Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Жартас суреттері

«ҚЫЗЫЛТАС» ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

admin
2025/02/13
Жартас суреттері
0

Адамзат өзінің өмір салтын неғұрлым өзгерту үшін отырықшылыққа бейімделіп, елді мекендер салды. Мал өсірді және егіншілікпен айналысты. Еліміз бойынша мамандар зерттеген немесе зерттеле бастаған көптеген археологиялық ескерткіш белгілі. Сол қатарда Талдықорған қаласының аумағы және оның айналасындағы елді мекендер де әртүрлі ескерткіштер бар. “Қызылтас” саяжай ауылы орналасқан Қаратал өзенінің оң жағалауын қола дәуіріндегі адамдар тіршілік ету үшін ең қолайлы жер деп таңдады. Себебі, ондағы су көздерінің болуына және жартастар, төбелер, шырша ормандары тіршілік нәрі және баспанамен қамтамасыз етуге өте қолайлы болды.
Ежелгі адамдар қайтыс болғандарды өздері қоныстанған өңірден алысқа жерлеген жоқ. Қазіргі уақытта “Қызылтас” саяжайы аумағынан қола дәуіріне тән көптеген жерлеу орнының табылғаны соның дәлелі. Сондай-ақ, саяжай аумағындағы жартастарға көптеген петроглифтер сызылған. Ондағы арбалар орта ғасырға тән белгілерімен ерекшеленеді.
Ерте темір дәуірінен бастап мал шаруашылығы өмір салтында маңызды бола бастады. Кең дала мен тауларға бай Жетісу аумағы Үйсін, Южии және бізге ең таныс сақтар сияқты көптеген көшпелі тайпалардың өмір сүрген құтты мекені болды. Анықталған жерлеу ерекшеліктеріне сүйене отырып, ерте темір дәуірінің көшпенділері үшін өзен салттық мағынаға ие болды деуге болады. Өйткені, өзен өмір мен өлімнің мәні саналды. Сондықтан да ерте орта дәуірдегі адамдар Қаратал өзенінің бойында өмір сүрді деуге әбден болады. Сонымен қатар, “Қызылтас” саяжай ауылында көшпелі тайпалардың жерленген жері көп кездеседі. Ондағы рулық қорымдардың көлемі жүз метрге дейін созылады. Бұл жерде қарапайым көшпенділер емес, патшалар жерленген патша қорымы болуы да әбден мүмкін. Ол тереңірек зерттеуді қажет етеді. Алайда, «Қызыл тас» саяжайындағы петроглифтер әлі талай құпияның сырын ашады. Бұл Келешек зерттеушілердің еншісіндегі дүние. Алайда осы жердегі тас белгілер аталған маңда сонау орта тас дәуірінде тіршіліктің болғаны, қарапайым емес, ұйымдасқан тайпалардың өмір сүргенін айқындайды. Демек, бұл саяжайдағы ескерткіштер Еркін ауылының да сонау ежелгі ата-баба қонысы болғанының айғағы.

№

Ескерткіш

Сипаттамасы

Координаты

1

Қорым, ерте темір дәуірі

«Қызылтас» саяжай, 5 қорғаннан тұрады. Ұзындығы 28 метр, биіктігі 1 метр оңтүстік батыс-солтүстік шығысқа тізбектелген

N45*03`44,32»

E78*20’46,32»

22

Қорым, ерте темір дәуірі

«Қызылтас» саяжайы. 4 қорғаннан тұрады. Ұзындығы 40 метр, биіктігі 2 мерт оңтүстік батыс-солтүстік шығысқа тізбектелген.

N45*03`07,29»

E78*20’41,19»

33

Қорым, ерте темір дәуірі

«Қызылтас» саяжайы. 7 қорғаннан тұрады. Ұзындығы 12-30 метр, биіктігі 0,6 мертден 2 метрге дейін, Солтүстік-оңтүстік тізбесі бойынша орналасқан.

N45*02`58,49»

E78*18’31,48»

44

Қорым, ерте темір дәуірі

«Қызылтас» саяжайы. ұзындығы 40 метр, биіктігі 2 метр

N45*03`18,53»

E78*18’11,28»

55

Қорым

«Қызылтас» саяжайы. 6-8 жерлеу орны, ұзындығы 40 метр, биіктігі 60-80 см

N45*02`52,30»

E78*16’54,95»

66

Қорым

«Қызылтас» саяжайы. 6-8 жерлеу орны, Шамамен қола дәуіріне жатады

N45*02`53,78»

E78*17’01,88»

77

Қорым

«Қызылтас» саяжайы. 3-4 кішкене қорғаннан тұрады. Тізімдегі 3-қорымның жалғасы болуы мүмкін. Шамамен ерте темір немесе ерте орта ғасыр дәуірі.

N45*02`49,61»

E78*18’20,09»

Қажет АНДАС

«Өткені ерен, келешегі кенен ЕРКІН» (тарихи-танымдық кітап)/Қ. Андас/Талдықорған: «Офсет» баспаханасы, 2023, -230.

Кербұлақ ауданы

Қаралым 50
Алтайдай, жер қайда?
Жартас суреттері

Алтайдай, жер қайда?

March 19, 2026
Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды
Жартас суреттері

Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды

July 28, 2025
ЫРҒАЙЛЫ  САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ЫРҒАЙЛЫ САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Жартас суреттері

Оспан сазындағы жартас суреттері

February 13, 2025
ТАЛДЫ  ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ТАЛДЫ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz