Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Андас Омарақын ізімен

Қызай елінде өткен айтулы астар

admin
2026/02/19
Андас Омарақын ізімен
0
Қызай елінде өткен айтулы астар

Басы:

НОҒАЙБЕКТІҢ АСЫ

 

Ноғайбек Қожбанбетов 1891 жылы ҚХР Құлжа ауданының Борбосын-Сүпітай деген жерінде Естемес болыстың отбасында туды. Ол тұстағы қызайлар арасында пәни білім алатын оқу орны болмағандықтан Ноғайбек діни білім алады. 1905 жылы Естемес Солтангелді руына ақалақшы болып тағайындалады. Осыдан бастап Естемес Құлжа қаласындағы ноғай, татар көпестерімен сауда байланысын жасай бастайды. Ол тұстағы ноғай, татарлар пәни және діни оқуға жетік болғандықтан білімі мен біліктілігі Ноғайбекті қатты қызықтырады. Осыдан бастап Құлжа қаласына барып-келіп жүріп, ноғай оқымыстыларымен араласа бастайды. Олардың білімдарлығы Ноғайбекті қатты қызықтырып, пәни білім алуға ұмтылысы оянады. Сонымен тілегін әкесіне айтып, Құлжа қаласындағы ноғай балалары оқитын жаңаша оқу орнына түседі. Осы оқу орнындағы бірнеше жылда терең білім алған ол білімін тереңдете түсу үшін Қазақстанға барып, оқуын жалғастыруға бекінеді. Бастабында ата-анасы қосылмағанымен ноғай, татар оқымыстыларының араласуымен әке рұқсатын алып, 1913 жылы Іле генералы мекемесінің жолдамасымен Алматыға оқуға жол тартады. Елімен қоштасқан Ноғайбек Алматыға келіп, сол тұстағы өнеркәсіп институтына оқуға қабылданады. Бастабында түрлі қиындыққа дөп келгенімен өзінің қайсарлығы, батылдығы, зейін-зердесінің арқасында үш жарым жыл тапжылмай білім алады. Демалыс айларында Қазақстанның өзге қалаларын аралап, ой-өрісін кеңіте түседі.

1917 жылы Ресейде азаматтық соғыс басталып, қоғамдық жағдай күрделене түседі. Бірге оқыған студенттердің көбі әскерге қабылданып, шетелден келгендер еліне қайтарылады.

Ол елініе қайтып, Құлжа қаласына келіп, ежелгі дос-жарандарымен қайта табысады. Ол кезде Естемес ауылы Борбосыннан Күнестің Аралтөбесіне көшіп кеткен еді. Ол қыстыгүні итшана жалдап, 250 шықырым жердегі ауылына келеді. Бірақ Алматыдағы мәдениетті ортаға жан-тәнімен бейімделген оны көшпенді елдің жұтаң тірлігі түңілдіреді. Әкесі Ноғайбекке өзінің ақалақшылық мансабын бермекші болады. Бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартып, мектеп ашып, бала оқытып, сауда жасап, елінің мәдени, әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуға бел байлайды. Ал бұл мансапты інісі Қанатбекке беруін өтінеді. Сонымен 1918 жылы Ноғайбек Құлжа қаласына барып, татар оқымыстысы Әбдолла және зайыбы Рәбиғаны Аралтөбенің Жалшиіне ертіп келіп, киіз үй тігіп, бала оқытуды бастап кетеді. Оған алғаш рет Қанатбек, Санатбек, Уән, Омарақын қатарлы өз ауылының балаларын оқыта бастайды. Киіз үйдің қасынан жер үй қаздырып, оған Рабиғаның жетекшілігінде Өміржан, Өмірбек, Абақан сияқты қарындастарын оқытады. Бұлар діни және пәни оқуды бірлестіре оқи бастайды. Сол жылы Солтангелді руының игі-жақсыларын жиып, мектеп, медресе салу туралы кеңес құрады. Құлжадан ұйғыр, өзбек ұсталарын шақыртып, қыстай ауыл азаматтарына құрылысқа керекті ағаш материалдарын тасытады. Жалшиден 150 адамға арналған мешіт құрылысын салдырып, бұл мешіт 1960 жылға дейін Естемес мешіті атанды. Мешіттің жанынан асты-үсті тақтайлы 5 бөлмелі мектеп үйін салдырады. Ең алғаш рет Молдағали осы мектепте бала оқыта бастайды. Мектепке жасына, бай-кедейлігіне қарамай оқуға ынталы адамдардың бәрін қабылдаған. 1936 жылы Қанатбек мектебі салынғанша Аралтөбе, Кеңсудағы бірден-бір мектеп осы болады.

Ноғайбек өзі ашқан мектептен оқыған білімді жастарды 1919-1920 жылдары Күредегі (Қазіргі ҚХР Қорғас ауданында) Мың-Ха шуе таң (Қазақ-Моңғол мектебі) жіберіп оқытады. Сол қатарда Оспан, Өмірбек, Сырайылбек, тағы басқа да талантты жастар болады. Бұл іс осыдан кейін де жалғасады. Ноғайбек мұнан өзге өнеркәсіпке, саудаға, егіншілікке ден қойып, түңғыш рет Жалшиде тері өңдеу зауытын іске қосып, дүкен ашып сауданы жандандырады. Тері зауытының жұмысын кеңейту үшін Күлбай сайынан әк күйдіріп, қышы майы мен қарагүл, қызыл бояуды Құлжаның Дөңмазарынан алып отырған. Мәнерленген теріге «Аралтөбе шеркеті» деген таңба басылып, дүкенге шығарылған немесе басқа аймақтарға сатылған. Зауыт 6 жыл жұмыс істеп, Ноғайбек қайтыс болған соң басқарылуы дұрыс болмай жабылады. 1918 жылы Құлжа қаласынан бір қырғыз, 2 татар, 1 орыс отбасын, екі өгіз соқасымен ауылына алдырып, Шалкөде жазығынан тың ашып, егіншілікті жолға қояды. Егістіктерді суландыру үшін «Көкөзек» атты тоған қаздырады. Осындай еңбектің арқасында Аралтөбе, Кеңсудағы елдің егіні мол шығып, өнім еселеп арта түседі. Бірақ өнім өңдейтін орын болмағандықтан ел қиналып қалады. Осыны ескеріп, Жалшидың жанынан ағып өтетін Қарасудан су диірменін салдырып, жұрттың мұқтаждығын шешеді. Сондай-ақ, Қарасудың қысы-жазы қатпайтын ерекшелігін пайдаланып, қаз-үйрек бағып, құс шаруашылығын да өркендетеді.

Алматыдан ауылына қайтып, арада жеті жыл өткенде Күнестің екі қабырғасына, Іле өңіріндегі қызай ана ұрпақтарына салт атты суық жүргіншілер аттандырылады. Бұл Күнес өңіріндегі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, білім беру, тағы да басқа салаға қан жүгірткен Ноғайбектің қайтыс болғанын хабарлай аттанған жүргіншілер еді. Небәрі 7 жылдың ішінде жас та болса елініе бас бола білген Ноғайбек, міне, осылай 34 жасында қайтыс болады.

1925 жылы Ноғайбек Естемесұлының асы Күнестің Нарат деген жеріндегі Бәйгетөбеде өтті. Оған Ақаяз, Шекірті, Сарбұлақ, Шапшал, Қалжат шекарасынан бері қарайғы бүкіл Қызай жане Іледегі басқа руларды шакырып, аста-төк қонақ күтіп, ат шаптырып, жорға салыстырып, балуан күрескен ас береді.

 

 

Дереккөз: Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9 (1-т.), ISBN 978-601-7865-36-8 1-том .– 287 б., суретті .       

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 51
Елдіктің жолы
Андас Омарақын ізімен

Елдіктің жолы

April 16, 2026
Құт мекен
Андас Омарақын ізімен

Құт мекен

April 15, 2026
Білім көкжиегі
Андас Омарақын ізімен

Білім көкжиегі

April 13, 2026
Ұлар мен қырғауыл
Андас Омарақын ізімен

Ұлар мен қырғауыл

April 6, 2026
Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт
Андас Омарақын ізімен

Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт

April 3, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz