Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Ұзын сары

admin
2025/12/12
Әдебиет
0
Ұзын сары

…Әлі есімде. Менің бала шағым.

Біздің үйге жүдеу жүзді, ұзын бойлы, ақсары кісі кіріп келді. Өмірдің ащы-тұщысын көп көргені жадау жүзі мен тілінген алақанынан, айналасын әжім ізі тереңдей түскен, көз шанағынан анық білуге болатын. Сұңғақ бойы сәл бүгілгені болмаса, жас кезінде жігіттің серісі болғаны білініп тұр.

– Омарақын зәңгінің үйі осы ма? – деп сұрады.

– Иә, осы. Көкем өмірде жоқ, – деді әкем.

– Ендеше, үйге келген екенмін, – деді де “кіріңіз” дегенді күтпей-ақ төргі үйге енді.

– Мен, Ырысбекпін, – деп таныстырды өзін.

Әкем де, шешем де аң-таң болып, сілейіп тұрды да қалды. Көздерінен ытқып кеткен тамшыны сездірмеуге тырысты.

– Сіз тіріме едіңіз? – деді әкем.

– Тірімін.

Ол кездегі тұрмысымыз да жұпыны. Шешей шай дайындап, бәйек болып жүр. Кебежедегі бар тәтті-дәмдісін дастарқанға салды. “Ұзын сары келгенде жейсіңдер” дейтін қос қазы да қазанға түсті. Қарындағы сары майдың тортасы айырылып, майға шыланған тары да дастарқанның ортасына орнықты. Бауырым мәз: “Ұзынсары деген осы кісі ме?” деп қояды маған. “Ұзынсарының” не екенін мен де білмейтінмін. Үлкендермен дастарқан басында қатар отырып тамақтануға дәрежесі жететін ағам мен әпкемнен басқа бесеуіміз ауыз бөлмедегі кішкентай үстелге жайғастық. Жер ошаққа от жағып, қазан асылды.

Төргі үйде күбір-сыбыр әңгіме басталды. Біздің әулеттің балаларды үлкендердің кеңесіне жақындатпайтын әдеті болушы еді. Жиі-жиі мұрындардың пысылдаған дыбысынан аса бір күлкілі әңгіме айтылмағанын қу ішіміз сезіп отырды.

… Ырысбек атамыз біздің үйге осылай келді.
Ол кісі атамның қанды көйлек досы, қарулас жолдасы болып шықты.

… Ырысбек атамыз 1938 жылы Сәбеттен қытайға қашып өткенде Қазақстанда жалғыз қызы қалады да. Соны алып кету үшін 12 рет шекара бұзады. бірақ таба алмайды. 1958 жылы 13 рет өткенде шекарашылардың құрығына түсіп, жиырма жылға сотталып кетеді. Кейін Қытайдың атақты Тарым лагерінен оралған соң туыс-туғаны болмай бізбен бірге екі жыл тұрды. Сонда талай қызықты әңгіме айтушы еді. Жүріп өткен жолы, жер аттары, Іл Алатауының бөктер-бөктері, ұры жолдары, тау мен өзен аттарын сөз ететін.

Кейін Атажұртқа оралып, газетке жұмысқа шыққаннан кейін Жаркент пен Кетпен тауларын аралағанда сол әңгімелер есіме қайта оралап, Ырысбек атам айтатын жер атауларының әлі күнге өзгермегенін көрдім.

 

Қажет АНДАС

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 88
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz