Қабанбай шоқысы–тарихтағы әйгілі қайраткерлердің елеулі іс, ересен оқиғалары тарих бетіне де, табиғат бетіне де өзінің өшпес таңбасын басып, өнегелі рухын қалдырып отырған, «Қабанбай шоқысы» ғаламат ерлык пен ғажаиып өнегелі рұхтың символы, табиғат ескерткіші, қанды тарихтың мәңгілік аймақ мұнарасы.
Қабанбай шоқысының географиялық ортасы – Тәңір тауы сілемдерінде орналасқан. Бүгінгі ҚХР Іле қазақ облысының Тоғызтарау ауданының шығыс солтүстігінен батыс оңтүстігіне қарай көлбеп жатады.
Алыстан бұлдыр тартып көрінетін теңіз деңгейінен 4257 метр биік шыңды жұрт бағзы заманнан бері «Қабанбай шоқысы» деп атап келеді. Шыңның ұшар басы жылдың төрт маусымында бұлт бүркеніп, қар жамылып, мұз құрсанып жатады. Ол Тәңір тауының «Жалтаңырдан» кейінгі ең биік шыңы. Қысқы температурасы нөлден томен 40℃ суық, жаз айларында 12℃ салқын келеді, ол өлкенің басты сұ қайнарларының бірі есептеледі.
Қабанбай шоқысының түстік – терістік және батыс қапталдары шың басынан етекке қарай қабат-қабат қожыр тасты тау жыныстарынан қалыптасқан. Шығысы шың басынан екі шақырымдай еңкейгенде егілме қорым, тартпа құм, тұнба, саз, көк шымды жадағайлау беткейлер. Батысы қыр жоталана келіп ойысқанда Еренқабырға түйіседі. Оңтүстік сауырында Шашы өзенінің бір тармағы Тұйықшаның адуын атпал өзені бұырқана жөнкіледі. Ал, арғы бетінде көркімен көз сүйсіндіретін шұрайлы Төр жайлауы іргелесіп жатады.
Шоқының айналасын самырсын қымтап, ақ қайың, қызыл шетен, құла тал, тағы басқа да бұта-бүргендер көмкерген. Жақпар тастары жасыл арша жамылып, шоқыны жасыл мақпал камзол кигендей түрлендіріп тұрады. Ақ қарды жарып шыққан қарғалдақ, тағы басқа да мергиа сияқты шипалы да бағалы дәрілік шөптері, баурайында бытық өскен таңқурай, қарақат, бүлдіргені хош иісімен баурайды.
Ұлы таудың ұлары шулап, «қаусырма қара» қыраны заңғар кеңістікте шарық ұрады. Ақиық ителгі, қайрақ түсті қаршыға, тағы басқа құстары құжынай самғап ұшып, сырғи қонып, табиғат дүниесіне тамаша қорық, бөлекше салтанат бағыштайды.
Түз тағысы қоңыр аңдардан арқар, құлжа, тауешкі, таутеке, бұғы, марал жосыла өріп, етегінен елігі жыртыла айырылып жататын шақтары да болған. Тәңір таұының сары аюы, арыстаны, ілбіс, сылеұсін, қамшат сияқты тұқымы аз, сирек кездесетін аңдар да осында тіршілік етеді.
Жастық шағымызда осы шоқысының төбесіне шыққан едік. Соғыс қаруларының сынығы, тұрмысқа қолданылатын құрал-жабдықтардың қалдығы табылып қалатын. Ал ат ізін салмай кеткелі 30 жылдың жұзі болды. Дәл қазіргі жағдайын жақсы білмейтін. Тек арғы бетке асқан ағайындар бір барып көріп қайтатын тарихи қоныс екендігін ғана нақты атай аламын.
Қажет Андас
“Q-Andas” ақпараттық агенттігі.











