 бөлім

admin
2025/10/30
Елтану
0
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 19  бөлім

Уаң Софтың мемлекет қазынасын сатып пайда табуы

 

Басы:  Бұл күндері Стивен көзін жұмса болғаны, бейне ертедегі Хотан өңірінің гүлденіп, көркейген көрінісін көргендей болып жүрді. Осынау байырғы Жібек жолының оңтүстік жағында көсіліп, үші-қиыры жоқ шырайлы дала жатыр. Онда жапырақ жайған жап-жасыл ағаштар, бір-біріне жалғасқан қала қорғандар, тау-далада мыңғырып жатқан мал табындары, түрлі астық дақылдарынан алынған мол өнім бар.

Ал анау шығыстан батысқа, батыстан шығысқа кетіп қайшыласып жатқан сауда керуендері, олардың беттелеген түйелері мен аттары, таудай-таудай қып артқан тоғанақтары – бәрі де тоғанақпен қоса үміт пен қуанышты әкетіп бара жатқан сияқты…

Бірте-бірте бұл еврейдің көз алды бұлыңғырлана берді. Ерте заман сауда керуені Хотан районынан өтіп кеткеннен кейінгі көріністі ол білмейді. Алдыңғы рет “тексеру” жүргізіп келгенінде небәрі бір-ақ жыл жүрген, шығысқа қарай жүре беруге амалы болмаған. Бұл жайт оны мынадай түйсікке келтірді: бейне бір бай отбасының биік дуалынан асып түсіп, қолына аздап бірдеңе енді іліне бергенде әлденеден шошып қашып кеткен ұры сияқты, ішкі көңіл күйін ылғи бір наумез сезім билеп жүрді.

Ал қазір оның атақ-абыройы өсті. Енді кезек – бір істі тындырып тастап, Батыстың «Шуанзан» болғыш ойы бар. Сонымен Индия билеушілеріне ерте заман Жібек жолын қайта бір рет тексеру пікірін ортаға қойды.

1907 жылы Стивеннің пікірі қабылданды. Ұлыбритания музейі оған мол қаражат беріп, көмек көрсетті. Ол Рамкингті жер түзілісін сызу жұмысына көмектесуге ұсынды. Сондай-ақ ағылшын тілін білетін Жян Шууан деген жуңголықты сапар жолындағы көріністерді естелікке алу, Жуңго жақпен сөйлесуге дәнекер болу сынды істер жөнінен жатшылыққа алды.

Осы жылы шілде айында олар “тексеру” жүргізіп, Хотанға тағы келді.

Стивен екі айға жуық “тексеру” жүргізу арқылы құмға көміліп қалған бір ерте заман татясынан (мұнарасынан) көптеген мәдени мұралар тауып алып, Хотан қалашығына қайтып келеді. Жол-жөнекей ескі бұйымдар сататын базардан өтіп бара жатқан кезде ол ойламаған жерден алдыңғы рет өзіне жол бастаушы болған Мехмет деген қариямен ұшырасып қалды. Қария жерге жайма ашып қойып, ерте заман жазбаларын сатып отыр екен.

Қолына ерте заман жазуларының біреуін алып көргенінде Стивеннің өңінен таңданған, қуанған және әсерленген бейне байқала бастады. Қолындағы ерте заманғы жазба материал ханцзу және харожды жазуларымен, Хотан жазуымен жазылыпты. Аңғаруы – сол кездегі үкімет қатынасы болса керек, сондықтан үш түрлі жазу қолданылған екен.

– Бұл жазбаларды қайдан алдыңыз? Енді бар ма? Жоқ па? – деп асыға сұрады Стивен.

Жол бастаушы тіл қатпастан күлімсіреп қана қойды.

– Мына ерте заман жазбаларын мен түгел сатып алайын. Осы сияқты жазба материалдар қай жерде болса, мені сонда бастап барыңыз, қазып көрейін. Қазудан шыққан жазбалар көп болса, сізге де көп ақша беремін, – деді Стивен, жол бастаушының жауап бермей отырғанын көріп, амалсыздан саудаласу әдісін қолданып.

– Ха-ха! Мына сөзіңіз жөнімен айтылды. Сізді бастап барайын, қазыңыз, ол жерде ерте заман жазбалары баршылық! – деді қарт жол бастаушы.

Сонымен Мехмет Стивенді өздері алдыңғы рет қазып кеткен байырғы Ние қаласының қасына ертіп барып, бір топырақ төмпешікті қаздырды. Төмпешіктің астынан айтқанындай-ақ көптеген ерте заман жазбалары және бірнеше парша Грекия әйел құдайының, махаббат құдайының, палуандар құдайының сызба суреттері шықты.

Өзінің археологиялық біліміне сүйенген Стивен байырғы Ние қаласының ерте заманда Ние мемлекетіне, кейін келе Шан-шан мемлекетіне тәуелді болғандығына табанда-ақ тұжырым жасады. Сірә, бұл “топырақ төмпешік” байырғы Шан-шан мемлекетінің архив қоймасы сияқты. Бұл мемлекет ханцзу мәдениетін, Үнді мәдениетін және грек мәдениетін тоғыстырып, өз мәдениетінің үлгілерін жасап шыққан.

Жаңа эрадан бұрынғы 77 жылы Кыруарния патшасы тұрлаусыздық істеп, Финдердің құлдығына кіргендіктен, Хан патшалығы ордасы Фужиесіні жіберіп патшаны өлтіріп, патшаның інісі Ұйтушыны таққа шығарады. Мемлекет астанасын оңтүстікке көшірген соң атын Шан-шан деп өзгертеді. Ал Шан-шан қаласы Свен Хиедин тапқан Миран қаласының маңында еді. Сондықтан ол жерді әбден қазып болған Стивен дереу байырғы Миран қаласына тартты.

Стивен Миран (қазіргі Шарғылық ауданының маңында) қаласының орнында қазу, “тексеру” жүргізіп, тағы да ойламаған олжаға батты. Ол осы байырғы қала орнынан бірнеше күн ішінде пұтханаларды тапты, сондай-ақ қыруар ерте заман жазбаларын, будда номын тауып алды. Әсіресе үш және бес пұтханалардан көптеген байырғы Грекия, Рим стиліндегі қабырға суреттерді тапты. Мұның ішінде бірнеше кішкентай періштелердің суреті бар еді. Бұлардың барлығы арқаларында қос қанаттары бар балалар екен де, бәрі сәби жанарларын үлкен ашып, мынау таңғажайып дүниеге қарап тұр.

Стивеннің хатшысы Жан Шауан жақтысы сөйлеп:
– Мынауыңыз ұлы тапқырлық! Дүниедегі ең ертедегі ангелдар осы арадан табылды. Бұлар екі мың жылдың алдында ұшып Жуңгоға келген болса керек, аңғарыңыз ба? – деді.

– Менің межелеуімше, мұндай қанатты періштелер ең бері болғанда жаңа эраның І–ІІ ғасырларының нәрсесі. Бұлар өзіміз басқа жерлерден байқаған қанаты болмаса да аспанға ұшып шыға алатын ұшпа періштелерге ұқсамайды. Өйтіп ұшатын періштелер Батыс мәдениеті мен Шығыс мәдениетінің будандастырылған туындысы, ал мына сияқты қанатты періштелер болса Еуропаның махаббат құдайы. Мен бұларды Англияға алып кетемін! – деді Стивен.

Стивен осыны айтты да, қол астындағыларға қабырға суреттерді қаза беруге әмір етті. Онда түсініксіз бір мәселенің барлығы тағы сезіліп қалған Жан Шууан екі ойлы болып тұрды да:
– Стивен мырза, мына қабырға суреттер өте құнды болғанда, бұларды Свен Хиедин неге алып кетпеген? – деп сұрады.

– Ха-ха! Сенің айтып тұрғаның әлгі швед пе? Ол, әсіінде, жаратылыс ғылымының ғалымы болатын. Археологиямен кейінірек айналысқан, көркемөнер жағындағы білімі жеткіліксіз. Сондықтан мәдени мұраларды парықтау қабілеті олқылау болып қалады ғой. Ол Миранға барғанда, сірә, ерте заман кітап материалдарын қазуға ғана назар аударып, мына сияқты нәрселерге немқұрайлы қараған болса керек, – деді Стивен.

Осыны айтқан кезде Стивеннің ойына аяқ астынан тағы бір шетелдік түсе кетті. Ол – Ротси деген адам еді. 1879 жылы Гансудағы Дуньхуан ауданына барған ол сол жерден көптеген тас үңгірлерді, үңгірдің ішінде қыруар реңді суреттер мен қабырға суреттердің барлығын байқайды. Ол еліне қайтып барған соң бір хабар жазып, осы бір ерте заман әсемөнер қамбасын таныстырады. Бірақ өкінерлік жері – ол әсемөнер байлығы сақталған осы қамбаға кіре тұра, сол қабағындағы асылдан бір түйір де алып қайтпапты.

Стивен бұл жолғы “тексеруінде” ерте заман екі орында атағы дүниені елең еткізген мәдени мұра кенін “ашты”. Дуньхуанда тағы бір керемет жаратуды ойына алған ол, Жан Шууанды сол жаққа барлау жасауға жіберді.

1907 жылдың ақпан айында Стивен Дунхуанға келді. Өз қожасын мейманханада қарсы алған Жан Шууан сопы байқаған кітап сақтаулы үңгір жөніндегі әңгімесін оған майын тамыза айтып берді.

Жан Шууанның әңгімесін тыңдаған Юридің бетіне күлкі ойнап шыға келді, артына ол қабағын түйе:
– Мынау кітаптардың табылуы Құдайдың маған сабағат етіп беріп отырған бір реткі баян орайы. Бірақ ол жерді күзетіп тұрған адам бар. Біздің ең қалған ерте заман қаласының орнын емін-еркін қаза беретінімізге ұқсамайды. Онда қаншалықты құнды нәрсе болса да, алып кете берсек, Жуңго үкіметі біліп жатқан жоқ! – деді.

– Мырза, сіз бұл жағын жақсы біле алмай отырсыз. Уаң сопы дегеніңіз құнды мәдени мұраларды парықтай білмейтін надан адам, біз оған біраз ақша берсек…

– Ол адамның сопылық құрып, азап шегіп жүргенін білуіңіз керек! – деді хатшысының сөзін бөлген Стивен.

Жан Шууан қарқ-қарқ күліп:
– Ненің сопылығы оған? Жуңгода: “Сопы байлық сүймес, өзіне игілік келсе тағы жек көрмес” деген мақал жақсы айтылған. Онысын былай қойғанда, бұл Уаң сопы жерінде әскер болған, сопылықты жол ортада құрып отырған адам ғой. Менің ойыма бір әдіс келіп тұр, – деді де, даусын әдейі жұмбақ сыбырға айналдырып, “осылай да осылай” деп Стивенге құпиясын айтты. Оның сөзі Стивеннің көкейіне қона кетті, жүзіне шаттық күлкісі есіп қалды.

Келесі күні бұл екеуі – еврей мен Жан Шууан – біраз иіс шырақ пен тілеу ас дайындап алып, атпен Миңшашан тауына тіке тартты да, Мугау тас үңгіріне келді.

Дунхуан ауданы – ертедегі Жібек жолындағы маңызды қалашық. Хан Уди заманында бұл өңірден Хыкчи мекемесі құрылып, мол әскер тұрғызылған. Кейін келе бұл өңір аймаққа өзгертілген. Чиң патшалығы тұсына келгенде ғана бұл өңір аймақтан аудан болып құрылады. Аттары тарихқа әйгілі Юмин Гуаң мен Ян Гуаң бекіністері осы аудан шекарасы ішінде.

Қаланың оңтүстік жағына 40 шақырым келетін Миңшашан тауының басына әлденеше жүз үңгір пұтханалар қазылған. Осы байырғы қаланың гүлденіп көркейген кезінде бұл арада пұтқа табына келушілердің аяғы жыл бойы үзілмейтін. Ал бүгінгі таңда Дунхуан маңызды қатынас жол болудан қалған, қай заманнан бастап екені мәлімсіз. Иіс шырақ тұтатып, құдайға құлшылық ететіндердің аяқ ізі мың үңгірдің алдында өшкен.

Уаң сопы жалғыз өзі қаңыраған ен тауды күзетіп жатады. Мұндағы мақсаты – амалын тауып бейнеттенбей күн көру. Бұл күні құлшылық етуге атпен тауға келген қонақтарды ықыласпен күтіп алды.

Жан Шууан Уаң сопыға Стивенді таныстыра:
– Стивен мырза Үндістанда будда дінін зерттеп жүрген адам. Ол кісінің шығыстың атақты пұтханаларына келіп, шырақтарын жағып, құдайға құлшылық етемін, әйгілі шайхы-қонақтарға дұғай-дұғай сәлем жасап, өнеге-үлгі алсам деген арманы бар. Бүгін қымбатты пұтқанаңызға будда әулиесімен, пусамен дидарласқалы арнайы келіп отыр. Сопы ұстаздың рахым етуін өтінеді, – деді.

Уаң Янлу екі алақанын бір-біріне жұптастырып тұрып, жалма-жан былай деді:
– Құдайға мың алғыс! Құдайға мың алғыс! Қораш сопыңыз осы жерде мынау ежелгі пұтханаларды күзетіп жатыр демесе, тылсым будда тағылымына онша жетік емес. Сөйтіп отырып қалай тағылым бере алсын?

– Ұстаз сопы, осы құлазыған ен сайда ұзақ жыл тұрдыңыз. Мынау мың жылдық байырғы пұтханаларды күзетіп, тұрмыс өткізуге бейім болдыңыз. Сөйтіп мол сауапты іс істедіңіз! Бірақ бұл жерге келіп, тауып етушілер, қайыр-садқа берушілер тым аз, содан сопы ұстаз қалай өмір өткізіп жүр екен? – деді Стивен аса бір ибалықпен.

– Хай! Мұны бір ауыз сөзбен айта салу қиын ғой! – деді Уаң сопы сегіз мұңлы пішінмен. – Әңгіме жан сақтау жағында ғана болса, ол оңай ғой. Осы мың үй елсіз шөл даласы орналасқанымен, бірақ осы он неше шақырым айналаға отырықтасқан елдің бәрі Сакьямунидің мүриттері. Мен жыл сайын әйнекке түсіп, ел аралап, аздап қайыр-садқа сұраймын. Ішіп-жеп, киім-кешектен онша қам жеп кеткен жоқпын. Бірақ кейбір буддар сынып, пұтханалар әбден тозығы жетіп барады, оларды жөндеу қиын болып отыр.

Стивен қалтасынан екі кесек күміс алып шығып, оны қос қолдап Уаң Янлуға ұсынып жатып:
– Мен өзім ұзақ жол жүріп келе жатқан адам едім, алып шыққан жол қаражатым санаулы. Мынау 20 сары күміс, сопы ұстаздың қабыл көруін өтінемін. Бұл ұстаздың азды-көпті киім-кешек алуына жарар. Ал өзімнің және бір тілегім бар еді. Егер сопы ұстаз маған көмек көрсете алар болса, онда қарашаңыз будда құдайларын қайтадан жаңғыртып, жаңалап шығу үшін пұтқанаңызға біраз ақша садақа беруге пейілмін, – деді.

Қарт сопы екі кесек аппақ күміске тесірейе қарап қалды. Ол біраз тартынған болып отырды да, күмісті қағып алды. Содан соң:
– Қайыр-садқа беруші, сіз менің мынау тозығы жеткен пұтханама келуде менен өтінер нендей бұйымтайыңыз бар? Айта беріңіз. Кедей сопыңыз шамасының жетісінше көмек көрсетеді, – деді.

– Ұстаз сопы, осыдан бірнеше жыл ілгері будда кітаптары қойылған бір үңгір тауып алған ба едіңіз? Менің сол кітаптарыңызды көргім келеді, бірнешеуін Үндістанға алып қайтсам деймін, – деді Стивен.

Әлісін-әлі шұлғыған Уаң сопы екі қонақты кітап қойылған үңгірге ертіп барды.

Бұл 151-нөмірлі тас үңгірдің ішінен қазылған бір қосалқы үңгір екен. Биіктігі шамамен 2,6–2,7 метр, ұзыны мен кеңдігі 3 метрден. Бұрын шайхы-қонақтардың тұруына арналған “діндарлар бөлмесінің” дәл өзі, яғни үңгір пұтхананың ішіндегі айтылмыш «микро үңгір».

Үңгірдің тағанынан төбесіне дейін кітап үйіліпті. Тура адамның бойынан да биік. Стивен мен Жан Шууан екеуі кітаптың бірнешеуін аударыстырып көрді. Бұл кітаптардың дені ханцзу жазуымен жазылыпты. Бұдан басқа харожды және брахми жазылған кітаптар да бар екен. Тағы да бұрын көргенді былай қойып, тіпті атын естіп көрмеген бірсыпыра кітаптар тұр.

Бұл екі адам осы мың үйде жарым айдан астам уақыт жатып, шамамен он мыңнан астам кітап таңдап алды да, жәшікке салып ұрлап әкетті. Стивен кітаптардың төлемі үшін Уаң Янлуға 500 сары күміс берді.

Уаң сопы бұл 500 сары күміспен үңгір пұтханаларды жөндетпеді, сондай-ақ буддаларды да жаңаламады. Ол бұл күмістерді тек сақтап қана қойды, оның үстіне тағы да масаттанып, баюды қиялдады. Осыдан бірнеше ай өтпей жатып, айтып айтпай-ақ тағы бір «байлық тәңірі» өзі іздеп жетіп келді. Бұл — франциялық Пелио болатын.

Пелио да бұл жерде жарым айдан астам уақыт жатты. Қалған кітаптардың ішінен ерінбей-жалықпай Сүн дәуірінен ілгері алты мыңнан астам көне кітапты таңдап алып, он жәшікке бөліп салды да, арбамен алып кетті. Бұл франциялық профессордың ханцзуша өресі аса жоғары болатын, сондықтан ол көптеген жалғыз нұсқалық кітаптарды таңдап алды. Бұл кітаптар мың алтын берсең де татымайтын кітаптар еді.

Өзінің ерекше дарынын көрсету үшін бұл франциялық жол-жөнекей Бейжіңді басып өткен кезде Жуңго үкіметінде қызмет істейтін көне досы Юань Жакуға арнайы сәлем бере барды, сондай-ақ оған Дунхуанда сақталған бір құнды кітапты тарту етіп, бұл кітаптардың келу тарихын баяндап берді.

Юань Жаку, әсіленде, ағарту меңгермесінің уәзірі болатын. Сондықтан ол кітаптың құнын жақсы білетіндігі табиғи еді. Ол Пелионы шығарып салған соң Гансу өлкесінің әміршісіне табандата телеграмма жолдап, оның қалған кітаптарды бірін қалдырмай Бейжіңге жеткізуін, оның үстіне Уаң сопыны мемлекеттің байлығын ұрлап сатқан қылмысы үшін жазаға тартуын өтінді.

Дәл осы кезде Уаң сопы Миңшашан тауындағы мың үңгірдің сыртында күншуақты қақталып, баюдың сырын түсінде көріп отырған. Пелио кетіп көп ұзамай, ресейлік Олденбург пен германдық фон Лекок келіп, біраз күміс беріп, қарт сопыдан бірқанша ерте заман кітаптарын сұрап әкетті. Уаң сопы үңгірдегі қалған кітапты шамалап көріп еді, мөлшермен он мыңнан астам кітап қалған екен. Осыдан былай да кітап сұрайтын шетелдіктер келеді деп есеп соққан ол, кітаптарға бұрынғысынан екі есе баға қоймақ болды.

Сонымен ол әр күні кішкене орындығын алып шығып, үңгір аузына барып отырып, “шетелдік байлық тәңірлерін” күтетін болып алды.

Осы күні Уаң Янлу күнге қақталып отырғанда бірте-бірте ұйықтап кетті. Бір малайы жүгіріп келіп:
– Қожеке, Даңқ өзенінің жағасындағы бірнеше жүз му (мөлшерлі егістік) құнарлы атыз сатылмақ екен, бағасы өте арзан. Аласыз ба, қайтесіз? – деп сұрады.

Уаң Юан төсектен тұра бергенде жас та сұлу екі қыз дереу оның киімдерін кигізеді. Сұлу әйелі де келіп, оған әлгі бірнеше жүз му жерді сатып алып, өзінің егіс алаңымен біріктіруді айтады.

Уаң Янлу әйеліне:
– Қайдағы ақша? Қайдағы ақша? Шетелдік байлық тәңірлері де келгені қойды, менің қолымда нақ ақша жоқ, – дейді.

Дәл осы кезде малайларының біреуі кіріп келіп:
– Шетелдік ұлық сізбен кездесуді тілеп тұр, – деп мәлімдейді.

Қуанышы қойнына сыймай кеткен ол дереу қонақтардың алдынан шығып қарсы алмақ болды. Бұл жолы келген шетелдіктер және олардың ат-көліктері көп-ақ екен, үңгірдің ауызында қара дүбір болып тұр.

Мен сен болған Уаң Янлу ұйқысынан оянды, қараса, шынында бір топ атты адам келіп тұр екен. Сөйтсе, мыналар шетелдіктер емес, үкіметтің жасағы екен. Екі жасағы Уаң сопыны ұстайды да, оған сақталған кітаптарды тапсыруды бұйырады.

Амалсыздан тілі байланып қалған ол, өзінің баюы үшін тығып қойған кітаптарды тапсыруға мәжбүр болды. Қалған кітап шамамен он мыңнан астам екен.

Келген бір топ жасақ Дунхуанда сақталған кітаптардың барлығын Бейжіңге көтеріп әкетті, ал Уаң сопыны Дунхуан ауданының жамбылына алып барды. Кейін келе үкімет бұл қарт сопыға өлім жазасын берді де, басын кесіп, іліп қойды. Бірақ шетелдіктер ұрлап кеткен ерте заман құнды кітаптарын қайтарып алуға амал болмады.

Шетелдіктердің Дунхуаннан ұрлап әкеткен кітаптары тез арада көптеген мамандар мен оқымыстылардың назарын аударды. Сондай-ақ ол кітаптар жөнінде кең көлемде зерттеу жүргізілді. Дәл осы кезде ғана ел бұл кітаптарды Сүн патшалығы заманында осы арадағы монахтардың тағылым жасақтарының өртеп жіберуінен қорғап, жинап алып, осы үңгірге тыққанын анық ұқты.

Бұл кітаптардың ішінде будда номдары бар, бұдан басқа сол заманның тұрмысы суреттелген, үкімет ахуалы баяндалған материалдар және әдеби-көркемөнер жазбалары да бар. Кітаптардың жазулары да әртүрлі: ханцзу жазуымен жазылған кітаптар, сондай-ақ брахми жазуымен, харожты жазумен, тибет жазуымен, танғыт жазуымен, ертедегі ұйғыр жазуымен жазылған кітаптар бар еді.

Бұл мәдени мұралардың жарық көруі дүние мәдениет тарихына шұғылалы бет болып қосылды, сондай-ақ бір жаңа ғылымды – «Дунхуан ғылымын» ашты.

Бұл мәдени мұраларды Дунхуаннан Еуропаға бірінші рет ұрлап апарған адам – Стивен. Сондықтан оның атының елден ерек шығатындығы да табиғи. Міне, осысы үшін ол 1909 жылы Англияның патша әулеті ғылыми қоғамы жағынан екінші рет медальмен сыйланды.

Стивенге хатшы болып, оның Дунхуаннан кітап ұрлап әкетуіне жәрдемдескен Жан Шууан Стивеннің таныстыруымен Англияның Қашқарда тұратын консулханасына шетелдіктер үшін істейтін қызмет тапты.

1913 жылы Минго үкіметі құрылып, басқа мемлекеттердің тексерушілері байырғы Жібек жолына тәуекелшілдікпен келе алмайтын болған еді. Осы кезде Жібек жолына келіп екі жыл әрекет жасаған Стивен қайтып барған соң қалыңдығы үш дюйм шамасындағы, 16 форматтық «Батыс өңір археология естеліктері» атты кесек шығармасын жазып шықты.

Ол кітап басылып таратылған соң көптеген жуңголықтардың байырғы Жібек жолына болған назарын аударды. Хан Леран атты суретші Бай ауданындағы Қызыл мол үйіне барып арнайы тексеру жүргізді.

Қажет АНДАС

“Q–Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 23
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 21, 2025
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 17, 2025
Қытайтану негіздері – Ли Күи
Елтану

Қытайтану негіздері – Ли Күи

November 4, 2025
Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы
Елтану

Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы

November 3, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22  бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім

October 31, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz