Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Мәдениет

Қазақ шежіресі туралы

Әуелгі түрік затты халықтың кіндік кесіп, кір жуған жері Түркістан. Осы жерді кісі тумастан екі мың жыл бұрын мекендеген дулат, қаңлы, үйсін, жалайыр, қырғыз, қоңырат, шанышқылы, тарақты һәм ысты сияқты халықтардың шежіреді аттары жоқ.

admin
2025/08/19
Мәдениет
0
Қазақ шежіресі туралы

Бұлар кісі заманда Сырдария мен Шу өзенінің арасын мекендеп тұруға лайықты. Одан мың жыл бұрын шамасында Алшын, Жаппас, Тама, Табын, Жағалбайлы, Тілеу, Рамадан деген елдер Азиядан көшіп, Түркістанға келген. Түркістанның тұрғын халқы күшті болғандықтан бұлар ол жерде байырлай алмай, талай соғысқаннан кейін Орал һәм Орынбор жақтарға бет алған. Қыпшақ затты халықтың әуелгі мекен еткен жері Алатаудың оңтүстік жағында, Қытайдың Қас, Құлжа, Шәуешек қалаларының аймақтары болған. Найманның мекен еткені Алтай тауының айналасы болған. Керей һәм Арғынның әуелгі мекендері Манжурия. Мұнда Арғұния деген өзен һәм Айғұн атты қала бар. Қытайда «р» дыбысы жоқ, Арғұн аты «Айғұн» аталмағы мүмкін.

Манжур, татар деген халық Манжурияның тұрғын халқы Арғын, Керейді қуып жіберіп, жерін басып қалды. Жері Манжурия атанды. Көп «Кирді» (Корей) болысып жүріп, Жапонды айдап тастап, Жапон түбегіне ие болды. Ол түбек кейін Корей түбегі атанды.

Керейдің аз шашыраңдысы мен Арғын босып отырып, бірнеше жылдан соң Алтайға келді. Арғын Алтайдағы найманды қол күшімен жеңіп, ағайын қып айырып алды. Содан соң Қаспидің айналасындағы қыпшақты жеңіп, ауыл қып алды.

Арғын, Найман, Қыпшақ үшеуі бірігіп, Сыр мен Шудың арасындағы Қоңырат һәм Тарақтыларды ауыл қылып алды. Бұл бес ауыл бірігіп, Түркістанның тұрғын халқымен соғыс салды. Түркістан бұлармен аянбай соғысты. Арғындарға Алшындар да қарсы болды. Бұлар өзді-өзімен қырғын тауып жатқанда, бір жағынан қалмақтар бәріне қарсы шабуыл жасап, қан төкті. Соғысушылардың басынан ауыр заман өтіп, жансауға, тыныштық, бірлікті ойлады. Бірлік, береке қылу үшін бірі-біріне елші салды. Үш жақтан үш жүз кісі бас қосты. Үш жақтың бірі – Түркістанның тұрғын халқы, екіншісі – Орал жаққа бет алған Алшындар (бұлар бір топ ауыл болып, кейін «Жетіру» атанған), үшіншісі – арғын-наймандар. Бас қосқан жері Әулиеата маңы.

Бұл жиылыс Әз-Жәнібек ханның баласы Қасым хан болуға лайықты. Баршасы жиылып бір халық болуға көк қасқа сойып, қолдарын қанға батырды. Үш жүз өкілдің бас қосқан жиыны болғандықтан «Үш жүз» атанған. Осы Түркістанның тұрғын халқы күшті һәм көп болғаны себепті «Ұлы жүз» аталды.

Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат һәм Тарақты «Орта жүз» атанды. Азы «Жетіру» болған соң «Кіші жүз» аталды. Қырғыз һәм Шанышқылы жүзге қосылмады. Себебі, Қырғыз һәм Шанышқылы үш жүздің көк қасқа сойған батасына кірмеді һәм адашы жібермеді. Керей Сырға ауып кетіп, қайтып келген жоқ еді. Бас қосқандағы үш жүздің ең әуелгі анты – біртұтас халық болу еді. Сондағы қойған анты – «қазақ» аты еді. «Қазақ» деген атты әспеттеу үшін Үш жүздің ортасына қойған ханның атында «қазақ» деп атады. Үш жүздің баласы «қазақ» деп атанғанына 450 жылдан артық емес.

Станбұл түркі-қаңлы, үйсін һәм дулаттың таптарынан «қазақ» атанбай тұрып, Түркістаннан кеткен, Сырға барған керейлер христианның нестурия деген бөлек тармағына кірді. Керейлер ол жақта тұрақтай алмай, Түркістанға қайта қайтып, Алтайға келген. Алтайға тұра алмағандары Енисейге барып, одан Омбы, Қызылжар уездеріне қайта келіп отырған. Жылқысының санында крест, яғни жел таңба (+) бар.

Қосымша, жоғарыдағы жазылған мағлұматтардың көбі талас. Менің негізгі пікірім: осы сияқты мағлұматтардан шежіре туғызу.

Жақып

«Сарыарқа» газеті, №90, 1919 қой жылы, 7 ноябрь, 1-бет.
Түпнұсқа араб харпінде Абай облыстық мемлекеттік архивінде сақтаулы.
Аударған Қажет Андас.

Q-Andas ақпарат

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 74
Жетісу архивінің жүйелі жұмысы
Мәдениет

Жетісу архивінің жүйелі жұмысы

March 5, 2026
Өнер мен өрліктің отауы
Мәдениет

Өнер мен өрліктің отауы

December 12, 2025
Дін діңгек болсын десең…
Мәдениет

Дін діңгек болсын десең…

November 7, 2025
Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық
Мәдениет

Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық

October 29, 2025
«Біз де ғашық Болғанбыз?»
Мәдениет

«Біз де ғашық Болғанбыз?»

August 14, 2025
Тойы көп үй
Мәдениет

Тойы көп үй

August 13, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz