Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

100 ОБА, ҚЫЗБЕЙІТІ ҚОРЫМЫ ХVII ҒАСЫР

admin
2025/02/01
Қасиетті жерлер
0

Орналасқан жері: Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылы, Қапал шатқал.
Зерттелуі: Өлкетанушы-журналист Қажет Андас зерттеп жүр.
Сипаттамасы: Бір ғасырға ұласқан қазақ-жоңғар соғысында талай ерлік істер мен батырлықтың өлшемі болған үлкенді-кішілі шайқастар өткені мәлім. Бірақ кейінгі ғасырлардағы қоғамдық, саяси, әлеуметтік, тағы да басқа жағдайларға байланысты соның көбі ұмытылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін сол ұмытылған тарих мемлекеттің қолдауы және жергілікті жердегі тарихшы, өлкетанушылардың тынымсыз еңбегінің арқасында қайта оралды. Соның бірі 1640 жылы қазақ-жоңғар арасындағы «Орбұлақ шайқасы» болса, оның жалғасы болған «Қызылжар шайқасы да» қайта жаңғырды.
Бала шағымызда ата-әжелеріміздің тізесіне сүйеніп жатып, ол кісілер айтқан аңызға құлағымызды түретінбіз. Соның бірі былай өрілетін: осыдан 300 жылдың алдында қазақ ауылдарына тосыннан шапқыншылық жасаған жоңғарлар жолындағысының бәрін жайпап, қалың елдің көз жасы көл болып ағады. Осы тұста Құдайназар батыр ел ішінен іріктеп 100 сарбазды жинап, ел қауіпсіз жерге көшкенше қорған бола тұруды ойластырады. Әкесімен бірге ел қорғау жорығына 17 жасар қызы Гүлайым да аттанады. Олар жауды Қызылжар деген асуда тосып отырады. Қызылжар – ортасында арқырап өзен ағып жатқан, екі беткейі жалама жартаспен қоршалған тар шатқалда орналасқан асу. Еңістен келген жау төбеге шығатын басқа жол таппай осы мойнақтан аспақ болады. Жүз батыр жан алысып-жан берісіп шайқас жасайды.
Үш күндік жанталас шайқас барысында 100 сарбаз саны көп, күші басым жау жағынан тегіс құрбан болады. Шайқас бітіп, шамалы уақыт өткен соң жауынгерлерін іздеген ел азаматтары мүрдесі өртелген жүз батырдың шашылып жатқан сүйектеріне тап болады. Тек қол бастап жүрген Құдайназар батырдың күрек қасқа тісі мен қызы Гүлайымның өртелмей қалған бұрымынан танып, олардың сүйегін жинап, Құдайназар батыр мен қызы Гүлайымды бір жерге, басқаларын бір жерге арулап көміп, жүз батыр жерленген жерді «Жүз оба», батырдың қызы жерленген жерді «Қыз бейіті» деп атап аттанады. Содан бері үш жүз жыл бойы осы қоныстан қиыр жайлап кеткен ел ұрпақтарына осы шайқастың болғанын айтып, құлағына қ9юмен болды. Жылдар өтуімен қатар басқаларының аты ұмытылып, тек Құдайназар мен қызы Гүлайымның аты Қызылжар шайқасымен қатар аталып жүрді. Сол аңыз міне, бүгін ақиқатқа айналып, өз бағасын алуға мүмкіндік туды.
Жетісулық өлкетанушылар мен Құдайназар батырдың ұрпақтары осы бір тарихи оқиғаның орнын анықтау үшін бірқатар ізденіс жасады. Жалпы еліміздің әр өңірінде 24 «Қызылжар» деп аталатын жер атауы кездеседі. Өлкетанушылар оның бәрін сараптап, жергілікті тұрғындардан деректер жинап, аңыз-әңгімелер негізінде аталған шайқастың орнын Ақсу ауданына қарасты Қапал шатқалында болған деп тұрақтандырды. Әрине, аңыз болып жеткен ақиқатты анықтау үшін сол өңірдегі жергілікті тұрғындар пікірі де салмақты. Ауыздан-ауызға айтылып жеткен аңыз-әңгімелер, тарихшылар мен шежірешілердің жазбасына және ақын-жазушылардың өлең-жырларына да қарауға тура келді. Сол қатарда өткен ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Досбер Саурықұлының «Есенгелді би» дастанын атауға болады.
Ең қызығы, Қызылжар шайқасы болған асуда тұрып, осы дастанды оқысаңыз, өлеңде өрнектелген жер өзі сөйлеп кетеді. Осындай дәлелдер мен дәйектерді назарға алған Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы және жетісулық өлкетанушылар, Қызылжар шайқасының батыры Құдайназар Тәңірбердіұлының ұрпақтарынан құралған экспедиция 22 маусым күні Ақсу ауданы, Қапал ауылына қарасты жергілікті жұрт «Жүз оба», «Қыз бейіті» атап кеткен тарихи орын мен Қызылжар шайқасы болған асуға сапар шекті. Көпшілік батыр мен оның қызы және 100 сарбаз жерленген қорым мен шайқас болған асуға белгі қойып, тарихты қайта жаңғыртты.
Түптен келгенде, Қызылжар шайқасы – XVIІ ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында орын алған ел қорғау жолындағы ұлы шайқастардың заңды жалғасы саналады. Қазірге дейін шайқаста қайтыс болған жүз сарбаздың екеуінің аты мәлім. Ал қалған 98 батыр сол кездері осы шайқас болған өңірді мекендеген төрт төлегетайдың, жалайыр, албан, суан, дулат руларының азаматтары деген болжам бар. Бұл ақиқатты анықтау алдағы уақыттың еншісінде.
Расында, ел қорғау жайлы сөз болса, көп жағдайда «Егеулі найза қолға алып, еңку, еңку жер шалған» ерлердің ісін ұлықтап, ерлігін әспеттеп, даңқын асырып келеміз. Осы тұста: «Қазақ қыздарының ұлтымыздың тарихына қосқан үлесі неге насихатталмайды?» деген сұрақ туындайды. Ендеше сол батырлар мен ақындарды туған, ақылымен ел билеген және айбатымен жауды қуған аналар мен апаларымыздың есімін келешек ұрпақтың есінде қалдыруға неге құлшынбаймыз? Тарих пен шежіре деректерін парақтап көрсек, сонау Сақ ханшайымы Тұмар ханымнан, бүгінгі Әлия мен Мәншүкке дейін қазақтың талай батыр қызы ел қорғаудың ерен үлгісін қалдырды. Бүгінде сол қатарға өзінің өлетінін біле тұрып елін, әкесін қорғау үшін басын бәйгеге тіккен Гүлайым Құдайназарқызының ерлігі ескерілмей жатқаны өкінішті-ақ.
Аңыз-әңгіме: Әрине, аңыз болып жеткен ақиқатты анықтау үшін сол өңірдегі жергілікті тұрғындар пікірі де салмақты. Ауыздан-ауызға айтылып жеткен аңыз-әңгімелер, тарихшылар мен шежірешілердің жазбасына және ақын-жазушылардың өлең-жырларына да қарауға тура келді. Сол қатарда өткен ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Досбер Саурықұлының «Есенгелді би» дастанын атауға болады.
Кенеттен қазақты келіп, шапты қалмақ,
Жеңетін бір орайын тапты қалмақ,
Топтаған қарулы күш қосынымен,
Мал шауып, садақтарын тартты қалмақ.
Іркіт пен саба толы асқан қазан,
Жаюлы өресінде құрты қалды.
Қой шулап, түйе боздап көшпен кетті,
Жұртта ұлып, кей ауылдың иті қалды.
Тосын жағдайға бетпе-бет келген ауыл адамдары мынандай байламға келді:
Шыдамай соғысуға үрікті жұрт,
Жасақ сап, көш артына бірікті жұрт.
Көшіріп қатын-бала, кемпір – шалды,
Қайырылып талай боздақ тұрыпты жұрт.
Ығыстап қазақ үркіп, қашпақ болды,
Бір қысаң тар асудан аспақ болды.
Асудан көшті асырып жіберген соң,
Батырлар жауды торып, тоспақ болды.
Асудан жауды тосып қиратуға,
Қорытып ақылмен бас қоспақ болды.
Тоғысып тар кезеңде сайысуға,
Көпшілік күш-жігерін мықтап болды.
Асудың шығар аузына бекінген Құдайназар батыр бастаған жүз жігіт қарақорым жоңғарлармен екі күн, екі түн арыстанша айқасып, жауды асудан асырмайды. Бірақ жау көп, өздері аз болғандықтан жағдай барған сайын ауырласа түседі. Аласұрған жау аз адамды ала алмағанына намыстанып, арт-артынан адам шақырып күш топтап, батырлардың тынысталуына, қаруларын толықтыруына мұрсат бермейді. Біткен жігіт арт-артынан оққа ұшып, соңында Құдайназар мінген Торазбанға оқ тиеді. Соңында қызы екеуі қалады. Екеуі құрбандардың жебесін жинап, бой тасалар жер таппай Торазбанның кеудесіне кіріп, жасырынып алып жаумен атысады. Торазбанның үстіне тиген жау оғын, өзіне қайтара атып, ақырында оқтары таусылып, қызы екеуіде ерлікпен құрбан болды. Бұл оқиға «Есенгелді» дастанында былай деп баяндалады:
Сонымен жауға қарсы садақ тартты,
Паналап өлген аттың кеудесінде.
Садақты бірі атса,бірі оқтап,
Кезеңнен жібермейді өрлесіне.
Сығалап түс мезгілін бір қараса,
Өлген жау жеткен екен он бесіне.
Көппенен кешке дейін атысқан соң,
Көлігіп оқ таусылды сол бешінде.
Дұшпандар ызаланды жеңбеген соң,
Көп адам екі адамнан өлгенен соң.
Қаптады қарағайдай боп сол сағатта,
Жарағы таусылғанын көргенен соң.
Тірі ұстап екеуінде шейіт қылды,
Аямай құдай қолға бергенен соң.
Арада аз уақыт өткенен кейін, ілгері кеткен елден адамдар шығып арттағы асуда қалғандардың хабарын ұғайық деп қайта келгенде. Найзаға, жебеге түйреліп қарға-құзғынға жем болып жатқан жігіттердің өлігін көреді. Жоңғарлар мүрделерді өртеп кеткендіктен адамдарды парықтау қиынға соғады. Тек Құдайназар батырдың екі елі қасқа тісінен, Гүлайымның «Шашының бұрап өрген өрісінен» танып екеуін тауып алады. Барғандар сол жерде әрқайсына жеке-жеке қабір қазып, құрбандарды арулап жерлеп басына тастан оба тұрғызады. Кейін көргендердің айтуына қарағанда осы асудағы тас бейіттер, «Жүз оба», «Қыз бейіті» деп аталады.
Сілтеме: https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/11819



https://www.google.com/search?q=%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB%D0%B6%D0%B0%D1%80+%D1%88%D0%B0%D0%B9%D2%9B%D0%B0%D1%81%D1%8B&rlz=1C1CHBD_ruKZ1056KZ1056&oq=%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB%D0%B6%D0%B0%D1%80+%D1%88%D0%B0%D0%B9%D2%9B%D0%B0%D1%81%D1%8B&aqs=chrome..69i57.3915j0j7&sourceid=chrome&ie=UTF-8
https://egemen.kz/article/321721-babalar-izin-dganhghyrtty
https://7-su.kz/m/news/show/15162/
https://www.instagram.com/p/ClGQ0ncrQrD/
https://7-su.kz/news/cat-1/14716/

Табиғаты тылсым Қора шатқалы


https://baq.kz/zhetisu-oblysy-zhekemenshikke-aynalgan-qasietti-zherler-303016/
https://kazpravda.kz/n/na-zemle-zhetysu-kazhetsya-tron-kamen-i-on-zagovorit-rasskazhet-o-podvigah-nashih-predkov/

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 216
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

February 2, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

December 1, 2025
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

November 28, 2025
Хангелдіұлы Бейсен би
Қасиетті жерлер

Хангелдіұлы Бейсен би

November 20, 2025
Үлпілдек Дарабоз ана
Қасиетті жерлер

Үлпілдек Дарабоз ана

November 17, 2025
«Үйтас» петроглифтері
Қасиетті жерлер

«Үйтас» петроглифтері

November 17, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz