Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қара сабын

admin
2026/01/16
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Қара сабын

Бүгінде сабынның сан түрі бар. Әрине, тұрғындар шет елдің хош иісті жуыну бұйымдарын тұтынуға әуес.  Оны теріске шығармаймын. Десе де, сан ғасырлар бойы ұлтымыздың күнделікті тіршілігінің айырылмас бөлігі болған қазақтың қара сабыны және оның емдік қасиеті мен жасалу жолдарын жастарымыз біле бермейді. Оның қай дәуірде жасалғанын анық айтып бере алмаймын. Алайда, қазақ арасында сабын сөзі ертеректе пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау:

Қара қойдың терісін,

Қара сабындап жусаң ағармас, – десе,

Шал ақын Құлекеұлының жырларында:

Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін, – деп келетін өлең жолдарын кездестіресіз. Бұл біз білетін мысалдар. Біз білмейтіндері қаншама. Осындан-ақ, өткенін өлең тілімен өрнектеген халқымыздың мол мұрасының бірі – сабынның тіршілігіміздің тірегіне айналғанын біле беріңіз.  Сонымен бірге, ол – жасалу техникасы ұзақ жылдық тәжірибе барысында қорытындыланған, шебер қолды аналарымыз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қазына.

Қара сабынның негізгі шикізаттары – сақар мен малдың майы. Сақар әдетте сексеуіл, алабота, сарқурай, ермен, балдырған, күнбағыс қатарлы өсімдіктің күлінен алынады. Жоғарыдағы өсімдіктер күзде әбден піскен соң орып алып, кептіріп  (ұрығы мен сабағын түсірмей)  таза жерде өртейді. Осыдан кейін дайындалған күлді ұя (күлді еріту, сүзуге арналған қондырғы)  жасап, ерітіндіні қайнаған сумен сүзіп ыдысқа құйып, тұндырады. Алынған тұнбаны сүгіштен өткізіп, жалғасты буландырады. Ерітінді толық буланып болғанда ақ сарғыш түсті қатты зат ыдыстың түбінде қалады. Бұл біздің өндірген сақарымыз. Сақар дайындалған соң, оны қазандағы ерітілген жылқы малының майына салып қыздырамыз. Қыздырылған майға сақар салынған кезде көпіршіктенеді. Оны ұзынырақ ағаш қалақпен қоймалжың затқа айналғанша араластырамыз. Осыдан кейін қоймалжыңды басқа ыдысқа құйып алып, оған азырақ қойдың жүнін немесе ұнтақталған жылқының тезегін араластырып, үлкен немесе кіші, домалақ, сопақ, тағы басқа да түрлі формадағы сабын жасалады.

Қара сабын табиғи өсімдіктерді шіикізат етіп жасалатындықтан оның кірді кетіру қуаты жоғары болумен қатар, теміреткі, бөрткен сияқты тері ауруларын емдейді және терінің майлылық құрамы мен сұлулығын сақтайды. Сондай-ақ, нәрестелердің іші кеуіп ауырғанда кіндік бөлімін қара сабынмен сылағанда өзіндік емдік рөлі жоғары болған. Сонымен бірге, адамдардың ішек жолында болатын түрлі ауруға таптырмас шипа болады.

¤кінішке орай, бүгінгі жастар шетелдің хош иісті бұйымдарын тұтынуға әуес. Әрине, бұл да жөн шығар. Десе де, медицина саласының зерттеулеріне жүгінсек, балалардың бойындағы түрлі дерттің туындауына сыртқы тітіркендіргіш күштердің әсері мол болады екен. Бертінгі жылы Қытай ғалымдары жылқыдан шығатын тері мен оның қиының құрамында адам денесінен шығатын керексіз заттарды (Кірді) ыдырататын, қан айналысын реттеп, түрлі жұқпалы вирусты жойып отыратын белгісіз заттың болатындығын анықтады. Осы мақсатта дәрі-дәрмек және тұтыну бұйымдарын өндіруді бастап та кетті. Олар мұны ұлы жаңалық деп жарнамалап жатыр. Негізінде бұл жаңалықтың авторы біздің ата-бабаларымыз болуы керек. Бала күнімізде ата-апаларымыз жаз жайлау, қыс қыстау да жүрсе де, қаншама шаң мен тозаңға малынып еңбек етсе де кір басып жүргенін көрмейтінбіз. Керісінше,  бетінен нұры ойнап, терілері аппақ қардай жылтырап жүретін. Мұның себебі біріншіден, ұлтымыздың танымында ер қанаты есептелген  жылқы түлігінің бойындағы емдік қасиет болса, екіншіден, бабаларымыз ойлап-тапқан қазақтың қара сабынының көмегінен болғанын білеміз.

Қара сабынның жасалуы қарапайым, өзіндік құны төмен болғанымен оның пайдалы жақтары мен емдік қасиеті жоғары. Алайда, халқымыздың осы қасиетті мұрасын зерттеу, кәдеге жарату жағы жеткіліксіз болып келеді.

 

                                                                          Әуезхан МАЖАЙ,

зейнеткер.

Талдықорған қаласы.

Алматы облыстық «Жетісу» газеті, 22.03.2011 жыл.

Бүгінде ел арасында қара сабынды жасайтын адам аз қалды. Бұл мұраны Әуесхан Мажай қызы жалғастырып, ұрпақтарына үйретіп жүр. Бұл туралы арнайы түсірілген фильмде бар.

Дереккөз:

Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9, ISBN 978 

https://kazneb.kz/ru/bookView/view?brId=1657755&simple=true#

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 33
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

March 4, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 27, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 24, 2026
Андас Омарақынұлының қамшысы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Андас Омарақынұлының қамшысы

February 23, 2026
Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам

February 20, 2026
Үрімханның ұршығы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Үрімханның ұршығы

February 19, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz