Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қуғын-сүргін

Әр уезге мынадай әскер қойылды

admin
2026/02/20
Қуғын-сүргін
0
Әр уезге мынадай әскер қойылды

Басы

Лепсіде: Аягөзде 40, Бақтыда 50, Шұбарағашта 50 атты сарбаз, Бақтыда казак-орыс сотнясы (жүзі).

Қапалда: Ақсуда 15, Қапалда 20, Алтынемелде 20 атты сарбаз.

Жаркентте: Жаркент қаласында казак-орыстың бір жүзі, Қарқарада 40 атты сапрбаз пен Нарында казак-орыс жүзі.

Алматыда: казак-орыс жүзі.

Бұлар алғашқы қойылған әскер күші еді. Мұның көбі күзет жұмысын атқарады. Бұл Жетісудың өзіндегісі.

Жетісудағы әскердің мұндай аздығы Жетісудағы көтеріліске қосымша болды. Өйткені ақыл көзіндегі қазақ-қырғыз Жетісудағы әскер азайғандығынан орыс тұқымы ұрысқа кетіп азайды деп ойлады. Орыс әкімдері Герман-Түрікті жеңіп, қиратып жатырмыз деп дақпырт салса да, Ресей Күшінің майданда әлсірегендігін көпшілік көңілі түсінгендей болды. Орыстың мылтық атуға жарайтыны ұрысқа кетіп болды. Мұның басына үлкен зауал туды деп ел күңкіл қыла бастады. Еуропа соғысы басталған соң-ақ Жетісудағы казак-орыстардың егінін ылғи қазақ-қырғыздан жұмысшы алып орғыздырды. Пішенін шаптырды, боғын құйдырды. Осыдан қазақ-қырғыз орыс біржола таусылды дегенді айтатын болды.

Жетісудағы өкімет адамдары Жетісуда ел толқи бастағанда жаман састы. Қолындағы күшімен түк бітіре алмайтынға ұқсады. Сондықтан жоғарғы ұлықтарға тоқтаусыз жеделхат үстіне жеделхат  беріп, солдат, жабдық сұрады. Шеттен келетін әскер көмегін, тездетіп мұндағы орыстардан ұйыстырды. Алматыда алғаш көтеріліс көріне бастағанда жаяудан 300 солдат, аттыдан 460-тай солдат жасалды. Алматы қоймасынан 2 зеңбірек алынды және жаркент пен Қапалдан бір-бір рота Алматыға жіберуге шешім қылынды. Әулиеатадағы 6 рота әскер қайта шақырылды(тамыздың 7-сінен №2658 жеделхат). Тамыздың 23-індегі жеделхатпен 2000 бесатар және орыстарға бердаңка жіберуін Ташкенттен өтінді.

Жетісудағы көтерілісті басуға Ташкентен асығыс ретте әскерлер шықты: 1)Подполклвник Гейценнің отряды: мұнда екі рота, екі зеңбірек, казак-орыстың бір жүздігі. 4 пулемет. Саперлар командасы, телефон, телеграф жабдығымен, Бұлар тамыздың 9-ында жүргізілді. 2) Подполковник Аларцевтың отряды. Мұнда оқшылардың 4 ротасы, бір зеңбірек, бір жүздік казак-орыс отряды, саперлар командасы, 160 солдат бар еді. Бұлар тамыздың 15-інде шықты. Осы екі отряд екуі де Пішпек, Тоқпаққа жүргізілді. 3) Капитан Бурныйдың отряды Скоблевтен Әндіжан арқылы Нарынға жүргізілді. Мұнда оқшылардың 3 ротасы, 4 пулемет, казак-орыстың жүздігі,8 0 атты солдат, саперлер командасы, екі тау зеңбірегі бар. Бұлар тамыздың 17-інде шықты. 4) Орынбор-Семей арқылы Термзден Сібірдің  дружинасы 240 адам,  8 пулемет, 28 атты солдат жүргізілді. 5) Самарқаннан 243 кісі Самарқан дружинасы,. 6) Скоблевтен 732 кісілік дружинасы және 2 жүздік казак-орыс Жетісуға жүргізілді. 7) Пішпектің өзіненде екі ерікті атты дружина жасалды. Мұның бірі 200 кісілік орыс та, енді бірі 100 кісілік дүңген және 150 кісідей төменгі шенді мен қызметтен босатылған жасы өткен солдаттар.

Бұдан басқа барлық уез бастықтарына казак-орыс, крестянның атысқа жарайтынынан өзін қорғау отряды жасалуға бұйрық қылынды.

Тамыздың 13-інде Қарқара жайлауында отрядқа көмекке Жаркенттен 3-ші казак-орыс полкының бір жүздігі жіберілген. Тамыздың 7-18-іне шейін Жетісудағы тұрғын казак-орыстан отряд жасау жұмысына тығыз кірісті. Бұдан барлық облыста 7 жүздік (сотия) ұйымдастырылды. Мұның 4-еуі Алматыда, үшеуі Жаркент, Қапал уезінде жасалды. Мұның үш-төрт жүздігі Тоқпақ, Самсоновка маңайында қырғынға шықты. 1-жүздік Алматыны қорғады. 5-6-7-жүздіктер Қапал, Жаркентте жасалып, Қапал-Қырғызсайда тұрды.

Гейценнің отряды Меркеге келгенде тамыздың 15-інде жеделхат алды. Гейцен 18 тамыздан бастап Пішпек жеріне аяқ салғанд, ол Тоқпақ ауданында қырғын қылған отряд бастығы болды. Оның қол астына есауыл Вакуревич пен штабс-капитан Полтарацкийдің отряды және Самсонсовтың отряды кіреді делінген.

Подполковник Писарцевскийдің қол астында Алматы дружинасы мен Пішпектің қарауылы мен жергілікті командасы, атты запастың бөлімдері мен барлық ерікті дружинаның крестян мен мещаннан құрылған әскері қалдырылды.

Тамыздың 17-інде Қордай, Қастектен екі бөлініп асып, Алматы төңірегінен хорунжи Александровтың казак-орыс жүздігі жүрді. Бұлардың мөлшері бір жарым жүздікпен Алматының 3 взводын қосып алған еді. Осылай жүріп отыра Сарбағыш қырғыздарына түнде соқтықты. Онда қырғыздар Новороссийк поселкесін қамап жатыр еді. Қаланы аман айырып алды.

Гейценнің отряды Тоқпаққа тамыздың 21-інде келді. Ол өзінің 2 рота, 2 зеңбірек, бір жүз отрядының үстіне Вакуревичтің 500-дей адамы бар отрядын қосып алып, оның үстіне Александровтың казак-орыс жүзі мен 3 взводын қосып алып, Тоқпақ ауданы, Шу бойы, Самсоновка алабына ойнақ салды. Қырғызды қырып-жойып, Қарақолға өтті. Бірақ бұл кешікті. Скаблевтің  1734-ші дружинасы Нарынды басып, Көтімалдыға барды.

Тоқпақ ауданында Гейцегтен кейін келе жатқан отряд бас-аяғын пішпекте жинап, Көтімалды, Бумаш, Шамсы асуындағы қырғыздарға қимыл қылып, Қошқар суы бойында қырды.

Ферғананы құлдап келе жатқан Фрунзенің отряды Қарақолдағы қырғызға жетісе алмағандықтан, Гейценнің отрядына 4 рота, бір зеңбірекпен 2 жүздік казак-орыс Қарақолға жүргізілді. Бұл уақытта Тоқпақ ауданындағы қырғыздар үркіп, Қарақолға таман кетіп еді.

Бұл отрядттың көбі Алматының адамы еді. Бастығы Пешков деген кісі болып, 150 қылышты, 170 мылтықты, бір пулемет және 50 ерікті солдат бар еді. Ферғана жағынан келе жатқан Фрунзенің әскері Пішпек уезінен ауып барған қырғызға соқтығып, оны Тоқызтарауға, Күртіге қарай айдауға жарлық еткен еді.

Тамыздың 27-інде Пішпекке полковник Сленко келіп, барлық Тоқпақ ауданындағы әскерді Тоғызтарау, Нарын, Көтімалдыға қозғады. Оған қырғыз халқын талқандап, қырып, табандап жеңіп қайтуға өкімет тарапынан үлкен жұмыс табыс етілді. Ол Пішпектен өрге қарай сыпыра, бүтін Алатау, Шу, Қошқар өлкесіндегі, Көл алабындағы, Қарақол, Нарын қырғыздарының қолына түскенін қырып жіберді. Қырғыз, орыс отрядының тепкініне шыдамай, қиын-қиын таулармен Қытайға асты. Қырғыздар Қытайға үріккенде ретсіз, асығыс, сасып үрікті. Сондықтан олардың тігулі үйі, жайылған үйі, тіпті кей жерде қатын-қыздары орысқа олжаға түсті. Қырғыз үріккенде қашан Қытай жеріне асқанша артына жасақ салып отырды. Бірақ ол жасақ орыс әскерімен түйісе алған жоқ.

Семей жақтан көк найзалы көп отряд шақырылды. Бұл отряд Садыр көтерілісінің артынан жүрді. Осы отряд келгеннен кейін  елдің жығасы түсіп, біржола жүні жығылды. Бұл солдаттың барлығы да атты казак-орыс еді. Бұлар жолыққан қазақты өз бетімен ату, талау сияқты көп тентектік қылды. Аяқ жетер жерге шығып, ауыл талады. Ат алды. Мұны көрген ел, әскерге кісі беруге мойындап, «тізім» жазуға кірісті.

Жетісудағы қазақ-қырғыз көтерілісі қару күшімен, қаһармен басу үшін Түркістан генерал-губернаторы Курепаткин «генерал» Фольбауымға жасырын нұсқау берді. Нұсқауда былай дейді.

«Қазақ-қырғыз тәртіпсіздігін басуда Сіздің қайратыңыздың негізгі міндеті орыс халқының амандығын, мал-жанын сақтап қалу. Осы ретте орыс халқын оқпен атылатын отты қарулармен және балта секілді қара қару-жарақпен де тісінен тырнағына дейін жарақтандырыңыз. Ондай қаруланғандардың ондығын, жүздігін, дружинасын ұйымдастырыңыз. Ондай жасаққа онбасы, жүзбасы сайлауды халықтың өз қолына беріңіз. Запастың 3 жүздігін, казак-орыс сарбазының 4 жүздігін жасауға ұрықсат қылам. Сарбаздардың жүздігін жасалған орындағы күзетке қалдырыңыз. Барлық қалаларда, поселкелерде күндіз-түні қарулы қарауыл жасатыңыз. Тұтқиылдан шабуылға сақ болыңыз. Өртке қарсы қатты қимыл қылыңыз. Он жыл соғысқан Оралдың Сергосының қайратын еске алыңыз. Қазақ-қырғыздың отпен атылатын оқты жабдығы азғантай-ақ шығар. Кейде шабьуыл жасап жіберетін оңтай келіп тұрса, құр қорғанумен қанағанттанбаңыз. 30-50 сарбаз түнде шапса, талқанын шығарады. Зәресін алу керек.Телеграф, поштамен байланысты мықтаңыз. Олардың бұзылғанын түзеттеріңіз. Салт атты поштасын ұйымдастырыңыз, осы жылдағы астық та алынбай қалмасын. Егіндегі жұмысты тоқтатпаңыз. Қазақ-қырғыздардың тастап кеткен астығын жинатып, қазынаға құйдырыңыз. Жазалау жасақтары және орыстар ел талауда, атуда шегінен аса шығып кетпесін. Таланып алынған мал шашылып кетпесін, қазананыкіндей қатты бағыңыз. Жасақ-отрядтардың жанында «полевой» сот жасауға ұрықсат етем. Уездік бастықтардың және приставтардың қолындағы әскери конвойын (айдаушы) күшейтіңіз. Оларға қайда көтеріліс ұшыққан жердің күшін әскермен басуды ескертіңіз. Барлық облыстардың көрші губернаторлармен қатынасты күшейтіңіз. Өз қарауылыңызбен тәулігіне екі реттен кем қылмай, мені хабарландырып отырыңыз. Көтерілісшілермен күресті оңдау үшін облыстағы жергілікті халықтың ру, тұқым өзгешелігін пайдалануға тырысыңыз. Біздің сойылымызды соғатын қазақ-қырғыз толып жатыр. Оларды көтерілісшілерге қарсы ұстаңыз. Ішкі лай тұнғанша қазақ-қырғыздың Қытайға ауа көшіп, жатқанына әзірге қам қылмаңыз. Сізді қуаттандыру үшін толып жатқан әскер аттандырдым. Олар барып жеткенше қарсы қайратты қатты қылып, оларға және ондағы барлық орыс ұлына өзгеше басшылық етіңіз.

Куропаткин.

Тамыздың 11-і, 1916 жыл.

          Ендігi өзге бір жеделхатында Куропаткин Фольбаумды қайрап келіп, былай дейді.

«Өзіңізді үлгі қылуға тырысамыз. Бұдан 52 жыл бұрын өткен полковник Колпаковскийдің қимылын еске алыңыз. Ол осы күнгі Сіздің қолыңыздағы күштен әлде қайда аз күшпен, Алматыға шабатын қалың Қоқан қолына қарсы жүрегі айнымай шыққанын, Сіздің ұрысқалы отырған қазақ-қырғыздан ол уақыттағы Қоқан қолы әлдеқайда қарулы, жабдықты екенін, Колпаковский Қастек асуында оны талқандап жеңгендігін бір ойлап қойыңыз. Менің сұрауыммен Жетісуға казак-орыстың бір бригадасы және атты зеңбірегі жіберілді».

Куропаткин.

Түп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас

 

 

В каждом уезде будут располагаться следующие отряды:

В Лепсы: Аксу – 40 ратников, Бакты – 50 ратников, Шубарагаш – 50 конных ратников. В Бакты – казацкая сотня.

В Капале: Аксу- 15 ратников, Капал – 20 ратников, Алтынемель – 20 конных ратников.

В Жаркенте: г.Жаркент – казацкая сотня, Каркара – 40 конных ратников, Нарын – казацкая сотня.

В Алматы: казацкая сотня

Эти расположения были только первоначально. Большинство из них выполняли охранные функции. Это только в Семиречье.

Такая малочисленность военной силы послужила дополнительным поводом для Семиреченского восстания.

Потому, что киргиз-казахи подумали, что русские военные отправлены на фронта войны с немцами. Хоть и говорили русские власти, что они якобы побеждают немцев, турков, большинство понимало, что у русских в этой войне дела обстоят неважно.

Все русские, могущие держать оружие в руках, уже отправлены на войну. Начались слухи, что над Россией нависла большая беда. Как только началась война, посев и уборку урожая русских, казаков производили киргиз-казахские косари. Они же и косили и убирали и сушили и отвозили. Потому и подумали киргиз-казахи, что русские кончились.

Когда в Семиречье начались бунтовские настроения, тамошние власти сильно обеспокоились, понимали, что имеющимися силами ничего не сделать. Поэтому, слали в высшие органы телеграмму за телеграммой, прося помощи в военной силе и оружии. Спешно начали формировать из здешних русских, военные отряды.

В Алматы, при возникновении первых очагов восстания срочно были сформированы отряды в 300 пеших и 460 конных солдат. Из военного склада в Алматы были взяты 2 пушки, из Жаркента и Капала решено было отправить в Алматы по одной роте

Из Аулие – Ата были отозваны шесть рот (телеграмма №2658 от 7 го августа).

В Ташкент была отправлена телеграмма 23-го августа, об отправке в Алматы 2000 пятизарядный ружей и берданок для русских.

Для подавления восстания в Семиречье, в срочном порядке из Ташкента выдвинулись войска:

1) Отряд подполковника Гейцена в числе которых:

Две роты, две пушки, одно сотня русских казаков, четыре пулемета, команда саперов, телефон, телеграф с оборудованием, они выехали 9-го августа

2) Отряд полковника Аларцева:

Четыре роты стрелков, одна пушка, сотня русских казаков, команда саперов, сто шестьдесят солдат. Они выдвинулись 15-го августа. Оба отряда выехали в Пишпек и Токпак.

3) Отряд капитана Бурного из Скоблева через Андижан отправился в Нарын. В отряде было:

Три роты стрелков, четыре пулемета, сотня русских казаков, восемьдесят конных солдат, команда саперов, две высокогорные пушки. Они выступили 17- августа.

4) Были отправлены из Термеза через Оренбург, Семипалатинск, Сибирская дружина – 240 человек, 8 пулеметов, 28- солдат.

5) Из Самарканда отправлены  самаркандская дружина – 243 человек

6) Из Скоблева дружина – 732 человека и две казацские сотни отправлены в Семиречье

7) В самом Пишпеке создан две добровольные конные дружины, состоящие из 200 человек русских, и 100 человек дунган, около 150-ти освобожденных от службы отставных солдат.

8) Кроме всего этого было приказано всем начальникам уездов, создать отряды самообороны из числа русских казаков, могущих держать оружие крестьян.

13-го августа в отряд находящих на джайлау Каркара, на помощь из Жаркента  была направлена одна казацкая сотня 3-го полка русских казаков. С 7-го по 18-го августа из местных русских казаков Семиречья срочно создавались отряды.

Так, по области были сформированы семь казацкие сотни. Из них сформированы 4-отряда – в Алматы и 3-отряда в Жаркентском и Капальском уездах.

Их этих отрядов 3-4 сотни выехали в окрестности Токпака, Самсоновски для карательных операций.

Одна сотня обороняла Алматы. Еще организованы 6-7 сотни в Жаркенте и Капале и расположились в Капале, Кыргызское.

Когда отряд Гейцена прибыл в Мерке,15- августа была получена телеграмма. Гейцен начиная с 18 августа будучи на Пишпекской земле был командиром карательного отряда в Токпакском районе. У него в подчинении были – отряд есаула Вакуревича и штабс-капитана Полтарацкого и Самсоновский отряд. У полковника Писаревского в подчинении остались – Алматинская дружина, Пишпекский караул с местной командой, отделения запасного конного отряда, все добровольные дружины, отряды собранные из крестьян и мещан.

17-го августа с окрестностей Алматы выехал отряд хорунжия Александрова состоящий из сотни казаков, в Кордае и  Кастеке он разделился надвое. В отряде было полтора сотни русских казаков  и три Алматинских взвода. Двигаясь далее они ночью наткнулись на Сарбагышских киргизов. Киргизы осаждали поселок Новороссийск. Удалось защитить поселок.

Отряд Гейцена прибыл в Токпак 21-го августа он, присоединив к своим ротам, одной казацкой сотне, отряд Вакуревича в пятьсот человек,  казацкую сотню и три взвода Александрова начал наводить «порядок» в районе Токпака, по берегам рек Чу и Самсоновка. Рубя направо и налево киргизов  вышел к Караколу. Но он опоздал. Скоблевская 1734 –я дружина взяла Нарын и двинулась на Котытмалды.

В Токпакском районе шедший за Гейценом отряд собравшись в Пишпеке, погнал киргизов Котымталды, Бумаша с перевала Шамсы  к берегу реки Кошкар и порубил их.

Взяв Фергану,  отряд Фрунзе не смог добраться до киргизов Каракола, поэтому в Каракол, в отряд Гейцена были направлены – 4 роты, одна  пушка, 2 сотни русских казаков. В это время вспугнутые киргизы Токпакского района, дошли до Каракола.

В этом отряде русских в основном были  алматинцы. Начальником был некий Пешков у которого имелись 150 человек с шашками, 170 человек с ружьями, 50 добровольцев и одна пушка.

Двигавшиеся со стороны Ферганы отряды Фрунзе столкнулись с киргизами покинувшими Пишпекский уезд, киргизов  принудили бежать в сторону Тогызтарау и Курте.

27-го августа В Пишпек прибыл полковник Сленко и двинул все отряды находившиеся в Токпакском районе в Тогызтарау, Нарын и Котытмалды.

Ему  от властей было поручено  разгромить, уничтожить киргизов.

Он, двигаясь вверх от Пишпека громил, рубил всех киргизов попавшихся ему на глаза на территория и Алатау, Чу, Кошкара, Каракола, Нарына.

Киргизы, не смогли противостоять русским отрядам и через высокогорные перевалы ушли в Китай.

Так как киргизы уходили в Китай в спешке их скот, юрты и все оставленное стало добычей русских.

Когда киргизы уходили в сторону Китая, они оставляли за собой, по ходу движения вооруженные отряды.

Но эти отряды не могли надолго сдерживать русских. Со стороны Семипалатинска был вызван хорошо вооруженный многочисленный отряд.

Этот отряд шел по следам восставших бунтовщиков рода Садыр. После прихода этого отряда народ впал в отчаяние, надолго.

Отряд состоял сплошь из русских казаков. Они  не считаясь ни с кем грабили, убивали казахов, устраивали самосуд, и творили многие бесчинства. Устраивали погромы в аулах и везде, куда ступала их нога, забирали лошадей и все что хотели. Видя все это, казахи согласились выделять людей для военных работ, дабы остановить бесчинства русских, начали создавать список.

Для подавления восстания киргиз-казахов в Семиречье генерал-губернатор Туркестана Куропаткин дал «генералу» Фольбауму секретную директиву. Вот что сказано в ней:

«В деле подавления киргиз-казахского восстания Ваша основная обязанность – защита русского народа и сохранении их имущества. Для этого необходимо вооружить русский народ огнестрельным оружием,  также холодным оружием, от ногтей до зубов. Организуйте из таких вооруженных людей отряды – «десятки», «сотни», «дружины», назначать, выбирать командиров этих отрядов поручите самому народу. Даю разрешение на создание трех отрядов (сотни) запаса, четырех отрядов русских казаков (сотни). Организованные сотни бойцов оставьте на местах, для охраны. Во всех городах и поселках организуйте круглосуточную вооруженную, караульную службу. Остерегайтесь внезапного нападения. Особо подготовьтесь к тушению пожаров.

Вспомните доблесть уральского Серго, воевавшего десять лет.

Наверняка у киргиз – казахов мало огнестрельного оружия. В случае возникновения удобных моментов для нападения, не ограничивайтесь только обороной.

Если 30-50 вооруженных бойцов нападут на киргиз-казахов ночью, то разгромят их. Надо сильно напугать их. Наладьте и укрепите почтовую и телеграфную связь. Неисправные отремонтируйте. Организуйте конную почтовую службу. Позаботьтесь о том, чтобы урожай не остался неубранным. Не прекращайте хлебоуборочные работы. Оставленный киргиз-казахский урожай, соберите и влейте в казну. Каратальным отрядам и русским, при расстрелах киргиз-казахов и разграблении их аулов не позволяйте особо бесчинствовать. Скот доставшийся при разграблении киргиз-казахов, берегите как государственный.

Разрешаю создать «полевой суд» при вооруженных отрядах. Усильте конвойные отряды при начальниках уездов и приставах.

Указывайте и предупреждайте их о местах возникновения очагов восстания. Усильте связь между областью и соседними губернаторами. Через своих караульных держите меня в курсе дел, сообщайте не менее двух раз в сутки. Для борьбы с бунтовщиками в области, используйте их различие по родам, национальностям и т.п.

Киргиз-казахов могущих выбить дубинки из наших рук-предостаточно. Используйте их против бунтовщиков. Пока не уложится смута внутри, особо не препятствуйте уходу киргиз-казахов в Китай. К вам для поддержки отправляю многочисленные вооруженные отряды. До их прибытия к вам держите крепкую оборону, тамошним русским сыновьям окажите особое внимание и руководство».

«Куропаткин. 11 августа 1916 года».

 

В другие телеграмме Куропаткин пишет Фольбауму с укоризной:

«Мы стараемся ставить вас в пример другим. Вспомните погибшего 52 года назад полковника Колпаковского. Вспомните его действия. Он с куда малыми силами чем те, что имеются  у вас  в данное время, не вздрогнув выступил против многочисленных сил Коканда, наступающих на Алматы. По сравнению с киргиз-казахами, с которыми вы собираетесь воевать, тогдашния Армия Коканда была намного вооруженнее оснащеннее, тем не менее Колпаковский разгромил его на перевале Кастек.

Подумайте об этом. По моей просьбе в Семиречье направляется бригада русских казаков и конная пушка»

 

Куропаткин.

Центральный государственный архив РК

Фонд (ф): Р-1368; реестр (0): I; дело (д): 56

Рукопись арабскими буквами.

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 34
Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)
Қуғын-сүргін

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 15, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 13, 2026
Түркістан жерінің бөлінуі
Қуғын-сүргін

Түркістан жерінің бөлінуі

April 6, 2026
Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы
Қуғын-сүргін

Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы

April 3, 2026
Тәркіленген байлар
Қуғын-сүргін

Тәркіленген байлар

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz