Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

1903 жылы жасалған бесік

admin
2026/02/11
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
1903 жылы жасалған бесік

Жансарбай Ұлтарақ ұлы емші болған соң елдер ол кісіні үйде тұрғызбайды екен. Атағына білген соң ат жіберіп, арнайы шақыртып алатындар да көп. Ол кісі екі әйел алған адам. Бірінші әйелінен алты қыз туып, оның артынан Аяпберген деген ұл ереді. Ал екінші әйелінен Омарақын атамыз туып, оның артынан алты қарындасы еріпті. 1903 жылы Құлжа қаласында казак-орыс, татардың байлары, ноғай саудагерлері, сол кездегі Қытайдың жергілікті мансаптылары, қазақтың би-шонжарлары бас қосқан үлкен съезд өтеді. Сол съезге Жансарбай атамыз да шақырылыпты. Ол кісінің міндеті – съезге келетіндердің денсаулығына жауап беретін болса керек. Сонда жүргенде ұлы Омарақын дүниеге келіп,  ауыл азаматтары Жансарбай атамызға шүйіншілеп барады. Бұл қуанышты бөліскен съездегі татар достары мен ноғай көпестері шеберлерге қайыңнан иіп бесік жасатып, сәбиге сыйлайды.

Қытайдың Күнес ауданына қарасты Кеңсу ауылына қарасты Сарысай деген сайдың аузында «Жансарбайдың қарадомалағы» деп аталатын жота бар. Алыстан төбесі үшкілденіп көрінетін жотаның үсті ат бәйгесін өткізіп, көкпар тартатын, қыз қуар жасап, түрлі ұлттық өнерден бәсеке оздыратын жер. Үйдегі кезінде күнде сол төбеге шығып, бір-екі сағат отырып қайтады екен. Бір күні төбеден асығыс түскен атамыз әйелдеріне:

– Құлағыма аттың демі келді. Тезірек қазан асып, дайындық көріңдер деп тапсырады. Көп өтпей аттарына ақ сауыт боп муз қатқан екі жолаушы кіріп келеді:

– Жансеке, біз Іленің арғы бетіндегі сары Керімбек байдың ауылының жігіттеріміз. Керімбектің ұлы Рақыбайдың әйелі толғатқалы 20 күн болды. Қарамаған бақсы-балгер, емші қалмады. Оның шешуін сіз табады деп бай бізді жіберіп еді, – дейді.

Ас ішіліп болған соң суыт аттанып кетеді. Барса байдың әйелі 12 қанат киіз үйдің мына басынан, ана басына дөңгелеп, жаны шығып шырқырап жатқан екен. Жансарбай емші есіктен кіріп келгенде әйел сәл тыныштала қалады. Емін жасап, дұғасын оқып, ала келген шөп дәрілерін қайнатып, ішкізіп:

– Бесінде қой қораға қайтарда босанады. Ұл болса ұлым Омарақынның жолдасы болсын, қыз болса келін етіп аламын, – деп әудем жердегі төбеге қарай беттейді.

Бесін болып, өрістегі қой қораға беттегенде шырылдаған сәбидің үні шығып, жігіттер: «Шешеміз аман-есен босанды, қыз бала екен», – деп Жансарбайға сүйіншілеп жүгіреді. Сол жолы Керімбек баймен төс соғыстырып дос болып, құда болып қайтады. Ауылға келген соң ұлы жатқан бесікті байдың ауылына жібереді. Кейін апамызды келін ғып түсіргенде сол бесік жасау-жабдықпен бірге қайта келеді. Міне, содан бері осы қайың бесікке 50-ден аса бала жатты. Осы бесікке бөленген балалардың бірде-бірі шетінеп көрген жоқ, – деп бесік жайлы білетінін айтып шықты.

Ешбір кітапта жазылмаған хикятқа бетпе-бет келемін деп ойламағаннан кейін бе таңғалумен болдым. Қолға алған әрбір заттың өзгеше кешірмесі, өткенді түсіндірер ұлағаты, ұрпақ санасына құйып алар тәлімі бар. Қайсы бір ақылманның: «Қай бір қазақтың түбін шұқысаң ұлан тарих өріп шығады» деген кемеңгерлігіне осы жолы іштей келістім. Осы тұста бесіктің қасиеті туралы аңсарым ауа қалды. Расында, бүгінде ел арасында бесік жайлы сан түрлі пікір өріп жүр. Үлкендер: Баланы бесікке салу пайдал десе, жастар жағы қарсы. Бірақ Әуесқан Мажайқызы бесіктің қазақ өмірі мен бала тәрбиесіне деген пайдалы тұстары көп екенін құптайды.

– Халқымызда: «Бесіктегі бала бес түлейді», «Бесік тербелген үйден береке кетпейді», «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген  көптеген нақыл сөз бар. Олардың мәні тым тереңде жатыр. Ең алдымен бесік баланы қайсар, қайырымды, батыл, батыр болып өсуіне мүмкіндік береді. Қазақ халқынан жаужүрек батырлардың көп шыққаны да, осыншама ұлан-ғайыр даланы сақтап қалудағы күш-құдіреті де осы бесіктің қасиеті арқылы дарыған. Екіншіден, бесік – баланы түрлі дерт-дербезден, ауру-сырқаудан қорғайды. Он екі мүшесі сау болып өсуге жол ашады. Үшіншіден, баланың денесін таза әрі  зиянкеш заттардан қорғауға пайдалы. Мысалы, баланы бесікке бөлегеннен кейін оның екі жанына арша, сексеуіл сияқты өсімдіктер де қойып қояды. Оған құрт-құмырысқа, шыбын, тағы сондай зиянды жәндіктер жолай алмайды. Бұл туралы айта берсек, көптеген тағылымды дүниелерді тізіп беруге болады, – дейді көргенді апа.

Бесіктің де көптеген жасау-жабдығы болады екен. Асты-үсті көрпеше, жаялық, бас, бел, аяқ жастық, аяқ буар, тізе қап, тартпа, шүмек деп келетін бесіктің құрал-жабдықтары болады екен. Баланы бесікке салудың да ырым-жырымы мен сол кезде атқарылатын ұлттық дәстүрдің түрі көп, ол кезде айтылатын өлең-жыр да өз алдына бір төбе. Қазақтың өткен тарихында ажарасу  деген болмаған. Қазіргі күні үйлене салып ажырасу сәнге айналды. Бұл берекесіздіктің көбі баланы бесікке бөлеуден басталатын қазақы құндылықтың азайып кеткені  – деп есептейді Әуесхан Мажайқызы:

– Қазақтың жол-жосыны бойынша баланы бесікке бөлерде бесікке керекті әрбір затты ұл мен қыздың әулеті тең дайындайды. Мысалы, көрпешені ұлдың әулеті әкелсе, жастықты қыздың туыс-туғандары жасайды. Ал шүмекті дос-жаран, абысын-ажыны беру керек. Енді бір жақтан қазіргі жастар бала туыла сала оны жігіті өз жағына, қыз өз әулетіне тартып жатады. Отбасындағы берекесіздіктің бастауы балаға деген туыстық қызғаныштан туындап жатады. Қарап отырсаңыз, бала бөленген бесікте көптеген адамның ақ тілегі жатыр. Береке-бірлікке шақыратын, бауырмалдыққа баулитын, көпшілдікке жетелейтін үлкен ұлылық жатыр. Біз осы құндылықтарды қазіргі ұрпақтың санасында жаңғыртып, қайта түлете алсақ, болашаққа қалдырған үлкен мұрамыз сол болмақ, – деп түйді сөзін апамыз.

 

Жәдігер бұгінде Андас отбасы қорында сақтаулы тұр.

 

Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9, ISBN 978

https://kazneb.kz/ru/bookView/view?brId=1657755&simple=true#

жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 50
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

March 4, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 27, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 24, 2026
Андас Омарақынұлының қамшысы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Андас Омарақынұлының қамшысы

February 23, 2026
Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам

February 20, 2026
Үрімханның ұршығы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Үрімханның ұршығы

February 19, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz